74
жасады: жаңа туған балалар тобын төбесі мен қабырғалары ақ,
сыртқы шудан оқшаулаған бөлмеде бірнеше айға орналастырды.
Басқа жаңа туған балалар тобы осы уақытта қарапайым
жағдайда – түсті қағаз жапсырылған, түрлі-түсті төбесі,
ойыншықтары бар және т.с. бөлмеде өмір сүрді.
Тәжірибенің
соңында баланың инталлектуалдық даму деңгейін зерделеуге
тест жүргізілді. Ақ, бос бөлмедегі балалар өз дамуында
қарапайым топтағы балалардан 3 айға артта қалып қойғаны
белгілі болды, бұл осы жас үшін айтарлықтай көп.
Бұл тәжірибе баланың жан-жақты даму деңгейіне ортаның
айтарлықтай әсер ететінін сенімді дәлелдеді. Заманауи
педагогикада «дамытушы орта» деген түсінік бар (В.
А.Петровский). Дамытушы орта астарында тек заттық
толықтыру түсіндірілмейді. Ол балаға
анағұрлым тиімді әсер
етуі үшін ерекше түрде құрылуы қажет.
Педагогикада орта тәрбиелеу факторы ретінде сөз болғанда,
бұл дегеніміз сонымен қоса адамның ортасы, ондағы өзара
қарым- қатынастың және іс-әрекеттің қабылданған нормалары.
Көбінесе ортаның (көшенің) теріс әсері байқалады, бұл оның
еліктеу үшін теріс үлгілірімен қанықтылығына байланысты.
Орта тұлғаны дамыту факторы ретінде айтарлықтай маңызға
ие: ол балаға әлеуметтік құбылысты әр тараптан көруге
мүмкіндік береді. Әдетте оның әсері
педагогикалық басқаруға
көп берілмейтін стихиялық сипатта болады, әрине, бұл тұлғаны
қалыптастыру жолында көптеген қиындыққа әкеледі. Бірақ оны
ортадан оқшаулауға болмайды. Үлкендердің «баланы қатаң
бақылауда ұстауға», әлеуметтің ортадан шектеуге кез келген
ұмтылысы, ол қандайда бір көрініс алғанымен (бөтен
адамдармен әңгімелесуді шектеу, таным нысандарын тарылту
және т.б.) әлеуметтік дамуының арта қалуына ұрындыруы
мүмкін
Ортаның тұлға қалыптасуына әсері адамның барлық өмір
жолында тұрақты түрде болады.
Айырмашылық тек осы әсерді
қабылдау дәрежесінде ғана. Жылдар өткен сайын адам оны
сүзгіден өткізіп, интуитивті бір ықпалға беріліп, және басқа
әсерлерден жалтару мүмкіндігін игереді. Кішкентай бала үшін
нақты жасқа дейін мұндайсүзгінің қызметін үлкендер атқарады.
Орта дамуды тежеуі мүмкін және де оны белсенді етуі де
мүмкін, бірақ дамуға қатыспауы мүмкін емес.
Сонымен соңғы, тұлғаның қалыптасуына әсер ететің үшінші