264
■
Педагог бақылау мақсатын қояды,оны балалардың
тәжірибесі мен ойластырып байланыстырады.
■
Балаларға бақылауға
мақсатты нұсқау беріледі, толық
қабылдау үшін(қоянды бақылап, кейін оның суретін салып,
әңгіме құрастырамыз).
■
Бақылау кезінде білім, сезім және қатынастар баланың
қызметінің дамуында орын алуы керек. (айтып беру, суретін
салуда,
көркем еңбекте, ойында).
■
Қойған мақсаттарға, объектінің ерекшеліктеріне,
баланың жасына сай жоспарлық қамтылуы қажет.
■
Бақылауды анық сөзбен сүйемелдеп отыру қажет:
заттар атауы, олардың белгілері, әрекеті. Педагог сұрақ қояды,
құбылыстардың байланыстарын түсіндіреді. Бақылау кезінде
балалардың объектер, әрекеттер, белгілерді атап айтып отуруын
ынталандырып
отыру қажет, бұл толық және дәлелді
түсініктердің қалыптасады, сөздік молаяды. Қысқаша
түсіндірмелер,қысқаша
тақпақтар,мақал, ырымдарды айтуға
болады.
Бақылаусыз оқыту балаларға сезімдік негізі жоқ формальді
білімді береді.
Суреттер, репродукциялар, слайдттарды, диафильмдерді,
видеофильмдерді және басқада көрнекі құралдарын
демонстрациялау (көрсету)
– мектепке дейінгі жастағы
балаларды оқытудағы бір қатар дидактикалық мақсаттарды
шешетін маңызды әдіс. Көрнекі құралдар балаға таныс және
таныс емес заттардың бейнесін береді. Суреттер, сызбалар
көмегімен
балаларда
статикалық
көрнекі
бейнелер
қалыптасады.Оқытудың
техникалық
құралдары
(ОТҚ)
динамикалық көрнекі бейнелерді жасауға пайдаланады.
Суретте (сонымен бірге ОТҚ арқылы көрсетілген) затты,
оның құрамдас бөліктерін, бала өмірде кейде байқамайтын
қасиеттерін анықтап көруіге болады.
Осының арқасында
қоршаған әлем туралы түсініктерді анықтау, кеңейту, тереңдету
жүзеге асырылады.
265
Сонымен қатар, осылар арқылы байқағыштықты, ой
процестерін (салыстыру, ажырату, жалпылау, талдау), сөз қорын
кеңейту, қызығушылыққа әсер етуді дамытуға көмек береді.
Сурет қиялға, шығармашылық қызметке азық береді.
Демонстрациялық көрнекі құралдар баланың ой-өрісінің
кеңеюінде үлкен роль атқарады, өйткені үйренушілердің
тәжірибесінде жоқ, тікелей
қабылдай алмайтын оқиғалар,
құбылыстар, заттар тұралы түсінік беруге мүмкіндік береді.
Мысалы, әртүрлі географиялық ендіктердегі жануарлар, өткен
жылдар оқиғалары, үлкендердң еңбегі,
қалалар мен елдер және
т.б.
Мектепке дейінгі мекемелерде
Достарыңызбен бөлісу: