Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Оқушыларға арналған сурет салу ережесі. Сабақтың мақсаты



жүктеу 420,5 Kb.
бет1/5
Дата14.11.2018
өлшемі420,5 Kb.
#19448
түріСабақ
  1   2   3   4   5



1-сынып

Бейнелеу өнері

Алматы

«Атамұра»
34 сағат

Сабақ жоспарлары

Сабақ: №1

Сабақтың тақырыбы:

Оқушыларға арналған сурет салу ережесі.



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді

қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

оқушы санасына терең сіңіру.


б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: 1-сынып оқулығы, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы:

Ең алдымен оқушыларға бейнелеу өнері жайлы түсіндіріп беремін. Содан соң сурет салу ережелерімен таныстырамын. Сурет салғанда көп сөйлемейміз, алдымен құрал-саймандарымызды дайындап аламыз. Содан соң барып сурет салуға кірісеміз. «Бейнелеу өнері» оқулығы оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие береді. Бұл кітап жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына арналып, оқулық ретінде ұсынылып отыр. Оқулық оқушылардың бейнелеу өнері туралы теориялық білімін дамытуға ықпал жасайды. Оқулық мазмұны сурет салуға, қабылдауға, бейнелі ойлауға, шығармашылық қабілетін арттыруға, көркем шығарманы танып түсінуге бағытталып құрылған. Үйлесімдік шешім табуға баулу, олардың бейнелік ойлау қабілеті мен талғампаздық дағдысын жетілдіреді. Жүйелі түрде бейнелеу өнерін оқыту оқушылардың сапалы да сауатты білім алуына жағдай туғызады. Практика жүзінде жүргізілген сабақ барысында оқушылардың меңгеретін дағдылары сан алуан. Олар: ойлау, қабылдау, есте сақтау, көркемдік, талғампаздық, т. б. Есте сақтау, қиялдау, ойлау немесе тақырып бойынша сурет салу арқылы оқушылардың ойлау қабілеті дамып, тереңдей түседі.

Бейнелеу өнерінің түрлері туралы түсінік беріліп, кітапта көрсетілген шығармаларға талдау жасалады. Талдау барысында мұғалім оның өнер шығармасының қандай түріне жататындығын түсіндіреді. Бұл оқулық оқушы жүрегіне жол тауып, көркемдік білім алуда кажетіне жарап, бейнелеу өнері жайлы мағлұмат беруге лайықты қызмет етеді деген ойдамын.
Үйге тапсырма беру: Келесі сабаққа құрал-саймандарды дайындап келу.

Сабақ: №2

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнеріне қажетті құрал-жабдықтар.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға бейнелеу өнері құралдарын қолдану амал

тәсілін үйрету, жаңа мағлұмат беру және т.б.

ә) Дамытушылық: Бейнелеу өнері сабағы үстінде әр-түрлі құрал-

жабдықтармен таныстыру;

Олар жайлы қысқаша мағлұматтар беру.

б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы:

Оқушыларға бейнелеу өнері құрал-жабдықтары жайлы түсіндіремін. Бейнелеу өнері сабағында әр түрлі құрал-жабдықтар қажет. Әрбір құралмен дұрыс жұмыс істеудің маңызы зор. Қарындашты ХVII ғасырда француз оқымыстысы Н. Конте ойлап тапты. Кезінде Италия суретшілері сурет салуға арнаулы графикалық қарындашты пайдаланған. Ол жәй қарындаштардан жуан, қағаз бетіне жұмсақ, өте қанық болып түседі. Сурет салуға арналған жәй қарындаштар қатты және жұмсақ болып екі топқа бөлінеді. Сондықтан оның сыртында екі түрлі жазу болады. «Т», «Н» - қатты; «М», «В» - жұмсақ. Бұл таңбалар орыс және ағылшын әрпімен белгіленген. Сурет салуға ең қолайлы және өшіруге көнгіш қарындаштар «Т, М, ТМ» болып табылады.

Сурет салатын қағаздар жұқа, қалың, тегіс, бұдыр болып бірнеше түрге бөлінеді. Қарындашпен сурет салуға қатты және тығыз қағаздар ыңғайлы. Олар «ватман» немесе «жартылай ватман» деп аталады. Су бояумен (акварель) жұмыс істейтін қағаздың беті бұдыр болып келеді. Сонымен қатар сурет альбомын пайдалануға болады. Қолданылатын бояу түрлері: субояу (акварель), гуашь және тушь.

Акварель бояуы қағаз бетіне мөлдіреп түседі әрі әдемі өң береді. Бұл бояу сапасының құндылығын көрсетеді. Акварель бояуы бірнеше заттардың құрамынан тұрады: бал, қант, глицерин т.б. 16-17 ғасырда акварель бояуын суретшілер өсімдік тамырларынан жасаған. Ертеде жапон суретшілері күлге желім қосу арқылы тушь бояуын жасаған.

Акварель бояуымен дымқыл қағазда тез жжұмыс істеуге болады және кептіріп отырып ұзақ мерзімдіжұмыс істеуге болады. Бояумен жұмыс істеу барысында бір түспен екінші түсті араластыру екі-үштен аспауы керек. Одан артық болса, бояу құсып кетеді. Бояуды әрқашанда құрғақ, салқын жерде сақтаған абзал.

Гуашь – қағаз бетіне қалың жағылатын қою бояу. Көбінесе сәндік сурет салуға әбден қолайлы бұл бояумен жұмыс істеудің тәсілі өте көп. Жеке және бірнеше қосымша түстермен жұмыс істеуге болады.

Қара түсті қоймалжың бояу – тушь деп аталады. Оның құнды қасиеті – өте жылдам кебеді әрі жайылып былғанбайды. Тушьпен жұмыс істеуде қолданылатын қосымша құрал қаламұш болып табылады. Ол сызық арқылы сурет салуға өте қолайлы әрі ұқыпты жұмыс істеуге үйретеді.

Бояумен жұмыс істеуде ең басты құралдардың бірі – қылқалам.

Акварель бояуына арналған қылқаламдар ақ тиін, күзен, бұлғын сияқты ұсақ жануарлардың қылынан жасалады.

Қылқалам негізінен жұмыс және жалпақ юолып екі түргее бөлінеді. Жұмыс соңында қылқаламды жуып, сүртіп, құрғатып қою керек.

Өшіргіш – қарындашпен сурет салуда қате кеткен сызықтарды түзеу үшін қажетті құрал. Өшіргіштің болғаны тиімді.

Мольберт – сурет салуда пайдаланылатын өте ыңғайлы және қолайлы жабдықтың бірі.

Ермексаз – мүсіндеуге арналған құрал. Ол – қолға көнбіс, тез иілгіш, өзгертуге қолайлы. Мүсіндеу барысында қосымша қалақша және мүсін орнатылатын тұғыр керек.
Үйге тапсырма беру: Келесі сабаққа құрал-саймандарды дайындап келу.

Сабақ: №3

Сабақтың тақырыбы:

Заттар мен бұйымдарды бейнелеу.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай,

оларға тың мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: Сызықтың түрлері жайлы мағлұмат беру. Тік, ұзын-

қысқа, көлденең, көлбеу, қисық, доға, жарық-көлеңке

деген сөздерді меңгерту.
б) Тәрбиелілік: Әр түрлі пішінді заттар мен бұйымдарды дұрыс

бейнелеуге үйрету, ұқыптылыққа үйрету.





Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық көрнекілік құралдар, әр түрлі заттар бейнеленген репродукциялық суреттер, сызық түрлері көрсетілген карточкалар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш т.б.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы:

Балаларға сурет салудың әдіс-тәсілдерін меңгертуді сызықтың түрлерін үйретуден бастаймын.

Сызық – суреттің ең негізі, мейлінше әсерлі элементтерінің бірі. Сызық заттың пішініне қарай әр түрлі бағытқа өзгеріп отырады. Суреттегі сызық – «жанды» сызық. Өйткені ол үнемі қозғалыста болады.

Сызықтың ең негізгі түрлері мыналар: 1) түзу; 2) көлбеу; 3) ирек; 4) доға; 5) үзік; 6) сынық.

Әр сызыққа бейнелеу өнері дәптері бойынша жаттығулар жасатамын. Оқушыларға және карточкалар бойынша тапсырмалар беремін. Карточкада бейнеленген суреттен оқушылар сызық түрлерін ажыратуға үйренеді. Тапсырмаға байланысты қандай сызық түрлерін қолдану керектігіне жауап бере бастайды.

Сызықтың түрлерін терең меңгерген оқушы заттың пішінін қағазға бейнелеуге бейім болады. Оқушылардың қолдары еркін сызуға жаттығады. Қағаздан шар тәрізді шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш қиып көрсетіп, сол қиып алған қағаз бұйымдарды сызықтардың қай түрімен толтыруға болады, соған жаттығу жасаймыз. Одан кейін біртіндеп әр түрлі пішінді бұймдар мен заттарды таңдаймыз. Мысалы: қарбыз, сандық, сәукеле, айна оқулықта көрсетілген.

Олардың пішіні қандай екені туралы оқушылардың естеріне салып, әңгімелеп беремін.

Сұрақ-жауап берген соң, сол заттарды қағазға бейнелеуге үйретемін.

Сурет салу барысында оқушылардың қолын жаттықтыру үшін сергіту

ойынын ойнатамын.


Сызық қандай көңілді,

Күміс жаңбыр төгілді.

Мөлдіреп аспан ашылып,

Күн пердесі төгілді,-


деп, балалармен бірге тақпақ айта отырып, қарындашпен сызықтар арқылы сурет саламыз. Оқушылар ойын ойнап бой жазғаннан кейін, нақты нәрсеге қарап салуға назарын аударамын:

- Ал балалар, енді төртбұрыш, үшбұрыш тәрізді бұйымды бейнелеп үйренейік. Ол үшінт ең алдымен тұртбұрыштар мен үшбұрыштар түрлерін көз алдымызға елестетейік.

Мұнан кейін оқушыларды қыз баланың үшбұрыш тәрізді бас киімін қағазға бейнелеуге үйретемін.
Бас киімді салудың жолдары.

- Ал балалар, енді таңдап алған бұйымымыздың көлеміне байланысты қағазды тігінен аламыз. Ең алдымен көмескі сызықтар арқылы қағазға оны көз мөлшерімен белгілейміз. Сонан кейін бірітіндеп бейнелеуде жеке бөлшектеріне көшеміз. Заттың жарық, көлеңкесін ажыратып, өз түсіне тән бояумен бастаймыз. Жылы және суық түстерді үйлесімді қолдану арқылы заттың толық пішінін бейнелейміз.


Қарбыз көріністері.
Іші жұмсақ, сырты қатты,

Еті қызыл, сүті тәтті.

Бордақылап байлап қойдым.

(Қарбыз.)


Ең қарапайым натюрморт бейнелеуге үйретуде қарындашпен сурет салғызу арқылы оқушыларды қағаз бетіне сауатты үйлестіруге, сызықтар арқылы белгілеуде жарық, көлеңке, түспе көлеңке деген ұғымдарды естен шығармауға үйретуге тырысамын.


Үйге тапсырма беру: Өзімізге ұнаған заттарды қағаз бетіне түсіріп келу.

Сабақ: №4

Сабақтың тақырыбы:

Бояулар әлеміне саяхат.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың

білімдерін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет

салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.


б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.


Сабақтың көрнекілігі: Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар. Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.

Негізгі бояу түсі:



  • қызыл,

  • көк,

  • сары.



Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Ең алдымен бояу түстері жайлы жалпы мағлұмат беруден бастаймын. Қоршаған табиғатымыз түрлі түсті әсем бояуға бай. Күз мезгілінде құлпырған ағаштардың жапырағы әр түрлі түске боялады, мұны біз өз көзімізбен көріп тамашалайық.

- Ал балалар, далаға қарап, көңілімізді бір сергітіп алайықшы. Ағаштар қандай түстерге енген? Иә, қызыл, қызыл сары, сары, қоңыр, жасыл, күлгін. Бояу түстерінің басым болып келуіне байланысты натюрморт орындап көрейік.

Бояу түстерінің реңдік қатынастарының орналасу ерекшеліктеріне назар аударамыз. Натюрморт құрастырып үйренуде негізі басым жылы және суық түстерге ерекше назар аударып, қадағалаймын.

– Міне, балалар, біз табиғат көрінісінен неше түрлі әсем түсті көріп байқадық. Бұл суретшілер үшін ең әсерлі көрініс болып табылады. Ұлы суретшілер де бояу түстерін таңдауды табиғаттан үйренген. Олар өсімдіктердің тамырынан сан алуан бояулар жасаған. Табиғат өзгерісіне байланысты бояу түстері әр түрлі сипатқа ие болады. Мұны біз табиғат аясында серуендегенде жақсы байқай аламыз. «Табиғат - суретші» деген халық нақылының шығуы соған байланысты.

Жалпы бояу түстерін екі топқа бөлеміз: түсті бояулар және түссіз бояулар.

Түсті бояулар: қызыл, қызыл сары, сары т. б.

Түссіз бояулар: қара, сұр, ақ.

Енді осыған мысал келтірейік: Қызыл алма, қызыл сары алмұрт, сары жапырақ, қара сиыр, сұр қоян, ақ мата. Міне, біз заттың атын атап қана қоймай, сонымен қатар түстің бояуын ажырата білуді үйрендік.

– Ал балалар осы бояу түстерін табиғат көріністеріне қарап, салыстырмалы түрде атап көрейік: қызыл күн, сары дала, көк аспан. Күннің қызыл екендігін таң сәріде және кешқұрым айқын байқай аламыз.

Жылы түстер мен суық түстердің бір-біріне үйлесімді болып келуі заттың өңін, пішінін, көлемін кеңістікте көрсетуге ықпалын тигізеді. Бояу түсінің жарасымды болып келуі живописьтің басты құралы болып табылады. «Кемпірқосақтың суретін салып, жеті спектрлік түстерді ретімен бояп көрейік. Балалар, бұл тапсырма сендердің оқулықтарыңда көрсетілген. Кітапқа қарап дұрыс жұмыс істейік. Әрбір берілген тапсырманы ұқыпты орындауға үйренейік».

Қазақ халқының түр-түсті танып білуде өзіндік таным-түсініктері болған. Мысалы: ақ – адалдық, ақ ниет; қызыл – оттың және күннің белгісі; жасыл – көктем және жастық белгісі; сары – парасат және байлықтың белгісі; қара – жердің, берекенің нышаны; көк - аспанның белгісі.

Енді негізгі түстерден қосымша түстер шығаруға жаттығу жасайық:
қызыл+сары=қызғылт сары,

қызыл+көк=сия көк,

сары+көк=жасыл.

Үйге тапсырма беру: Жылы түсте табиғат көрінісін бейнелеу.


Сабақ: №5

Сабақтың тақырыбы:

Үйлестіріп үйрету.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Композиция жайлы жалпы мағлұмат беру.


ә) Дамытушылық: Қағаз бетіне затты үйлестіріп бейнелеуге үйрету. бірнеше

заттарды қағазға ретпен орналастыруға жаттықтыру.


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.



Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:

Суретшілер шығармаларының репродукциясыы, дидактикалық көрнекілік құралдар, карточкалар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш.


Сабақтың барысы:

«Композиция» латынның «құрастыру», ойдан шығару» деген сөзінен шыққанын балаларға түсіндіремін. Содан соң балаларға үйлестіріп үйрету жайлы түсіндіремін. Қағаз бетіне нәрсенің пішінін көз мөлшерімен жобалап алған соң, оны белгілеуге кірісеміз. Заттың пішінін тұтастай қабылдап, бүтіндей бейнелеуге тырысқан жөн. Қай нәрсені болмасын суретін салуда ең бірінші жалпы пішінін белгілеп алып, сонан кейін ұсақ бөлшектерін бейнелеуге көшу керек. Сурет салуға үйретуде жалпыдан жекеге көшу принципін ұстаған жөн. Қағазға бейнеленген затымыз не үлкен немесе өте кіші болмау тиіс. Затты қағазға бейнелегенде жоғарғы жағынан және алдыңғы орнынан көбірек орын қалу керек. Сурет салғанда нәрсе бір қалыпты орында тұру керек. Затты дәл ұқсастықпен бейнелеуге үйренген орынды. Мысалы, алыс – жақсы, аласа – биік, жоғары – төмен ұғымдары пайда болып, баланың бейнелік ойлау өрісі дамиды. Бейнелейтін затты қағазға дұрыс орналастыру «композиция» ұғымының бастапқы сатысы болып табылады. Суретшілер белгілі шығарма жазбас бұрын ең алдымен картинаның құрылымдық композициясын іздейді. Үйлесімді, қисынды, дұрыс композиция шыққаннан кейін барып шығарманы жазуға кіріседі. Орындалатын суретті жоспарлау, суретші тілімен айтқанда, үйлестіру (компановка) деп аталады.

Үйлестіру ұымын есте сақтау үшін суретке қарап талдау жасайық. Кейбір кеткен кемшіліктерді сурет салу барысында жібермеуге тырысайық.
Үйге тапсырма беру: Қағаз бетіне заттарды үйлестіру.

Сабақ: №6

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдік өрнектерімен танысайық.



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Ою-өрнек жайлы мағлұмат беру,

оларға тың мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: Өсімдік өрнектерімен таныстыру және өрнек

құрастыруға үйрету.


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Сабақтың көрнекілігі: Ою-өрнек туралы альбом, оқулық кітаптар, қазақ халқының қолөнері бейнеленген репродукциялар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш т. б. көрнекілік құралдар.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы:

Ою-өрнектің өмірде алатын орны ерекше. Әрбір әшекейлі бұйым мен заттар өрнегі арқылы әсемдігін аша түседі. Сондықтан ою-өрнек әрбір ұлттық нақыштың белгісі болып табылады. Қарапайым тақияның өрнегіне қарап әр ұлттың өрнек ерекшелігін көре аламыз. Мысалы, қазақ, өзбек, қырғыз, түрік, ұйғыр, әзірбайжан ұлттарының тақиясына көңіл бөліп қарайықшы. Қандай тамаша өрнектердің түрін көреміз.

Жалпы қазақ халқында ою-өрнектердің бірнеше топқа бөлінетіні өткен сабақтарда айтылған. Соның ішінде ең көп тарағаны – өсімдік өрнектері. Мысалы, үш күлтелі гүл өрнегі, төрт күлтелі гүл өрнегі, жапырақ, жауқазын, шырмауық өрнектері болып тармақтарға бөліне береді. Өсімдік тәріздес өрнектер қазақ халқы қолөнерінің мынадай туындыларында кездеседі. Мысалы, кілем, түскиіз, кесте, аяққап, басқұр, ұлттық киімдерге жиі қолданылады.

«Үшкүл» - үш күлтелі гүл тәрізді өрнек, «Төрткүл» - төрт күлтелі тармақталып келетін өрнек.

Жауқазын пішінді өрнекті «ждауқазын» өрнегі деп атаймыз.

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын:

Сен ою ойғанды көрдің бе?


  • Әпке, апаларың кесте тігумен айналыса ма?

  • Анаң, әжең, нағашы апаң ою-өрнекті қандай бұйымдар жасай алады?

Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың таным, білім деңгейін тексеремін. Сонан кейін дидактикалық көрнекілік құралдар арқылы өрнектеліп істелген әсем бұйымдардың түрін көретуге болады.

– Ал қандай өсімдіктерге ұқсас өрнектерді байқадыңдар? – деген сұрақ арқылы олардың қабылдау, көру, байқау, есте сақтау сияқты қабілеттерін дамытуға болады. - Ал енді жауқазын өрнегін салып үйренеміз. Ең алдымен қағазға қалай орналастыруды түсіндіремін. Өрнек салу үшін орындау кезеңдерін көрсетіп, балаларды іс-әрекетке тартамын.


1-кезең. Қағазға орналастыру.

2-кезең. Гүлдің жеке бөлшектерін белгілеу.

3-кезең. Гүлдің пішінін дәл бейнелеп, жіңішке сызықпен сызып шығу.

4-кезең. Жауқазын өрнегін біркелкі бояумен бояу.


Жауқазын өрнегін оқушыларға салғызуда олармен бірге жұмыс жасап, оны тақтаға немесе арнайы қағазға көрсетемін.

Салып болған соң, оқушылардың еңбектерін салыстырмалы түрде бағалаймын.



Үйге тапсырма беру: Өздеріңе ұнаған гүлден өрнек құрастыру.

Сабақ: №7

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнерінің түрлері.



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлері жайлы қысқаша

мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.


Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш және т.б.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Оқушыларды бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстырамын, олардың эстетикалық талғамын оятып, көркемдік білімін тереңдете түсуге тырысамын.

Бейнелеудің негізгі төрт түрімен таныстыруға болады. Олар – графика, живопись, мүсін, қолөнері.

Графика.

Қарапайым сөзбен айтқанда, «графика» дегеніміз – ақ түсті қағазға немесе картонға қарындашпен, қаламұшпен, көмірмен салған көркем суреттер. Графикада қолданылатын басты тәсіл: штрих сызығы, ақ қара дақ, таңба.

«Графика» атауы гректің «жазамын», «сурет саламын» деген сөзінен шыққан.

Живопись.

Кескіндемедегі басты құрал - бояу түстері болып табылады.

Живописьті қылқаламмен және бояқтармен орйндайды.

Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы.

Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры. Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар аламын.


  • Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?

  • Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?

Қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша баяндаймын:

- Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.

Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.

Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті.

Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.

«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», - дейтін Әбілхан атамыз.

Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.

Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.

Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады.

Мүсін.

Мүсін – бейнелеу өнерінің ерекше түрі. Мүсінді үш жағынан кеңістікте көруге болады. Мүсін жасау ерекшелігіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді: кеуделік мүсін, тұлғалық мүсін (статуя) және жартылай көлемді мүсін (барельеф - рельеф). «Мүсін» атауы латынның «қашау» деген сөзінен шыққан.

Адамның кеудеден жоғары тұлғалық келбеті бейнеленген мүсін бюст немесе кеуделік мүсін деп аталады. Адамның тұтас бойымен бейнеленген мүсін тұлғалық мүсін (статуя) деп аталады. Жартылай көлемде бейнеленген мүсін барельеф және рельеф деп аталады. Мүсінші деп қарапайым сазбалшықтан бастап мәрмәр тасқа дейін меңгерген, әр түрлі мүсіндерді сазбалшықтан илеп, ағаштан шауып, тастан қашап жасайтын адамды айтамыз.


жүктеу 420,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау