Күкіртті қосындыларды бақылау. Бактерияларда метаболизмдері күкіртті қосылыстарға тәуелді топтарында күкіртті қосындылар болады. Оларға күкірт сутекті тотықтыратын күкірт тионды бактериялар және электрон доноры ретінде күкіртті пайдаланатын анаэробты фотосинтездеуші бактериялар жатады. Күкіртті қосылыстардың екі рет сәулені сындыратын қасиетіне байланысты кле ткада бояуды қолданбай ақ жақсы көруге болады.
Қажетті материалдар мен құралдар:
Залалсыздандырылған тұзақтар, заттық шыны, жабынды шыны, микробиологиялық тұзақ, қажетті бояулар, қара туш, 96 % спирт, Люголь ерітіндісі, Судан III бояуы, сүзгі қағазы, микроскоптар.
Тапсырмалар:
Бактерия клеткасының құрылысымен танысу.
Зерттелетін культуралардың клеткасындағы қосындыларды бақылау. Май түйіршіктерін, волютин, көмірсу түйіршіктерін және күкіртті қосындыларды бақылау.
Әртүрлі таксономиялық топтардағы микроорганизмдердің клетка қосындыларын салыстыру.
Бақылау сұрақтары.
Бактериялардың клеткасындағы қор заттарының табиғаты қандай?
Бактериялардың клеткасында қор заты ретінде жиналатын қосындыларды бақылау үшін қандай бояулар қолданады?
Бактериялардың капсуласын бақылау қандай әдіске негізделген?
Зертханалық сабақ № 9.
Бактерияларға сыртқы ортаның факторларының әсері. Зерттелетін культураларға антибиотиктер әсерін бақылау.
Зертханалық жұмыстың мақсаты: антибиотиктердің микроорганизмдерге әсерін зерттеу.
Зертханалық жұмыстың міндеті: антибиотиктердің әсеріне микробтардың сезімталдылықтарын зерттеуәдістерімен танысу.
Антибиотиктердің микроорганизмдерге әсері.
Көптеген микроорганизмдер өздерінің тіршілігінің нәтижесінде басқа микроорганизмдерге немесе вирустарға қарсы, олардың өсуін тежейтін немесе оларды өлтіретін жоғары физиологиялық белсенділікке ие арнайы өнімдер бөледі. Олар антибиотиктер деп аталады. Жалпы биологиялық уларға қарағанда антибиотиктер белгілі бір топ немесе түр микроорганизмдеріне ғана өздерінің әсерін тигізе алады. Микроорганизмдердің антибиотикалық қасиеттерін анықтайтын әдістер әр түрлі. Олардың көбісі агарланған ортаға антибиотиктердің сіңуі және тест -организм өспейтін ортада ашық аймақтар түзе алу қасиеттеріне негізделген. Антибиотикалық белсенділікті перпендикулярлы сызықтар және агарлы блоктар әдістерімен анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |