С т а н р е с п у б л и ка г к г м Х л у л а т и э н е ъ1лы м м ™ с т р л п бұзаубақова К. Ж. Ойлайық та ойнайық Тараз 2003


І-Т А РА У Тұлғаны рухани дамыту



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет2/181
Дата14.04.2022
өлшемі9,25 Mb.
#38132
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181
Buzaubakova(oilaiik oinaiik)

І-Т А РА У
Тұлғаны рухани дамыту
 
мәселелері
♦   .........  
    г   
—----
ТҰЛҒАНЫ РУХАНИ ДАМЫТУ
 
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Адам -  керуен, өмір -  жоя, мәңгілік  кағвда -  осы.  Туған 
жердің  туы  да,  буы  да  ыстық.  Қазақ  жері  -   қазақ  халқының 
алтын  бесігі.  Дана  халқымыз:  “Барықды  сатеаң  да,  арыңды 
сатпа. Арынды сатсаң да, жеріңді сатпа” деп киелі пірі санаған 
Жер анасы Елдігі мен Ерлігінің діңгегіне балаган. Бүгінгі күнде 
Жер  ана  асыраушымыз,  сақтанушымыз,  айбынымыз,  үйіміз 
екенін  ұрпаққа  сезіндіру,  атамұра  иесі  өздері  екенін 
жүректеріне  бойлату,  сүйе  алуға,  қасиетін  ұғына  білуге 
тәрбиелеу -  елдікті  баяндау,  ерлікке  даярлау  деген  сол  болса 
керек-ті.
Қазақтың үрпағы бақытгы. Өйткені, оның Отаны -  алтын 
түғыры,  тәуелсіздік  Туын  желбіретер,  Әнүраны  асқақтап, 
Елтаңбасымен танылар мекені бар, мал өсірер даласында өрісі, 
егін  егер  қүнарлы  топырағы,  асты-үсті  байлығы  бар  үрпақты 
бақытсыз деуге бола ма?
Оған ие бола алмау,  одан айрылудан асқан бақытсыздык 
жок екенін үгьгау, үғындыру -  уәзипа.
Имаедылық  -   парыз  бен  қарызды  дүрыс  сезіну.  Әбу 
Насыр  әл-Фараби:  “Адамға  ең  бірінші  білім  емес,  тәрбие 
берілуі  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім  адамзаттың  қас  жауы” 
деген  екен.  Бүл  біздің  қай-қайсымызды  да  ойлатуы  тиіс  дел 
санаймын.  Жетпіс  жыл  сыртымыз,  бет-әлпет,  кескінімізбен 
қазақ  деп  танылсақ,  ішкі 
жан-дүние  әлеміміз  әлі  өзгере


қоймағанына,  ана  тіліміздің  саудалы  тартыста  жүргеннің  өзі 
д ә л е л  
емес  пе?!  Бәрі  де  жазылып,  айтылып  жүрген  жайттар 
б о л ғ а н м е н , 
парықсыздықты  ауыздықтау  үшін,  тәрбие  тізгінін 
мығым ұстау -  басты талап.  Енді түрік, қытай, тағы басқа көп 
е л д е р г е  
барып білім алып, өркенді елдер қатарына қосады деп 
ж ү р г е н д е , 
сырты  мен  беті  ғана  жылтыраған  қазақ  болып 
ж у р м е с   п е  
екеи деген де ойлар туады.
Сондықган да  әр  адамның,  әр үрпақтың тарихи  шыққан 
тегін,  өскен  ортасын,  рухани  түп тамырын  санасына  жеткізіп, 
тәрбиенің уызымен Елін таныта барып жіберуі керек шығар.
Ата жолы -  ақ жол.  Ұлттық қасиет -  үлтгың үйытқысы. 
Елдігінің 
найзасын 
өрлікке 
жаныган 
наркескен 
ата- 
бабаларымыздың өткен жолы, ізі, көші үлағатты.
Олай  болса,  ата  дәстүрін  сақтап,  ана  сүтін  ақтап, 
халқының тілін, тарихын біліп, ақ сөйлеп, адал  күліп,  ата-баба 
парасаттылығын  таныған  ерекше  қасиетті,  қабілетті,  арман, 
мақсат-мүддесі  “ЕлімГ,  “ЖерімГ,  “Халқым!”  дейтін  намысы 
ояу,  ары  отты  үл  мен  қыз  өсіру,  бақ  қүсымызды  қондыру  - 
өрлік пен ерлік әлемінің күретамыры.
Н.Назарбаевтың 
“Қазақстан 
-  
2030. 
Барлық
қазақстандыктардың  осіп-өркендеуі,  қауіпсіздігі  және  әл- 
ауқатының  артуы”  туралы  Қазақстан  халқына  жолдауында 
айқындалған  негізгі  басым  бағыттар  мен  міндеттерді  жүзеге 
асыру үшін білім мазмүнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс- 
тәсілдерін  қолданудың  тиімділігін  арттыру  қажет.  Сондықтан 
үстаз  өзінің  ғана  іс-әрекетінің  дүрыс  болуына  қанағатганып 
қоймай,  оқушылардың  да  танымдық  бёлсенділігін  дамытуға 
ерекше көңіл бөлгені жөн.
Үрпактарымызды  парасатты  да  білікті,  мәдениетті  де 
білімді  етіп  тәрбиелеп,  олардың  дүниетанымын  жалпы 
азаматтық  деңгейде  дамытамыз  десек,  бойында  үлттық  және 
азаматтық  намысы  бар  үрпақ  өсіргіміз  келетін  болса,  онда 
бүгін  қоғамның  барлық  күшін  қазақ  балабақшаларына, 
мектептеріне,  жалпы  оқу-тәрбие  саласына  жүмылдыруымыз 
қажет.  Бүл  жолда  сүйенеріміз  әр  халықтьщ  бір-біріне 
үқсамайтын  этномәдениеті  мен  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 
халықтың педагогикасының озық дәстүрлері болмақ.
7


“Халықтық  педагогика  -   тәрбие  женіндегі  халыктьщ 
білім  тәрбиесі.  Халық  педагогикасының  зерттеу  негізіне  ауыз 
әдебиетінің 
шығармалары, 
этнографиялық 
материалдар, 
халықтық  тәрбие  дәстүрлері,  халықтық  ойындар,  отбасы 
тәрбиесінің 
тәжірибелері,  т.б.  жатады”  (“Қазақ  Совет 
Эщиклопедиясы, II том, 591-бет”).
"Хальщтық  педагогика  -   тәрбие  мен  оқу  саласындағы 
халық  бүқарасы  білімдерінің,  іскерліктерінің,  дағдыларының 
жиынтығы,  солардың  негізінде  ұрпақтан-ұрпаққа  халық 
шаруаіпылығы  арқылы  (поэтикалық,  музыкалық,  сәндік- 
қолданбалы  өнер)  беріліп  отыратын  әдет-ғұрыптар  мен 
дәстүрлер  қалыптасқан.  Халықтық  педагогиканың  мақсаты  -  
жас  үрпақты ата-бабалар тәжірибесінің ең жақсы мүраттарына 
тәрбиелеу” (Ұзақбаева С. “Тамыры терең тәрбие”).
Демек,  бала  -   байлығымыз,  ал  ең  асылымыз  -   оның 
тәрбиесі екен.
Білім берудің  бүкіл  жүйесін  қайта  күру  жагдайында  бүл 
маңызды  міндетгерді  іске  асыру  үшін  тәрбиенің  негізгі 
бағьптарының бірі - өнерге, білімге кызығушылықты дамытуға 
басты көңіл бөлуде.
Балалардың  білімге  кызығушылығын  тудырудың  тиімді 
жолдарын  К.Д.Ушинский,  Ы.Алтынсарин  және  көптеген 
психологтер 
(Б.Г. Ананьин, 
М.Ф.Беляев, 
Л.А.Гордон, 
Л.И.Божович,  С.Л.Рубинпггейн,  В.Н.Мясищев,  А.В.Ковалев 
және басқалар) өз еңбектерінде келтірген болатын.
Бірқатар 
педагогикадық 
зерттеулерде 
мектеп 
оқушыларын педагогикалық-психологиялық түргьщан  зерттеп, 
оны  оқыту,  тәрбие  беру  процесінің  түрлі  саласында 
қарастырған:  балалардың  қызығушылыгын  өнер  арқылы  (ән 
өнері, сәндік-қолданбалы өнер, би өнері) сонымен қатар,  білім 
алуға,  кітап  оқуға,  еңбекке  қызығушылығын  қалыптастыру, 
оқыту  процесінде  танымдық  қызығушылыгын  дамыту  және 
т.б.  зертгеу жүмыстарының өзегі ретінде алған.  (Әбілқасымова 
А.Е.,  Ұзақбаева  С.А.,  Мүстафаев  Б.И.,  Гуну  З.А.,  Боровиков 
Л.И., Мгеладзе К.О.)
“Қоғамның 
жаңа 
әлеуметтік 

саяси 
дамуы 
жағдайларында  жалпы  білім  беретін  мектеп  оқупіыларын  ез 
халқының  қазыналарымен,  оның  үлттық  мәдениетімен,


дәстүрлерімен, 
неғүрлым 
терең 
таныстыру 
қажеттігі 
т у ы н д а й д ы . 
Өйткені,  халықтын  барлық  озық  идеялары  мен 
т ә ж ір и б е л е р і  с о л а р д а   ж и н а қ т а л ғ а н ”  
(Үзақбаева  С.А.  Тамыры 
т е р е н  
тәрбие).
Қазіргі  үрпақ  тәрбиесіадегі  басты  мәселе  -   түлғаны 
рухани дамыту.  Рухани даму дегеніміз:  өзінің өмірдегі  орнын, 
аткаратын  міндетін,  қазіргі  жөне  болашақ  үрпақ  алдындағьх 
жауапкершілігін,  дүниенің  күрделі  қүрылымын  түсіну  және 
өзін-өзі  үздіксіз  бірқалыігга  жетілдіру.'  Рухани  дамудың 
өлшемі  ретінде  адамньщ  тәндік,  физиологиялық,  психология 
және  әлеуметгік  дамуын  алуға  болады.  Рухани  даму  түлғаны 
қалыптастырудьщ  өзегі  және  ол  адамның  тәндік,  жандық, 
рухтық сипатының біртүтас үйлесімділікте өрбуі. Егер де түрлі 
ғылым  салалары,  мәселен,  тәнтану,  физиология,  психология, 
әлеуметтану  адам  дамуының  мүмкіндігін.  оның  тетігін 
анықтаса,  педагогика  дамудың  қалай,  қандай  жағдайда,  не 
арқылы  жүзеге  асырылатынын  көрсетеді.  Даму  күрделі, 
қозғалмалы  үрдіс  болғандықтан  тәрбие  арқылы  үрпақтар 
тәжірибесі  сабақгасады.  Ал  нәтижелі  тәрбие  түлғаны 
дамытады.
Білім  беру -   қоғамда  адамды  дамыту  жағдайын  арнайы 
үйымдастыратын  жүйе.  Оқыту  -   мүғалім  мен  оқушы 
арасындағы  қатынас  арқылы  үрпақтар  тәжірибесін  беретін 
және алатын үрдіс.
Сонымен “тәрбие”, “білім беру”, “оқыту” адамға сырттан 
ықпал  ететін  жағдай,  ол  түлғаға байланысты  емес.  Дегенмен, 
адам жаратылысынан Дамуға  қабілетті.  Оның  бойында дамуга 
ықпал  ететін  қүдыретті  күш  бар,  оны  рух  деп  атайды.  Рух  -  
дамудың  қозғаушы  күші.  Адамды  дамытудағы  ықпал  ететін 
сыртқы  жагдайлардың  нәтижелі  болуы  үшін  оның  жан 
дүниесімен,  рухымен  сәйкесуі  тиіс.  Жан  -   субстанция,  ол 
адамға  тән  қүбылыс,  ол  адамды  өткенмен  және  болашақпен 
сабақтастырады.
Соңғы жылдары педагогикада ішкі дүние мен іс-әрекетті 
білдіретін атаулар жиі қодданылып жүр. Мәселен, олар өзін-өзі 
тәрбиелеу,  өздігінен  білім  алу,  өздігінен  қалыптасу,  өздігінен 
реттелу.  Сондықтан да философ пен психологтер адамның жан 
дүниесінде  дамудың  қозғаушы  күші  бар  екенін  көрсетеді.
9


Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу ара қатынасынан “тәрбиелік 
қарым-қатынас”  өрбиді.  Ол  адамды тәрбие,  білім  беру,  оқыту 
арқылы дамытуға бағыттайды.
Тәрбиелік қатынас арқылы тәжірибе алмасу, оны үйрену, 
үйрету,  пайдалана  білу  жүзеге  асады.  Оның  барысында  түрлі 
құралдар  қолданылады.  Тәрбиелік 
қатынас  “субъект  - 
суъектілік”, “субъект - объектілік” болып жіктеледі.  Тәрбиелік 
қатынаста  сыртқы  жағдай  “тәрбие,  білім  беру,  оқыту”  ішкі 
дүниемен  (өзін-өзі  тәрбиелеу,  өздігінен  білім  алу,  өздігінен 
оқу)  сәйкеседі.  Осындай  әрекеттесуден  адам  дамиды,  яғни 
түлға жетіледі.
Рухани  дамыған  түлғаның  көрсеткіштері:  басқаларға 
жанашырлық  білдіру,  өзге  адамға  жақсылық  тілеу,  адамдарға 
көмек  көрсету,  айналадағы  өмірді  жақсартуға  үмтылып,  оны 
жүзеге  асыру,  өмір  туралы  мәселелер  жағдайында  толғану, 
өмірдің мәнін іздеу, озін-өзі дамыту, сол арқылы бүкіл дүниені 
жетілдіру.
Гуманитарлық  танымға  бағытталған  тәрбиеде  баланың 
жас ерекшелігіне,  оның рухани дүниесіне, түлғаньің қүндылық 
бағдарына,  оның  мәніне,  яғни  тәрбиені  “субъектілік” 
қатынасқа негіздеу қажет. Гуманитарлык білімнің негізі -  адам 
болмысын қүндылық -  мәндік түрғыдан игеріп,  оның өзгеруге 
бейім екенін түсініп, ескеру керек.
Гуманитарлық  танымдық 
жүйедегі  білімділік  бағдар 
төмендегідей:
•  адамның  өзін-өзі  тануы,  өз  мүмкіндіктерін  іске 
асыруы,  өздігімен  даму  қүқығын  ең  жоғары  қүндылык  деп 
тану;
•  өзін-өзі басқаруға, озінің ішкі мүмкіндіктерін, “Менін” 
табуға бағыттау;
•  өмірлік  философияның  мәнін  іздеудің  жағдайын 
жасау.
Соңғы  кезде  гуманитарлык  педагогика  түлғалық- 
бағдарлы  тәрбиеге  ерекше  көңіл  бөлінуде.  Түлға  дегеніміз  -  
қоғамдағы  өзінің  міндетін  саналы  сезінетін,  өзінің  даралық 
сипатына сай  іс-әрекет  ететін  адам.  Түлғаның  психологиялық 
ерекшелігіне  езіндік  сана,  жеке  бастық  силат,  түрлі
10


с а п а л а р ы н ы ң  
даму  деңгейі,  қоғамдық  қатынастар  жүйесіне 
енуі және өзін-өзі реттеуі жатады.
Б.Г.Ананьевтің  пікірінше  түлға  үш  бағьита  қаралады.
Олар:
•  түлға тарихи дамудың нәтижесі;
•  түлға қоғамдық-экономикалық қатынастың нәтижесі;
•  түлғаның даралық сипатының қалыптасуы.
Түлғалық-бағдарлы  тәрбиеде  басшылыққа  алынатын
басты қүрылымдар мыналар:
•  тәрбие 
мазмүнының  қүндылық, 
дүниетанымдық 
бағыты немесе қүндылықтар жүйесі, яғни өмірдің мәні;
•  жалпыадамзаттық және халықтық мәдениетті игеру;
•  әлеуметтендіру, 
қоғамдық 
тәжірибені 
жинақтап 
тұлғаның азаматтық  іс-әрекет тәжірибесін дамыту;
•  түлғалық  бағдарын  (түлғаның  өзін-өзі  тану;  өзін-өзі 
реттеу,  өзін-өзі  бақылау,  өз  өмірін  ұйымдастыру  қабілетін) 
дамыту;
•  түлғаның  денсаулығы  мен  тән  түзілісіне  байланысты 
табиғи бағдарларын ескеру.
Түлғалық-бағдарлы  тәрбиені  іс  жүзінде  тәжірибеге 
ендірген  ғалымдардың  бірк -   Н.Е.Шуркова  (1998).  Оның 
бағдарламасындағы басты талаптар мына төмендегілер:
•  тәрбиеге 
жалішадамзатгық  мәдениет  түрғысынан 
педагогикалық көзқарас;
•  педагогикалық  үрдіс  барысында  жалпыадамзаттық 
мәдениетке  енуді  педагогикалық  түсінік  негізінде  игеріп 
қолдану;
•  тәрбие үрдісінің мазмүнын анықтауда адамдық, кісілік 
өмірге  лайықты  қүндылыктар  жүйесін  белгілеу,  ал  білім  мен 
білікті  адамның  дүниеге  қатынасын  анықтайтын  қүрал  деп 
қарау;
•  баланьщ 
күнделікті 
өмірін 
тәрбиелік 
үрдіске 
айналдыру;
•  баланың  даму  деңгейіне  лайыкты  деңгейіне  лайықгы 
өмірлік мәселелерді сатылы түрде анықтап, баланы өз өмірінің 
субъектісіне айналдыру;
11


•  кісілікгі  өмірдің  философиялық  және  педагогикалық 
мазмұнын  үздіксіз  өмірлік  мәселені  шешуге,  сонымен  қатар 
оны  іске  асыру  барысында  туындайтын  мәселелермен  бірге 
адамға  лайықты  өмірді  және  жауапкершілікті  өмір  жолын  өз 
еркімен таңдай білуге тәрбиелеу.
Бағдарламаның  негізгі  желісіне  дүниелік 
қатынас 
алынған:  оқушы  мүғаліммен  бірге  дүниені  таниды,  онымен 
қатынас  орнатады,  сол  дүниені  сүюге  үмтылыс  жасайды. 
Күрделі  өмірде  мәдени  жетістіктердің  негізінде  шешім 
қабылдауға  үйренеді.  Өмірлік  мәселелермен  қатынасқа  түсу 
барысыныда  оқушы  өз  өмірін  саналы  қүра  алады.  Адамға 
лайықты өмір сүруді тек осылай гана тәрбиелеуге болады.
Сонымен  бірге  педагогикада 
гумандық-түлгалық 
қатынас  немесе  Ш.Амонашвилидің  “Өмір  мектебі”  атты 
трактаты  ерекше  мәнге  ие.  Онда  ол  бастауыш  сынып 
оқушыларын 
рухани 
дамытудың 
басқа 
мәселелеріне 
тоқталады. Бүл мектептің басты мақсаты мыналар:
•  білім үрдісінін барлық қүрамында гуманды-педагогика 
үстанымдарын қолдану;
•  мүғалімдерге  және  педагогикалық  үжымға  гуманды- 
түлғалық 
педагогиканы 
шығармашылықпен 
игеруге 
мүмкіндіктер беру;
•  гуманды-түлғалық 
педагогика 
идеясын 
кеңінен 
таратып, мектеп өмірінен бедел арқылы тәрбиелеуді ығыстыру.
Осы мақсатты іске асыру міндеттері:
• бастауыш  сынып  окушыларымен,  гуманды-түлғалық 
қатынасты қалай жүзеге асыруға болатынын көрсету;
• осы  жүйенің  түсініктеме  аппаратын  айкындап,  балаға 
оның табигатына лайықты түжырымдама үсыну;
• білімнің  базалық  деңгейін  суреттеп,  оны  үйымдастыру 
үстанымдарында білімдік-танымдық бірлік негізін үстану;
• мүгалім  мен  оқушы  қарым-қатынасында  оқушы 
өмірінің мәнін ашуға сипаттама беру;
• гуманды-түлғалық 
педагогикамен 
айналысатын 
мүғалімге қойылатын талапты белгілеу;
• мектеп  пен  отбасы  байланыстарының  нысандарын 
анықау.
12



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау