Сабақ №34. сынып 8 «а» 18. 01. Сабақтың тақырыбы: «№3 Практикалық жұмыс. Ток күші мен кернеуді есептеу»



жүктеу 41,53 Kb.
Дата03.03.2018
өлшемі41,53 Kb.
#11048
түріСабақ

Сабақ № 34. сынып 8 «а» 18.01.

Сабақтың тақырыбы: « № 3 Практикалық жұмыс. Ток күші мен кернеуді есептеу»

Білімділік мақсат: Оқушылардың электр тогы туралы түсініктерін кеңейту; физикалық шамалардың және электр құралдардың атаулары мен формулаларды білуі тиіс.

Дамытушылық мақсат: электр сызбаларды құрату және олардың сұлбаларын электрлік құралдардың шартты белгілері арқылы сыза білуге дағдыларын одан әрі дамыту; ток күші мен кернеуге арналған есептерді шығаруға үйрету.Электр құралдарының шкалаларын оқи білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: оқушыларды бірлікке,ұқыптылыққа,жауапкершілікке,ұйымшылдыққа шақыру.Өмірдің барлық саласына белсенді,шығармашыл,қабілетті,еркін және жан-жақты тұлға тәрбиелеу.

Табыс критерийлері: 1. Теориялық білімдерін практикалық есеп шығаруда қолдана білу дағдыларын жетілдіру; 2. Электр тізбегін құрастыру және сұлбаларын сыза білуін,аспап бөлік құны шкалаларын оқи білулерін үйренуін. 3. Электр құралдарымен жұмыс істегенде күнделікті өмірде қауіпсіздік шараларын сақтай білулерін естен шығармауы тиіс.

Сабақ типі: практикалық жұмыс.

Сабақ түрі: практикалық жұмыстарды меңгерту сабағы.

Сабақтың модулі: АКТ қолдану,сын тұрғысынан ойлау.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: АКТ, сызба-схемалар,слайд,физикалық құралдар,кеспелер,материалдар,стикерлер.

Сабақ әдісі: топтық,, «Конверт лақтыру» , «Кірпіш қалау», «Құрдастар»,

«Стикерлер» ,критериалды бағалау әдісі және практикалық есептер мен өз бетінше электр сызбаларын жинату т.б. жұмыстарды орындату.


Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастырушылық кезең. Топтарға сыныпты бөлу./3 мин/

2. Өткенді қайталау. Топтарға тапсырма беру. /10 мин/

3.Дәптерді ашып,тақырып жазу.Оқулықпен жұмыс./5 мин/

4. 8 сынып физикадан жұмыс дәптеріндегі практикалық жұмыстарды орындату./15 мин/

5. Сергіту сәті. /1 мин/

6. Есеп шығару. /5 мин/

7. Рефлексия. /3 мин/

8.Үйге тапсырма. /1 мин/

9. Бағалау./2 мин/
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастырушылық кезең. /3мин/ Сыныпты топтарға бөлу.

А) Амандасу; б) Түгендеу; в) 1,2,3 санымен сыныпты үш топқа бөліп отырғызу.Топбасшы тағайындау,бағалау парағы беріледі.



1-топ: « Ток күші», 2-топ: «Кернеу» , 3-топ: «Заряд»

2. Өткенді қайталау. «Конверт лақтыру» әдісін қолдану. / 10 мин/

Өткен тақырыптар бойынша әрбір топқа конвертте салынған сұрақтар беріледі:

1-топқа:

1? – Электр тогы дегеніміз не? ( анықтамасы,электр тогының бар болу шарттарын,неден пайда болатынын толық айту керек)

2? – Электр қозғаушы күші қандай шама?(ЭҚК-тің анықтамасын,өлшем бірлігін,формуласын толық айт)

3? – Есепті шығар.10 Кл заряд орын ауыстырғанда бөгде күштер 120 Дж жұмыс атқарады.Ток көзінің ЭҚК- ін тап.

2-топқа:

1?- Электр тогының қандай әсерлері болады? ( 4 әсерін толық айту)

2?- Кернеу деп нені айтамыз? (кернеудің анықтамасын,өлшем бірлігін,формуласын,өлшейтін құралын,бұл құрал тізбекке қалай жалғанатынын айт)

3?- Есепті шығар. 12 В кернеу түсіп тұрған аспаптан 5 Кл заряд өткен кезде істелетін жұмысты тап.

3-топқа: 1?- Электр тізбегі дегеніміз не?Оған қандай құралдар кіреді? Шартты белгілерді ата. ( алдарына шартты белгілерді жайып қоямын,олар қай құрал сызбада қай шартпен көрсетілетінін айтулары керек)

2?- Ток күші де нені айтады? (анықтамасын,өлшем бірлігін,формуласын,өлшейтін құралын,бұл құрал тізбекке қалай жалғанатынын толық айт)

3?- Есепті шығар. 1 мин-та 90 Кл заряд өтетін өткізгіштегі ток күшін есепте.

3. Дәптерімізді ашып,бүгінгі күнді,тақырыпты жазамыз.Физикалық шамаларды ауызша оқыту үш тілде: “Электр тогы. Электрический ток. Electic current. Кернеу. Напряжение. Voltage” /cлайд көрсету/



Оқулықпен жұмыс.П.37.№ 4-тапсырманы орындау.79-суреттегі сұлбалардағы қатені табу

1-топқа а ) жағдайды; 2-топқа ә ) жағдай; 3-топқа кеспе материалдағы сұлбадан тізбектей жалғанған эл.шамдарын көрсету керек. Дәптерге сызбаларды сызу.

4. Практикалық жұмыстар. 8 сыныпқа арнайы құрастырылған жұмыс дәптерінің 22-беттегі № 8-жұмысты 1-топқа беру. Суретте электр тізбегі берілген.Осы тізбекті құрау және үш тапсырманы орындау.

Тапсырмалар реті келесідей: 1)Электр тізбегіне қосылған құралдарды ата.2 ) Құралдардың ішінде қайсысы электр тогын пайдаланады? 3. Электр тізбегінің сұлбасын сыз және амперметрдің көрсетуі шкалада неше ампер? Соны анықта. Амперметр осы тізбектің қай бөлігінде жалғанған?

2-топқа 24- беттегі № 9 жұмысты орындау.Олар да тізбекті құрап,вольтметрдің шкаладағы көрсетуін жазып,нобайын дәптерге сызулары керек. Электр тогынтұтынушы қай аспап,соны анықта.

3-топқа электр тізбегінің сұлбасын беремін.Осы сұлбадағы құралдарды алып,электр тізбегін жинайды,Құралдардың аттарын айтады.

5. Сергіту сәті. Бәріміз орнымыздан тұрып қолдарымыздан ұстап,тізбектей жалғауды көрсетеміз.Топ бастаушы – ток көзі,ары қарай кілт,сосын амперметр,оған шам жалғанады.Енді параллель жалғауды көрсетіңдер.Қай құрал неге параллель жалғанады? Шамға және ток көзіне де параллель жалғанады.Ендеше бір оқушы ток көзі,екіншілерің вольтметр немесе біреуің шам,екіншің вольтметр болып қолдарыңды ұстап,параллель жалғауды көрсетіңдер.

6. Есеп шығару. Барлық топтарға кеспе қағаздан бір-бір есеп шығаруды тапсырамын.

1- топтың есебі. Әрбір 5 мин-та электр шамының спиралінен 450 Кл заряд өтеді.Шамдағы ток күшін есепте. ( Жауабы: 1,5 А)

2- топтың есебі. Ток күші 0,5 А болғанда 7,7 Кл зарядты тасымалдау қанша уақытқа созылады? (Жауабы: 15,4 с)

3-топтың есебі: Тізбекке қосылған аспаптың орамасы арқылы 5 мА ток жүріп тұр.Аспаптан 1 сағ.-та қанша заряд өтеді? ( Жауабы: 18,0 Кл)

7. Рефлексия. 1.Бүгін сабақта не үйрендіңдер? 2. Сабақта нені орындау жеңіл болды? 3.Жұмыс барысында нені орындау қиынға түсті? / Әр топ стикерге өз ойларыңды жазып тақтаға жабыстырыңдар/



8.Үй тапсырмасы. П. 35-37 қайталау,В кестеге формулаларды жазу және жаттауға.78-суреттегі шартты белгілерді есте сақтау.

9.Бағалау. Мұғалім критериалды бағалау жүргізеді,ал топ басшысы өзі өз тобына «+» -пен бағалайды.
жүктеу 41,53 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау