234
беру мазмұнының, оқытудың әдістері, құралдары мен
ұйымдастырушылық
формаларын
жалпы
педагогикалық
ғылыми дәлелдемесі бар. Дидактиканың
ішінде мектепке
дейінгі дидактика, бастауыштың білім беру дидактикасы,
жоғарғы мектеп дидактикасы және т.б. Сонымен қатар сол не
басқа оқу пәнінің (дисциплинасының) оқыту ерекшеліктеріне
байланысты
жеке әдістемелер, мысалы: математиканы оқыту
әдістемесі, тарихты оқыту методикасы, тіл дамыту методикасы
және т.б. бағыттары, анықталады.
Қазіргі дидактикада оқыту мен
тәрбие беру қарама-қарсы
тұрмайды. Керісінше олардың бірлігі, көптеген көрсеткіштер
бойынша «туыстығы» айрықша көрсетеді. Бәрінен бұрын
олардың бір әлеуметтік табиғаты көрсетіледі: олар адамзаттың
өзінің қоғамдық-тарихи
тәжірибесін сақтау, жаңғырту, осы
өскелең ұрпаққа жеткізу қажеттілігіне жауап ретінде пайда
болды және қызмет етеді. Адамзаттың бүкіл тарихы бойында
оқыту және тәрбие тікелей түрде қоғамдағы әлеуметтік-
экономикалық, саяси,
мәдени процестерге тәуелді, бірақ өздері
де тұлғаның дамуына, оның жетілуіне әсерлі факторлар болып
адамзатты жалпылай «асылдандыра» отырып процестерге әсерін
тигізеді.
Тәрбиелеу мен оқыту өздерінің жүзеге асыру әдістері
бойынша «туыстас» болып келеді:
балалардың белгілі жас
ерекшелігі категориясына бейімдеген бірыңғай қоғамдық-тарихи
тәжірибе, әлеуметтік өзара әрекеттесу механизмі - қарым-
қатынас жасау арқылы беріледі. Оқыту деген білім мен белгілі
тәжірибе иелерінің және оларды игерушілердің арасындағы
қарым-қатынасты білдіреді (А.Н.Леонтьев).
Сонымен қатар баланың психофизикалық мүмкіндіктері,
олардың динамикасы ескеріледі. Осыған байланысты оқыту мен
тәрбие процестері балалық шақтың
бір кезеңі бойы өзгеріссіз
тұрмайды: олардың мазмұны байып және күрделеніп ортырады,
формалар өзгеріп, өсіп келе жатқан адамға әсер еті әдістері
күрделеніп отырады.
235
Қазіргі қоғамда тәрбие мен оқытудың мақсаттары жіктеліп
(дифференциалданып) отырса да (шынында, шартты түрде ғана)
олар
тұлғаның
толық
дамуына
бағытталған.
Тәрбие
құндылықтар жүйесінің, қоғамдық жүйесінің жүріс-тұрыс
әдістері қалыптасуына бағытталған. Оқыту үшін білім, машық-
ептілік, тану және практикалық қызмет әдістері жүйелерінің
қалыптасуы басым болып табылады. Соңғы жылдары қалың
лексикаға тәрбие мен оқытудың тұлғаны қалыптастырудағы
бірлігіне зер салатын «үйретуші тәрбие», «тәрбиеші оқыту»
деген ұғымдар белсене кіріп жатыр.
Мектепке
дейінгі
білімді
жалпы
білім
беру
бағдарламасының
құрылымында
қойылған
федералды
мемлекеттік
талаптарында
(2013 жылы) «
Достарыңызбен бөлісу: