208
түсіндіру,
талқылау әдістерін пайдаланады, еңбек қызметін
жүзеге асырудың жеке тәсілдерін үйретуді, бағалауды (суды
жеңдерге құйып алмау үшін шүберекті қалай сығу керек және
т.б.) қолданады. Мектепке дейінгі балаларға барлық адамдар
үшін және жеке адам үшін шаруашылық-тұрмыстық
еңбектің
маңыздылығын түсіндіруді қалыптастыру маңызды. Бұл жұмыс
балаға өзі өмір сүретін ортаны әдемі және жағымды жасай
алатындығын көрсетуге мүмкіндік береді. Тәрбиеші әрдайым
балалардың назарын осы жағына аударады.
Егер әрқайсымыз
жан-жағымыз әдемі болу үшін қамқорлық көрсетсек, онда
ешкім қағаздың бір бөлігін еденге тастамайды және әрине,
қабырғаға немесе жылдам сатыға сурет салмайды. Өз үйін
жақсы көрмейтіндер ғана мұндай істей алады. Бұл ересек
адамның ескертуінсіз бейберекетті байқауға мүмкіндік береді.
Заманауи тұрмыстық еңбекті техника жеңілдетіп отыр.
Техника мектепке дейінгі ұйымдарда да бар (шаңсорғыш,
терезерді, еденді жууға арналған механикалық щетка және т.б.).
Көптеген балалардың отбасында үйлерінде
кіржуатын және
ыдыс-аяқ жуатын машина, қысқа толқынды пеш және т.б. бар.
Бала ересек адамның бұл техникалармен қалай пайдаланып
жүргенін көреді. Балаларды тұрмыстық машиналармен қалай
пайдалану керек екенін үйреткен абзал. Үйде
бала едендегі
кілемді шаңсорғышпен тазарта алады, кіржуатын машинаның
жұмысын бақылайды. Балаларды қауіпсіздік ережелерімен
міндетті түрде таныстыру керек
және оларды техникамен
жалғыз қалдырмау керек. Бірақ ересек адамның бақылауымен
немесе бірге техникамен пайдалана отырып, шаруашылық-
тұрмыстық еңбекпен айналаса алады.
Мектепке дейінгі жастағы үлкен
балаларда еңбектің осы
түріне деген қызығушылық жоғалатынын тәжірибе көрсетіп
отыр. Себебі, бала қажетті дағдыларды толық игеріп алды.
Балалар олардан талап етілген нәрсенің бәрін орындайды:
ойыншықтарды жуады, төсек-орынды жинайды және т.б., бірақ
осының бәрін құлықсыз жасайды. Шаруашылық-тұрмыстық
еңбектің мазмұны міндеттер шеңберінің кеңеюіне қарай немесе
үйренген дағдыларын пайдалану үшін жаңа нысандарды енгізу
есебінен күрделенуі мүмкін (әдеттегідей, ойыншықтарға
арналған шкафтың ғана шанын сүртпей, жатын бөлмедегі терезе
алдындағы, жиһаздағы шаңды сүрту) .
Мектепке дейінгі
мекемелерде балалардың игерген шаруашылық-тұрмыстық