С. Ж. Асфендияров атындағЫ



жүктеу 141,69 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі141,69 Kb.
#1344

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ФАРМАЦЕВТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ЕМХАН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ




«КЕЛІСІЛГЕН»

фармацевтика факультеті деканы,

фарм.ғ.д. Датхаев У.М.

________________________

«___»___________20__ж


«БЕКІТЕМІН»

дипломнан кейінгі және өңірлермен

жұмыс жөніндегі проректор,

профессор Дүйсекеев А.Д.

________________________

«___»___________20__ж




6D074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығы

МЖМБС 7.10.145-2010 бойынша PhD- докторантураға түсуге арналған

ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ



  1. Фармацевтикалық технологияның заманауи жағдайы мен даму перспективалары.

  2. Фармацевтикалық технология ғылым ретінде және оның заманауи міндеттері. Дәрілер технологиясы мен биомедициналық технология дамуының негізгі этаптары. Дәрілер технологиясы мен биомедициналық технология дамуына ғалымдардың (отандық және шетелдік) қосқан үлесі.

  3. Дәрілік қалыптар технологиясы саласындағы ғылыми ақпарат. Фармацевтикалық ақпараттың теориялық негіздері. Мәліметтердің электрондық базасын қолдану. Фармакоинформатика. Фармацевтикалық ақпаратты алудығ негізгі көздері.

  4. Формулярлық жүйе. Ғылыми зерттеулерде фармацевтикалық және медициналық ақпараттарды қолдану.

  5. Экстемпоральды дайындалатын, шағын сериялы және өнеркәсіптік өндірістегі дәрілік препараттардың салыстырмалы сипаттамалары. Аталған дәрік препараттардың өндірісін дамыту перспективалары.

  6. Дәрілік препараттар өндірісі мен сапасын бақылауды мемлекеттік реглаңментациясы. Дәрілік препараттарды өндірудің заңдылық негіздері. Халықаралық және мемлекеттік (ұлттық) талаптар мен нормативтер.

  7. Дәрілік препараттардың өндірісін GMP-дің заманауи талаптарына сай ұйымдастыру. Микробиологиялық тазалықтың маңызы.

  8. Асептикалық жағдайда өндіруді талап ететін дәрілік қалыптар мен препараттар. Стерильдеу және стерильділікті бақылау әдістерін жетілдіру. Стерилизациялаудың заманауи әдістері. Әртүрлі стреильдеу әдістерін қолданғанда қауіпсіздік техникасы ережелері. Стерильділік сапасын бақылау.

  9. Дәстүрлі дәрілік қалыптар мен препараттардың өндірісіндегі заманауи жетістіктер. Оларды жетілдіру перспективалары.

  10. Дәрілік құралдарды нысанаға бағыттап жеткізудің заманауи жүйелері биологиялық белсенді заттардың тасмалдаушылары. Микротасымалдаушылар, нанотасымалдаушылар, терапевтикалық жүйелер.

  11. Терапевтикалық жүйелерді (интраокулярлы, трансдермальды, имплантационды және т.б.)жасау және құрастырудағы негізгі методологиялық тәсілдер

  12. Биофармация — заманауи методология және жаңа дәрілік препараттарды жасаудың негізі, сонымен қатарфармакокинетикамен басқарылатын. Технологиялық процесстің валидациясының принциптерімен көрсеткіштері.

  13. Биофармацияның пайда болу тарихымен дамуы. Биофармация, фармакокинетика, фармакодинамика, биоэквиваленттілік, терапевтикалық неэквиваленттік, биологиялық жетімділік (абсолютті, салыстырмалы) ұғымдарына түсінік беру.

  14. Халықаралық жүйедегі GLP, GCP, GMP, GPP стандарттарына және ұлттық талаптарына сәйкес дәрілік препараттар өңдірісі, зерттеу және құрастыруы.

  15. Жаңа дәрілік қалыптардан рационалды дәрілік қалыптарды жасау және технологияны оптимизациялау және заманауи технологияның негізінде дәрілік препараттардың құрамын жетілдіру.

  16. Дәрілік препараттардың сапасын бақылауда және жасау технологиясында талаптарды регламенттейтін нормативті құжаттарды жасау. (ФСП, өңдірістік регламенттер және методологиялық нұсқаулар).

  17. Тұрақты препараттар жасаудың заманауи теориялары. Тұрақтандыру механизімі. Тұрақтандырғыштар.

  18. Физико-химиялық және химиялық сыйымсыздығының негізгі түрлері. Сыйымсыздықтың әртүрлі дәрілік қалыптарда көрініс табуы. Бір шприцтегі ерітінділердің сыйымсыздық мәселелері. Сыйымсыздық мәслелерін шешудің жолдары. Әсерлесу процесстерін болдырмау әдістері.

  19. Фармацевтикалық технология негізінде жататын технологиялық процесстер және олардың аппаратуралық жазбалары.

  20. Фармацевтикалық технологиядағы негізгі процесстердің және аппараттардың дамуы. Механикалық (ұсақтау, классификация, араластыру), жылулық (қыздыру, буландыру және т.б.) массаалмасу (экстрагирлену, адсорбция, кристаллизация, дистилляция және т.б..) және гидромеханикалық (еру, гетерогенді жүйелерді бөлу) процесстеріжәне олардың соңғы өнімге әсері.

  21. Қатты, жасушалық құрылымды шикізатты ұсақтау, сұйық және тұтқыр ортада ұсақтау. Дәрілік препараттар технологиясы және оның сапасына ұсақталу дәрежесінің әсері. Микрогетерогенді қоспалардың алыну әдістері. Сұйық ортада диспергілеу.

  22. Косметиканың даму тарихы. Дәрілік-косметологиялық препараттарды жасаудағы терінің физиологиялық ерекшеліктерімен шырышты қабаттардың ерекшелігін ескеру.

  23. Фильтрлеу. Механикалық қосылыстардың жоқтығын бақылайтын заманауи әдістер. Иньекцияға арналған ерітінділерді, офтальмологиялық, тотығу ерітінділерді, тұтқыр және ұшқыш ерітінділерді фильтрлеу мәселелері.

  24. Масса алмасу процесстері. Экстракция. Капиллярлы көріністер, ісіну, еру, десорбция, осмос, диализ, ультрафильтрация, молекулярлы диффузия және конвекционды процесстер.

  25. Адсорбция және ион алмасу, кристаллизация. Сұйық-сұйық жүйесіндегі экстракция. Фармацевтикалық технологиядағы заманауи аспектілерідің қолданылуы.

  26. Дәрілер технологиясы және экология мәселесі.

  27. Жалпы таңдаудағы принциптер және және сапа бағасы және технологиялық процесстерді реализация үшін қолданылатын технологиялық құрал-жабдықтардың жұмысы (фильтрлеу үшін орнатпалар, ұсақтайтын аппараттар мен машиналар, елеу үшін орнатпалар және т.б.).

  28. Барлық этаптағы өндіру, өңдеу, және сақтаудағы дәрілік препараттардың сапа бақылауы. Мемлекеттік регламентация. Нормативті құжаттар.

  29. Буып-түю және таңу материалдарының заманауи түрлері. Буып-түю материалдарын бақылау. Регламентациясы және олардың сапа көрсеткіштері. Дәрілік препараттарды қолдануда, сақтауда, тасымалдауда, тұрақтылығына әсері. Рационалды орамды таңдау мәселелері.

  30. Технологиялық процесстің ұйымдастырылуы және санитарлы жағдайды, асептикалық жағдайларды халықаралық және отандың талаптармен ыңғайластыру (бұйрықтар, ОСТы, GMP және т.б.).

  31. Физика-химиялық процестер және дәрілік препараттарды тұрақтандыру (физика-химиялық, құрлысты-механикалық, антимикробнты).

  32. Солюбилизация теориясы. Солюбилизатор ретінде қолданылатын БАЗ. Гидрофильді-липофильді баланс. Мицелла түзілуіндегі критикалық концентрация. Дәрілік қалыптар технологиясында солюбилизаторларды қолдану тәжірибесі.

  33. Агрегативті және седиментациялық тұрақтылықты анықтаушы фаторлар. Тұрақтандыру проблемалары. Дисперстік жүйе сипатына және тұрақтандырғыш табиғатына байланысты тұрақтандыру әсерінің механизмі.

  34. Дәрілік препараттар деструкциясының түрлері (химиялық, физика-химиялық, микробиологиялық және т.б.). Әртүрлі дәрілік қалыптардағы тұрақты препараттарды құастырудағы гидролитикалық, тотығу-тотықсыздану, термодинамикалық, ферментативтік және т.б. процестерді ескеру.

  35. Биологиялық белсенді заттарды бөліп алу және тзалау. Сығындыларды тазалау, заттар қосындысын бөлу, жеке заттарды бөліп алу әдістері мен қолданылатын аппаратуралар.

  36. Дәріханада және шағын сериямен өндірілетін дәрілердің технологиялық процестерін механизациялау (приборлар, аппараттар және т.б.).

  37. Дәріханаішілік дайындық. Дәрілік препараттарды шағын сериямен өндіру ерекшеліктері

  38. Экстемпоральды рецептура талдауы. Жиі кездесетін жазбаларды дәріханаішілік дайындыққа алмастыру. Нормативтік құжаттар.

  39. Бастапқы материалдардың, жартылай өнімдер, дәрілік қалыптар мен препараттардың сапасын бақылау.

  40. Жартылай дайын өнімдердің сапасын бағалау және дәрілік препарат өндірісі сатыларындағы бақылау нүктелері.

  41. Әртүрлі дәрілік қалыптарды сақтау жағдайлары мен тасымалдау.

  42. Қайнатпалар дәрілік қалып ретінде. Сипаттамасы. Жіктелуі. Технологиясының ерекшеліктер. Сапа бағасы.

  43. Дәрілік құрал ретінде қолдану мақсатында әртүрлі шикізаттардан алынған биологиялық активті қосылыстардың скринингі.

  44. Биологиялық жетімділікке әсер ететін фармацевтикалық факторлар. Биологиялық жетімділіктің препараттың физико-химиялық қасиеті, негізгі және қосымша заттардың күйіне, препаратты жасау жағдайындағы технологиялық факторлардың және дәрілік қалып, еңгізу түріне байланысты болуы.

  45. Әртүрлі дәрілік қалыптан дәрілік заттардың шығу және сіңу механизмдері. Дәрілік заттардың бөлініп шығуын зерттейтін методикалар, тестер және аппараттар

  46. Дәрілік препараттарды жасауда қолданылатын көмекші заттар. Көмекші заттарды қолданудағы заманауи аспектілер және олардың рөлі, оларға қойылатын талаптар. Дәрілік қалыптардың биологиялық жетімділігіне және тұрақтылығына әсері.

  47. Балаларға арналған дәрілік қалыптарды жасау және жетілдіру.

  48. Гомеопатияда қолданылатын дәрілік қалыптар.

  49. Гомеопатиияның даму тарихы. Гомеопатияның негізгі принциптері. Нормативті құжаттар.

  50. Гомеопатияның теориялық негізі. ҚР, Ресейдегі және шет елдердегі гомеопатияның жағдайы.

  51. Емдік-косметологиялық препараттардың технологиясы.

  52. Еріту. Еруді және еру процессін жоғарлататын факторлар (қыздыру, араластыру, алдын ала диспергілеу, салюбилизация және т.б.).

  53. Көмекші заттардың емдік-косметикалық эффектіні арттырудағы рөлі.

  54. Косметикалық препараттарды дайындау: ұнтақтар (опа), лосьондар, эмульсиялар, кремдер, жақпа майлар және т.б. микробты контаминация мәселесінің шешілуі. Емдік косметиканың даму преспективасы.

  55. Ветеринарияда қолданылатын дәрілік формалар. Жануарлар үшін препараттардың және дәрілік формалардың ерекшелігі. Оларға қойылатын талаптар. Жануарларға спецификалық дәрілік формалар: болюстар, гранулалар, ботқа, пасталар, және т.б. Ветеринарлы дәрілік формалардың дайындау технологиясының ерекшелігі. Сапа бақылау.

  56. Кептіру.кептірудің заманауи түрлері. Кептіру кинетикасына әсер ететін факторлар. Кептіру түріне және құрал-жабдықтар таңдау жолдары. Кептірілген өнім қасиеттеріне кептіру әдісінің әсері.

  57. Дәстүрлі және преспективті препараттар биотехнологиядағы ғылым ретінде. Сипаттамасы және биотехнологиялық әдістермен алынатын дәрілік препараттардың дайындау ерекшеліктері.

  58. Жасы бойынша дәрілік препараттардың бюиологиялық және фармацевтикалық аспектілері. Балаларға арналған және гериатриялық дәрілік препараттарды қолдану және дайындаудың ерекшеліктері. Балаларға арналған дәрілік қалыптар. Балалар ағзасының биологиялық және анатомо-биологиялық ерекшеліктері немесе препаратарды еңгізгендегі реакциялары.

  59. Өсімдік шикізаты гомеопатиялық дәрілік препарат ретінде. Дәрілік өсімдік шикізаттарының әлемдік қорын қолдану.

  60. Гомеопатиялық препараттарды жасауда қолданылатын өсімдік тектес шикізаттар. МДЗ өңдірудегі синтетикалық және минералды тектес (тұздар, металлдар, қышқылдар, тотықтырғыштар, минералдар, химиялық субстанциялар), жануар тектес және жануар органдарымен тіндерің қолдану.

  61. Химия-фармацевтикалық дәрілік субстанцияларды алу үшін шикізат қорлары.

  62. Дозаланған ұнтақтардың өндірісінің технологиялық сызбасы.

  63. Қыша қағаздары мен медициналық пластырлар өндірісінің технологиялық сызбасы.

  64. Экстракттардың өндірісінің технологиялық сызбасы (перколяция әдістері).

  65. Құрғақ экстракттар өндірісінің технологиялық сызбасы (ылғалды жою әдістері).

  66. Қою экстракттар өндірісінің технологиялық сызбасы (жалаң мия экстракты).

  67. Ампуладағы дәрілік препараттар өндірісінің технологиялық сызбасы.

  68. Стероидты гормон препараттары, химиялық синтезбен алу жолдары.

  69. Сироптар өндірісінің технологиялық сызбасы.

  70. Таблеткаланған дәрілік қалыптар өндірісінің технологиялық сызбасы (гранулалау әдісін қолдана отырып).

  71. Ерітінділер өндірісінің технологиялық сызбасы (фармацевтикалық ерітінділер).

  72. Эмульсия өндірісінің технологиялық сызбасы.

  73. Суспензия өндірісінің технологиялық сызбасы.

  74. Жақпа май өндірісінің технологиялық сызбасы.

  75. Эфир майлары өндірісінің технологиялық сызбасы (дистилляция әдісі, анфлераж).

  76. Аэрозоль түріндегі дәрілік қалыптар өндірісінің технологиялық сызбасы.

  77. Желатин капсулары өндірісінің технологиялық сызбасы. Желатин массасын алу сатылары.

  78. Антибиотиктер өндірісінің технологиялық сызбасы (жалпы принциптер).

  79. Капсуладағы дәрілік қалыптар өндірісінің технологиялық сызбасы.

  80. Суппозиторийлер өндірісінің технологиялық сызбасы (құю әдісі).

  81. Максимальды тазартылған препараттар өндірісінің технологиялық сызбасы.

  82. Таблеткаланған дәрілік қалыптар өндірісінің технологиялық сызбасы (тікелей престеу әдісі).

  83. Биостимуляторлар өндірісінің технологиялық сызбасы.

  84. Көз аурулары практикасында қолданылатын дәрілік құралдар өндірісінің технологиялық сызбасы.

  85. Ароматты сулар өндірісінің технологиялық сызбасы.

  86. Тұндырмалар өндірісінің технологиялық сызбасы.

  87. Микрокапсулалар өндірісінің технологиялық сызбасы.

  88. БАЗ адсорбционды-хроматографичялық тазалау әдісі.

  89. Биологиялық активті заттарды тазалаудың заманауи әдістері. Сұйық-сұйық жүйесіндегі экстракция.

  90. Дәрілер технологиясындағы табиғаты белок тектес заттарды алудың заманауи физика-химиялық және генетикалық бағыттары. Гендік инженерия әдісінің артықшылықтары.




беттің беті


жүктеу 141,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау