С.Қ. Малыбаев, Н. А. Данияров, А. Ж. Қарсақова



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет3/40
Дата14.11.2018
өлшемі1,32 Mb.
#19750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

 
 
бірлігіне  отынның  меншікті  шығыны  бу  тартымы  кезінде - 252,5 кг,  жылу 
тартымы кезінде - 54 кг, ал  электр тартымы кезінде - 40 кг  құрайды /2/.  
Өзінің  дамуының  басында  темір  жол  көлігі    әр  түрлі  шахталардың, 
кеніштер мен заводтардың мұқтаждықтарына қызмет көрсететін өнеркәсіптік 
көлік  ретінде  берілген  болатын.  Рельстік  көліктің  дамуы  заводтың  рельстік 
жолдарын    салудан  басталды.  Сонымен, 1764 жылы  Колываново-
Воскресенск  заводтарында  (Ресей)  науа  түріндегі  рельсті  жолдар  бойымен 
механикалық  арқандық  тартым  қолданылды.  Тартым  су  доңғалағының 
білігінен  жүзеге  асырылды. 1788 жылы  Александр  зеңбірек  заводында  (Ре-
сей) ұзындығы  173,5 м рельсті жол салынды.  
1765 жылы  әлемдегі бірінші бу машинасын жасаудан кейін бу тартымы  
темір  жолдарда  да  қолданыла  бастады.  Алғаш  рет    қалалар  арасында  бу 
тартымындағы темір жол  1825 жылы Англияда салынды.  Ресейдегі жалпы 
пайдаланылатын  бу  тартымындағы  бірінші  темір  жол  1837 жылы  Санкт-
Петербург пен  Патша Селосы (қазір – Пушкин қаласы) арасында салынды. 
1851 жылы Петербург пен Мәскеу арасында ұзындығы 650 км  темір жол са-
лынды. 1891 жылы  жартылай  қазіргі  Қазақстанның  аумағы  бойынша  өткен, 
ұзындығы 7,5 мың км транссібірлік магистральдың құрылысы басталды. Бұл 
магистральдың негізгі бөлігі  1901 жылға қарай салынды,  ал оның құрылысы  
толығымен 1916 жылы аяқталды. 
 
1.2 Теміржол  көлігінің  қазіргі  жағдайы  және  оны  реформалау 
бағдарламасы 
 
Қазіргі  уақытта  бұрынғы  Одақ  елдерінің  темір  жол  көлігінде  3000 
дерлік  локомотивтер мен 250000 жуық вагондар пайдаланылады. Жоғарыда 
айтылып кеткендей, өзінің дамуының басында темір жол көлігі өнеркәсіптік 
болды, алайда содан кейін магистральдық темір жол көлігі өзінің дамуында 
өнеркәсіптік  темір  жол  көлігінен  озып  кетті.  ХХ  ғасырдың 70-ші 
жылдарының басында темір жол көлігін қайта құрудағы техникалық саясат-
ты сипаттайтын, негізгі бағыттар анықталды: 
-  паровоз тартымын электровоз бен тепловоз тартымына айырбастау-
ды аяқтау; 
-  темір жол көлігінде есептеу техникасын, автоматиканы және сигнал 
беру, орталықтандыру және блоктау (СОБ) құралдарын ендіру; 
-  вагон  паркін  жүк  көтергіштігі  жоғары  арнайыландырылған  вагон-
дармен жабдықтау; 
-  өнеркәсіптік  кәсіпорындар  мен  темір  жол  станцияларының  кіріс 
жолдарында  тиеу-түсіру  жұмыстарын  кешенді  механикаландыру 
құралдарын ендіру; 
-  жол  шаруашылығын  күшейту  және  оны  қалыптасқан  қозғалыс 
жылдамдықтарымен сәйкестікке келтіру; 
-  жүктерді  контейнерлік және пакеттік тасымалдауды ендіру /1/. 
                                                                   8
                            


 
 
Қазақстанның  да,  Ресейдің  де  темір  жол  саласына  тән  ерекшелік, 
шығынды  жолаушылар  тасымалдарының  қызметіне  жүк  тасымалдарының 
есебінен  жәрдем  көрсетілетіні  болып  табылады.  Біздің  Республикада  темір 
жол саласын реформаландыру 1997 жылы  үш қазақстандық темір  жолының 
базасында  «Қазақстан  Темір  Жолы»  РМК  құрудан  басталған  болатын. 
Өндірістік  қорларды  тиесілі  жағдайға  келтіру  бойынша  шұғыл  шаралар 
қабылданды,  жеке  алғанда  негізгі  қорларды  (басты  түрде  жолды)  күрделі 
жөндеу көлемі едәуір ұлғайтылды /3/. 
Саланың  негізгі  өндірістік  қорларын  басқарудың  тік  жүйесіне  өту 
жүзеге  асырылды.  Барлық  негізгі  шаруашылықтардың  (локомотив,  вагон, 
жол,  электрмен  жабдықтау,  сигнал  беру  және  байланыс  және  т.б.)  желілік 
кәсіпорындары  РМК  басқармасының  орталық  аппаратына  кіретін,  сәйкес 
Департаменттер мен Басқармаларға тікелей бағынышты болды. Негізгі емес 
(қосымша)  шаруашылықтар  еншілес  мемлекеттік  кәсіпорындарға  (ЕМК) 
бағынышты  болды.  Мұндай  жүйе  қаржылық  және  материалдық  ресурстар 
қозғалысының  айқындығын  анықтауға,  өндірістік  емес  шығындарды 
төмендетуге,  айналым  қаражаттарын  пайдалану  тиімділігін  жоғарылатуға 
мүмкіндік берді.   
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  Қаулысымен  2001 жылғы 4 
шілдеде  темір  жол  көлігін  реформаландырудың 2001-2005 жылдарға 
арналған  Бағдарламасы  бекітілді,  ол  саладағы  реформалардың  орташа 
мерзімді  перспективаға  арналған  негізгі  бағыттарын  анықтайды /3/. 
Реформалардың  құқықтық  негізін  құру  үшін 2001 жылғы  маусымда  ҚР 
Парламентінің  Мәжілісімен  мақұлданған, «Темір  жол  көлігі  туралы»  Заң 
әзірленді.  Бағдарлама  мен  Заңды  әзірлеу  кезінде  халықаралық  тәжірибе, 
тәуелсіз  сарапшылардың  ұсыныстары  және  Қазақстанның  темір  жол 
көлігінің ерекшелігі есепке алынды. 
Бағдарламаның үш жүйелі кезеңде іске асырылуы көзделеді: 
- 1-кезең. «Қазақстан Темір Жолы» РМК функционалды және қаржылық 
бөлу; 
-  2-кезең. Тасымалдау қызметіндегі бәсекелестікті дамыту; 
          -  3-кезең.  Алдыңғы  кезеңдердің  нәтижелерін  бағалау  және  саланың  әрі 
қарай даму жолдарын анықтау. 
Реформалаудың бірінші кезеңінде пайдалану қызметін оңтайландыруға, 
темір    жол  саласының  жаңа  субъектілерінің  өзара  әрекеттесу  механизмін 
меңгеруге  және  нормативтік  құқықтық  базаның  жаңа  жағдайларға 
бейімделуіне  бағытталған,  қажетті  дайындау  шараларын  өткізу  жоспарлан-
ды. 
Екінші кезеңде жоспарланады: 
- «Қазақстан  Темір  Жолы»  РМК  және  оның  еншілес  кәсіпорындарын 
акцияларының 100% мемлекеттік  пакеттерін  Өкілетті  мемлекеттік  органға 
беру арқылы жабық акционерлік қоғамдарға түрлендіру; 
-  әлеуметтік  қолайлы  аудандардағы  жылжымалы  құрамды  жөндеу 
бойынша кәсіпорындардың бөлімшелерін акционерлендіру. 
                                                                   9
                            


жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау