357
(балалардың, ересектердің) назарынан қорғанған бұрышты
іздейді. Үйде балалар үстелдің
астында ойнағанды ұнатады,
әсіресе егер де оған көрпе жапса, маңайына орындықтар мен
креслолар қойса. Мектепке дейінгі мекемеде балалар ойнау үшін
жатында, шешінетін бөлмеде, ал учакеде – бұталардың,
веранданың артына және т.б. жекеленуге тырысады. Өкінішке
орай, ғимараттың типтес жобалары
баланың жеке ойынындағы
қажеттілікті ескермейді. Көптеген мектепке дейінгі мекемелерде
(біздің және шетелде) ойынды дамыту үшін тиісті жағдайларды
ұйымдастыру талпыныстары жасалады: топтық бөлменің
бірыңғай кеңістігін жиһаздың арнайы қойылымымен «бөледі»;
балалар өз қалауы бойынша қоятын жеңіл перделерді,
экрандарды
енгізеді.
Басқа
да
архитектуралық
жаңашылдықтарды ендіреді: топтық бөлмеде галереямен,
сүйеніштері бар баспалдақтармен біріктірілген бір, екі және үш
қабатты құрылғылар, жайлы текшелер, подиумдар және т.б.
орнатылады. Ірі ойын жабдығы пайдаланылады (үйшіктер,
қоршаулар, террасалар, вагоншалар), ол
болса, балаға өзін
құрдастарынан толығымен оқшаулануды сезбей, жекеленуге
мүмкіндік береді.
Режиссерлық ойындардың басым жеке сипатын ескере
отырып, педагог бала әрекетіне жанама басшылық етуге мәжбүр
болады. Ойын материалын шебер таңдау,
нәрестенің
мүдделеріне жауап беретін жаңа ойыншықты ендірумен
ойынның пайда болуына жағдай жасалады. Сөйтіп, Саша кеше
зообаққа барғаны туралы қызығушылықпен айтып отырғанын
естіп, педагог оған ұсақ жануарлардың жинағын ұсынып, сұрақ
қояды: «Сен қандай жаунарларды көрдің? Айтып, көрсет».
Зообақ ойыны пайда болады, жануарларға арналған торды жасау
қажет етіледі, құрылыс материалы қолданысқа енеді, содан
кейін
адамдардың
пішіні
пайдаланылады
(келушілер,
қызметкерлер).
Ықыласты педагог
балалардың мультфильмді, оқыған
кітапты талқылап жатқан жағдайын оларды режиссерлық
358
ойында әсерлері менбілімдерін бейнелеуге итермелеу үшін
пайдалануға тырысады.
Кейде балаға: «Винни-Пух Үй қоянында қонақта не болғанын
көрсетші, өтініш»,- деу ақылға сыярлық. Баламен кітаптағы
иллюстрацияларды көруге, содан кейін персонаждар туралы
айтып беруді, не істеп жатқанын көрсетуді сұрауға болады.
Мұндай педагогикалық тәсілдер балада ойыншықтар,
заттар
көмегімен жағдаятты жеңіп шығуға ықпал етеді.
Балалар ойынды оның басталған уақытынына дейін «көруі»
үшін оларды педагогпен бірге шығармашылық жасауға тартқан
мақсатқа сай. Бірге шығармашылық жасауға шықару әр түрлі
көрінуі мүмкін: «Ойыншық қораз туралы ертегіні бірге
құрастырайықшы»; «Маша қуыршағының туган күнін қалай
тойлайтынымызды екеуміз бірге ойластырайықшы»; «Мен
ертегіні бастаймын, ал сен оны аяқтайсың»; «Мен бір оқиғаны
айтамын, ал сен оны көрсетесің» және т.б.
Режиссерлік ойындар үшін ойын материалдарын іріктеу –
олардың дамуы үшін қажетті жағдай. Сюжеттік ойыншықтар,
олардың мазмұнының
бала тәжірибесіне жақындығы, бала
әсерлеріне байланысты жаңа ойыншықтарды шұғыл ендіру –
осының барлығы ерте және ішінара орта мектепке дейінгі
жастағы балалардың режиссерлық ойынын педагогикалық
басқару щеңберіне енеді. Мазмұнына қарай жаңа ойыншықты
педагог оны таныс сюжетке енгізу үшін алдымен өзі жеңіп
шығады. Мысалы, тәрбиеші К.Чуковскийдің ертегісін оқып
болғаннан
кейінАйболит
ойыншығын
ұсынып,
дәрігер
образымен байланысты әрекеттерді көрсетеді. Жоғары мектепке
дейінгі жаста балалар
ойын алаңына жақсы келісетін, біршама
детальді, мазмұнды болатын ұсақ ойыншықтарды пайдалануды
қалайды. Атаулы кезеңде қоршаған әлемнің көптеген
құбылыстары, заттары туралы жалпыланған ұғым қалыптасады.
Сондықтан балалар ойыншық-орынбасарларды, көп қызметті
ойыншықтарды шын көңілімен пайдаланады.
Осындай көпқызметті материал ретінде режиисерлік ойындар
359
үшін Е.М.Гаспарова сызбалық безендірілген түрлі
көлемдегі
текше пішінді балалар ойыншығын алуды ұсынады (көтеріңкі
көңіл-күй, көңілсіздік белгілері бар адам келбеттері).
Достарыңызбен бөлісу: