С.Қ. Малыбаев, Н. А. Данияров, А. Ж. Қарсақова



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет5/40
Дата14.11.2018
өлшемі1,32 Mb.
#19750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

 
 
жүйесі    бар,  2ТЭ116А    сериялы  тепловоз  шығарылды.  Бұдан  басқа,  қазіргі 
уақытта    2  секциялы (2ТЭ10М)  және 3 секциялы (3Т  Э10М)  нұсқаларда 
шығарылатын,  ТЭ10М  тепловоздары  пайдаланылады.  Олармен  қатар  ТМД 
темір жолдарында сондай-ақ 2ТЭ116 сериялы тепловоз пайдаланылады, онда 
Д49 үнемді 4 тактілі дизелі орнатылған, айнымалы-тұрақты токты электрлік 
беріліс қолданылған /2/. 
2ТЭ121  тепловозында  дизель-генератор  қолданылған,  оған  бір  рамада 
орнатылған  және  сәйкес  түрде  тартымдық  электр  қозғалтқыштары  мен 
желдеткіштер  жетегінің  қозғалтқыштарын  қоректендіруге  арналған,  қуаты 
2800 кВт бас синхронды генератордан және қуаты  400 кВт  қосымша генера-
тордан тұратын, дизель және бір корпусты А-714-У2 агрегаты кіреді. Тепло-
возда тартымдық қозғалтқыштарды рамалы асып қою, капсула тәрізді шанақ 
қолданылған. 9 ‰ есептік көтеруде  2ТЭ121 массасы 6000 т дейінгі поездар-
ды жүргізе алады. 
Темір  жолдарда  пайдаланылатын  жолаушылар  локомотивтері,  ТЭП60, 
2ТЭП60,  ТЭП70  тепловоздары  болып  табылады.  ТЭП60, 2ТЭП60В 
локомотивтерінің бас раманы, бүйірлік қабырғаларды, кабиналарды бірыңғай 
кеңістік  конструкциясына  біріктіретін,  көтергіш  конструкциялы  шанағында 
дизель-генератор 
орнатылған. 
Тепловоздарда 
тартымдық 
электр 
қозғалтқыштарын  рамалы  асып  қою,  екі  сатылы  рессорлық  асып  қою 
қолданылған. 
ТЭП70  тепловозы  поезд  қозғалысының  ұлғайтылған  массалары  мен 
кезінде  жолаушылар  қозғалысы  үшін  тағайындалған.  Сонымен,  ол 9 ‰ 
есептік көтеруде  48,3 км/сағ жылдамдықпен  22 вагоннан тұратын құрамның 
жүргізілуін  қамтамасыз  етеді.  Тепловоз  электрпневматикалық  жән 
пневматикалық  тежегіштермен  жабдықталған,  екі  бірлік  жүйесі  бойынша 
жұмыс  істей  алады,  оның  электр  тізбегіндегі  ақаулықты  жылдам  табуға 
арналған аспабы бар.    
Негізгі  маневрлі  тепловоздар:  ТЭМ1,  ТЭМ2,  ТЭМ7,  ТГМ3А,  ТГМ3Б, 
ЧМЭ3,  ВМЭ1  болып  табылады.  Бұл    локомотивтермен  маневрлік  және 
шығару  жұмысы  орындалады.  Олар  орнынан  қозғалған  кезде  үлкен  тартым 
күшін дамытуға және жабдықталусыз 7-10 тәулік жұмыс істеуге қабілетті /2/. 
Дизельді  іске  қосу  және  қазіргі  маневрлі  тепловозды  қозғалысқа  келтіру 
үшін бір минуттан артық емес уақыт талап етіледі.  Контроллерді, реверсор-
ды  және  тежеу  жабдықтарын  аралық  басқару  тасымалды  құрылғылардан 
(пульттерден)  жүзеге  асырылады.  Пульттің  оны  алуға  және  машинист  пен 
көмекшінің  отыратын  жерінің  алдында  және  артында  орналасқан, 4 крон-
штейнде орнатуға мүмкіндік беретін, серіппелі құлыптары бар. Қақпақ типті 
маневрлік  тепловоздар  шанағы.  Кабина  шанақтан  жоғары  тұрады,  оның 
шеттік  және  бүйірлік  терезелері  бар,  олар  қозғалыс  кезінде    машинисттің  
жақсы  көруін қамтамасыз етеді. 
 
1.5 Электр берілісті  тепловоздарда агрегаттардың орналасуы  
 
                                                                   13
                            


 
 
Қазіргі  тепловоздардың  басым  көпшілігі – бұл  локомотивтердің  басқа 
типтерінен тиімді ерекшеленетін, көптеген жетістіктері бар, электр берілісті 
қуатты дизельді локомотивтер. 
Тепловоздың  конструкциясы  төрт  негізгі  бөліктен  тұрады:  дизельден, 
қосымша  жабдықтардан,  беріліс  пен  экипаждан  тұрады.  Дизель  отынның 
химиялық  энергиясын  механикалық  энергияға  айналдырады  және  оны   
якорьге  айналдыра  отырып,  тартымдық  электр  генераторына  береді. 
Тартымдық генератор механикалық энергияны электр энергиясына айналды-
рады  және  кабельдер  бойынша  оны  тартымдық  электр  қозғалтқыштарына 
береді.  Өз  кезегінде  тартымдық  қозғалтқыштар  электр  энергиясын 
механикалық энергияға айналдырады және тепловоздың доңғалақ жұптарын 
айналдырады. 
Жүк тепловоздарының көпшілігі автоілініспен жалғанған, екі секциядан 
тұрады.  Әрбір  секция  басқару  кабинасы  бар  дербес  локомотивті  білдіреді 
және  қажет  болғанда  жеке  пайдаланылуы  мүмкін.  Жеке  секциялардан  кез-
келген  қажетті  қуатты  тепловозды  құрастыруға  болады,  оларды  бір  посттан 
басқарады,  бұл  кезде  әрбір секцияның  толық  күші  пайдаланылады.  Екі  сек-
ция да стандарт-ты  автоматттық ілініспен жалғанған.  
Жоғарыда  айтылғандай,  жүк  тепловоздарының  аса  көп  таралған 
конструкцияларының  электр  берілісі  бар (1.1-сурет).  Якорі  иінді  білікпен 
жалғанған,  тартымдық  (бас)  генератор - 2, электр  энергиясын  өндіреді,  ол 
арбашықтарда  орналасқан,  алты  тартымды  электр  қозғалтқышпен – 3 
беріледі. Электр қозғалтқыштар якорлерінің біліктері доңғалақ жұптарының 
осьтерімен – 4  тістегершіктер  арқылы  байланысқан.  Әрбір  секцияның  бас 
рамасында  орнатылған  дизель,  генератор  және  қосымша  жабдықтар 
тепловоздың шанағымен жабылған. 
 
12 
 7 
11 
 5 
 2 
  9 
    1 
                                                                   14
 10 
  8 
 6 
 3 
 3 
 3 
 3 
 3 
 3 





                            



 
 
 
1.1-сурет Электр берілісті тепловозда агрегаттардың орналасу сұлбасы 
 
Секцияның бас рамасы серіппегіштердің үстінде орналасқан, төрт тіреу 
арқылы  олардың  әрқайсысына  тік  жүктеме  бере  отырып,  үш  осьтік  екі 
арбашыққа тіреледі. Әрбір арбашық тек көлденең күштерді ғана беретін және 
арбашықтың  бұрылу  осінің  қызметін  атқаратын,  рамамен  және  тік 
шүберінмен  жалғанған.Тартымдық  электр  қозғалтқыштардың  тіреулі-осьтік 
аспасы бар.    
Олардың барлығы – тежегіш. Алдыңғы арбашық машинист кабинасында 
орналасқан  штурвалдың  доңғалағынан  екі  артқы  доңғалақ  жұптарына  әсер 
ететін, қолмен тежегішпен жабдықталған. 
Тепловоз дизелі - 1 әдетте  қарсы қозғалатын піспектері және екі иінді 
білігі  бар,  екі  тактілі 10 цилиндрлік  іштен  жанатын  қозғалтқыш.  Жоғарғы 
білік    шамамен  дизель  қуатының  шамамен  төрттен  бірін,  төменгі  білік – 
үштен  бірін  қабылдайды.  Төменгі  біліктің  артқы  шеті  жартылай  қатты  ди-
зель-генераторлық  муфтаның  көмегімен    тартымдық  генератор  якорінің 
білігімен жалғанған. Дизель және генератор дизель астындағы ортақ рамаға 
жиналған. 
Өздігінен 
желдетілетін 
және 
қоздырғыштан 
тәуелсіз 
қоздырылатын,  сегіз  полюсті  тартымдық  генератордың,  дизельді  іске  қосу 
кезінде оны электр қозғалтқыш ретінде пайдалануға арналған іске қосу ора-
масы бар.  
Тартымдық электр қозғалтқыштарын салқындату үшін ауа желдеткіштің 
төменгі  келте құбырының бойымен тепловоз рамасының астына өтеді. 
Тепловоздың  әрбір  секциясының  тартымдық  электр  қозғалтқыштары 
әрқайсысында екеуден тізбектеліп, үш параллель топқа жалғанған. 
Тартымдық  генератор  якорінің  білігі  алдыңғы  редуктормен – 5 
жалғанған, ол екі машиналы агрегатқа – 8, алдыңғы арбашықтың тартымдық 
электр  қозғалтқыштарын  салқындату  желдеткішіне – 6 және  ауа 
сығымдағышқа – 7   қуат береді. Алғашқы екі агрегаттың жетегі - карданды 
біліктердің  көмегімен.  Екі  машиналы  агрегат  машинист  кабинасы  еденінің 
астында орналасқан. Ол ортақ білігі бар, қоздырғыштан және қосымша гене-
ратордан  тұрады.  Дизель  білігінің  алдыңғы  шеті  (секция  жүрісі  бойынша 
артқы)  гидромеханикалық  редуктормен – 9 байланысқан,  оның  көмегімен 
тоңазытқыш желдеткішінің және артқы арбашықтың – 10 тартымдық электр 
қозғалтқыштарын салқындату желдеткішінің жетегі жүзеге асырылады. 
Редуктордағы 
тоңазытқыш 
желдеткішіне 
арналған 
жетектің 
жылдамдығының екі сатысы бар. Жетектің желдеткішке көлденең білігі жел-
дету  доңғалағының  сөнуіне  және  сөйтіп  тоңазытқыш  секциялары  арқылы 
ауаның еріксіз сорылуының тоқтауына мүмкіндік беретін,  фрикциялық муф-
тасы – 11 бар, редуктордың көмегімен желдету доңғалағының – 12 тік білігін 
айналдырады. Тоңазытқыш шанақтың сол және оң қабырғаларының бойымен 
екі  қатарға  ораласқан, 36 май  және 24 су  секцияларынан  тұрады. 
Салқындатушы  ауа  бүйірлік  қалқаншалар  арқыл  сорылады.  Тоңазытқыш 
                                                                   15
                            


жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау