МАШЫҚТЫҚ жұмыс
№ 1 тапсырманы орындау немесе «Биіктік ауруын үлгілеу» бейнефильмін көру.
№1 тапсырма. Биіктік ауруының үлгісін алу және негізгі көріністерін зерттеу.
Әдісі. Ақ тышқанды Комовский аспабының астына отырғызады. Жануардың бастапқы жағдайын: тәртібі, тыныс алу сипаты, терісінің түсін байқап белгілеп алады. Комовский аапабының насосы арқылы ауаны барометрлік қысымның көрсеткішін манометр арқылы байқай отырып, біртіндеп сорады. Барометрлік қысымның 0,2 атм., 0,4 атм., 0,6 атм., 0,8 атм-ға төмендегенде тышқандағы өзгерістердің сипаты мен бірізділігін белгілейді. Тышқанның өліп қалмауын қадағалап отыру керек, сол себепті құрысу-тырыспа басталғанда тез арада қалпақтың астына ауа жіберіледі. Алынған нәтижелер хаттамаға толтырылады, қорытынды жасалады.
Тәжірибе хаттамасы.
Сұрақтар.1.Бұл экспериментте жануарлар қандай патогендік фактордың ықпалына душар болды?
Патологияның дауына қандай ықпал әсер етті (гипобариялық гипоксия?)
Қалай тексеруге болады?
№2 тапсырма. Пол Бер тәжірибесін сараптау
Тәжірибеге екі топ тышқан алынады. Біріншісі ауа толтырылған барокамераға отырғызылып, барометрлік қысым біртіндеп 210 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл кезде жануарда биіктік ауруының белгілері көрініп, тырысу дамиды.
Екінші топ тышқандарын оттегіге толтырылған барокамераға отырғызылады. Бұл камерада барометрлік қысым 200 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл тышқандарда биіктік ауруының белгілері байқалмайды.
№ 3 тапсырма. Биіктік ауруының құрылымдық кестесін зерттеу
№ 1. БИІКТІК АУРУЫ
Себептері
Патогенездің негізгі тізбегі
ОЖЖ
Жүрек- қан тамыр жүйесі
Тыныс алу жүйесі
Қан жүйесі
|
Барометрлік қысымның төмендеуі,
дем алатын ауада рО2 төмендеуі
гипоксемия
зат алмасудың бұзылуы
гликолиздің белсенділенуі
зат алмасудың шала тотыққан өнімдерінің жиналуы
негізгі көріністері
Тоқмейілсу, психикалық үрдістердің баяулауы, нәзік қимылдық нақтыланудың бұзылуы, қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы, селкілдек.
Тахикардия, жүректің соғулық көлемінің, жүректің минөттік көлемінің ұлғаюы, қанайналымының орталықтануы.
Гиперпноэ, кейін брадипноэ немесе үзілісті тынысқа ауысады
Эритроцитоз
|
Газдар және сұй-ықтардың физикалық қасиеттерінің өзгеруі
Декомпрессиялық синдром, іш кебуі, құлақ және маңдай қуыстары ішіндегі шаншу, майда қантамырларының жыртылуы, тері астында ауа жиналуы, газдық эмболия
|
№ 2.
БИІКТІК АУРУЫНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІНДЕГІ КЕРІ АЙНАЛЫП СОҒУ ШЕҢБЕРІ
Дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымының (рО2) төмендеуі
г ипоксемия
Тыныс алу орталығының қозуы
гиперпноэ
Гипокапния, тыныстық алкалоз
Тыныс алу орталығының әлсіреуі
брадипноэ
Ситуациялық есептер (1,2,3,4) сабақта таратылатын материялдар бар.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 8-27
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 73-82
Патофизиология / /Под ред. Новицкого В.В – М.Гэотар,2010 том 1.С. 73-87.
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30 -38.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14.
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 24-50
Қосымша
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 33-37.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 37-45.
Давыдовский И.В. Проблемы причинности в медицине (этиология). М.: Медгиз. - 1962. -176 с.
Царегородцев Г.И., Ерохин В.Г. Диалектический материализм и теоретические основы медицины. М.: Медицина, 1986, С.226 - 233.
Нурмухамбетов А.Н. Спорные вопросы этиологии (лекция) // Вестник КазГМУ, 1999. - № 5,.с.114 - 117.
БАҚЫЛАУ
Достарыңызбен бөлісу: |