222
шарттар
материалдық орта мен еңбек жабдықтарын
ұйымдастыру
болып табылады. Еңбек жабдықтарына -
олардың мөлшеріне, материалына, түсіне және мектеп жасына
дейінгі балалардың жұмысын ұйымдастыруға белгілі бір
талаптар бар. Талаптарды міндетті түрде орындау керек, себебі
бұл балалар денсаулығының, ал кейде өмірінің кепілі болып
табылады(Балабақшада
балалардың
адамгершілік-еңбек
тәрбиесі / Р.С.Буре ред. — М., 1987
кітабының қосымшасын
қарау). Адамгершілік тәрбие тұрғысынан қарағанда, жабдықты
дұрыс таңдау да маңызды. Бұл жағдай еңбектің нақты
ұйымдастырылуына, еңбекке уақытында қосылуға ықпал етеді.
Жабдық барлық балалар үшін жеткілікті болуы тиіс. Әрине,
балаға: «Күте тұр, қазір Сережа қазсын, сосын күректі саған
береді. Содан кейін сен қазатын боласын»,- деп айтуға да
болады. Бірақ тәрбиешінің жабдықты қажетті мөлшерде алдын-
ала таңдағаны, ал
егер жеткіліксіз болса, басқа балалар не
істейтінін ойлағаны дұрыс. Дұрыс ұйымдастырылмаған еңбек
балаларға
кедергі
келтіреді
және
жұмысқа
деген
қызығушылығын төмендетеді. Мүмкін болса, тұрмыстық
техниканы пайдалану қажет.Балалар құрал-жабдықты қолданар
алдында оларға тиісті әдістер мен амалдарды үйрету керек:
оларды қолында ұстауға, тіпті ойнап көруге мүмкіндік беру,
содан кейін іс-қимыл тәсілін көрсету. Осыдан кейін ғана
жұмыстың басталуы туралы жариялайды.
Еңбек тапсырмаларын орындау кезінде баланың жасай
алатын жұмыс жүктемесін ескеру өте маңызды.
Балаларға аса
көп жұмыс жүктеу қауіпті. Баланың өзіне өте ауыр су, құм толы
шелектерді көтеруін, ұзақ әрі көп қазуын, ұзақ уақыт бойы бір
қалыпта отыруын және т.б. мүлде болдырмау керек. Шаршау
жұмысқа
қызығушылықты
азайтады,
сонымен
қатар
денсаулыққа зиян тигізеді. Дегенмен, керісінше, балаға ол үшін
оңай міндеттер ұсынылғанда немесе кішкентай балаларға
жарамды «балалар» құралдарын ұсынғанда немесе ауыр
жұмысқа жарамсыз болып келетін ойыншық құралдарды берген
дұрыс емес.
Балалардың жұмысқа деген ұмтылысын қолдайтын жағдай
осы немесе басқа еңбекке бейім жеке мүдделерді
қарастыру
болып табылады. Бұл мәселе әрдайым мамандар үшін пікірталас
тақырыбы болып келді және осылай қала береді. Балалардың
мүдделерін есепке алу қажет пе, себебі оларды кез-келген
223
жұмысты ықыласпен және қызығушылықпен атқаруға үйрету
керек пе? Бұл сұраққа жауап бастапқы әдістемелік ұстанымға
байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Егер біз дара тәрбие үлгісін
қолданатын болсақ, онда балалардың мүдделерін ескеру қажет.
Әрине, балаға көп нәрсені білетін және қандай да бір жұмыстан
бас тартпайтын адамның артықшылығын көрсету қажет. Баланы
жұмыс істеуге мәжбүрлеуге болмайды. Тәрбиелік әсердің
шеберлігі баланың жұмыс істеуге құлшынысын оята білген
педагогтың қабілетімен өлшенеді.
Еңбекпен жазалауға жол берілмейді. Бұл ережені А.С.
Макаренко
енгізген еді, бірақ ол бүгінгі күні өзектілігін
жоғалтпады.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін еңбек - пайдалы және
маңызды қызмет. Бұл баланың жалпы дамуына: танымдық
салаға, ерікті, эмоционалдық даму; эстетикалық сезімдерді,
адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, өзін-өзі бағалауды
дамытуға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: