С т а н р е с п у б л и ка г к г м Х л у л а т и э н е ъ1лы м м ™ с т р л п бұзаубақова К. Ж. Ойлайық та ойнайық Тараз 2003



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет161/181
Дата14.04.2022
өлшемі9,25 Mb.
#38132
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   181
Buzaubakova(oilaiik oinaiik)

286


XI -  ТАРАУ
Білгенге маржан
ӘДЕТ, ДАҒДЫ, ИШАРА
Халқымыздың  ежелден  қалыптасып  келе  жатқан  әдет- 
ғүрпында,  көңіл  аударарлық  психологиялық  іс-әрекеттер  көл 
кездеседі.  Соның  ішінде  сезімді,  көңіл-күйді,  іс-қимылды  сөз 
қолданбай-ақ ыммен, ишарамен, елпен сездіретін және оны дәл 
бейнелейтін ойлы,  қызықты  әрі  сесті үғымдар бар,  мүны  әдет- 
ғүрып ишарасы дейді. «Ымды білмеген -  дымды білмейді» деп, 
халықтың  өзі  айтқандай,  бүл  ишаралар  айтпай-ақ  түсінікті. 
Мүның  тек  рухани,  үғымдық  жағы  ғана  емес,  сонымен  бірге 
жас  үрпақ,  адам  тәрбиесіне  де  үлкен  қызмет  атқаратынын 
естен  шығаруға  болмайды.  Ұлтымыздың  осындай  тәлім- 
тәрбиелік  немесе  сезімдік  әдет-ғұрыптарын  терең  салалап, 
сырын  ашатын  болсақ,  оньщ  көптеген ғибратты  мәніне  қанық 
боламыз. 
Халык 
педагогикасындағы, 
мәдениетіндегі, 
психологиясындағы  көп  салалы  істің  елеулі  тармағы  екеніне 
көз  жеткіземіз.  Әуелден  адамдар  іспен,  күшпен,  ірі  іс- 
қимылымен  үнсіз  отырып-ақ  ой-пікірін  айқын  танытып, 
діттеген істі бітіре салатын болған.
Осындай әдет, дағды,  ишара, ым арқылы адамдар келісу, 
аліу-ыза,  үялу,  жеңілу,  жеңу,  қайғыру,  тағы  басқа  көңіл-күй 
көрінісін білдірген.  Қазақтың осы әдеті бүгін де қолданылады. 
Дегенмен түрмыс пен салттың, өмір мен тіршіліктің, қоғам мен 
дәуірдің  өзгеруіне  байланысты  мүндай  әдеп  пен  дағдының 
кейбіреулері  үмыт  қала  бастады,  әйтсе  де  оны  бүгінгі  жас
287


ұрпақ  біліп  өскені  жөн  болар  еді.  Төменде  соның  бірнеше 
түрлеріне талдау түсінік беріліп отыр.
Арқаға  қағу  -   риза  болу,  мақүлдау,  қолпаштауды 
бейнелейді.  Яғни  «рақмет!»,  «Бәрекелді,  жарайсын!»  деген 
сөздердің орнына қолданылатын алғыс белгісі.
Алақанға  түкіру  -   ынталылык,  қүлшыну.  Бір  іске 
ынталана кіріскенде алақанға түкіріп алатын әдет бар. Мысалы 
біреу  «іске  құлшынып  отыр»  дегісі  келсе,  «алқанына  түкіріп 
отыр екен» дейді. Алақанын уқалау да осыны керсетеді.
Алақан  жаю  -   амалсыздық,  «енді  қайтейіннің»  белгісі. 
Мүның  екінші  бір  мән-мағынасы  -   сүрау,  сүрамшақтықты 
көрсетеді.  Алақан  жаю  -   жаман  ырым,  оны  жиі  қолдануға 
болмайды.  «Алақанывды  жайма»  деген  тыйым  бар  халық 
тәрбиесінде.
Аяғына  жығылу  -   жеңілу,  кешірім  сүрау,  масқара 
болудың  ауыр  түрі.  Бүл  әрі  жаза,  әрі  біреуге  мүдделі  болды 
дегенсөз.
Ат  қүйрығын  кесу  -   бүрын  араздасқан,  бірін-бірі  енді 
көрмейтін  адамдар  кетіскевде  өз  аттарының  қыл  қүйрығын 
кесіп,  артына  қарамай  аттанып кететін  болған.  «Ат  қүйрығын 
кесіп кетгі» деген сөз осыдан шыққан.
Артынан  топырақ  шашу  -   қатты  Жек  көрген,  ат 
қүйрығын  кесіп  кетіп  бара  жатқан  адамдарға  әбден  көңілі 
қалған  кісілер  оның  артынан  бір  уыс  топырақ  шашатын  әдет 
бар.  Ол  «енді  көрмейміз»,  «қараң  батсын»  деген  қарғыс 
қимылы.
Ауыз  бүртиту  -  екпелеу  нышаны.  «Немене,  аузың 
бүртиып  кетііггі  ғой,  кімге  өкпеледің?»  дейді  аузы  бүртиып 
түрғанды көргендер.
Бас  изеу  -   келісу,  мақүлдау.  «Осының  жөн»,  «дүрыс 
істедің» дегенді білдіріп түр.
Бас  ию. Мүның  екі  түрі  бар.  біріншісі -  үлы  адамдарға, 
ата-анаға,  үстаздарға  ризаЛықпен  бас  ию,  яғни 
бүл 
қүрметтеудің,  сыйлаудың  белгісі.  Екіншісі -  жеңілуді,  тәуелді 
адам  алдында  кішіреюді  білдіреді.  Орынсыз  жерде  бас  июге 
болмайды, ол өзін-өзі төқмендету, бағасын түсіру болады.
Бармақ  тістеу  -   шарасыздық  белгісі.  Амалсыздықтың 
өкінішін халық «бармағын тістеп қалды» дейді.
288


Бет сызу. Адам үялатын сөздер естігенде әйелдердің сүқ 
саусағымен өз бетін сызатын әдеті  бар.  демек,  бүл -  үялу мен 
шошынудың бір түрі екені анық. Ер адамдар бет сызбайды.
Бет жырту. Мүның да екі түрі бар.  Біріншісі -  ең жақын 
туысы  не  күйеуі,  баласы  қайтыс  болғанда  бүрыңғы  қазақ 
әйелдері «қүдайға не  жаздым?»  деп,  ез  бетін тырнап,  жыртып 
тастайды.  Бүл  ертеден сақталып келе  жатқан  ғүрып.  Екіншісі, 
адам  ренжіскенде,  бір  нәрсеге  дауласқанда,  қарсы  сөз 
жарыстырғанда «бет - жыртысып» қалды дейді.
Бетке  түкіру  -   масқаралау,  қорлау  түрі.  Әдепсіз, 
тәртіпсіз  немесе  үят  басқан  адамдардың  бетіне  түкіріп 
жазалайтын әдет бар.
Бетіне  күйе  жағу-  бүл  да  қорлықтың  әрі  жазалаудың 
көрінісі.  Мүны  әйелдерге  қолданады.  Ондайларды  жүрт  «қара 
бет»  дейді.  Қазақта  «беті  кара»  деген  сөз  бар.  Ол  «күйеуі 
қайтыс  болған,  қаралы»  дегенді  үтқырады.  Мүны  «қара  бет» 
дегенмен шатыстыруға мүлде болмайды.
Бет  басу  -   үятқа  батқан  адамның  шарасыздықтан 
жасайтын  іс-әрекеті.  Үят  басқан  адамдар  екі  қолымен  бетін 
басып,  жүргқа  қарай  алмайды.  Мүндайларға  «не  бетіңмен 
жүрсің» деп жекіреді. Жайшылықта бет басу жаман ырым.
Бөркін  аспанға  ату  -   қатты  қуану,  шаттану  дағдысы. 
«Бөркін  аспанға  атып  қуанды»  деген  сөз  осыдан  шыққаны 
әркімге белгілі.
Бүрым  кесу  -  әйелдерге  берілетін  ең  ауыр  жаза. 
Қазақтың  ежелгі  заңы  «Қасым  салған  қасқа  жолдан»  бастап, 
еріне  опасыздық  жасаған немесе  өте  ауыр қылмыс  істеген,  ел 
алдында  масқара  болғанда  әйелдердің  бүрымын  кесу  тәртібі 
қолданылған. Әйелдер үшін жазаның ауыры осы бүрымын кесу 
болған. Өйткені шаш, бүрым әйелдің сәні, салтанатты, әйелдік 
белгісі  болып  санапған.  Өкінішке  орай,  қазіргі  әйелдер  мен 
қыздар  шаш  кесуді  мақтаныш,  сәндік,  білімділік  белгісі  деп 
қабылдап жүр.
Біз  шаншар  -   «қүда  болайық»  деген  өтініш,  елшілік 
хабар.  Аксақал-қарасақалы  аралас  бір  топ  ер  адам  қызы  бар 
үйге  түсе  қалады.  Нендей  шаруамен  жүргенін  айтпайды, 
қонақасын  ішкеннен  кейін  үн-түнсіз  аттанып  кетеді.  Үй  иесі
289


дереу  көрпе,  текеметгің  астын  қараса,  шаншулы  бізді  көреді. 
Кісілердің неге келгені енді түсінікті болады.
Бүйірін  таяну  -   жаман  ырым.  Әдетте  қайғы-қасіретті 
адамдар  екі  бүйірін  таянады  да,  дауыс  қылады,  жылайды, 
аянышты  көңіл-күйін  білдіріп  зар  піегеді.  Бүл  әйелдерге  тән 
әдет.  Осыған  сәйкес  жастарға  қарасты  айтылатын  «бүйіріңді 
таянба» деген тыйым сөз бар.
Ерін  шыгару  -   мазақ  ету,  келемеждеу  деген  сөз.  Бүл 
әдетті  көбінесе  әйелдер,  балалар  қолданады.  Біреулер  өзіне 
жараспайтын  іс  істесе,  қылық  көрсетсе,  оны  көрген  адамдар 
ерінн  шығарып  күлген.  Бүл  әдет  басқаларды  да  ерсі  іс- 
әрекетген сақтандырады.
Омырауын  көкке сауу -  ана қарғысының ең ауыр түрі. 
Ана өз баласынан қатты зәбір көргенде ғана осындай әрекетке 
барады. Мүндай іс бала үшін ең ауыр жаза, кешірілмес күнә.
Есекке теріс мінгізу -  ата-анаеына зәбір-жапа көрсеткен, 
қол жүмсаған немесе ел естімеген үят келтірген жастарды дала 
заңы  бойынша  қара  есекке  немесе  қара  сиырға теріс  мінгізіп, 
бетіне  күйе  жағып,  мойнына  қара  қүрым  іліп,  қорлап, 
жазалайды.  Мүны  көргендер  айыпкердің  бетіне  түкіреді. 
Осындай  қатал  заңдарды  халық  тәрбие  тәсілі  ретінде 
қолданған.
Жагасын  ұсгау.  Тілімізде  «жағасын  үстап,  шошыды» 
деген сөз бар.  Бүл қатты  қорықты,  шошыды дегенді білдіретін 
қазақи үғым.
Жағын  таяну  -   торығу,  қамығу,  мүңаю  белгісі. 
«Жағыңды таянба» деген тыйым негізі осыдан қалыптасқан.
Желке  қасу  -   қолдан  келер  қайрат,  амалы  жок 
жігерсіздікті, әрекетсіздікті танытады.
Желкеге  қолын  қою  -   айыпталу,  түтқын  болудың 
айғағы.
Жерге түкіру, жер  тебу -  өкініш,  «саған  айтса да  болар, 
айтпаса да болар» деген дөң айбат, ыза кернісі.
Жүдырық түю  -   «көресіні  көрсетемін!»  деген  күш,  сес 
корсетудің нышаны, төбелестің басы.
Иығын  көтеру  -   енді  қолынан  келетіні  жоқ  жанның 
соңғы әрекеті, «ар жағын енді өздерің біліңдер» деген екі үшты 
әрі сүраулы пішін.
290


Көз  аларту -  үрыс  басы,  сес,  біреуге  ренжудің  бір түрі. 
Жек көрген адамдар да көз алартады.
Көз қысу -  ыммен сөйлесу,  «үндемей отыр, бәрін білем» 
деген сөз.  Совдай-ақ бүл  ер мен әйелдің арасындағы жасырын 
ашыналық қатынасты да білдіреді. Тәрбие дәстүрівде көз қысу 
әдептілік емес.
Кеудесін  соғу  -   мақтану  немесе  жеңістің  үлкен  белгісі. 
Бүл  әдетті  жауын  жеңген  батырлар,  қарсыласын  жыққан 
палуандар  көп  қолданған.  Жеңімпаздың  кеудесін  соққанының 
ерсілігі  жоқ.  Жайшылықта,  орынсыз  жерде  кеуде  соғу  - 
әдепсіздік, тәрбиесіздік болады.
Қабақ  түю  -   біреуді  үнатпаудың,  бір  істі  жаратпаудың 
немесе  көңіл-күйі  болмай  ренжіп  отырған  жанның  кейпі. 
Мүндай адамдарға «қабағың түюлі ғой» немесе  «қабағың түсіп 
кетіпті ғой» дейді.
Қол  сілтеу  -   ренжу,  өкпелеу,  «не  болсаң,  ол  бол» 
дегендей,  көңілі қалған,  жәбірленген кісінің  іс  әрекеті.  Біреуге 
қол  сілтесең,  ол мүны өзін жәбірлеу,  сөгу деп те  түсінеді.  Қол 
сілтеу соңы жақсылыққа соқтырмайды.
Қол  соғу  -   қошемет  көрсету,  мадақтау,  қолпаштаудың 
жарқын  да  әсерлі  керінісі.  Қол  соғу,  алақан  шапалақтау 
ақындарға,  әнші  өнерпаздарға,  спортшы  жеңімпаздарға 
жасалатын  көпшіліктің  қүрметі  әрі  алғыс  сезімі,  аса  зор 
ризалық  белгісінің  жиі  қайталанатын,  қолданатын  дәстүрлі 
әдеті. Мүндай сәтте қүрмет иелері жиналғандарға алғыс айтып, 
бас июі тиісті.
Қол көтеру.  Бүл әдетгің бірнеше мән-мағынасы, үғымы, 
нышаны бар. Бірінші -  сөзім бар, айтарым бар дегені. Екінші -  
«тоқта, тоқтат,жетер» дегені.  Үшінші -  «жеңілдім,  бағындым» 
дегені.  Сондай-ақ  «қол  көтерді»  деген  сөз де  бар.  Ол  «үрды», 
«соқты»  дегенді  білдіреді.  Мүның  сөз  болып  отырған  «қол 
көтеруге» ешқандай қатысы жоқ.
Қамшы  тастау.  Үлттық  салт-дәстүр,  әдет  заңның  жолы 
бойынша  шешендер  мен  билердің,  талапкерлердің  дау-шар 
кезінде сөз сүрауы. Мүны Тебе би бақылап отырып, сөз кезегін 
береді.  «Жеті  жарғы»  заңы  бойынша  мүндай  жерде  даугерлер 
бет-бетімен соз жарыстырмай, кезек күтеді.
291


Қол  қусыру  -   айыпты  болудың  немесе  кешірім 
сұраушының  «қате  менен»  деген  ишарасы.  Дэстүр  бойынша 
кешірім  сүраушы  қолын  қусырып  (екі  қолын  жеңіне  тығу)  өз 
кемшілігін  мойындап,  ғафу  өтінеді.  «Алдыңа  келсе  -   атаңның 
қүнын  кеш»  деген  аталы  сөзге  жығылған  қазақ  мүндай  жерде 
кешірім  етіп,  қолын  алып,  төріне  шақыратын  тектілігі  де 
болған.
Қүйрығын  жерге  түю  -   табалау.  Араздасқан,  өз 
бәсекелестерінің аттан қүлағанын немесе өзіне қиянат жасаған 
дүшпандарының  бақытсыздыққа,  болмаса  қолайсыз  жағдайға 
үшырағанын  көргенде,  естігенде  жәбірленуші  адам  «бәлемге 
сол  керек!»,  «қүдай  тапқан екен!»  деп  қүйрығын  жерге  түйіп, 
есесі қайтқандай табалап қуанады.
Маңдайын  үру  -   қатты  өкінуден,  яғни  қатты 
қателесуден, тағдырға моюдан туған дағдысы. Адамның өзіне- 
өзі қолданатын қатаң жазасы. Мүның тәртібі - өкінішті адам өз 
маңдайын  өз  жүдырығымен  соғады.  Бүл  жазаны,  көбінесе,  ер 
адамдар істейді.
Мұрын  тыржиту,  -  менсізбеу,  теңсінбеу,  «неге 
келесіңнің»  тілсіз  берілетін  нүсқауы.  Маңдай  бет  тыржиту  да 
осы ишараға жатады. Мүның шешімі айтпаса да түсінікті.
Саусағын 
безеу 
-  
адамсынбаған, 
менсінбеген 
тәкәпарлықтың  нышаны.  Адамшылыққа  жатпайтын  түрпайы 
әдеттің бірі -  осы саусақ безеу болып саналады.
Саусағын  танауына  тығу.  Кейде  біреудің  екі  саусағын 
танауына  тығып  келетіні  бар,  бүл  күлкі  көрніс  -   «қүр  қол 
қайттым»  деген  сез.  Қазақтар  «олжасыз  келді»  дсгенді  «екі 
саусағын танауына тығып келді» деп, күлкімен өңцеп айтады.
Сан соғу -  қапы қалу, «қап, әттегене-айдың» зор белгісі. 
Бүл  жай  өкіну  емес,  өксу.  Күресте  жығылғандар  да  санын 
соғып қалып, «қапы кеттімін» осы ишарамен айтады.
От  басын  сабау.  Ел  ішінде  қиянат,  зорлық-зомбылық 
болмай  түрмайды.  Әлі  келгендер  әлсіздердін  немесе  жетім- 
жесірлердің малын тартыгі  алатын  кездер  де  болған.  Осындай 
жағдайда  кеткен  есесін  алуға  шамасы  келмейтін  әлсіздер 
зорлық қылғанның аулына барып, онын, үйін сабайды, от басын 
сабап,  күлін шашады.  Есесі  кеткевдер бүған да  қанағат түтып,


өшін  алғандай  сезімде  болады.  Қазақ  елінде  бүл  әдет  бүрын 
көп қолданылған, қазір үмытылып бара жатыр.
Туырлығын  тілу  -  өгатескен  адамдардың  бір-біріне 
көрсететін  зәбірі  немесе  күш  көрсетуі.  Мүның  арты  ертеректе 
дау-жанжалға,  қатты  іс-әрекет,  тіпті  жүлысуға  да  апарып 
соқтырған.  Махамбет  ақынның  «туырлығын  тілдіріп,  тоқым 
етсем деп едім!» деп, армандауында осындай батыл қимылдың 
көрінісі жатыр.
Төбесіне  қолын 

жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   181




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау