С. Ш.Құмарғалиева коллоидтық химия


Тамшылардың седиментациясы



жүктеу 5,89 Mb.
бет15/105
Дата25.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#44020
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   105
treatise128700

Тамшылардың седиментациясы. Қатты бөлшектерге қарағанда тамшылардың шөгуі күрделі жүреді. Себебі қозғалыстағы тамшылардың пішіні өзгеріп, үлкен жылдамдықта тамшының алдынғы жағы жіңішкеріп, артқы жағы жуандай түседі. Яғни Стокс теңдеуіне түзету коэффициентін енгізу керек. Екіншіден, шөгу кезінде тамшының ішінде күрделі ағыстар пайда болады. Нәтижесінде, тамшыны құрайтын сұйықтықтың (ηd) тұтқырлығына байланысты қосымша кедергі күш туады. Жалпы тұтқыр кедергі күші Адамар-Рыбчинский теңдеуімен анықталады:


. (4.8)

Қатты бөлшектер шөккенде (ηd>>η), (4.8.)-өрнегі Стокс теңдеуіне айналады.


Газды эмульсиялар мен көбіктердің газ көпіршіктері қалқып шыққанда, керісінше, ηd << η, және үйкеліс күші


fυ = 4πrυη (4.9)

теңдеуімен есептеледі.




4.4. Диффузия


Диффузия дегеніміз жүйе көлеміндегі әр компоненттің химиялық потенциалын, яғни концентрациясын теңестіру бағытында өздігінен жүретін үрдіс.
Диффузия жылдамдығы Фик заңымен анықталады:


, (4.10)

мұндағы dm/dt х бағытында диффузияланатын заттың массасы; S – көлденең қима ауданы; D – диффузия коэффициенті; dn/dx – бөлшектік концентрацияның градиенті.


Бөлшектің орташа қозғалу жылдамдығы Стокс заңы бойынша
. (4.11)

Стокс заңын қолдана отырып, Эйнштейн теориясы бойынша, бөлшектің диффузиялану коэффициентін анықтауға болады:




, (4.12)

мұндағы N - Авогадро саны; R – универсал газ тұрақтысы; π –тұрақты (3,14…); T – температура; r – бөлшектің радиусы; η – ортаның тұтқырлығы.


Эйнштейн теңдеуі арқылы есептелген диффузия коэффициенттері молекулалар (иондар) үшін D≈10-5см2/с, ал коллоидтық бөлшектер үшін D≈10-7÷10-9см2/с болады. Сонымен қатар Эйнштейн теңдеуі арқылы орташа жылжу мен диффузия коэффициентінің байланысын анықтауға болады:


(4.13)

мұндағы D - диффузия коэффициенті; t – жылжу уақыты.


Бөлшектердің үлкен массасы мен өлшемдеріне байланысты коллоидтық ерітінділерде диффузия баяу жүреді. Дегенімен, коллоидтық ерітінділердегі диффузияны өлшеуге, демек, дисперстік бөлшектердің өлшемдерін есептеуге болады.



жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау