348
барысындағы ойын әрекеттері арқылы жүзеге асырылады (табу,
керісінше айту, допты қағып алу және т.б.).
Білім беру міндеттері сипатына қарай ережесі бар ойындар
екі үлкен топқа бөлінеді – дидактикалық және іс-қимыл
ойындары, олар,
өз кезегінде, түрлі негіздемелерді ескере
отырып,
классификацияланады.
Сонымен,
дидактикалық
ойындар мазмұнына (математикалық, табиғаттану, сөйлеу және
т.б.), дидактикалық материалына (заттар және ойыншықтармен
ойнау, үстел-баспалық, сөздік) қарай бөлінеді.
Іс-қимыл ойындары қозғалу дәрежесі (аз, орташа, көп
қозғалыс ойындары), басыңқы қимылдар (секіру, жүгіру және
т.б.
элементтері
бар
ойындар),
ойын
барысында
пайдаланылатын заттар(допты, лентаны, құрсауды пайдаланып
ойнау және т.б.) бойынша жіктеледі.
Дидактикалық
және
іс-қимыл
ойындары
арасында
ойыншылар рөлдерді орындайтын сюжеттік ойындар («Мысық-
тышқан», «Базарлық дүкені») және сюжетсіз («Сиқырлы таяқ»,
«не өзгерді?» және т.б.) ойындар бар.
Ережесі бар ойындарда баланы ойын үдерісі, ойын
әрекеттерін
орындау,
нәтижеге
жету,
жеңу
ынтасы
қызықтырады. Алайда бұл ойын үрдісі белгілі бір міндетпен
жанамаланған (суреттерді жай ғана реттеп қою, жұбымен
орналастыру,
белгілі сипаты бойынша іріктеу; жай қашпау,
түлкіден қашу). Ал ол болса, бала мінез-құлқын еркін, ереже
түріндегі ойын шарттарына тәуелді етеді.А.Н.Леонтьевтің әділ
атап өтуінше, ойын ережесін игеру – өз мінез-құлқын игеру
дегенді білдіреді. Бала ережесі бар ойындарда өз мінез-құлқын
басқаруға үйренетіндігі фактісі, олардың тәрбиелік маңызын
анықтайды.
Моральды дамыту тұрғысында Д.Б.Эльконинережесі бар
ойындарда қос міндеті барларды ерекше бөлді. Сөйтіп, лапта
ойнау
барысында бала, допты қағып алып, алдында
«шығарылған» ойыншыны ойынға шақыра алады. Ол дегеніміз,
ойындағы мінез-құлық екі міндетпен бағытталады: доптан
349
жалтарып, өзіне қашу, доп тиген жолдасына көмектесу үшін
допты ұстап алу. Бала іс-әрекеті епті жүгіріспен шектелуі
мүмкін, бірақ ол алдына басқа да мақсатты қояды – тәуекелге
байланысты болса да, жолдасына көмектесу: егер допты ұастап
алу талпынысы сәтсіз болса,
ойыншылар оратсын қалдыру
керек. Сөйтіп, қос міндеті бар ойындарда бала өз бастамасымен
жолдасына көмектесіп, ол сәтті аяқталса, қуанады. Шынайы
өмірде осындай жағдаяттар жиі болмайды және балалардың
мінез-құлқы педагогтің сөзбен айту нұсқауларымен жиі
бағытталады: «Артемға шарфын байлауға көмектес»; «Лизаға
кубиктерді
жинауға
көмектес».
Жолдастық
ынтымақтастықтыосындай нұсқаулармен тәрбиелеу қиын.
Ережесі бар ойындар – басқа мәселе, олар қатысушылардан
өзара
көмектесуді талап етеді, әсіресе егер олар әрекет етіп,
командамен сайысқа түсіп жатса («Кімнің буыны үйде тезірек
соғады?», эстафета-ойындар).
Ережесі бар ойындар әр қатысушыға өз әрекеттері мен
олардың нәтижелерін басқаларының әрекеттері және олардың
нәтижелерімен салыстыруға мүмкіндік береді (Сережа өте епті –
ұстағышқа оны ұстап алу қиынға соғады; Саша ережені жиі
бұзады, ол туралы айтсаң, дауласады,
әділ ойнамайды; мен
допты нашар қағып аламын және көп өсімдіктерді білсем де,
«Өсімдіктің атауын ата» ойынында ұтылып қаламын). Баланың
өзінің әректтері мен басқа да ойыншылардың әрекеттерін өзіндік
бағалауға тырысуы құнды (ересектер жасайтын әрекеттің басқа
да түрлерінен айрықша).Сөйтіп, ережесі бар ойындар мектеп
жасына дейінгі балаларға өзара бағалау және өзін-өзі бағалау
қабілетін дамыту үшін қолайлы.
Бала өзіне қызықты, жарқын, эмоционалды боялған ойынның
нақты жағдаятында өз ағаттықтарын,
талапқа сай еместігін
көріп, оны салыстырмалы түрде түсінсе, онда жақсырақ болу
ынтасы
туады,
яғни
өзін-өзі
жетілдіру
талпынысын
оятады.Сондай-ақ, ойындағы нәтиже де (епті, зерек болып,
мозаикадан айшық тікті) оны өзінің және басқа да балалардың
350
алдында көтереді, жаңа жігер мен жетістіктерге тартады.
Сөйтіп, ережесі бар ойындар – мектеп жасына дейінгі
балаларды тәрбиелеу және оқытудың маңызды құралы.
Достарыңызбен бөлісу: