С. А. Козлова, Т. А. Куликова



жүктеу 4,62 Mb.
Pdf просмотр
бет50/298
Дата11.02.2023
өлшемі4,62 Mb.
#41256
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   298
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

пренаталдық педагогика 
пайда болды. Оның пайда болуы 
ғалымдардың ұрықтың дамуына әсер ету мүмкіндігін 
анықтауымен байланысты. Бұл ретте болашақ сәбидің 
денсаулығына ғана емес, оның эмоционалдық ортасына, ал ол 
арқылы эстетикалық және интеллектуалдық дамуына әсер етуге 
болатыны атап өтілген. Әлі туылмаған балаға анасының өмір 
сүру салты, оның эмоционалдық жағдайы, ұрықпен әңгімелесуі 
арқылы әсер ету мүмкіндігі туралы дәлелдейтін ғылыми 
мәліметтер негізінде педагогикалық стратегия әзірлене бастады. 
Болашақ анаға жиі оң сезімдерді сезіну, ән тындау, өлең оқу 
ұсынылады. Құрсақтағы баламен әңгімелесу өте пайдалы. Егер 
екі ата-анасыныңда дауысын еститін болса бқдан да жақсы 
болады. Бала анасы мен әкесінің дауысына үйренеді және 
туғаннан кейін оларды танып, естіген кезде тынышталады. Бұл 
жағдайда бала туа біткен қасиеттермен туады. Бірақ 
генетикалық та, туа біткен қасиеттер де өзгермейді деп 
есептемеу керек. Өмір үдерісінде туа біткен және тұқым 
қуалаушылық дағдылар өзгеруі мүмкін. 
«Менің ойымша, — деп жазады жапон ғалымы Масару Ибу- 
ка, — бала дамуында тұқым қуалаушылықтан гөрі білім беру 
және орта үлкен рөл атқарады... Баланың әлеуеттік 
мүмкіндіктерін қандай білім беру және қандай орта дұрыс 
дамытады, мәселе сонда». 
Сонымен, баланың дамуына тек тұқым қуалаушылық қана 
емес орта да әсер етеді. «Орта» ұғымы кең және тар мағынада 
қарастырылуы мүмкін. Кең мағынада орта дегеніміз – бала өсіп 
келе жатқан климаттық, табиғи жағдайлар. Бұл - мемлекеттің 
қоғамдық құрылымы, және баланың дамуы үшін ол жасайтын 
жағдайлар, сондай-ақ халықтың мәдениеті мен тұрмысы, 
дәстүрі, әдет-ғұрпы.
Осындай ұғымдағы орта әлеуметтендірудің жетістігі мен 
бағытына әсер етеді.
Бірақ орта ұғымына және оның адамның тұлға болып 
қалыптасуына әсер етуіне тар түсінік те бар. Осы тәсілге сәйкес 
орта - бұл тікелей заттық қоршаған орта. 
Бала дүниеге келген сәттен бастап оны көптеген заттар 
қоршайды. Заттар оған әлеуметтік әлемді тануға және дамуға 
көмектеседі. Профессор Брунер Америкада мынадай тәжірибе 


74
жасады: жаңа туған балалар тобын төбесі мен қабырғалары ақ, 
сыртқы шудан оқшаулаған бөлмеде бірнеше айға орналастырды.
Басқа жаңа туған балалар тобы осы уақытта қарапайым 
жағдайда – түсті қағаз жапсырылған, түрлі-түсті төбесі, 
ойыншықтары бар және т.с. бөлмеде өмір сүрді. Тәжірибенің 
соңында баланың инталлектуалдық даму деңгейін зерделеуге 
тест жүргізілді. Ақ, бос бөлмедегі балалар өз дамуында 
қарапайым топтағы балалардан 3 айға артта қалып қойғаны 
белгілі болды, бұл осы жас үшін айтарлықтай көп.
Бұл тәжірибе баланың жан-жақты даму деңгейіне ортаның 
айтарлықтай әсер ететінін сенімді дәлелдеді. Заманауи 
педагогикада «дамытушы орта» деген түсінік бар (В. 
А.Петровский). Дамытушы орта астарында тек заттық 
толықтыру түсіндірілмейді. Ол балаға анағұрлым тиімді әсер 
етуі үшін ерекше түрде құрылуы қажет.
Педагогикада орта тәрбиелеу факторы ретінде сөз болғанда, 
бұл дегеніміз сонымен қоса адамның ортасы, ондағы өзара 
қарым- қатынастың және іс-әрекеттің қабылданған нормалары. 
Көбінесе ортаның (көшенің) теріс әсері байқалады, бұл оның 
еліктеу үшін теріс үлгілірімен қанықтылығына байланысты. 
Орта тұлғаны дамыту факторы ретінде айтарлықтай маңызға 
ие: ол балаға әлеуметтік құбылысты әр тараптан көруге 
мүмкіндік береді. Әдетте оның әсері педагогикалық басқаруға 
көп берілмейтін стихиялық сипатта болады, әрине, бұл тұлғаны 
қалыптастыру жолында көптеген қиындыққа әкеледі. Бірақ оны 
ортадан оқшаулауға болмайды. Үлкендердің «баланы қатаң 
бақылауда ұстауға», әлеуметтің ортадан шектеуге кез келген 
ұмтылысы, ол қандайда бір көрініс алғанымен (бөтен 
адамдармен әңгімелесуді шектеу, таным нысандарын тарылту 
және т.б.) әлеуметтік дамуының арта қалуына ұрындыруы 
мүмкін 
Ортаның тұлға қалыптасуына әсері адамның барлық өмір 
жолында тұрақты түрде болады. Айырмашылық тек осы әсерді 
қабылдау дәрежесінде ғана. Жылдар өткен сайын адам оны 
сүзгіден өткізіп, интуитивті бір ықпалға беріліп, және басқа 
әсерлерден жалтару мүмкіндігін игереді. Кішкентай бала үшін 
нақты жасқа дейін мұндайсүзгінің қызметін үлкендер атқарады. 
Орта дамуды тежеуі мүмкін және де оны белсенді етуі де 
мүмкін, бірақ дамуға қатыспауы мүмкін емес.
Сонымен соңғы, тұлғаның қалыптасуына әсер ететің үшінші 


75
фактор – бұл 

жүктеу 4,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау