С. Ш.Құмарғалиева коллоидтық химия



жүктеу 5,89 Mb.
бет97/105
Дата25.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#44020
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   105
treatise128700

Коагуляциялық байланыстар арқылы түзілетін құрылымданған дисперсті жүйелердің реологиялық сипаты. Мұндай жүйелерде кез келген жылжу жылдамдығында екі қарама-қарсы процесс – кеңістіктік тордың бұзылуы мен қайта түзілуі – жүреді.


Сондықтан олардың ағу қисықтарына (жылжу жылдамдығының жылжу кернеуіне тәуелділіктеріне) екі нүкте тән: құрылым бұзыла бастайтын жылжудың критикалық кернеуі Рк және кеңістіктегі тор толығымен бұзылатын жылжудың максимал кернеуі Рм. Нәтижесінде коагуляциялық құрылымы бар дисперсті жүйелердің ағу мен тиімді тұтқырлығының (тұтқырлықтың жылжу кернеуіне немесе жылдамдығына тәуелділігі) толық қисықтарында үш бөлігі бар (72-сурет).
Жылжу кернеулерінің аз мәндерінде (Р < Рк) үшін ағу қисықтарында координаталар басынан шығатын сызықты бөлік байқалады. Бұл сызықтың еңкіш бұрышының аз болуы деформацияның даму жылдамдығының төмен екенін көрсетеді, бірақ деформациялардың өздері едәуір үлкен бола алады. Серпімді деформациялардан да үлкен осындай деформациялар кеңістіктік құрылым бұзылып, оның жеке қабаттары бір-біріне қатысты қозғалғанда, яғни жүйе аққанда пайда болады. Жүйенің ағу жылдамдығы өте аз болғандықтан бір жерде бұзылған бөлшекаралық байланыстардың басқа жерде қайта түзілуі ықтимал. Сондықтан құрылымдық торда осындай байланыстардың саны тұрақты болып қалады да тордың жалпы күйі өзгермейді деуге болады (73-сурет, а). Жылжу кернеулерінің осы аймағында құрылымдалған жүйенің сипаты ньютондық сұйықтыққа сәйкес келіп, оның тұтқырлығы максимал және тұрақты мәніне (ηmax) жетеді. Мұндай реологиялық сипат, яғни құрылымдалған жүйелердің тұрақты тұтқырлықпен ағуы жорғалағыштық деп аталады. Жорғалағыштық жылжу кернеуінің Рк критикалық мәніне жеткенше байқалады.
Р > Рк болғанда бұзылған бөлшекаралық байланыстар қайта түзіліп үлгермей, құрылымдық тор бұзылып кетеді. Жүйе көлемінде құрылымның жеке фрагменттері, бөлшектердің агрегаттары және жеке бөлшектер қалады (73-сурет, ә). Жылжу кернеулерінің өсуімен құрылым фрагменттері бұзылып, агрегат-тар беттерінен бөлшектер үзіледі. Нәтижесінде агрегаттар кішірейіп, жеке бөлшектердің саны көбейеді. Осының салдарынан жүйенің тиімді тұтқырлығы күрт төмендейді.
Рм жылжулық кернеуге жеткенде құрылымның барлық элементтері бұзылып, жүйеде тек жеке бөлшектер қалады (73-сурет, б). Р > Рм кернеулер аймағында дисперсті жүйелер өздерін ньютондық сұйықтықтар ретінде көрсетіп, толық бұзылған құрылымның тұтқырлығы деп аталатын ηmin тұрақты минимал тұтқырлыққа ие болады. ηmin шамасы дисперсиялық ортаның тұтқырлығымен, дисперстік фазаның көлемдік концентрациясымен және бөлшектердің пішінімен анықталады. Кейбір дисперсті жүйелер үшін ηmaxmin қатынасы 109-1011 шамасына жетуі мүмкін. Жылжулық кернеулерді алғаннан кейін, дисперсті жүйедегі құрылым біршама қайта түзілуі ықтимал.
Рк, Рм және ηmax шамалары құрылымның параметрлері болып табылады, олар жүйенің кескін аудан бірлігіндегі бөлшекаралық байланыстар саны мен осы байланыстардың беріктігіне тәуелді. Мұндай құрылымның параметрлерін тәжірибе арқылы өлшеп, бөлшектер арасындағы контактілердің беріктігін есептеп әртүрлі факторлардың әсерін анықтауға болады. Бірақ, ηmax пен ηmin арасындағы айырмашылық едәуір болғандықтан, бір вискозиметр арқылы толық реологиялық қисықты алып, Рк және Рм шамаларын дәл анықтауы қиындыққа соғады. Сонымен қатар жылжу кернеулерінің ауыспалы аймағында (Рк < P < Рм) Бингам теңдеуімен сипатталатын сызықты бөлік бар:


P = Ра + η* , , (17.16)

мұндағы Ра – аққыштық шегі (Бингамның аққыштық шегі); η* - пластикалық тұтқырлық.


Осы бөлікті абсцисса осіне дейін экстраполяциялап РТ шамасын табуға болады, ол Рк мен Рм шамаларымен қатар бөлшектер арасындағы байланыстардың саны мен беріктігіне тәуелді. Тәжірибеден Бингамның аққыштық шегін анықтау қолайлы болғандықтан, оны коагуляциялық құрылымдар беріктігінің сипаттамасы ретінде жиі қолданады. Қисықтағы сызықты бөлігінің еңкіш бұрыштың котангенсі пластикалық тұтқырлықтың η* мәнін береді.
Реологиялық қисықтардың екінші бөлігін Оствальд-Вейльдің эмпирикалық теңдеуі арқылы сипаттауға болады:


немесе , (17.17)

мұндағы k мен n – берілген дисперсті жүйені сипаттайтын тұрақты коэффициенттер.


Ньютондық жүйелер үшін n = 1, бөлшектер арасында коагуляциялық байланыстар түзілетін жүйелер үшін n < 1.
Коагуляциялық құрылымдардың түзілуіне және жүйенің реологиялық сипатыне дисперсті фаза концентрациясының әсері 74- және 75-суреттерде көрсетілген. Аз концентрацияларда бөлшектердің арақашықтығы үлкен болғандықтан олардың әрекеттесу ықтималдығы аз (74-сурет, а). Бұл жағдайда дисперсті жүйелердің сипаты ньютондық сұйықтықтарға сәйкес келіп, олардың тұтқырлығы жүктеме шамасына тәуелсіз болады (75-сурет, 1-қисық). Мұндай жүйелердің аққыштық шегі нольге тең. φ шамасының артуымен жүйе көлемінде бір-бірімен байланыспаған агрегаттар түзіле бастайды (74-сурет, ә). Мұндай суспензиялардың тұтқырлығы өскенімен, олар бұрынғыдай ньютондық болып қала береді (75-сурет, 2-қисық).
φcr1 мәніне жеткенде борпылдақ коагуляциялық құрылым пайда болады (74-сурет, б). Суспензияның ағуы ньютондық емеске айналып (тиксотропия байқала бастайды), қисықтарында аққыштық шегі пайда болады (75-сурет, 3-қисық). Концентрацияның ары қарай артуымен жүйеге еңгізілетін бөлшектер құрылымдық тордың деффектілерін (вакансияларын) толықтырады, яғни жүйенің кескін аудан бірлігіндегі бөлшекаралық контактілердің саны көбейеді (74-сурет, в). Бұл кезде байланыстардың беріктігі аз өзгеріп, олардың санының көбеюімен РТ біркелкі өседі (75-сурет, 4-қисық).
Құрылым түзудің екінші критикалық концентрацияна φcr2 жеткенде, аққыштық шегі РТ күрт (бірнеше еселікке) өседі (75-сурет, 5 қисық). Себебі φcr2 мәндерінде жүйеде бос вакансиялар қалмай, тек бөлшектердің арақашықтығының азаюымен кон-центрация ары қарай өсе береді (74-сурет, г). Бұл кезде беттік қабаттардың тебісуі әлсіреп, коагуляциялық контактілер берік-тігі жоғары атомдық байланыстарға ауысады. Яғни φcr2 дегеніміз жүйедегі бөлшектердің арасында атомдық байланыстар түзі-летін дисперстік фазаның концентрациясы. φcr2 мәнінен жоғары концентрацияларда дисперсті жүйелер қатты тәрізді пласти-калық денелерге айналып, тек Р > Рст (Рст – статикалық шекті жылжу кернеуі) болғанда ағады. Деформациялар қайтымсыз болып, үлкен жылжулық кернеулерде реологиялық қисықтың ньютондық бөлігі орын алмайды, себебі жүйенің біркелкі күйі бұзылады. Әдетте коагуляциялық құрылымды жүйелер үшін φcr1 - φcr2 концентрациялар диапазоны үлкен болып, көлемдік пайыздың бірнеше ондығын құрайды.
Екінші типтегі құрылымдар түзілетін дисперсті жүйелердің реологиялық сипаты. Мұндай қатты бөлшектері бар жүйелерге реологиялық дилатансия құбылысы тән. Реологиялық дилатансия – жылжудың кернеуі немесе жылдамдығының артуымен жүйе тұтқырлығының қайтымды өсуі. Дилатанттық жүйелердің ағу мен тиімді тұтқырлығының қисықтары 76-суретте келтірілген. Аз жылжу кернеулерінде мұндай жүйе-лердің тұтқырлығы төмен әрі жүктеменің біршама аралағында тұрақты болып қалады. Ары қарай кернеудің белгілі мәніне жеткенде тұтқырлық күрт өседі. Ағу қисықтарында аққыштық шегі болмайды. Егер дилатантты жүйелердің реологиялық қисықтары Оствальд-Вейль теңдеуімен сипатталса, дәреже көрсеткіші n > 1 болады.

Қазіргі көзқарастарға бойынша реологиялық дилатансия-ның механизмі келесіде. Төмен жылжу кернеулердің аймағында бөлшектер оңай қозғалады, себебі айқасатын беттік қабаттар бөлшектердің тебісуіне әкеледі. Бөлшектердің қозғалуына кеңістіктік құрылымдағы вакансиялар да қолайлы жағдай туғызады. Нәтижесінде кернеудің аз мәндерінде жүйенің тиімді тұтқырлығы төмен болып қала береді. Жылжулық кернеудің артуымен реттелген құрылым ретсізденеді. Құрылымның мұндай қайта құрылуында жүйеде жоғары шоқталған кернеулер пайда болып, олардың әсерінен беттік қабаттардың кедергісі жойылады да бөлшектердің арасында атомдық байланыстар түзіледі. Мұндай контактілердің саны жүктеменің артуымен көбейеіп, нәтижесінде жүйенің деформациялануына кедергі жасайтын құрылымдық тор пайда болады. Жүктемені алғаннан кейін беттік қабаттардың өзара тебісуінен реттелген құрылым тез арада өз қалпына келеді.




жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау