МАШЫҚТЫҚ жұмыс
№1 тапсырма. Қоян эритроциттерінің осмостық төзімділігіне температураның әсерін зерттеу
Әдісі: Дені сау қоян құлағының шеткі көктамырынан 0,5 мл қанды алдын ала 1 тамшы гепарин құйылған центрифугалық пробиркаға алады. Сали гемометрімен қанды әрқайсысына 5 мл 0,3%, 0,45%, 0,65%, 0,85% хлорлы натрий ерітіндісі құйылған 4 пробиркаға тамызады (бақылау сериясы). Қалған қанды температурасы 500С су моншасында 5 минөт бойы ұстайды. Осыдан соң ысытылған қанды 0,02 мл мөлшерде басқа штативтегі хлорлы натрийдің сондай ерітіндісіне тамызады (зерттеудің тәжірибелік сериясы). 10 - 15 минөттен соң бақылау және тәжірибелік сериядағы пробиркалардың боялу қарқынын салыстырады. Алынған деректерді кестеге жазып, тұжырым жасайды.
Хаттама кестесі
Тәжірибе сериялары
|
хлорлы натрий ерітіндісінің мөлшері
|
|
0,3%
|
0,45%
|
0,65%
|
0,85%
| |
|
|
|
|
Ескерту: ерітінділердің боялу қарқынын + белгісінің әртүрлі санымен белгілейді.
2 тапсырма: Қоян эритроцитіне этилдік спирттің зақымдық ықпалын зерттеу.
Әдісі: Қоян құлағының шеткі көктамырынан алдын ала 1 тамшы гепарин құйылған пробиркаға 1 тамшы этил спиртін тамызады да температурасы 37о С термостатта 5-10 минөт ұстайды (инкубация деп атайды ). Қаннан лаборанттар әйнекке жағынды дайындап Романовский –Гимза әдісімен бояйды.
Студенттер қан жағындысындағы эритроциттердің осы ықпалға тән түрінің өзгерістерін иммерсиалық объектив арқылы анықтап оның пайда болу тетіктерін түсіндіреді.
№3 тапсырма: Егеуқұйрықтың тіс тінінің сорбциялық (сіңірулік) қабілетінің зақымдануға байланысты өзгерісін зерттеу.
Әдісі: Егеуқұйрыққа 2% гексеналді ішіне енгізу арқылы ұйықтатады да қолы мен сирақтарын операциялық үстелге байлап бекітеді. Темір егеудің көмегімен астыңғы күрек тісінің біреуін егеп эмалын зақымдайды, екінші астыңғы күрек тісі салыстырмалы бақылау ретінде пайдаланылады. Зақымдалған және сау күрек тістерге метилен көгі ерітіндісін жағады. 5 минөттен кейін бояуларды жуып ондағы қалған өзгерістерді бағалайды. Қорытынды жасалынады. Осыған ұқсас тәсілдер стоматологиялық клинакада кариестің алғы нышандарын және кариеске қатыссыз өзгерістерді анықтау үшін қолданылады.
№4 тапсырма: Ситуациялық есептерді шешу.
№1 есеп. Токсикологиялық зертханада бір химиялық өндіріс орнындарынан шығарылатын қалдықтардың құрамына кіретін уытты заттың жасушаға әсерін зерттеді. Жасанды ортадағы қалыпты эпителий жасушасына өнімнің уытты мөлшерін енгізеді. Жасуша зақымдалуының көріністерін 3 сағат бойына әрбір 30 минут сайын бақылады. 3 сағаттан соң 85% жасушаның тіршілігін жоғалтқаны анықталды.
Сұрақтар:
Осы тәжірибедегі эпителий жасушаларының қайтымды (А) және қайтымсыз (Б) бүліністерін бағалау үшін қандай құрылымдық және биохимиялық нышандарды (белгілерін) ұсынуға болады.
Жасуша жағдайын бағалауға ұсынылған нышандарды негізге ала отырып, жасушадағы дерттік өзгерістерді және олардың даму тетігінің бірізділігін келтіріңіз.
№2 есеп. Тәжірибеде гемолиздік анемияның үлгісін алу үшін тышқандарға фенилгидразин енгізді, ол өз кезегінде жасушада бос радикалды тотығуды ынталандырады. Фенилгидразин енгізгеннен кейін жарты сағаттан соң жануардың қанында эритроциттердің мөлшерінің төмендегені, бос Hb және метгемоглобин анықталды.
Сұрақ
Эритроциттердің мембранасының зақымдануының даму тетігін және бос гемоглобин мен метгемоглобин түзілуін түсіндіріңіз.
№3 есеп. Терінің эпителий жасушасына жаңа антибиотиктің уыттық әсерін зерттеу үшін тәжірибенің екі топтамасы жүргізілді (А және Б).
А. In vivo тәжірибесінде тәжірибелік сызықтық егеуқұйрықтарда алты сағат бойы жануардың терісіне антибиотиктің ертіндісі бар жапсырғышты таңып қойды (дәрінің мөлшері емдік көрсеткіштен өте жоғары болды). Дәрінің тиімділігін жапсырғышты алғаннан кейін 8 сағаттан соң өмір сүру барысында теріні микроскоппен қарау арқылы бағалады. Кейіннен арасы 8 сағат сайын екі рет микроскоппен қарады.
Б. In vitro тәжірибесінде зерттелетін дәрі бар ортада эпителиалды жасушасының дақылын өсірді. Дәрінің мөлшері in vivo тәжірибесіндегі мөлшерге сәйкес келеді. 6 сағаттан кейін дақылды жуып, дәрісі жоқ ортада ұстауды жалғастырды. Дәрінің әсерін жарықтық әдіспен және in vivo тәжірибесіне сәйкес, сол мезгілде электронды микроскоппен тексеру арқылы бағалады.
Тәжірибелердің нәтижелері
А. In vivo: Жапсырғаннан кейін 8 сағат өткен соң эпителийдің майда ошақты некрозы мен дистрофиясы анықталды. Кейіннен осы дерттік өзгерістердің теріде өскені байқалды.
Б. In vitro: зерттеудің барлық сатыларында тері эпителийінде зақымдану белгілері анықталған жоқ. Тек басында жасушалардың агрегациясы байқалды, кейіннен жүргізілген тексерулерде анықталған жоқ.
1. In vivo жүргізілген тәжірибеде эпителий жасушасының бүлінісі тікелей немесе жанама деп ұйғаруға болады ма? Өзіңіздің ұйғарымыңызды растайтын мәліметтер келтіріңіз.
2. Дәрінің жасушаға бүліндірігіш әсерінің даму тетігі қандай? In vitro жүргізілген тәжірибенің нәтижелерін ескере отырып. сіздің көрсеткен даму тетіктеріңіздің қайсысы (қайсылары) дұрыс болып табылады?
ӘДЕБИЕТТЕР:
Достарыңызбен бөлісу: |