277
сүйікті ойыншығым», «Менің достарым» және т.б.
Әңгіме сөздік оқытудың ең бір эмоционалдық әдісіне
жатады. Әдетте ол балаға өте күшті әсерін тигізеді, өйткені
тәрбиеші өзі әңгімелеп отырған
оқиғаларға өз қатысын
білдіреді.Оқу материалын еркін меңгеру педагогқа балалармен
еркін қарым-қатынаста болуына, олардың реакциясын байқауға ,
оны мимика, қимыл арқылы өзгертуге мұмкіндік береді.
Егер әңгіменің негізгі ойы нақты байқалса, егер әңгіменің
мазмұны балалар үшін түсінікті қарқынды болса,
егер ол жеке
бөлшектермен артық жүктелмегенген, мектепке дейінгі жастағы
жеке тәжірибесіне үйлесімді болып олардың ұайымын,
қуанышын тудырса, онда әңгіме балаларды оқытуда өз
мақсатына жеткендігін білдіреді. Әңгімені қабылдауда оның
көркемсуреттілігі, жаңалығы мен балалар үшін ақпараттың
ерекшелігі, және оқытушының сөйлеу
мәнерілігі аса маңызды
болады. Егер әңгіме осы шарттарға сәйкес келсе, ол балалардың
әңгіме мазмұнына қатысты реплика, бағалау пайымдаулары
түріндегі әсер алмасуларын тудырады. Мұндай реакциялар
педагогқа істелген жұмыстың тиімділігі туралы қорытынды
жасауға мүмкіндік береді.
Әңгіме алдында педагог
балалардың алдына оқу-
танымдық мақсат қояды. Әңгімелеу барысында интонация,
риторикалық сұрақтар арқылы олардың назарын ең негізгісіне,
маңыздысына аударуға тырысады. Әңгімені тыңдау, мазмұнына
мән беру, сұрақтарға жауап беру, мазмұндау қабілеттері
баланың үш жасында қалыптасады.
Кіші топтарда әңгімелеу
барысында көрнекі материалдардар бірге көрсетіледі (заттар,
олардың
бейнелері).
Осылай
кейіпкерлердің
бейнесі
анықталады, оқиғаларды ретімен қабылдау жеңілдетіледі.
Көрнекі материал орта және үлкен жастағы балаларды оқыту
барысында да қолданылады, мысалға әңгімеде балалардың
тәжірибесінде
болмаған
оқиғалар
сипатталған
кезде
(батырлардың ерлігі, космостық ұшулар туралы т.б.) . Бұндай
жағдайларда сөзік бейнелер қору бейнелеріне сүйенеді.
Бірақ
278
үлкен топтарда көрнекі материалдарды қолдануды шектен
шықпаған жөн: балалардың өткен тәжірибесінен таныс
объекттер туралы сөз болғанда, сөздің негізінде ойлауға,
көрнекілікке сүйенбей ауызша үйрене
білуді дағдыландыру
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: