С. Ш.Құмарғалиева коллоидтық химия


Жұғуға әсер ететін факторлар



жүктеу 5,89 Mb.
бет32/105
Дата25.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#44020
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   105
treatise128700

7.4. Жұғуға әсер ететін факторлар

Тепе-теңдікті шеткі бұрыштың теңдеуі идеалды қатты бет үшін шығарылды. Мұндай бет тегіс, жазық, химиялық біртекті және деформацияға ұшырамайды деп алынады. Көптеген реалды жағдайда бұл шарттардың ең болмағанда біреуі орындалмайды. Қатты беттің кейбір қасиеттерінің жұғуға деген әсерін қарастырайық.


Бет бұдырлығының әсері. Реал беттер идеал тегіс емес, олардың рельефі күрделі болып, бетте микроскопиялық және наноөлшемді шұңқырлары мен төбешіктері бар. Бұдырлықтың негізгі нәтижесі: бұдыр беттің ауданы (sк) идел беттің ауданынан (s0) үлкен болады. sк/s0 = К қатынасын бұдырлық коэффициенті деп атайды. К коэффициенті қашанда К>1. Көптеген тегістелген, жылтырлатылған беттер үшін К=1,05-1,15. К коэффициентін арнайы құралдардың (микропрофилограф-тардың) көмегімен өлшейді, бұл құралдардың сезімтал элементі биіктігі не тереңдігі 0,1 мкм жететін микрошұңқырлар мен микротөбешіктерді таниды.
Бұдырлықты ескере отырып, жұғу сызығын dr шамасына жылжытса, беттік энергияның өзгеруі тегіс бетпен салыстырғанда үлкен және 2πrK(σқг – σқс)dr тең болады.
Сұйықтық-газ шекарасына бұдырлық әсер етпейді және термодинамикалық тепе-теңдіктің жағдайы келесі күйде жазылады:


2πrK(σқг – σқс)dr =2πrσсгcosθкdr. (7.21)

Юнг заңымен салыстыру қатты бұдыр беттің шеткі бұрышының теңдеуін береді:




сosθк = Кcosθ. (7.22)

Бұл теңдеуді Венцель-Дерягин теңдеуі деп атайды.


Жұғу жағдайында сosθк > cosθ, ал жұқпау жағдайы сosθк < cosθ шартымен сипатталады.
Бет гетерогенділігінің әсері. Қатты беттің әртектілігі (гетерогенділігі) жұғу құбылысына үлкен әсер етеді. Қарапайым жағдайды қарастырайық: беттік қабат екі түрлі А және В микробөліктерден тұрады және осы бөліктер мозаика тәрізді орналасқан. Келесі белгілерді енгізейік: φ – беттік ауданның А затына келетін үлесі, ал 1 – φ В затының аудандық үлесі. Қатты дененің газбен σқг және жұғатын сұйықтықпен σқс шекарасындағы беттік энергиясы әр заттың үлесінен тұрады. Юнг теңдеуін ескере отырып, біртекті емес бинарлы қатты бет үшін шеткі бұрыш (θб) теңдеуін алуға болады:


cosθб = φcosθA + (1 - φ)cosθB, (7.23)

мұндағы θA, θB – А және В біртекті беттердегі берілген сұйықтықтың шеткі бұрыштары. Бұл теңдеуді Ребиндер-Кассье теңдеуі деп атайды. Ребиндер-Кассье теңдеуі арқылы шеткі бұрыштар бойынша беттің химиялық құрамы туралы ақпарат алуға болады.



жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау