С т а н р е с п у б л и ка г к г м Х л у л а т и э н е ъ1лы м м ™ с т р л п бұзаубақова К. Ж. Ойлайық та ойнайық Тараз 2003



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет158/181
Дата14.04.2022
өлшемі9,25 Mb.
#38132
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   181
Buzaubakova(oilaiik oinaiik)

2-оқушы.
Сол уақытта Шүбар ат
Алдына келсе тістейді,
Артына келсе тебеді.
Бетіне түгіл Шүбардың
Сыртына адам келмеді.
Неше дәулер жабылды
270


Бәрін Шүбар сүйреді,
Біріне бірі соқтығып 
Қабырғасы күйреді.
Ордада түрды ойнақтап 
Шүбарды ешкім мінбеді.
Мұғалім. 
Қобыландының  Тайбурылы  да  батырға 
жауынгер  жолдас  ретінде  жырланады.  Адам  тілін  біледі, 
айтқанды түсінеді, адасқанда жол табады.
Оның шабысын 3-оқушы.
Аршавдап бурыл гуледі,
Табаны жерге тимеді.
Тау мен тасты өрледі,
Көлденең жатқан көк тасты 
Тіптен тиген түяғы,
Саз балшықтай иледі.
Сеңгір-сеңгір таулардан 
Секіріп бурыл жөнелді,
-деп суретгейді.
Тайбурылдың  шабысында  да  халық  қиялы,  халык  тілегі 
араласып  жатқаны  байқалады.  Ал  өздерің  әдебиет  пәнінен 
оқыған  “Керқүла  атты  Кендебай”  ертегісівдегі  Керқүла  ат 
сағат  сайын  емес,  минут  сайын  өсіп,  Кендебайдың  ақылшы 
досына айналады емес пе, - дей келігі мүғалім жылқының шығу 
тарихына тоқталады.
Ең алғашқы жылқы осыдан 50  миллион жыл  бүрын өмір 
сүрген  және  оның  дене  түрқы  мысықтай  ғана  болған.  Оны 
зогиппус  деп  атаған.  Кейінен  сыртқы  ортаның 
өзгеруіне 
байланысты  түр  түлғасы  сомдалып,  дене  бітімі,  аяғы  есіп, 
қазіргі  жылқыға  үқсай  батаған.  Қазіргі  жылқының  атасы 
осыдан  15-20  миллион  жыл  бүрын  өмір  сүріп,  ол  плиогиппус 
деп атанған.
Жылқыны  ең  алғаш  қолға  үйреткен  шығыс  елдері 
(Монголия, Қазақстан). Бүған дәлел ретінде Қазақстан жерінде 
табылып отырған Ботай қалашығы.  Көкшетау облысында  1980 
жылғы  қазба  жүмысында  негізінде  алғашқы  қауымдық 
қүрылыс түрғындары осы қоныста жүздеген жылдар бойы өмір
271


сүргенін  дәлелдеп  отыр.  Қазба  жүмысы  барысында  10 
тоннадан астам жылқы сүйектері табылған.  Ботай түрғындары 
жылқы  өсіруімен  шүғылданған.  Ботай  жылқыларының  орта 
жасы 4-5 жыл екені анықталдьі. Әйгілі Ақан сері жырға қосқан 
Қүлагердің осы  өңірден  шыққанына және  қолға  үйретілгеніне 
күмән келтіруге болмайды.
Ж ылқы малының түқымдары.
Қазақы  жылқылардың  қол  түқымдары  мыналар:  адай, 
көшім, жабы, Қостанай жылқысы.
Адай.  Бүл  жылқыны  “дала  көркі”  деп  атайды.  Салт 
мінуге бейімделген.  Басы шағын, кеудесі жинақы, арқасы түзу, 
шоқтығы биік,  аяқтары жіңішке.  Батыс Қазақстан обылысында 
шоғырланған.
Жабы.  Алыс  жолға  шыдамды,  дене  бітімі  шомбал,  еті 
мол,  мықты  болады.  Дене  түрқы  үзын,  қарны  жуан,  аяқтары 
қысқа. Оны күш келігі ретінде пайдаланады.
Көшім.  ІІІоқтығы  шығьщқы,  кеудесі  кең,  арқасы  тегіс 
жазық,  аяқтары  сүйекті.  Жайылымда  жақсы  семіреді.  Қара 
жүмысқа шыдамды, үзақ жүріске 
две
 бермейді.
Қостанай  жылқысы.  Денесінің  үзындығы  орташа, 
мойны  түзу,  басы  онша  үлкен  емес,  арқасы  жалпақ,  аяқтары 
сіңірлі. Қара жүмысқа көнбес.
Жылқыны тацбалау, күзеу, тағалау.
1-жылқышы.  Жылқы  малын  таңбалау  қазақта  атам 
заманнан  келе  жатқан  көне  дәстүр.  Жылқыдағы  таңба  “мен 
пәленшенің  малымын”  деп  жар  салып  түрғаңдай.  Әр  тайпа, 
руды ң  өз  таңбасы  болады.  Таңбалау  көбінесе  көктем 
айларында  жасалады,  ал  қүлынды  күзде  шыбын-шіркей  жоқ 
уақытта таңбалаған. Таңбаны жылқының сол жақ иығымен сол 
жақ  санына  басады.  Таңба  түсу үшін  темірді  қыздырып,  одан 
кейія барып денесіяе 2-3 секунд басады. Күйген жерге вазелин 
не автол жағады.
Мініс  малын  бағып-қағу,  күту  жүмысыньщ  қабілетін 
арттыру үшін тағалайды.  Қыста  мүзға таймау,  тастақты жерде 
түяғы  жарылып  кетпеу  үшін  тағалайды. 
Тағаланатын 
жылқының  түяғының  үлкендігіяе  қарай  таға  тандайды. 
Мысалы, жегіс жылқының түяғы үлкен, мініс жылқының түяғы 
дөңгеленген  кішкене болады.  Алдымен жылқының  аяғын  тебе 
272


алмайтындай  етіп  бекітеді,  түяғын  тазалайды.  Тағаны  тұяққа 
тегіс  қабыстырып,  шегесін тұяқтың  көбісіне  кірмейтіндей  етіп 
көлбеу  қағады.  Жылқының  4  аяғын  бірдей  тағалайды. 
Сауылатын биелер мен айғырларды тағаламайды.
Көктем 
айларында 
жылқыны 
күзейді, 
құйрығын 
күзегенде екі кертіп шыбын қағар калдырады.  Еркек қүнанның 
жалын  күземейді.  Күзеген  кезде  түскен  қылдан  жүн  қосып 
көген,  желі,  арқан,  шылбыр,  ноқта  сияқты  күндблікті  шаруаға 
қажетті бүйымдар жасайды.
Жылқыны  үйірлеп  бағу.  Жылқыны  жасына  карай
атау.
2-жылқышы.  Көктем  кезівде  жылқының  үйірлері 
қалыптасады.  10-15  қүнан,  дөнен,  байтал  бөлініп  жеке 
бағылып, оларға жақсы деген айғырды қосады.  1-2  айда айғыр 
биелерді  тоқтатып,  жаңадан  жылқы  қүрамы  -   үйір  пайда 
болады.  Айғыр өзіне тиісті  10-15  биеге  өзі ие болып,  ит-қүсқа 
тигізбей  күні-түні  қарайды.  Келесі  жылы  биелер  қүлындап, 
үйір екі есе көбейеді. Солай үйір өсе береді.
Үйірлеп  бағудың  бірнеше  әдісі  бар.  бос  бағу  -   жылқы 
жыл бойы жайылымда болады, тек қатты  боран, аязды күвдері 
ғана  жем-шөп  беріледі.  Табындап  бағу  -   жылқы  жынысына, 
жасына  қарай  табынға  бөлінеді.  150-180  бие,  200-ге  дейін 
бойдақ  жылқы  болады.  Қолда  үстап  бағу  -   қысты  күндері 
қорада  ұстап  жем-шөп  беру.  Үйірлеп  баққавда  биені  қорада 
қүлындатады  да,  6-8  ай  қорада  үстап,  одан  кейін  ғана  белек 
күтеді. Бір, бір жарым жасында мінуге келеді.
Жасына  қарай аталуы  былай:  6-айдан  асқанда жабағы;  1 
жас  -  тай;  2-3  жас  -   қүнан;  3-4  жас  -  денен;  4-5  жас  -   бесті, 
айғыр,  ат,  бие.  (Қүрманғазының  күйі  “Сарыарқа”  баяу  ойнап 
түрады).
Қазақтың жылқыға байланысты үлттық ойындарын спорт 
секторы таныстырады.
Қазақтың  ат  үстіндегі  ойындары:  бәйге  (аламан,  қүнан, 
тай), теңге алу, аударыспақ, көкпар, қыз қуу.
Бәйге -  қазақтьщ үлттық  ойыны,  ат  жарысы.  Белгілі  бір 
мерекелі  күндерге,  аста,  тойда  аламан  бәйге  жариялау  ежелгі 
дәстүр.  Бәйгеге  қосылған  атгар  түстік-күндік  жерге  үзақ 
катпыктыққа  шабады.  Бүл  бәйгеде  озып  келу  аттың  жүйрік
273


және  төзімді  болуына,  сондай-ақ  шабандоздың  шеберлігіне 
байланысты.  Осывдай аламан бәйгелердің бірі -  ғасыр бәйгесі 
атанған  Абайдың  150  жылдық тойындағы  бәйге.  20  шақырым 
қашықтыққа  35  ат  қатысқан  бұл  бәйге  шындығында  да  бүкіл 
қазақ тарихындағы есте қаларлық аламан бәйге боды.
(Түркештің күйі “Көңілашар” баяу ойналады).
Теңге алу -  той думанда жазық жерге теңге тасталады да, 
оны ат үстінде жігіттер шауып бара жатып қағып алады.  Бүған 
асқан ептік мен тездік керек.
Аударыспақ  -   апай  төс,  атан  жілікті,  бақан  білекті 
жігіттердің ойыны.  Мүнда екі жігіт екі аттың үстінде бірін-бірі 
жүлып  алуға,  аударып  тастауға  жанын  аямай  кіріседі. 
Астындағы  аттары  қайысша  бүрылса  да  біріне-бірі  ырық 
бермей  жанталасады.  Сонымен  ес  кетіп,  ел  біткенде  бірі 
жеңеді.
Көкпар -  бүл сауық. Мүнда  не лақ,  не серке бауыздалып 
басы алынады да, оны аттылар тартысады. Доданы алып кеткен 
жаққа қалғандары бермеу үшін тайталасады.

жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   181




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау