Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты



жүктеу 1,87 Mb.
бет16/58
Дата30.05.2023
өлшемі1,87 Mb.
#42855
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58
Патфиз сабақтікі

МАШЫҚТЫҚ жұмыс
1 тапсырма: Гипоосмолялдық және гиперосмолялдық гипогидратациялық сызбанұсқасын құру.
2 тапсырма: Ісіну дамуында тіндегі осмостық қысымның маңызын зерттеу.
Әдісі: тәжірибеге шамамен салмақтары бірдей екі бақа алынады. Бірінші бақаның жауырын арасындағы тері астындағы лимфа қуысына 2 мл физиологиялық ерітінді салады, ал екінші бақаға-2 мл 20% хлорлы натрий жіберіледі. Бақаларды өлшегеннен соң банкаларға отырғызады. 50-60 минуттан соң бақаларды қайтадан өлшейді. Алынған мәліметтерді хаттамаға енгізіп, оны талдап қорытынды жасайды.
Хаттама кестесі

Жануарлар

Ертінділерді енгізу

Бақа салмағы

бастапқы

1 сағаттан соң

1 бақа

2.0 мл изотониялық ертінді







2 бақа

2,0 мл 20% хлорлы натрий ерітіндісі







3 тапсырма: Ісіну дамуында гемодинамикалық жайттың маңызын зерттеу (Фишер тәжірибесі).
Әдісі: сабаққа дейін бақаның артқы аяғына байлам салынады. Сабақта бақа аяғының байламнан төмен бөлігінде көлемінің өзгеру дәрежесін, түсінің өзгерісін анықтайды. Ісінген жеріне ине піскілеп, сұйықтық бөлінуін байқайды. Ісінудің патогенезін түсіндіреді.

4 тапсырма: Қандағы онкотикалық қысым төмендеуінің ісіну дамуындағы маңызы (Старлинг тәжірибесі).


Әдісі: Қимылсыз жағдайдағы бақаның кеудесі мен ішін ашады, перикардты алып тастайды, аортаны жартылай кеседі де оған шеткері жаққа бағытталған резина кигізілген түтікті орналастырады. Ол түтік 0,5% хлорлы натрийі бар ыдысқа қосылған. Аталған ертіндіні бақаның қан тамырына құяды (перфузия), ерітінді аортаның кесілген жерінен ағып шығады. Бақаны жағының астынан таразыға іліп қояды.15-30 минөт өткен соң бақаның салмағының өзгергенін, ісіну дамығанын анықтайды. Бақадағы гипергидриялық өзгерістің патогенезін түсіндіру керек.

5 тапсырма: Ісіну патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру


А) жүрек жеткіліксіздігінде
В) бүйрек жеткіліксіздігінде
С) бауыр жеткіліксіздігінде

6 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу


1 есеп. 42 жастағы науқасқа «декомпенсациялық сатыдағы миокардиодистрофия» диагнозы қойылған. Науқастың дене бітімі қалыпты көріністе, тері астындағы майлар жоқтың қасы. Бойы 165 см болғанымен салмағы 81кг. Обьективті: амалсыз жартылай отырады, ентігу, акроцианоз, аяқтары ісінген, тынысында іркілген сырыл анық естіледі. Іште сұйықтықтар жиналғаны байқалады, бауыр үлкейген. Жүректің систолалық және минөттік мөлшері төмендеген. Гематокрит 38% құрайды (Ht-38%). Диурез азайған қанда ренин мен натрийдің деңгейі жоғары.
Сұрақтар:

  1. Су алмасу бұзылыстарының көрінісі байқала ма?

  2. Науқаста дизгидрияның қандай түрі байқалады?

  3. Судың іште, өкпеде, тері астында жиналуы этиологиялық байланысты ма?

  4. Науқаста биохимиялық өзгерістердің патогенезі қандай?

  5. Науқастағы ісінудің патогенезі қандай?

  6. Ісінудің науқастың организмі үшін маңызына баға беріңіз.

  7. Науқастағы ісінудің дамуына қалайша тойтарыс беруге болады?

2 есеп. Науқас 22 жаста, жәншаудың ауыр түрімен (скарлатина) ауырғаннан 2 аптадан соң бас ауыруына, белі аймағындағы ауыру сезіміне, ентікке, жүрек қағуына шағымданды. Соңғы аптада дене массасы 11,5 кг-ға артты. Қарап тексергенде: беті бозарған, қабақтары ісіңкі, көзі қысыңқы. Балтырлары мен аяқтарының басы ісінген. Жүрек шекаралары кеңейгенАҚ180/100 мм с.б. Диурез бірден азайған, зәрінде – эритроциттер мен нәруыз. Қанында стрептококқа қарсы антидене титрі жоғарылаған.


Сұрақтар:

  1. Науқаста бүйрек зақымдануы туындады деуге негіз бар ма? Егер болса, онда бұл дерттің мүмкіндік патогенезі қандай?

  2. Туындаған гипергидратация қалай дамыды: бүйректің шығару қызметінің бірден төмендеуі ме немесе организмде судың белсенді түрде ұсталуы ма?

  3. Ісінудің бұл түрінің даму тетігі қандай?

ӘДЕБИЕТТЕР:



жүктеу 1,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау