78
мақсатты түрде ұйымдастыра алады, ол арқылы баланың
әлеуметтік тәжірибесін жетілдіреді және кеңейтеді. Бұл ата–
аналар өз балаларын қалай тәрбиелеу жөнінде ойлана бастаған
кезде, саналы түрде психиологилық-педагогикалық әдебиеттерді
оқығанда, мамандардан кеңес алған жағдайда мүмкін.
Шындығында,
өкінішке орай, көбінесе ата-аналар мұндай
қадамдарды баланың дамуында қандайда бір ауытқуларды
бақылаған кезде қолданады, ал баланың даму үдерісі дұрыс,
тыныш жүріп жатқанда олар бұл үдерісті
қалыпты жағдай деп
санайды және балаларды әлеуметтендіруде оларға стихилық
түрде көмектесуді ұйымдастыруға биім келеді.
Алайда, әлеуметтік тәжірбиені беру үдерісін стихилық түрде
ұйымдастыру
тәрбиелеуші
оған
педагогикалық
импровизациядақажеттілік болған жағдайда, күтпеген жағдайда
тез шешуге және т.б. жүгінген кезде, жемісті болады. Бұл
форманы стихилық деп шартты түрде
атауға болады, өйткені
қандай да бір педагогикалық импровизация педагог кәсіби
шеберлікті меңгерген кезде мүмкін болады — дәл ол ерекше
жағдайдан дұрыс жолды «көрсетеді».
Бала тәрбиесі мен оқыту үдерісінің
ұйымдастырушысы
рөлінде ересек адам да өзін әртүрлі көрсете алады. Барлығы
оның біліктілігі мен жеке қасиеттеріне байланысты. Ересек
адамның үйретуінсіз бала өмірлік іс-әрекет тәсілдерін игере
алмайды. Ересек адам балаға жеке шығармашылығы үшін және
сайып
келгенде, адамзаттың үдерісі үшін уақытты бөліп, ол
үшін әлемді игеру үдерісін тиімдірек етеді.
Егер әр ұрпаққа барлығын жаңадан жасау, табиғаттың
заңдарын
қайта ашу керек болса, егер адамдар жиналған
тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беретін ұлы мүмкіндіктен
айырылатын болса не болады?
Сонымен, ересек адам бала мен оны қоршаған әлеуметтік
әлем арасындағы жетекші, дәнекер болып табылады.
Тапсырма
1.
«Тұқым қуалаушылық (орта, тәрбие) – дамудың жетекші
факторы» тақырыбында рефераттар жазыңыз.
Әр рефератта
ұсынылған дәлелдермен талқылау өткізіңіз және жалпы
қорытындыны жасаңыз.
2.
«Мектепке дейінгі ұйымдарда дамытушы ортаның
79
қалыптасуы»
В. А. Петровскийдіңжәне т.б.
кітабы (М.,
1993)бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда дамытушы ортаның
қалыптасу қағидаларын зерделеңіз және талдаңыз.
3.
Тәжірибе уақытында өз тобыңыздың тәрбиелеушісін
бақылаңыз және тәрбиеші ересек
адамның екі функциясында
мақсатты және стихиялық сөйлеген кезіндегі мысалдарды жазып
алыңыз.
V Т А Р А У
Достарыңызбен бөлісу: