Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Оқушыларға арналған сурет салу ережесі. Сабақтың мақсаты



жүктеу 420,5 Kb.
бет5/5
Дата14.11.2018
өлшемі420,5 Kb.
#19448
түріСабақ
1   2   3   4   5
Сабақтың барысы:

Сәулет өнерімен таныстыру сабағы бірінші рет жүріп жатқандықтан, оны сәулет өнерінің бастамасы, ескіден келе жатқан, қазір де тарихи мәні бар ғимараттардан бастаған жөн. Олар – Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Шығыс Қазақстан Ертістің бір саласы – Сібе өзенінің жағасындағы Абылайкит бейнесінің (монастырь) табылғандары. Ұлытау өңіріндегі көптеген сәулеттік ескерткіштердің ішіндегі шоқтығы биік, тұлғалы туындылар – Алаша хан, Жошы хан мазарлары. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырлытам мазары. Тараз қаласындағы Айша бибі, Бабаша хатун т. б. күмбез-сарайлар. Айта берсек қазақ даласында аз кездессе де, өзіндік көркемдік стилімен көз тартатын көненің көзі – мұнаралар ерекше ескерткіштер болып саналады. Мұнара дөңгелек формада тұрғызылады да, биіктеген сайын жіңішкере сүйірленіп барып төбесі жабылады. Шығысқа ислам дінінің келуіне байланысты сәулет өнері жаңа бетбұрыс жасады. Құрылысқа геометриялық өрнектер, қошқар мүйіз, түрлі өсімдіктер бейнелері, кеспе-қима өрнектер, түрлі түсті малта тастардан қаланған әшекейлер, түрлі плиталармен көмкеру ене бастады. Сөйтіп, құрылысшылардың түрлі түске және көлеңке бояуларға ден қоюы жауын-шашынға мұқалмайтын шыны бояудың тууына себепкер болды.

Сонымен бірге Республикамыздың қалалары туралы әңгімелеп өзінің ғажайып сұлулығымен көз тартатын ежелгі қамалдар, сарайлар мен мешіттерге, сондай-ақ кейінгі заманда ірге көтерген театр, кітапхана, түрлі ғимараттар мен сәулетті оқушылар сарайларына назар аударуға болады. Оларды таңырқай тамашалап тұрып айтуға болады. Олай болатын себебі, бұл ғимараттар да сұлулық сырын бойына сіңірген өнер туындыларына жатады. Міне, өнердің бұл түрі сәулет өнері деп аталады.

Сәулет өнері – деген тек ғимараттар мен құрылыстар салу емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны ұтымды ұйымдастыра білу өнері. Оны қалай түсінуге болады? Айталық, біреулердің жаңа ықшам ауданда тұрып жатырсыңдар делік. Осы зәулім үйлердің орнында бір кезде село орналасқаны немесе үйме-жүйме шағын құрылыстар болғаны ақиқат. Ал қазір байқасаңыздар, бір-бірімен жарасымды бой түзеген еңсесі биік әдемі үйлердің жасыл желекке бөленген ауласы қандай тамаша. Мұндағы үйлерді салғанда оған түсетін жарық, ауланың кең болуы алдын ала ескерілген. Өздеріңіз оқитын мектеп пен кітапхана, балалар бақшасы мен дүкендер, түрлі қызмет көрсететін орындар, спорт алаңдары мен парктер, демалыс орындары (сквер, алаң т. б.) орталыққа шоғырландырылып, жақын орналастыру жағы ескерілген. Бұл – қазіргі сәулет өнерінің жетістігі және мақсаты. Өзінің атқаратын қызметіне қарай сәулет өнері үш түрге бөлінеді: көлемдік ғимараттар (тұрғын үй, театр, мектеп, дүкен, зауыттар мен фабрикалар); қаланы кейіптендіру немесе жасыл желек (бақ-парк, саябақтар мен бульварлар, хауыздар мен фонтандар); қала құрылысы, яғни қала салу өнері (жаңа қалалар мен поселкелер салу, қаланың ескі аудандарын жаңғырту). Сәулет өнерімен танысып, оның қыры мен сырын білгеннен кейін, әсем ғимараттарды қағаз бетіне түсіріп көріңдер.



Үйге тапсырма беру: Мүмкіндігіңше өздерің жақсы білетін әсем ғимараттарды жобалап, суретін сал.


Сабақ: №29

Сабақтың тақырыбы:

Халықтар достығы мерекесі.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға Дүние жүзі халықтар достығы жайлы мәлімет

беру, республикамызда тұратын халықтар достығының

мәнділігін түсіндіру, достыққа, бейбітшілікке баулу,

тақырып бойынша сурет салуға қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Оқушыны өз бетінше ойланып жұмыс жасауға, қорытынды

жасай білуге төселдіру, сурет салдыру арқылы сөздік қорын

молайту, ерік-жігерлерін ашу, оқуға деген сенімін

нығайтып, қызығушылығын арттыру.


б) Тәрбиелілік: Орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке,

мәдениеттілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу және көркем

сурет салуға, оқушылар бойына адамгершілік, зеректік

сезімдерін ұялату.


Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан халықтары бейнеленген түрлі фотосуреттер мен суретшілер еңбегі, Қазақстан Республикасының Әнұраны, қалам, өшіргіш, қағаз, түрлі-түсті бояулар, қылқалам және т. б.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Дүние жүзінде 5 миллиардқа жуық адам тұрады. Олар әр түрлі халықтардың құрамына енеді, әр тілде сөйлейді. Олардың әдет-ғұрпы да әр түрлі Халықтар бір-бірінен сыртқы түр-әлпетімен де өзгешеленіп отырады. Халықтардың көпшілігі өз ана тілінде сөйлейді. Кейде әр түрлі халықтар ортақ тілде сөйлеуі мүмкін. Мәселен, ағылшындар мен американдықтар бірыңғай ағылшын тілінде, ал немістер мен австриялықтар немісше, испандар мен Оңтүстік және Орталық Американың көптеген халықтары испанша сөйлейді. Алайда бұлар әр түрлі халықтар, олардың әрқайсысының өз тарихы, өмір салты, әдет-ғұрпы бар. Халықтар арасында ұлттық айырмашылықтар көп, бірақ бір-біріне ұқсас жалпы ортақ жайлар одан да мол. Олардың бәрі бірігіп, адамзат ұрпағын құрайды. Барлық халықтар, еңбекші бұқара бір тілекпен шаттық пен бақытқа толы бейбіт өмірге ұмтылады. Бұл күндерде кемелер мен ұшақтардың рейстері, телеграф пен почта байланыстары, халықаралық сауда қатынастары мен мәдени байланыстар дүние жүзіне тегіс жайылады. Халықтардың достыққа, қарым-қатынасқа ұмтылуы барған сайын нығая түсуде.

1 Мамыр – Дүние жүзі халықтарының ынтымақ күні. Бұл мейрам тұңғыш рет 1890 ж. атап өтілді. Сол уақыттан бастап бүкіл дүние жүзінің жұмысшылары жыл сайын 1 Мамырда мейрамдайды. Қазақ халқы да Халықтар достығы мейрамын құшақ жая қарсы алып, өз салт-дәстүрімен бейбітшілікке құштарлығын паш етеді. Оған мысал:
Май келді.
Көктем келді, май келді,

Шақырады тойға елді.

Бізбенен қол ұстасып,

Гүл терейік тысқа шық...



(Ғафу Қайырбеков.)
Халықтар достығы барлығымызға ыстық, достықтың басы, қасыңдағы досыңды сыйлаудан, ата-анаға деген мейірімділіктен басталады, осыны есте сақтағаның жөн.
Үйге тапсырма беру: Халықаралық достық күніне сурет сал, сынып плакатын ұжыммен сал.

Сабақ: №30

Сабақтың тақырыбы:

Ұландар күні.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларды өз елін, өз жерін сүюге тәрбиелеу, жалпы

түсініктер беру, Отан қорғау сезімін ояту, достыққа,

бейбітшілікке баулу, тақырып бойынша сурет салуға

қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Оқушыны өз бетінше ойланып жұмыс жасауға, қорытынды

жасай білуге төселдіру, сурет салдыру арқылы сөздік қорын

молайту, ерік-жігерлерін ашу, оқуға деген сенімін

нығайтып, қызығушылығын арттыру.


б) Тәрбиелілік: Орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке,

мәдениеттілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу және көркем

сурет салуға, оқушылар бойына адамгершілік, зеректік

сезімдерін ұялату.


Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, өлең, жұмбақтар, әскери соғыс тақырыптарына арналған суретшілер шығармалары, қалам, өшіргіш, қағаз, түрлі-түсті бояулар, қылқалам және т. б.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Балаларға Ұландар жайлы өлеңдер, әңгімелер айтқызамын.


Бейбіт өмір солдаты.
Самолеті – қанаты,

Сүйсіндірер, қараңдар.

Бейбіт өмір солдаты –

Менің ұшқыш ағам бар.


От-жалындай қайраты,

Сүйсініңдер, қараңдар.

Бейбіт өмір слдаты –

Менің танкист ағам бар.

Жауды ықтырар айбаты,

Сүйсініңдер, қараңдар.

Бейбіт өмір слдаты –

Ер теңізші ағам бар.


Әлемге аян болды аты,

Сүйсініңдер, қараңдар.

Бейбіт өмір солдаты –

Менің көп-көп ағам бар.



(Ізтай Мәмбетов.)
Осы өлеңге байланысты әр оқушының ағалары қандай ұлан қатарында жүргенін сұрап біліп, әңгімеге баулимын. Айтқандарын естеріне сақтатып, образдық ойлар туғызамын. Ұландар күнін Жеңіс күнімен байланыстыруға болады.
Менің аталарым.
Бұлт түнеріп аспаннан

Талай көзден жас тамған,

Тұтқиылдан жау тиіп

Қырғын соғыс басталған.


Отан үшін түн қатқан,

Жауға оқпен «тіл» қатқан,

Адамзаттың көз жасын

Аталарым құрғатқан.


Қас дұшпанын ықтырып,

Әділдігін ұқтырып,

Бейбіт күнді қорғаған

Аталарым тік тұрып!



(Қайрат Жұмағалиев.)
Қазақстан мемлекеті егеменді ел болғаннан кейін Жеңіс күні Ұлан күнімен аталатынын айта кету керек.


Үйге тапсырма беру: Отанымызды сүюге және оның сенімді қорғаушысы болу тақырыбына ерікті тақырыпта сурет сал.
Сабақ: №31

Сабақтың тақырыбы:

Көбелекті бейнелейік.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Табиғат көріністерін көре білу және қорғау, табиғатқа деген

сүйіспеншілігін арттыру, көбелектің суретін сала білуге

үйрету, түрлі-түсті бояқпен жұмыс істеу іскерлігін арттыру.


ә) Дамытушылық: Оқушыны өз бетінше ойланып жұмыс жасауға, қорытынды

жасай білуге төселдіру, сурет салдыру арқылы сөздік қорын

молайту, ерік-жігерлерін ашу, оқуға деген сенімін

нығайтып, қызығушылығын арттыру.


б) Тәрбиелілік: Орындалатын жұмыстар арқылы мәдениеттілікке,

сауаттылыққа тәрбиелеу және көркем сурет салуға,

оқушылар бойына адамгершілік, зеректік сезімдерін ұялату.
Сабақтың көрнекілігі: Көбелектер бейнеленген фотосуреттер, қағаз, түрлі-түсті қағаз, қайшы, плакаттар, қалам, өшіргіш, түрлі-түсті бояулар, қылқалам және т. б.
Сабақтың өту барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Оқушыларға ақын-жазушылардың көбелек туралы өлең-жырларын оқытып, таныстырамын.


Көбелек.
Мен тимеймін жасқанба,

Дос болайық, көбелек!

Жайнап тұрған бақшамда

Гүлдерімді көре кет.


Тұтқиылдан жел соғып,

Жаңбыр жауса себелеп,

Тақиямның астына

Тығыла қой, көбелек!



(Асқаржан Әліиқұлов.)

Келесі өлеңге, де балалардың назарын аударуға болады.


Жаздыгүні.
Жаздыгүні шілдеде

Жеміс пісіп толады.

Қызыл, жасыл гүлдерге

Көбелектер қонады.


Саяхаттап жырақты,

Орман, тауға барамыз.

Бөгеп тастап бұлақты,

Көлшік жасап аламыз.


Көгорай шалғын жерлерден көптеген әдемі көбелектерді көруге болады. Көк шөпте отырып, оларды қадағалаңдар. Ал егер ұстап көргілерің келсе, табиғаттың осынау керемет, аса нәзік туындысын жарақаттап, кемтар етіп қоймауға тырысыңдар. Көбелектің әдемілігін тамашалаңдар, түрлі-түсті бояуына қарап соны бейнелеп көріңдер. Көбелектің бәрі ашық реңді бола бермейді. Мысалы, ағаштың қабығына қонып отырған түнгі қоңыр көбелекті ешкім де байқай алмайды. Сиқырлы қалпақ киім алған ба дерсің. Оның әркелкі өрнектелген сұр қанаты қабықтың бетімен бірдей бедерлес. Кенет оны әуес көрген бір құс келіп қонады. Көбелек үстіңгі жұп қанатын жоғары көтереді, осы кезде сұр қабықтың бетінде артқы жұп қанатының алқызыл жолақтары жарқырап көрінеді. Оны көрген құс кенет бұрылады. Қанаттардың ашық, алабажақ өрнектері көбінесе «мені жеме!» дегендей ескерту белгісін білдіреді. Естеріңізде болсын адам түгіл құстар да өздеріне таныс сақтандырушы өрнекті көреді де, көбелекке тимейді. Көбелектің ғылыми тілдегі атаулары: адмирал, галатея, сары көбелек, жолақты терек көбелегі, көгілдір түн көбелегі, қызыл түн көбелегі, ала көбелек, кайя-жұлдыз көбелегі, көк көбелек, махаон көбелек, үлкен жасыл және тұшала сұр көбелектері, түнгі және күндізгі бірі үлкен, екіншісі кішілеу емен көбелектері, төрт нүктелі жұлдыз көбелегі, шарап жынды көбелегі т. б. ал қарапайым тілде ақ, көк, ала, сары, түн көбелектері деп атай береді.


Үйге тапсырма беру: Осы айтылған әңгіме бойынша көбелектің суретін салып көр.


Сабақ: №32

Сабақтың тақырыбы:

Табиғатқа саяхат, плэнер.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Қоршаған ортаны қорғау, өсімдіктер дүниесі мен табиғат

сұлулығын сезіну, табиғат әсемдігін тамашалау, бейнелеу,

табиғатқа шығып (плэнэр) сурет салуды үйрену.


ә) Дамытушылық: Оқушыны өз бетінше ойланып жұмыс жасауға, қорытынды

жасай білуге төселдіру, сурет салдыру арқылы сөздік қорын

молайту, ерік-жігерлерін ашу, оқуға деген сенімін

нығайтып, қызығушылығын арттыру.


б) Тәрбиелілік: Орындалатын жұмыстар арқылы мәдениеттілікке,

сауаттылыққа тәрбиелеу және көркем сурет салуға,

оқушылар бойына адамгершілік, зеректік сезімдерін ұялату.
Сабақтың көрнекілігі: Табиғат түсті бояу, қылқаламдар, табиғатты бейнелеген суретшілер шығармалары, қалам, өшіргіш, түрлі-түсті бояулар, және т. б.
Сабақтың өту барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Табиғат құрылымы бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Әрбір адам табиғатпен етене жақын байланыста екенін ұғынуға міндетті, сондай-ақ біздің әрқайсымыз өз іс-әрекеттерімізге әрдайым жауаптымыз. Сондықтан біз туған табиғатымызды жақсырақ танып-білу, сүю үшін, оның сенімді қорғаушысы болуымыз керек. Ол – біздің, жалпы адамзат баласының тікелей міндеті.

Жас ұрпақтарға:


  • Планетамыздың иесі – сендер.

- Сендер сол Жер-Ананың шапағаты мол ғажайып қалпын сақтап қалу үшін, онда алуан түрлі аң мен құстың тіршілік етуі үшін, өздеріңнің және ұрпақтарыңның шат-шадыман, жақсы өмір сүруі үшін күресулерің керек. Бір сөзбен айтқанда, табиғат-Ананы аялап, көздің қарашығындай қорғауларың керек, - деп, насихаттаған жөн. Ал, енді плэнэр дегеніміз не екендігіне тоқталайық. «Плэнэр» деген сөз француз тілінен алынған. Қазақша «ашық ауа» мағынасында. Толығырақ айтқанда, табиғатқа шығып құбылыстарды түсті бояу мүмкіндіктері арқылы тікелей жазу, бейнелеу дегенді білдіреді. Табиғаттың барша сұлулығын алдыңа жайып салатын суретшіні пейзажист суретші деп атайды.

Пейзаж өзінің пайда болу тарихында бірден дербес жанр болып кете алмады. Тек 16 -17 ғасырларда ғана дербес жанрға айналды. Ол кезде голланд суретшілері салған пейзаждар ерекше даңққа бөленген. 19 ғасырда да тамаша пейзаж туындылары дүниеге келді. Орыс суретшілері А. К. Саврасов, И. И. Шишкин, И. И. Левитан, А. И. Куинджи шығармаларында бейнеленген табиғат көріністері неткен сұлу, неткен мәнді десеңші. Табиғатты бейнелеу Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Ә. Исмайлов, Қ. Қожықов, А. М. Черкасский, Қ. Телжанов, С. Мәмбеев шығармашылығында да үлкен орын алады. Туған табиғатты бейнелей отырып суретшілер оның сұлулығы мен поэзиясын түсіне білуге, ғажайып өлкемізді бұрынғыдан да терең сүйе білуге баулиды.



Үйге тапсырма беру: Өзіміздің туған табиғатымызды жақсырақ танып білуге, сүюге және оның сенімді қорғаушысы болуға арнап, еркін тақырыпта сурет сал.

Сабақ: №33

Сабақтың тақырыбы:

Құмырадағы гүлді бейнелейік.



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Гүл өсімдіктер жайлы әңгімелеу, оқушылардың әдемілік

пен сұлулыққа деген талғампаздығын арттыру, гүл шоғынан

натюрморт құрастыру, құмырадағы гүлді сауатты да әсерлі

бейнелеуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушыны өз бетінше ойланып жұмыс жасауға, қорытынды

жасай білуге төселдіру, сурет салдыру арқылы сөздік қорын

молайту, ерік-жігерлерін ашу, оқуға деген сенімін

нығайтып, қызығушылығын арттыру.


б) Тәрбиелілік: Орындалатын жұмыстар арқылы мәдениеттілікке,

сауаттылыққа тәрбиелеу және көркем сурет салуға,

оқушылар бойына адамгершілік, зеректік сезімдерін ұялату.
Сабақтың көрнекілігі: Гүл шоқтары бейнеленген суретші шығармалары, қалам, өшіргіш, түрлі-түсті бояулар мен қағаздар, қайшы, желім және т. б.
Сабақтың өту барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Сурет салуға үйретуде ең жиі кездесетін бейнелеу өнерінің жанры – натюрморт. Натюрморт екі жағдайда орындалады: біріншіден, оқушыларды сауатты сурет салуға үйретуде суретті бейнелеудің заңдылықтарын меңгеру үшін; екіншіден, шығармашылық орындалуы тақырып боынша салынған суретші шығармалары. Біздің тақырыбымыз – құмырадағы гүлді бейнелеу. Бұл - натюрморт, бейнелеу өнері жанрларының бірі (күнделікті тұрмыс заттарын, жеміс-жидектерді, гүлдерді және т. б. жансыз заттарды бейнелеу). Гүлді бейнелемеген суретші жоқ шығар, өйткені гүлдің адам баласына әсері зор, өзінің көркімен, сан алуан түр-түсімен адамды қызықтырады. Бұл жайында Оспанхан Әубәкіровтың жоғарыда келтірілген «Сурет сабағы» атты өлеңін тағы да оқып беруге болады. Балалар қолдарыңа қандай гүл түссе де таңдап уақыт өткізбеңдер, құмыраға, реті келсе қыш ыдысқа салып, бейнелеуге кірісіңдер. Гүл салынған құмыраны стол үстіне, терезе алдына не арнайы орынға қойып бейнелеу керек. Алдымен қағазға қарындашпен композициялық орын тауып, нақышына келтіріп орналастырыңдар, содан кейін (акварель) бояуымен әрі қарай жалғастыру керек. Қосымша жарық қоспаңдар, гүлді жәй қойғанның өзінде адамға жақсы көңіл күй, шабыт алып келеді.



Үйге тапсырма беру: Өзіңе ұнаған гүлдерді бейнеле.

Сабақ: №34

Сабақтың тақырыбы:

Көрме ұйымдастыру.



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бейнелеу өнері бойынша балалардың жыл бойы алған

білімдерін тексеру, олардың әр түрлі тақырып бойынша

орындаған көркем шығармаларынан көрме ұйымдастыру.

ә) Дамытушылық: Оқушыны өз бетінше ойланып жұмыс жасауға, қорытынды

жасай білуге төселдіру, сурет салдыру арқылы сөздік қорын

молайту, ерік-жігерлерін ашу, оқуға деген сенімін

нығайтып, қызығушылығын арттыру.


б) Тәрбиелілік: Орындалатын жұмыстар арқылы мәдениеттілікке,

сауаттылыққа тәрбиелеу және көркем сурет салуға,

оқушылар бойына адамгершілік, зеректік сезімдерін ұялату.
Сабақтың көрнекілігі: Көрме ұйымдастыратын бөлмені әзірлеу, әрбір оқушының көркем шығармаларын эстетикалық талғаммен безендіру, әр түрлі оқушылар жұмысын жапсыру, оны көрерменге әсер ететіндей көркем етіп сәндеу, жұмыс үлгілерін көрсету.
Сабақтың өту барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Төртінші тоқсан қорытынды тоқсан болып есептеледі. Оқушы әрбір сыныпта әрбір пәннен алған білімін жинақтап, келесі сыныпқа көшеді. Сондықтан бейнелеу өнері жайлы еңбектерінің нәтижесін көру үшін көрме ұйымдастырудың маңызы зор. Көрме ұйымдастыру – бұл істелген жұмыстың нәтижесін көрермендерге көрсету, талқылау, болашақ жұмыстың болмысын жоспарлау.

Біріншіден, көрме ұйымдастыратын бөлме жарық, іші кең болу керек, өйткені қойылған, ілінген жағын ескеріңіздер.

Екіншіден, бөлме қабырғаларын бүлдірмеу үшін оның үстіңгі жағына, төбеден 40 см төменірек, бөлменің төрт қабырғасына ұзын трубалардан белдемшелер ілу керек. Белдемшелер картиналарды әр түрлі биіктікте ілуге өте ыңғайлы және олар көзге тартымды көрінеді.

Үшіншіден, мүсін, қолөнер бұйымдарын көлемі әр түрлі стол т. б. үстіне қабырғаға тақап қоюға болады, тек көрермендерге кедергі жасамаса болғаны.

Төртіншіден, әр салынған суретке, мүсінге, қолөнер бұйымдарына оны орындаған адамның аты-жөні, мектебі, салынған суреттің орындау тәсілін жазу керек.

Мысалы: акварель – акв.; кенепке салынған майлы бояу – х.м.; аралас материалдар – қарындаш, көмір, сангина, пастель, оларды – аралас тәсіл; қалам мен тушьпен орындалған жұмысты - тушь, перо, линолеумға ойылып салған жұмысты – линография дейді, т. б. Орысша аталымын айту себебіміз көрмені бар ұлт өкілдері келіп көруі мүмкін, қызығып сұрауы мүмкін.

Ең дұрысы 1-қазақша, 2-ағылшынша, 3-орысша болу керек. Көрме дәптерін қоюды ұмытпаңдар, ол көрермендердің пікірін алу үшін және болашаққа ой жіберу үшін қажет. Іске сәт!



Үйге тапсырма беру: Көрмеге қажетті шығармаларыңды безендір.
жүктеу 420,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау