С. Аманжолов Атындағы шҚму кафедра поқ ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысуды жүргізу және жоспарлау туралы


Ашық сабақ, егер оған кафедра меңгерушісін қоса есептегенде кафедрадан кем дегенде үш оқытушы қатысқан жағдайда ғана ашық сабақ өтті деп саналады



жүктеу 223 Kb.
бет7/14
Дата16.01.2022
өлшемі223 Kb.
#32551
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
poloj otkr zan kz

6.7 Ашық сабақ, егер оған кафедра меңгерушісін қоса есептегенде кафедрадан кем дегенде үш оқытушы қатысқан жағдайда ғана ашық сабақ өтті деп саналады.

6.8 Егер жоспарланған ашық сабақ болмай қалған жағдайда, оқытушыға дайындалуына қосымша уақыт беріледі, жоспардан тыс өткізу ұйымдастырылады.

6.9 Егер жоспарланған өзара сабаққа қатысу болмай қалған жағдайда, кафедра журналына не себепті болмай қалған себебі көрсетіліп, оқытушының қолы қойылуы керек.
7 Ашық сабақ пен өзара қатысу шеңберінде жүргізілген сабақтарды талқылау және талдау
7.1 Өткен ашық сабақты талқылау тура сабақты біте салысымен жүргізілуі керек, сонымен бірге жуық арада болатын кафедра отырысында да жүргізіледі. Қатысқандар болған ашық сабақтың талқылауын кемшілікті көрсету мақсатында емес, тәжірибе алмасу мақсатында өткізілгенін ұмытпауы керек, сондықтан олар тілектестік және әдептілік жағдайда болуы керек.

7.2 Талқылау мақсаты- таңдап алынған әдістерді, инновациялық технология мен құралдарды, әдістемелік тұрғыда құралған жеке әдістер мен технологияны білуін, олардың қойылған міндеттер тарапынан тиімділігін, сабақтың мақсатына жету деңгейін орынды бағалау.

7.3 Талқылауды кафедра меңгерушісі немесе әдістемелік секция жетекшісі ұйымдастырады.

7.4 Талқылау келесі тәртіппен жүргізілуі тиіс:

- сабақ жүргізген оқытушы (қысқаша өзіндік талдау);

- кафедра меңгерушісі;

- қатысқан оқытушылар;

- деканат, әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлім өкілдері;

- сабақ жүргізген оқытушы.

7.5 Алғашқы сөз сабақ жүргізген оқытушыға беріледі. Ол сабақтың мақсатын анық ашып, таңдалған әдістер мен құралдарды негіздеуі керек, олардың қолданылу сапасын, таңдалған материалдың мазмұны мен сабақ жүргізу бойынша сыни қорытындыны хабарлауы тиіс. Оқытушы сөйлеу сөзі қатысушыларға оның педагогикалық ойын, қолданылған әдістері мен тәсілдерінің ерекшелігін, оның жұмыс жүйесі негізіне жататын басты идеяларын түсінетіндей көмегі тиюі керек.

7.6 Сөз сөйлеушілер сабақтың құндылығы мен кемшілігін әбден талдап, дидактикалық принциптер тұрғысында сабақты бағалап, оқытудың қойылған тәрбиелік және дамыту мақсатына, көрнекті құралдар мен дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігіне назар аудару керек. Талқылау барысында кемшіліктерді, сабақ мазмұны мен ұйымдастырылу барысында жіберілген қателіктерді атап өтуге, жұмыс жүйесін жетілдіру бойынша ұсынымдар беруге болады.

7.7 УӘК кеңесі мүшелерінің өкілі мен кафедра меңгерушісі талқылау қорытындысын шығарады, қатысушылармен жіберілген қателері болғанын байқайды, сабақта пайдаланылған әдістер мен тәсілдерге баға береді, ашық оқу сабағының қойылған әдістемелік мақсатына жетудегі ашылу тереңдігін және көрсетілген тәжірибені қолдануда мақсатқа сәйкестілігі туралы қорытынды жасайды.

7.8 Ашық сабақты талдау кезінде барлық сөз алушылар сабақтың тәрбиелік рөлін, оның мағынасын бағалауы керек. Әріптестерінің жұмысын сыни тұрғыдан бағалайтын ғана ықылас тудыратындай емес, сонымен бірге, қызметте оның тәжірибесін шығармашылық жағынан да пайдалануға нақты пікір алмасу, дискуссия қажет.

7.9 Сабаққа қатысқандардың сөзінен кейін сөз қайтадан ашық сабақ жүргізген оқытушыға беріледі. Оқытушы қандай ескертпелерді қабылдайтынын, немен келіспейтінін және не үшін, өз көзқарасы тұрғысынан дәлелдеп, көрсетеді.

7.10 Ашық сабаққа қатысу нәтижесі, сонымен бірге өзара сабаққа қатысу жуық арада болатын кафедра отырысында талқыланады, талқылау қорытындысы журналға тіркеледі.

7.11 Кафедрада жоғары деңгейде өткен ашық сабақтар талдауы университет сайтына жариялану үшін, әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөліміне беріледі (қосымша сабақ талдауына фото-сурет, бейне материалдар және жүргізілген сабаққа иллюстрациялар тапсырылады).



жүктеу 223 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау