Сабақ №1 Сабақтың тақырыбы: Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы


=C3*5% жазылады; 6. Қалғандары да осы тәрізді есептеледі. 7. H3



жүктеу 1,01 Mb.
бет2/5
Дата10.02.2018
өлшемі1,01 Mb.
#9352
түріСабақ
1   2   3   4   5

=C3*5% жазылады;

6. Қалғандары да осы тәрізді есептеледі.

7. H3 ұяшығына қолға берілетін жалақы көлемін есептеңіз.

8. Барлық қызметкерлердің окладтарының жалпы сомасы мен қолға



алатын жалақыларының жалпы сомасын табу үшін:

H3:H8 диапазоны белгіленеді;

 Стандартная саймандар панелінен Автосумма  батырмасы

шертіледі.



2-жаттығу. Excel программасын пайдаланып сатудан түскен пайданы

теңгемен және доллармен есептеңіз.

1.Өз құжатыңыздағы келесі бетті (Лист2) Тапсырма2 деп өзгертіңіз;

 Кестені мәліметтермен толтырыңыз.

 Сатудан түскен пайданы доллармен және теңгемен есептеңіз;

1.E6 ұяшыққа келесі =C6*D6 формуланы енгізіңіз;

2.F6 ұяшыққа келесі =E6*B3 формуланы енгізіңіз. B3 ұяшығының адресін

абсолют адрес қылыңыз ол үшін оны белгілеп F4 пернесін басыңыз, сонда

адрес $B$3 болып өзгереді.

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

Тапсырмалар



1-нұсқа

Қаладағы сүт өнімдері заводы сүт, айран және қаймақ шығарады.

Сүттің, айранның және қаймақтың әрбір тоннасы үшін сәйкесінше

1010, 1020 және 9450 кг сүт қажет болады. Сүт өнімдерінің (сүт,

айран, қаймақ) әрбір тоннасынан түсетін кіріс пайда сәйкесінше

30000, 22000 және 13600 теңгенң құрайды. Завод тәулігіне барлығы

123 тонна сүт, 342 тонна айран, 256 тонна қаймақ дайындады.

Электрондық кестені пайдаланып, әрбір өнім түрінен түскен кіріс

пайданың жалпы кіріс пайдаға шаққандағы үлесін (процентпен) және

сүттің жалпы шығынын есептеңіз.



2-нұсқа

Цехта үш түрлі өнім шығарылады: П1, П2 және П3. Әрбір П1,П2 және

П3 өнім бірлігіне кететін шығын сәйкесінше 70, 150 және 100 теңгені

құрайды. Бір ғана өнім бірлігінен түсетін кіріс, өнім түрлеріне сәйкес

200, 160 және 250 теңге болды. Жоспар бойынша ай сайын, П1 өнім -

112480 дана, П20- 46392 дана,, П3 -35325 дана өнім шығарылды.

Электрондық кестені пайдаланып (теңгемен және доллармен), өнім

өндіруге кететін жоспарлы шығынды, әрбір өнім түрінен түсетін

кірісті, мекеменің қаңтар айындағы кірісін, әрбір өнім түріне сәйкес

жоспардың орындалу үлесін есептеңіз.



Бақылау сұрақтар:

1. Кестелік процессордың негізгі қызметі қандай?

2. Ұяшықтарға мәліметтер жазудың әдістерін түсіндіріңіз.

3.MS Excel программасындағы құжат қалай аталады?

4. Ұяшық адрестерінің түрлері қандай?

5.Ұяшықтарды қалай біріктіреді?



Практикалық сабақ №5

Функцияның мәнін есептеу. Функция шебері.

Мақсаты: MS EXCEL кестелік процессорының мүмкіндіктерін графиктер

мен диаграммалар тұрғызуда пайдалана білуге үйрету.



Негізгі түсініктер:

Microsoft Excel программасының функциясы ретінде белгілі бір

алгоримт бойынша немесе формулалар бойынша жүргізілетін есептеу

операциялары қарастырылады. Әрбір функцияның өзіне тән аты болады.

Excel программасында функциялардың аттары пернелік тақтадан теріліп

жазылады немесе Функция шебері (Вставка-Функция) деп аталатын

команда немесе саймандар панеліндегі. x f батырмасы көмегімен

енгізіледі. Функция шебері функцияларға сәйкес формулалардың дайын

шаблондарын береді, қолданушы бар болғаны функцияның аргументтерін

ғана жазады.

Excel программасында күрделі және қарапайым есептеулерге арналған

200 ден аса функцияларды қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

Функция шеберін пайдаланып функцияларды іздеуді жылдамдату

мақсатында оларды келесі: 10 недавно использовавшихся, Полный

алфавитный перечень, Финансовые, Дата и время, Математические,

Статические, Ссылки и массивы, Работа с базой данных, Текстовые,

Логические и Проверка свойств категориялары бойынша топтастырған.

Функциялардың аргументтері ретінде сандар, сан мәнді өрнектер

немесе сәйкесінше сандар мен сан мәнді өрнектер жазылған ұяшықтар

адрестері, диапазон адрестері пайдаланылады. Мысалы:

= СУММ(А5:А9) – мұндағы СУММ функциясы, А5, А6, А7, А8, А9,

ұяшықтардағы сандар қосындысын есептейді.

=СРЗНАЧ(G4:G6) – мұндағы СРЗНАЧ функциясы G4, G5, G6

ұяшықтардағы сандардың орташа мәнін табады.



Функцияның аргументтерін Функция шеберін пайдаланып енгізу.

Функцияны Функция шеберін пайдаланып жазғанда, егер оның аргументі

бар болса, онда мынадай терезеде пайда болады:

Функция аргументтерін енгізуде келесі тәсілдер қолданылады:

а) қажет адрестерді (ұяшықтың немесе диапазонның) пернелік тақтадан

теруге болады;

б) қажет ұяшықтар мен диапозондарды жұмыстық беттегі кестеден

белгілеу арқылы жазуға болады.



Функциялардың негізгі категориялары:

«Математические» категориясы функцияларының сипаттамасы:

ABS (сан) – санның модулі;

COS (сан) – косинусты табу;

EXP (сан) - x  функциясының мәнін есептеу;

LN (сан)- логарифмді есептеу;

SIN (сан) – синусты есептеу;

TAN (сан) – тангенсті есептеу;

СТЕПЕНЬ (негіз сан; дәреже көрсеткіші) – дәрежелеу амалын береді;

СУММ(сан1; сан2; ...) – аргумент тізіміне кіретін барлық сандардың

қосындысын есептейді.

«Статические» категориясы функцияларының сипаттамасы:

МАКС(аргумент1;аргумент2;...) – аргументтің үлкенін анықтайды;

МИН(аргумент1; аргумент2;...) – аргументтің кішісін анықтайды;

СРЗНАЧ(аргумент1; аргумент2;...) – аргументтердің кішісін анықтайды;

СЧЕТЕСЛИ(диапазон; шарт;...) – диапозондағы берілген шартты

қанағаттандыратын аргументтер санын анықтайды;



1-жаттығу.

Ведомость работы сети компьютерных клубов

Торговый

дом

Январь Февраль Март Суммарная

выручка

Место Средняя

выручка

Про-

цент

Нурдаулет 345 543,9 423,9 1312,8 10 437,6 6%

Тоғжан 657,7 234 982,4 1874,1 7 624,7 9%

Ақтөбе 765,2 1007,5 873,1 2645,8 3 881,9333 13%

Салтанат 123,5 734 487,7 1345,2 9 448,4 6%

Аяжан 879 985,9 980,3 2845,2 1 948,4 14%

Сауран 348 591,2 678 1617,2 8 539,0667 8%

Мәдениет 987 634 1009,4 2630,4 4 876,8 13%

Сирус К 1009,5 793,,2 987,9 1997,4 5 998,7 10%

Жанар 434 934 567 1935 6 645 9%

Астана 835,8 879 934 2648,8 2 882,9333 13%

Итого: 6384,7 6543,5 7923,7 20851,9 7283,533 100%

А1 ұяшығына кестенің тақырыбын жазыңыз;

 Excel- де А3:Н3 кестенің өріс аттары жазылады;

В4:D13 ұяшықтарына кестедегі сандар енгізіледі. Е4 ұяшығына

1 кварталда түсірген табысын есептеу керек болсын.



Ұяшық Формула

E4 =СУММ(B4:D4)

B14 =СУММ(В4:В13)

F4 =РАНГ(E4;$E$4:$E$13)

G4 =СРЗНАЧ(B4:D4)

G14 = СРЗНАЧ(G4:G13)

H4 =E4/$E$14

Қалғандары әрі қарай маркер көмегімен толтырылады.



1-жаттығу. y  cos2 (2x) sin(x)  x x функциясының графигін, x 0.5;0.5

аралығында 0,2 қадаммен тұрғызу. В3 ұяшыққа

 cos2 * A3^2 *sinA3 EXP 3* ABSA3 формуласын енгізіп, бұл формуланы

қалған ұяшықтарға Толтыру маркерін пайдаланып көшіріңіз; Функция

мәндерін белгілеп алып, Диаграмма шеберінің көмегімен график

тұрғызыңыз. Беттің атын График функции деп өзгертіңіз.



2-жаттығу. Диаграмма тұрғызу.

1. Кестедегі Итого бағанында СУММ функциясын пайдаланып, оның

аргументінде ұяшықтар диапазонын көрсетіп, формуланы қалған

ұяшықтарға көшіру арқылы қажет мәліметтерді толтырып алыңыз;

2. Осы кесте үшін екі диаграмма салыңыз;

 Алиевтың ай сайынғы алған сыйақысын көрсететін дөңгелек

диаграмма (Круговая диаграмма), ол үшін:

1)Қажет мәліметтер тұрған диапозонды белгілеп алыңыз;

2) Саймандар панеліндегі Диаграммы батырмасына шертіп, пайда болған

терезеден Круговая типін таңдаңыз;

3) Диаграмма параметрлерін өзгертіңіз де сол бетке орналастырыңыз.

 Баған түріндегі диаграмманы (гистограмма) өзіңіз қалаған мәліметтер

үшін өз бетіңізше орындап көріңіз.

4) Беттің (Лист2) атын Диаграммы деп өзгертіңіз.



Өз бетіндік тапсырма:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде

берілген 1-кестеден алынады)

1. Кестеден функция ... графигін, берілген аралықта 0,2 қадаммен

тұрғызыңыз /1-кесте, 1-тапсырма/

2. Төмендегі қосымша кестеде /1-кесте/ берілген өндіріс көрсеткіштерін

пайдаланып диаграмма құрыңыз. Диаграммада ... көрсету керек

болғандықтан, соған сәйкес /1-кесте, 2-тапсырма/ типті таңдаңыз.

1-кесте

Шикізат өндіретін өндіріс салаларының жылдық көрсеткіштері

Шикізат түрі 2002ж. 2003ж. 2004ж.

Электр


энергиясы,млрд.кВт/сағ

167 173 177

Мұнай, млн.тонна 516 399 307

Табиғи газ, млрд 641 640 595

Көмір, млн.тонна 395 337 262

Темір рудасы, млн.тонна 107 82 78

Ағаш, млн 242 183 93

Балық және т.б. теңіз өнімдері 8 6 4

Кестеге шикізат өндірудің орташа көрсеткішін және ең жоғарғы, ең төменгі

көрсеткіштерді анықтайтын бағандар қосыңыз.



Нұсқа



1-тапсырма 2 – тапсырма

1 x1.8;1.8 y  1 3*x Уақыт бойынша өзгерісті және

шикізат түрлері бойынша

көрсеткіштер арасындағы

қатынасты

2    1,5;1,5

1

1 cos



2  



x

x

y x

Шикізаттың әрбір түрі жалпы

өнімнің қанша бөлігін алатынын

(2005ж.)


3     sin ; 1.4;1.9

2

1 2



2  





x x



x

x

y

x  Әрбір жылғы мұнай өндіру

көрсеткішін

4

 


;  1.4;1.4

1 sin


1  

 




x

x x

x

y

x

Әрбір жылғы көмір өндіру

көрсеткішін

Бақылау сұрақтары:

1.Excel кестелік процессорында функцияларды қандай тәсілдермен енгізуге

болады?

2.Функциялардың қандай категорияларын білесіз?



3. Статистикалық функциялардың қызметі қандай?

4. Диаграмманы қалай тұрғызуға болады?

5. Диаграмманы редакциялауға не жатады?

Практикалық сабақ №6

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды кестелер. (Сводная таблица).

Мәліметтер консолидациясы.

Мақсаты: Қорытынды кестелерді құра білуге және мәліметтер

консолидациясын қолдана білуге үйрету.



Негізгі ұғымдар:

Қорытынды кестелер үлкен тізімдердегі, мәліметтер қорындағы, жұмыс

кітаптарындағы және т.б. кестелердегі мәліметтерді талдау, жалпылау және

де басқа мақсаттарға пайдалану үшін қолданылады. Қорытынды кестелердегі

мәліметтер бастапқы мәліметтермен байланысты болады, бірақ қорытынды

кестелердегі мәліметтер үшін, мүмкін болған жағдайларда есептеулер

жүргізуге болады. Жалпы қорытынды кестелердегі мәліметтер өте үлкен

мәліметтерге талдау жасауда өте ыңғайлы құрал. Excel программасында

қорытынды кестелерді мәліметтер қоры ретінде пайдаланылатын бір немесе

бірнеше үшін кестелердңғ негізінде құрады. Мысалы, бір өнім түрінің

(товардың) түрлі аймақтардағы сатылу көрсеткішін сипаттау үшін

қорытынды кесте құруға болады.



Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. Үш түрлі компьютерлік техника сату орталықтарында сатылған

компьютерлердің ай сайынғы сатылу сомасын есептейтін қорытынды кесте

құрыңыз.

1. Жұмыс кітабының бірінші бетін (Лист1) Свод_табл деп өзгертіңіз

және 1-суреттегідей кесте құрыңыз.

2.Мастер Сводных таблиц терезесін шақыру үшін ДанныеСводная



таблица командасын орындаңыз;

3. Пайда болған терезедегі в списке или базе данных Microsoft Excel, тұсына



белгі қойыңыз да, Далее батырмасына шертіңіз;

4. Бастапқы мәліметтер орналасқан диапазонды (мәліметтер орналасқан

кестені) белгілеңіз де, Далее батырмасына шертіңіз, келесі шыққан бетке

новый лист тұсына белгі қойыңыз және Макет батырмасына шертіңіз;

5. Пайда болған терезеде, «жасалатын» қорытынды кестенің құрылымы

анықталады: қоытынды кестедегі нәтиже жазылатын өрістің аты тұрған

батырма белгіленіп, Данные облысына (Стоймость батырмасы Данные

облысына) апарылады; Данные облысындағы Стоймость батырмасына екі

рет шерту нәтижесінде Вычисление поля сводной таблицы диалогтық терезесі

пайда болады, бұл терезеде нәтижені есептеуге қажет амал – операция

таңдалынады (Сумма операциясын таңдаңыз.)

6. Әрі қарай, қорытынды кестенің жолдарының қызметін атқаратын өрістер

таңдалынады да, оларға сәйкес батырмалар Строка облысына (Магазин

батырмасы Строка облысына) апарылады;

7. Келесі қадамда, қорытынды кестенің бағандарының қызметін атқаратын

өрістер таңдалынады да, оларға сәйкес батырмалар Столбец облысына

(Месяц батырмасы Столбец облысына) апарылады;

8. Мастер Сводных таблиц көмегімен жасалаған қорытынды кестенің

өрістері аттарының тұсында арнайы батырмалар болады, бұл батырмаларды

пайдаланып, кестедегі көрсетілген мәліметтерді өзгертіп қалауыңызша

таңдауға болады;

9. Егер қорытынды кесте құруда пайдаланылған бастапқы мәліметтер

өзгерген болса Данные Обновить данные командасын пайдаланып

қорытынды кестедегі мәліметтерді де жаңалауға болады.

10. Қорытынды кестедегі мәліметтерді пайдаланып график салыңыз.

2-жаттығу. Орналасу реті бойынша және категориясы бойынша

мәліметтердің консолидациясын құру.

1. Жұмыс кітабының екінші бетін (Лист2) Консол_располож деп өзгертіңіз

де, 2- суреттегідей кесте құрыңыз.

2.Табыс салығы мен қолға берілетін соманы есептеңіз;

3. Орналасу реті бойынша консолидация жасаңыз, ол үшін: курсорды

консолидацияланған мәліметтер кестесі бастап орналасатын бірінші ұяшыққа

апарыңыз (мысалы, А10 ұяшыққа);

ДанныеКонсолидация командасын орындаңыз;

Пайда болған Консолидация диалогтық терезесіндегі тізімнен Сумма

функциясын таңдап, подписи верхней строки, значения левого столбца

тұсына белгі қойыңыз;

Курсорды Ссылка жолына орналастырып, бастапқы кесте берілген



терезеден A2:D7 диапозонды белгілеңіз;

Добавить батырмасына шертіңіз, сол кезде Список диапазонов



жолында белгіленген диапазон адресі пайда болады;

Курсорды қайтадан Ссылка жолына апарып, енді екінші кесте



орналасқан, F2:I7 диапазонды белгілеңіз;

Тағы да, Добавить батырмасына шертіңіз, сол кезде Список диапазонов



жолында белгіленген екінші диапазонның да адресі шығады; ОК

батырмасын шертіңіз.

4. Консол_располож бетіндегі екі кестені жаңа Консол_категор бетіне

көшіріңіз және екінші кестені өзгертіңіз: Премия деп аталатын баған қосып,

оны толтырыңыз, Алиев фамилиясын жол түрінде қосып, толтырыңыз.

5. Категория бойынша мәліметтер консолидациясын құрыңыз, ол үшін:

Курсорды консолидацияланған мәліметтер кестесі бастап орналасатын



бірінші ұяшыққа апарыңыз, ДанныеКонсолидация командасын

орындаңыз;

Пайда болған Консолидация диалогтық терезесіндегі тізімнен Сумма



функциясын таңдап, подписи верхней строки, значения левого столбца

тұсына белгі қойыңыз;

Курсорды Ссылка жолына орналастырып, бастапқы кесте берілген



терезеден A2:D7 диапазонды белгілеңіз;

Добавить батырмасына шертіңіз, сол кезде, Список диапазонов



жолында белгіленген диапазон адресі пайда болады;

Курсорды Ссылка жолына орналастырып, бастапқы кесте берілген



терезеден F2:J8 диапазонды белгілеңіз;

Добавить батырмасына шерткенде, Список диапазонов жолында



белгіленген диапазон адресі пайда болады, ОК батырмасына шертіңіз.

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде

берілген

2-кестеден алынады)

1. ... есептейтін қорытынды кесте құрыңыз /2-кесте, 1-тапсырма/

2. ... сәйкес орналасу реті бойынша мәліметтердің консолидациясын

құрыңыз. /2-кесте, 2-тапсырма/.

1-нұсқа 2-нұсқа 3-нұсқа 4-нұсқа 5-нұсқа



1 Сату

орталықтарын-

дағы

компьютерлер-

дің санын

Әрбір

айдағы

сатылған

компьютер-

лер санын

Сату орталық-

тарындағы

ком-

пьютерлердің

бағаларын

Әрбір айдағы

компьютерлер

дің

Бағаларын

Компьютер-

лердің

түріне

сәйкес

бағаларын

2 Орташа

жалақыға

Жалақының

ең үлкен

мөлшеріне

Жалақының

ең аз

мөлшеріне

Орташа

жалақыға

Жалақының

ең үлкен

мөлшеріне

Бақылау сұрақтары:

1. Қорытынды кестелер не үшін қажет?

2. Қорытынды кестелер қандай команда көмегімен жасалады?

3. Мәліметтер консолидациясы не үшін қолданылады?

4. Мәліметтер консолидациясы қандай команда көмегімен орындалады?

5. Мәліметтер консолидациясының қандай түрлері бар?

Практикалық сабақ №7

Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесі. Бірнеше

кестелерден деректер базасын жасау.

Мақсаты: Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесімен, оның

негізгі компоненттерінің қызметімен, деректер, жазба, өріс, кілттік өріс

объектілерді жасау әдістерімен, өрістердің типтерімен танысу.

Негізгі ұғымдар:

Кез келген деректер базасын басқару жүйесінің (ДББЖ) жұмысы – деректер

базасын жасау, енгізу және өңдеу.

Microsoft Access ақпаратты сақтау және көрсету үшін қолданылатын

жеке компоненттерден тұрады.Бұл компоненттерге кестелер, пішімдер

(формы), есеп беру (отчет), сұрату (запрос), макростар, модулдер жатады.

Microsoft Access-тің әрбір объектісін жасаудың кем дегенде 2 әдіспен:

Конструктор көмегімен немесе Мастер көмегімен жасалады. Конструктор

режимінде объект құрылымы жасалынады немесе өзгертіледі, ал Мастер

режимінде объектілердің дайын нұсқалары таңдалынып, қолданылады.

Деректер дегеніміз – мерзімді түрде жұмыс істеуге мүмкіндік болу

үшін сақталуы қажетті кез келген ақпарат. Көптеген деректер базасының

құрылымы кестелік болады. Кестелік құрылымда деректер адресі жолдар мен

бағандардың қылысуы арқылы анықталады. Деректер базасындағы бағандар

өрістер деп, ал жолдар жазбалар деп аталады. Өрістер деректер базасының

құрылымын жасайды, ал жазбалар онда сақталатын ақпараттардан тұрады.

Өріс – бұл деректер базасы құрылымының негізгі элементтері.

Олардың өзіндік қасиеттері бар. Өріске қандай типті деректерді енгізуге

болатыны, қандай деректерді енгізуге болмайтыны, сонымен қатар өрістегі

деректермен не істеуге болатыны өрістің қасиетіне байланысты.

Мысалы, «Құны (Стоймость)» өрісіндегі деректерге жалпы нәтижені

алу үшін қосу операциясын қолдануға болады. Ал «Телефон нөмірі»

өрісіндегі деректерді телефон нөмірлері санмен жазылса да қосуға болмайды.

Бұл өрістердің қасиеттері әртүрлі және әртүрлі типке жатады.

Өрістердің әртүрлі типтері әртүрлі қасиеттерге ие.

1.Мәтіндік өрістің негізгі қасиеті - өлшемі.

2.Сандық өріс сандық деректерді енгізу үшін қажет. Мұның да өлшемі

бар, бірақ сандық өрістер әртүрлі болады, мысалы, бүтін сандарды

енгізу үшін және нақты сандарды енгізу үшін.

3.Күн мен уақытты енгізу өрісі күн/уақыт (Дата/время) типті болады.

«Иә немесе жоқ», «1 немесе 0», «Ақиқат немесе Жалған» және тағы осы

сияқты тек екі мәні бар логикалық деректерді енгізу үшін арнайы логикалық

өріс қолданылады.

4.Өрістің ерекше өрісі – Ақшалы (Денежный) өріс. Мұнда қандай

деректер сақталатыны атауынан –ақ белгілі. Ақшаның сомаларының

көрсеткіштерін сандық өрісте де сақтауға болады, бірақ ақшалық типтегі

түрде олармен жұмыс жасау жеңіл. Бұл жағдайда компьютер санды ақша

бірліктерімен бірге көрсетеді.

5. Қазіргі кезде деректер базаларында тек сандар мен әріптерді ғана

емес, сонымен бірге бейнежазбаларды сақтауға болады. Мұндай объектілерге

арналған өріс OLE объектісінің өрісі деп аталады.

6.Мәтіндік өрістегі бір кемшілік оның өлшемінің шектеулігіне (256

символдан аспайды) байланысты. Егер өріске ұзын мәтін қою керек болса,

бұл үшін MEMO типті өріс қолданылады, онда 65 535 символға дейін

сақтауға болады.

7. Санауыш (Счетчик) өрісі. Бір қарағанда бұл қарапайым сандық өріс

сияқты, бірақ оның автоматты түрде мәні артатын қасиеті бар. Егер деректер

қорында мұндай өріс болса, онда жаңа жазбаны енгізу кезінде, оған алдыңғы

жазбадағы сол өрңстңғ мәнінен бірге артық сан автоматты түрде енгізіледі.

Бұл өріс жазбаларды нөмірлеуде ыңғайлы.

Практика жүзінде бір-бірімен өзара байланысты көптеген кестелерден

тұратын күрделі құрылымдармен жұмыс жасауға тура келеді. Бір – бірімен

өзара байланысты кестелерден тұратын деректер қоры
жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау