Тақырыптар: «Патофизиология пәні, әдістері, міндеттері. Жалпы нозология», «Этиология және патогенез», «Реактивтілік пен тұқымқуалаушылықтың дерттанудағы маңызы», «Жасушаның жалпы патофизиологиясы», «Зақымдануға организмнің жалпы әсерленістері».
Мақсаты:
-
аудиториялық және аудиториядан тыс өткен сабақтар бойынша студенттердің білімін бағалау
-
билет бойынша сұрақтарға жауап бергенде коммуникативті дағдыларды бағалау
-
ситуациялық есептерді шешу дағдысын бағалау
Бақылау міндеттері:
-
өткен тақырыптар бойынша білімді бекіту
-
патофизиологиялық экспериментті жоспарлау және орындау дағдыларын бекіту
-
ҚР ДМ №442 «Клиникаға дейінгі зерттеуді медициналық – биологиялық эксперимент пен клиникалық тексеруді Қазақстан Республикасындағы жүргізудің тәртібін бекіту» бұйрығының қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының индустрия мен сауда Министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің 2006 жылдың 29 желтоқсандағы № 575 бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартына сай зертханалық тәжірибе туралы бұйрықтар бойынша білімін жетілдіру
-
ойларын ауызша және жазбаша түрде жеткізу мүмкіншілігін дамыту
Аралық бақылау жүргізу жоспары
-
билеттер бойынша ауызша және жазбаша білімін тексеру
-
есептерді шығару дағдысын тексеру
Студенттердің білімін бақылау сұрақтары:
-
Патологиялық физиология, шешетін мәселелері, зерттеу тәсілдері. Патофизиологиядағы тәжірибенің маңызы (кемшілігі және артықшылығы). Тіс жегі және пародонт ауруларының үлгісін алу.
-
ҚР ДМ № 442 «Клиникаға дейінгі зерттеуді медициналық – биологиялық эксперимент пен клиникалық тексеруді Қазақстан Республикасындағы жүргізудің тәртібін бекіту» бұйрығының қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының индустрия мен сауда Министрілігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің 2006 жылдың 29 желтоқсандағы № 575 бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартына сай зертханалық тәжірибе туралы бұйрықтарының негізгі қағидалары
-
Денсаулық пен аурудың анықтамасы. Аурудың негізгі нышандары. Аурулардың жіктелу ұстанымдары.
-
Дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай туралы түсінік, мысалдар.
-
А
урудың сатылары, сипаттамасы. Жұқпалы аурудыңдаму сатылары.
-
Ауру алды туралы түсінік. Жүктемелік сынаулармен ауру алдын анықтау.
-
Өлім. Өлу кезеңдері, сипаттамасы.
-
Тірілтудің негізгі ұстанымдары. Тірілтілген организмнің ауруы туралы түсінік, патогенезі.
-
Этиология, анықтамасы. Ауру пайда болуындағы себеп пен жағдайлардың маңызы. Ауруды алдын алу және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.
-
Организмге төменгі барометрлік қысымның ауру тудырушы әсері. Биіктік ауруы, этиологиясы, патогенезі,
-
Этиологиялық факторлардың (жайттардың) жіктелуі. Ауру пайда болуында сыртқы орта жайттары және организм ерекшеліктерінің маңызы.
-
Аурудың пайда болуында тұқым қуалаушылықтың маңызы. Аурулардың этиологиясында тұқым қуалау және сыртқы орта жағдайларына байланысты аурулардың жіктелуі. Тұқым қуатын және туа пайда болған аурулар, себептері.
-
Патогенез, анықтамасы. Бүліну – патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Мысалдар.
-
Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар. Мысалдар.
-
Бастапқы тізбек және кері айналып соғу шеңбері (биіктік ауруын мысалға келтір). Ауруларды патогенездік емдеу ұстанымы. Балалар организмінде бейімделу және қызметтердің қалпына келу үрдістерінің ерекшеліктері.
-
Организмнің реактивтілігі мен төзімділігі, анықтамасы. Тітіркендіргішке организмнің жауап беру серпілісінің түрлері, мысалдар.
-
Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Организм реактивтілігінің аурулардың пайда болуындағы, өтуі және аяқталуындағы маңызы.
-
Адамның жас мөлшерінің реактивтіліктегі маңызы.
-
Адамның жынысының реактивтіліктегі маңызы.
-
Организмнің конституциясы, анықтамасы, конституция түрлерінің (Кречмер, М.В. Черноруцкий, И.П. Павлов) жіктелуі. Организм реактивтілігінде конституцияның маңызы.
-
Жасуша бүлінуі, этиологиясы. Жасушаның зақымдануға төзімділігі.
-
Жасуша бүлінуінің түрлері. Жедел және созылмалы жасуша зақымдануының сатылары.
-
Жасуша зақымдануының арнайы және арнайы емес көріністері. Зақымданудағы жасушаның иондық құрамының өзгерістері, патогенезі, салдары.
-
Зақымданудағы жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары, патогенезі, салдары.
-
Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары, сипаттамасы. МАТ әсерленуі жасуша мембранасының зақымдануының негізгі тетігі. Жасуша мембранасы зақымдану салдарлары.
-
Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары, сипаттамасы. Фосфолипаза және басқа гидролаза әсерленуі, осмостық бүліністері, иммундық бүліністері.
-
Апоптоз туралы түсінік, патогенезі. Жасушаның қорғаныстық-бейімделулік жолдары.
-
«Жедел кезең жауабы» себептері, дәнекерлері, олардың әсерлері. «Жедел кезең жауабы» нәруыздары, олардың қызметтері. «Жедел кезең жауабының» организм үшін маңызы.
-
Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, сатылары, даму тетіктері.
-
Стрестің қорғану-бейімделу және патогенді маңызы. Адаптациялық аурулар туралы түсінік.
-
Сілейме. Этиологиясы мен патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық сілейме, себептері, сатылары, гемодинамика мен микроциркуляцияның өзгерістері.
-
Кома, түрлері, даму механизмдері.
Есептерді силлабустың «Бақылау – өлшегіш құралдары» бөлімінен қараңыз. №1-11 есептер
№ 4 сабақ
№7 тақырып: СУ-ЭЛЕКТРОЛИТ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Сабақтың мақсаты:
-
Су-электролит тепе-теңдігінің негізгі бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін меңгеру
-
Теориялық материалдан алған білімін патогенездің сызбанұсқасын құрастырғанда және есептерді шығарғанда қолдана білу
-
Машықтық дағдыларын жануарлармен жұмыс жасағанда бекіту
-
Тақырыпты талдағанда атаусөздерді қолдану дағдысын қалыптастыру
-
ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын тәжірибе жасағанда қолдана білу
Оқыту міндеттері:
-
дизгидрияның жіктелу, этиологиясы мен патогенезі және қалпына келтіру ұстанымдарын зерттеу
-
әртүрлі клиникалық ісінулердің даму тетіктерін зерттеу және патогенездік сызбанұсқасын құрастыра білу
-
тақырыпты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдану дағдысын қалыптастыру
-
ісіну дамуымен байланысты жағдайларды патофизиологиялық сараптауды үйрену
-
эксперименттік жануарлармен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру, эксперименттік ісінуде гемодинамикалық, онкотикалық және тіндік жайттардың маңызын зерттеу
-
ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын тәжірибе жасағанда қолдана білу
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Организмдегі су тепе-теңдігі бұзылуының түрлері.
-
Сусыздану, патогенезі бойынша жіктелуі, себептері. Сусызданудың әртүрінле жасушаішілік және жасуша сыртында осмостық қысымның өзгерістері. Негізгі көріністері, олардың патогенезі.
-
Оң су тепе-теңдігі (изо-, гипо-, гиперосмолялдық гипергидрия), себептері, патогенезі. «Сумен улану» туралы түсінік, себептері, даму тетіктері.
-
Ісіну, түрлері. Ісінудің патогенездік жайттары, сипаттамасы.
-
Ісінудің клиникалық түрлері, даму механизмдері.
-
Натрий, калий алмасуы бұзылыстары, себептері, организмдегі өзгерістердің патогенезі
-
Стоматологиялық аурулар дамуында микроэлементтер және фосфор-кальций алмасуы бұзылыстарының маңызы
Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:
Студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс, ісінулер патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру, ситуациялық есептер шығару.
Бақылау тәсілдері: ауызша сұрау, патогенезінің сызба нұсқасын құруды тексеру, есеп шығару, тест жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |