Мектеп: «Рыков атындағы орта мектебі»КММ
Мерзiм: 09.02.2017ж
Сабақ: №21
Тақырып: Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ.
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Адалдық, мейірімділік, қамқорлық, жанашырлық
Мұғалiм: Исаканова Д.К
Сынып: 6
Оқушылар саны:
Сабақ мақсаты: Оқушыларға адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы мағлұмат бере отырып, табиғатқа қамқорлық жасап қиянат жасамау құндылықтарын түсіндіру.
Міндеттері : -Оқушылардың адам мен табиғат арасындағы, сүйіспеншілік
пен үйлесімділік туралы ұғымдарын кеңейту.
- Оқушылардың табиғатты сақтау, аялау, жанашырлық,
қамқорлық жасау сезімдеріне қозғау салу;
- Табиғатқа мейірімділік, қамқорлық танытуға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу;
|
Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер)
оқулық,дәптер,
жайлы әуен, топпен
жұмыс істеуге
арналған
тапсырмалар,
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Слайд№2
Тыныштық сәті: слайд№3 Орманға ойша серуен.
(Оқушылар түзу отырып, қолдарын тізесіне қойсын, аяқты айқастыруға болмайды. Жайлы, баяу музыканы қою).
Мұғалім мәтінді жағымды дауыспен айтып тұрады
Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Балалар тыныштық сәті ұнады ма сіздерге?
Тыныштыққа келе алдыңыздар ма?
|
|
Үй тапсырмасын тексеру: слайд№4 Оқулықтың 74-76 беттегі № 20 сабақтың «Бетпақдала» атты аңыз әңгімені оқып, талдау.
«Бетпақдала» А.Сейдімбеков Сұрақ:слайд№5
1. Әңгіме не туралы?
2. Ханның жарлығымен ел-жұрттың әрекеті табиғатты қандай жағдайға душар етті?
3. Құнарлы жердің Бетпақдалаға айналуының себебі неде деп ойлайсыңдар?
4. Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін?
5. Ханның жасаған әрекеті дұрыс па? (дұрыс емес ол табиғатқа қиянат жасады)
6. Ханның орнында сен болсаң не істер едің?
7. Қандай адамдар қиянат жасамайды?
Түйін:Олай болса балалар біз табиғатқа
қиянат жасамай, қамқорлығымызды көрсетуіміз керек.
|
|
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ»слайд№6
Дәйексөз: Фариза Оңғарсынова слайд№7
Таза болса табиғат
Аман болар адамзат
Талдау сұрақтары:
1.Дәйексөздің мағынасын калай түсінесіңдер?
2.Табиғат тазалығы адамдарға қаншалықты қажет?
3. Сен табиғаттың тазалығы үшін қаншалықты өз үлесіңді қостың?
Түйін: Қоршаған орта неғұрлым таза болса, адамның денсаулығы мықты , көңілі көтеріңкі болады. Сол себепті табиғатқа мейірімділікпен қарап, жанашырлық білдіру, қиянат жасамау әр адамның қолында.
Адам мейірімділікті, сүйіспеншілікті, қайырымдылықты табиғаттан үйренеді. Адам баласы табиғат перзенті екенін әрдайым есте ұстау керек. Табиғаттың адам баласына сый тартуы шексіз. сол себепті біз табиғатқа мейірімділікпен қарап, қамқорлық көрсетіп, қиянат жасамауымыз керек
|
|
Әңгiмелеу: «Табиғатты аялайық»Ғ.Құлахметов 77-бет
Табиғат – адам баласының құтты қонысы, жайлы мекені, ырыс-дәулеті, денсаулығының сенімді сақшысы. Сондықтан халық оны аялайды, қадір тұтады, күтіп-баптайды.
Адамның екі анасы бар: бірі – туған анасы, екіншісі–табиғат.
Табиғаттағы заңдылықтар мен құбылыстар үйлесімді келеді.
Ол өздігінен өрескел бұзылмайды, өзгеріске ұшырамайды. «Табиғат әзілді сүймейді, ол әділеттілікті қостайды». Орманы азайтылған жерлерде өсімдіктер шықпай қалады. Сулы, нулы жерлерді құлазыған аңыздықтар алмастырады.
Табиғат –ұстаз, тәжірибелі тәрбиеші. Адам мейірімділікті, сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, әдемілікті табиғаттан үйренеді.
Слайд№9 «Табиғат-азамзатқа аманат! » тақырыбында бейнефильм көрсету. 5 мин
Сұрақ: слайд№10
1.Видеороликтен қандай әсер алдыңдар?
2.Табиғаттың адам өміріндегі маңызы қандай?
3.Табиғатқа өз қарым-қатынастарыңды қалай білдіресіңдер?
4.Табиғат тазалығын сақтауда адамның рөлі қандай?
5.Табиғат та жылай ма? (ойларын айтқызу)
Олай болса балалар әрқашанда Жер –анаға қиянат жасамай аялайық!Табиғаттың бізге беріп жатқан риясыз сүйіспеншілігін бағалай білейік.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |