СРОК ХРАНЕНИЯ - период времени, в течение которого пищевой продукт при соблюдении установленных условий хранения сохраняет все свойства, указанные в нормативных документах (ст. 1 ЗРК «О качестве и безопасности пищевых продуктов» от 8 апреля 2004 года № 543)
|
САҚТАУ МЕРЗІМІ - белгіленген сақтау талаптары орындалған жағдайда тамақ өнімінің нормативтік құжаттарда көрсетілген барлық қасиеттері сақталатын уақыт кезеңі («Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 543 ҚРЗ 1-бап)
|
СРОК ХРАНЕНИЯ ЛЕКАРСТВЕННОГО СРЕДСТВА - период времени, в течение которого лекарственное средство при определенных условиях хранения соответствует требованиям аналитической нормативной документации (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)
|
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ САҚТАУ МЕРЗІМІ - дәрілік заттар сақталудың белгілі бір шарттары жағдайында талдамалық нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес келетін уақыт кезеңі («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)
|
СРОКИ ДАВНОСТИ - сроки давности, предусмотренные статьями 69 и 75 Уголовного кодекса, при освобождении несовершеннолетних от уголовной ответственности или от отбывания наказания сокращаются наполовину (ст. 85 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)
|
ЕСКІРУ МЕРЗІМІ - Қылмыстық кодекстің 69 және 75-баптарында көзделген ескіру мерзімі кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан немесе оның жазасын өтеуінен босату кезінде тең жартысына қысқартылады (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР КК 85-бап)
|
СРОКИ ПОГАШЕНИЯ СУДИМОСТИ - для лиц, совершивших преступления до достижения возраста восемнадцати лет, сроки погашения судимости, предусмотренные статьей 77 Уголовного кодекса, сокращаются и соответственно равны: четырем месяцам после отбытия более мягких видов наказания, чем лишение свободы; одному году после отбытия лишения свободы за преступление небольшой или средней тяжести; трем годам после отбытия лишения свободы за тяжкое или особо тяжкое преступление (ст. 86 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)
|
СОТТЫЛЫҚТЫ ЖОЮ МЕРЗІМДЕРІ - он сегіз жасқа толғанға дейін қылмыс жасаған адамдар үшін Қылмыстық кодекстің 77-бабында көзделген соттылықты жою мерзімдері қысқартылады және тиісінше: бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңіл түрлерін өтегеннен кейін төрт айға; кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейін бір жылға; ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтегеннен кейін үш жылға тең болады (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 86-бап)
|
СРОК ХРАНЕНИЯ - период времени, в течение которого пищевой продукт при соблюдении установленных условий хранения сохраняет все свойства, указанные в нормативных документах (ст. 1 ЗРК «О качестве и безопасности пищевых продуктов» от 8 апреля 2004 года № 543)
|
САҚТАУ МЕРЗІМІ - белгіленген сақтау талаптары орындалған жағдайда тамақ өнімінің нормативтік құжаттарда көрсетілген барлық қасиеттері сақталатын уақыт кезеңі («Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 543 ҚРЗ 1-бап)
|
СРОЧНАЯ ВОИНСКАЯ СЛУЖБА - воинская служба граждан мужского пола, основанная на их призыве в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования в порядке, определенном законом «О воинской обязанности и воинской службе» (ст. 1 ЗРК «О воинской обязанности и воинской службе» от 8 июля 2005 года № 74)
|
МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ - еркек жынысты азаматтарды «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңда айқындалған тәртіппен қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға шақыруға негізделген әскери қызмет («Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 ҚРЗ 1-бап)
|
СТАВКА ВОЗНАГРАЖДЕНИЯ ПО ВКЛАДУ - процентная ставка, начисляемая жилищным строительным сберегательным банком по договору о жилищных строительных сбережениях на фактически накопленный остаток вклада по итогам года в соответствии с внутренними документами жилищного строительного сберегательного банка (ст. 2 ЗРК «О жилищных строительных сбережениях в РК» от 7 декабря 2000 года № 110)
|
САЛЫМ БОЙЫНША СЫЙАҚЫ СТАВКАСЫ - тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің ішкі құжаттарына сәйкес жыл қорытындылары бойынша салымның іс жүзінде жинақталған қалдығына тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ банкі есептейтін проценттік ставка («ҚР тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 110 ҚРЗ 2-бап)
|
СТАВКА ВОЗНАГРАЖДЕНИЯ ПО ЗАЙМУ - процентная ставка, оплачиваемая вкладчиком по договорам о жилищных строительных сбережениях и банковского займа, за предоставленный жилищным строительным сберегательным банком заем в процентном выражении к основному долгу из расчета годового размера денег, причитающихся жилищному строительному сберегательному банку (ст. 2 ЗРК «О жилищных строительных сбережениях в РК» от 7 декабря 2000 года № 110-II)
|
ЗАЕМ БОЙЫНША СЫЙАҚЫ СТАВКАСЫ - тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне тиесілі ақшаның жылдық мөлшерін есептеуден негізгі борышқа проценттік қатынаста тұрғын үй құрылысы жинақ банкі берген заем үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы мен банк заемы туралы шарттар бойынша салымшы төлейтін проценттік ставка («ҚР тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 110 ҚРЗ 2-бап)
|
СТАВКА ДОБРОВОЛЬНЫХ ПЕНСИОННЫХ ВЗНОСОВ - размер платежа в накопительный пенсионный фонд, определяемый договором о пенсионном обеспечении за счет добровольных пенсионных взносов (cт. 1 ЗРК «О пенсионном обеспечении в РК» от 20 июня 1997 года № 136-І)
|
ЕРІКТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫНЫҢ СТАВКАСЫ - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін төлемнің мөлшері («ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 ҚРЗ 1-бап)
|
СТАВКА ДОБРОВОЛЬНЫХ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫХ ПЕНСИОННЫХ ВЗНОСОВ - размер платежа в накопительный пенсионный фонд, определяемый договором о пенсионном обеспечении за счет добровольных профессиональных пенсионных взносов и Законом РК «О пенсионном обеспечении в РК» (ст. 1 ЗРК «О пенсионном обеспечении в РК» от 20 июня 1997 года № 136-І)
|
ЕРІКТІ КӘСІПТІК ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫНЫҢ СТАВКАСЫ - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңда белгіленген төлемнің мөлшері («ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 ҚРЗ 1-бап)
|
СТАВКАОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЕНСИОННЫХ ВЗНОСОВ - размер платежа в накопительный пенсионный фонд, выраженный в процентном отношении к доходу вкладчика, принимаемому для исчисления пенсионных взносов (ст. 1 ЗРК «О пенсионном обеспечении в РК» от 20 июня 1997 года № 136-І)
|
МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫНЫҢ СТАВКАСЫ - салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірісіне проценттік қатынаспен көрсетілген жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшері (ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 ҚРЗ 1-бап)
|
СТАВКА СОЦИАЛЬНЫХ ОТЧИСЛЕНИЙ - фиксированный размер обязательных платежей в Фонд, выраженный в процентном отношении к величине объекта исчисления социальных отчислений (ст. 1 ЗРК «Об обязательном социальном страховании» от 25 апреля 2003 года № 405)
|
ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАР СТАВКАСЫ - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің шамасына проценттік қатынаспен көрсетілген, Қорға төленетін міндетті төлемдердің тіркелген мөлшері («Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
СТАЖЕР НОТАРИУСА - граждане РК, имеющие высшее юридическое образование и прошедшие аттестацию в аттестационной комиссии юстиции. Стажеры проходят стажировку у нотариусов, занимающихся частной практикой, или у государственных нотариусов на основании договора о стажировке. Для лиц, имеющих стаж работы по юридической специальности не менее двух лет, срок стажировки может быть сокращен совместным решением территориального органа юстиции и нотариальной палаты. Продолжительность стажировки не может быть менее трех месяцев. Порядок, сроки и условия прохождения стажировки стажерами нотариусов определяются Положением о стажерах нотариусов, утверждаемым Министерством юстиции РК (ст. 7 ЗРК «О нотариате» от 14 июля 1997 года № 155)
|
НОТАРИУСТЫҢ СЫНАҚТАН ӨТУШІЛЕРІ - жоғары заң білімі бар және аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен ҚР азаматтары нотариустың сынақтан өтушілері бола алады. Сынақтан өтушілер сынақтан өту туралы шарт негізінде жеке практикамен айналысатын нотариустар да немесе мемлекеттік нотариустар да сынақтан өтеді. Заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар адамдар үшін аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімімен сынақтың мерзімі қысқартылуы мүмкін Сынақтың ұзақтығы үш айдан кем болмауы керек. Нотариустардың сынақтан өтушілерінің сынақтан өтуінің тәртібі, мерзім мен шарттары ҚР Әділет министрлігі бекітегін Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережемен белгіленеді («Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155 ҚР3 7-бап)
|
СТАЛИЙНОЕ ВРЕМЯ - период времени, в течение которого судно находится под погрузкой без дополнительной к фрахту оплаты (ст. 1 ЗРК «О торговом мореплавани» от 17 января 2002 года № 284)
|
СТАЛИЯЛЫҚ УАҚЫТ - жалдау ақысына қосымша төлемсіз, кеме жүк тиеуде тұратын уақыт кезеңі («Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
СТАНДАРТ - документ, который в целях многократного и добровольного использования устанавливает правила, общие принципы и характеристики к объектам технического регулирования, утвержденный в порядке, предусмотренном уполномоченным органом (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)
|
СТАНДАРТ - уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)
|
СТАНДАРТ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ - документ, регламентирующий организацию и осуществление медицинской и врачебной деятельности (ст. 1 ЗРК «О системе здравоохранения» от 4 июня 2003 года № 430)
|
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ СТАНДАРТЫ - медициналық және дәрігерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыруды регламенттейтін құжат («Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
СТАНДАРТ ОРГАНИЗАЦИИ - стандарт, утвержденный организацией (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)
|
ҰЙЫМ СТАНДАРТЫ - ұйым бекіткен стандарт («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)
|
СТАНДАРТ ПОРОДЫ - минимальные требования для породы по продуктивности, типу телосложения и происхождению, предъявляемые при оценке животных, установленные нормативными документами, утвержденными уполномоченным государственным органом в области племенного животноводства (ст. 1 ЗРК «О племенном животноводстве» от 9 июля 1998 года № 278)
|
ТҰҚЫМ СТАНДАРТЫ - малды бағалаған кезде өнімділігі, тұрқының типі мен шығу тегі жөнінен тұқымға қойылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нормативтік құжаттарда белгіленген ең төмен талаптар («Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 ҚРЗ 1-бап)
|
СТАНДАРТ ФИНАНСОВОЙ ОТЧЕТНОСТИ - документ, устанавливающий принципы и методы ведения бухгалтерского учета и составления финансовой отчетности (ст. 1 ЗРК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года № 234)
|
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК СТАНДАРТЫ - бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау принциптері мен әдістерін белгілейтін құжат («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 ҚРЗ 1-бап)
|
СТАНДАРТИЗАЦИЯ - деятельность, направленная на достижение оптимальной степени упорядочения требований к продукции, услуге и процессам посредством установления положений для всеобщего, многократного и добровольного использования в отношении реально существующих и потенциальных задач (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)
|
СТАНДАРТТАУ - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)
|
СТАНДАРТНЫЙ ДОГОВОР - договор обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств, заключаемый физическим или юридическим лицом, являющимся владельцем транспортного средства, указанного в страховом полисе, и действующий в отношении одного или нескольких застрахованных лиц (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств» от 1 июля 2003 года № 446)
|
СТАНДАРТТЫ ШАРТ - сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралының иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлғамен жасалатын және бір немесе бірнеше сақтандырылушы тұлғаға қатысты қолданылатын көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты («Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
СТАНДАРТЫ ОЦЕНКИ - нормативный документ, разрабатываемый в соответствии с законодательством РК и утверждаемый уполномоченным государственным органом по стандартизации, метрологии и сертификации, в котором устанавливаются для всеобщего и многократного использования правила, принципы и характеристики в области оценочной деятельности (ст. 2 ЗРК «Об оценочной деятельности в РК» от 30 ноября 2000 года № 109)
|
БАҒАЛАУ СТАНДАРТТАРЫ - ҚР заңдарына сәйкес әзірленетін және стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, бағалау қызметі саласындағы ережелер, принциптер және сипаттамалар жалпыға бірдей және бірнеше қайтара пайдалану үшін белгіленетін нормативтік құжат («ҚР бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы № 109 ҚРЗ 2-бап)
|
СТАНЦИОННЫЕ ПУТИ - железнодорожные пути в границах железнодорожной станции, за исключением подъездных путей (ст. 1 ЗРК «О железнодорожном транспорте» от 8 декабря 2001 года № 266)
|
СТАНЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАР - кірме жолдарды қоспағанда, темір жол станциясының шекарасындағы темір жолдар («Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
СТАТИСТИЧЕСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ - деятельность, связанная со сбором, обработкой и распространением количественных данных массовых явлений в обществе на основе статистических стандартов (ст. 2 ЗРК «О государственной статистике» от 7 мая 1997 года № 98-І)
|
СТАТИСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ - қоғамдағы бұқаралық сипаты бар құбылыстардың сандық деректерін статистикалық стандарттар негізінде жинауға, өңдеуге және таратуға байланысты қызмет («Мемлекеттік статистика туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы № 98-1 ҚРЗ 2-бап)
|
СТАТУС СПАСАТЕЛЕЙ - совокупность прав и обязанностей спасателей, установленных законодательством РК (ст. 1 ЗРК «Об аварийно-спасательных службах и статусе спасателей» от 27 марта 1997 года № 87-І)
|
ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ МӘРТЕБЕСІ - ҚР заңдарымен белгіленген құтқарушылардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы («Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы № 87 ҚРЗ 1-бап)
|
СТАЦИОНАРНАЯ ПАСЕКА - пасека, размещенная на постоянном месте в течение года (ст. 1 ЗРК «О пчеловодстве» от 12 марта 2002 года № 303)
|
ТҰРАҚТЫ ОМАРТА - бір жыл бойы тұрақты жерде орналастырылған омарта («Бал ара шаруашылығы туралы» 2002 жылғы 12 наурыздағы № 303-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
СТАЦИОНАРНАЯ ПОМОЩЬ - форма предоставления квалифицированной, специализированной и высокоспециализированной медицинской помощи с круглосуточным медицинским наблюдением (ст. 29 ЗРК «О системе здравоохранения» от 4 июня 2003 года № 430)
|
СТАЦИОНАРЛЫҚ КӨМЕК - тәулік бойы медициналық бақылауы бар білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету нысаны («Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430 ҚРЗ 29-бап)
|
СТАЦИОНАРНЫЕ ПОМЕЩЕНИЯ - капитальные здания, сооружения или их часть, оборудованные водоснабжением, энергоснабжением и канализацией, имеющие фундамент, и перемещение которых невозможно без нанесения ущерба их несущей конструкции (cт. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции» от 16 июля 1999 года № 429)
|
СТАЦИОНАРЛЫҚ ҮЙ-ЖАЙЛАР - сумен, энергиямен және канализациямен жабдықталған, іргетасы бар және оларды тіреуіш конструкциясына зиян келтірмей орнынан ауыстыру мүмкін емес күрделі құрылыстар, ғимараттар немесе олардың бөліктері («Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429 ҚРЗ 1-бап)
|
СТАЦИОНАРОЗАМЕЩАЮЩАЯ ПОМОЩЬ - форма предоставления доврачебной, квалифицированной, специализированной и высокоспециализированной медицинской помощи с медицинским наблюдением продолжительностью от четырех до восьми часов в течение дня (ст. 30 ЗРК «О системе здравоохранения» от 4 июня 2003 года № 430)
|
СТАЦИОНАРДЫ АЛМАСТЫРАТЫН КӨМЕК - бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін болатын медициналық бақылауы бар дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету нысаны («Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430 ҚРЗ 30-бап)
|
СТИПЕНДИЯ - сумма денег, предоставляемая обучающемуся для частичного покрытия расходов на питание, проживание и приобретение учебной литературы (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)
|
СТИПЕНДИЯ - білім алушыларға олардың тамағына, тұруына және оқу әдебиетін сатып алуына жұмсалатын шығындарды ішінара өтеу үшін берілетін ақша сомасы («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
|
СТИХИЙНОЕ БЕДСТВИЕ - бедствие, вследствие которого возникла чрезвычайная ситуация (ст. 1 ЗРК «О чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера» от 5 июля 1996 года № 19)
|
ДҮЛЕЙ ЗІЛЗАЛА - төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан зілзала («Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19-І ҚРЗ 1-бап)
|
СТОИМОСТЬ ЖИЛИЩА - рыночная стоимость жилища, определяемая на день совершения сделки (ст. 2 ЗРК «О жилищных отношениях» от 16 апреля 1997 года № 94-І)
|
ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰНЫ - тұрғын үйдің мәміле жасалған күні белгіленетін нарықтық құны («Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 ҚРЗ 2-бап)
|
СТОИМОСТЬ ЧИСТЫХ АКТИВОВ ИНВЕСТИЦИОННОГО ФОНДА - денежное выражение стоимости активов инвестиционного фонда, определяемое как разница между стоимостью всех активов инвестиционного фонда и его обязательствами либо начисленными расходами, подлежащими оплате за счет активов инвестиционного фонда (ст. 1 ЗРК «Об инвестиционных фондах» от 7 июля 2004 года № 576)
|
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРДЫҢ ТАЗА АКТИВТЕРІНІҢ ҚҰНЫ - инвестициялық қордың барлық активтерінің құны мен оның инвестициялық қор активтері есебінен төленуге жататын міндеттемелері не есептелген шығыстары арасындағы айырма ретінде айқындалатын инвестициялық қор активтері құнының ақшалай көрінісі («Инвестициялың қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 576 ҚРЗ 1-бап)
|
СТОЛИЦА РК - административно-политический центр государства, место нахождения Президента, Парламента, Правительства, Конституционного Совета, Верховного суда, Генеральной прокуратуры и центральных исполнительных органов РК (ст. 1 ЗРК «О статусе столицы РК» от 20 мая 1998 года № 230)
|
ҚР АСТАНАСЫ - мемлекеттің әкімшілік-саяси орталығы, ҚР Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының, Бас Прокуратурасының және орталық атқарушы органдарының орналасқан жері («ҚР астанасының мәртебесі туралы» 1998 жылғы 20 мамырдағы № 230 ҚРЗ 1-бап)
|
СТОЛОВАЯ - объект общественного питания с самостоятельным обслуживанием потребителей (ст. 10 ЗРК «О регулировании торговой деятельности» от 12 апреля 2004 года № 544)
|
АСХАНА - тұтынушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру объектісі («Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 ҚРЗ 10-бап)
|
СТОРОНА ЗАЩИТЫ - подозреваемый, обвиняемый, их законные представители, защитник, гражданский ответчик и его представитель (ст. 7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)
|
ҚОРҒАНУ ТАРАБЫ - сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкілі (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)
|
СТОРОНА ОБВИНЕНИЯ - органы уголовного преследования, а также потерпевший (частный обвинитель), гражданский истец, их законные представители и представители (ст. 7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)
|
АЙЫПТАУ ТАРАБЫ - қылмыстық ізге түсу органдары, сондай-ақ жәбірленуші (жеке айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері мен өкілдері (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)
|
СТОРОНЫ - органы и лица, осуществляющие в судебном разбирательстве на основе состязательности и равноправия обвинение (уголовное преследование) и защиту (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств» от 1 июля 2003 года № 446)
|
|