РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
7
берушілер, талапкерлер, ҚР мен әлемдік басқа жоо-лар және т.б. болып табыла-
ды.
·
Инновациялық білім беру: Ғылыми ізденіс және ғылыми-зерттеу
жұмыстарының нәтижелерін коммерциялау дағдысына ие мамандарды дайын-
дау
мақсатында білімді, ғылымды және өндірісті біріктіру.
·
Институционалдық аккредиттеу: Стандарттар мен өлшемдерге сәйкес
білім беру ұйымдары қызметін тұтастай аккредиттеу;
·
Ақпараттық ресурстар: Кітапхана қорының, электронды оқыту
материалдарының
және
басқа
да
қолжетімді
оқыту-әдістемелік
қамсыздандырудың жиынтығы.
·
Қорытынды мемлекеттік аттестаттау: Мемлекеттік емтихандарды
тапсыру және диплом жұмыстарын (жобаларын) қорғау.
·
Қорытынды бақылау: Аралық аттестаттау кезеңінде (емтихан сессиясы)
студенттердің білімін бағалау.
·
Білім беру сапасы: Студенттер мен түлектердің білім деңгейіннің мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және жоғары оқу орны белгілеген
қосымша талаптарға сәйкестігі.
·
Білім беру қызметінің маркетингі: Нарықта құндылығы бар мамандарды
әзірлеу мақсатында білім беру қызметін өндіруге шақыратын тұтынушылардың
қажеттілігі мен мұқтаждығын қанағаттандыруды зерттеуге бағытталған жоғары
оқу орны қызметінің түрі.
·
Білім беру қызметінің мониторингі: Білім беру қызметінің үрдістері мен
рәсімдері туралы мәліметтерді жинау және талдау.
·
Білім беру бағдарламасы: Біліктілік және/немесе «бакалавр» академиялық
дәрежесін беретін мамандарды даярлауға бағытталған жоғары білімнің кәсіби
оқу бағдарламасы.
·
Рұқсат рейтингісін бағалау: академиялық кезең аралығындағы пән бойын-
ша қорытынды бағалауға кіретін студенттің ағымдағы жұмысын бағалау.
·
Рейтингті бағалау: Шептік бақылау кезеңінде семестрде екі рет анықталатын
студенттің ағымдағы үлгерімінің көрсеткіші.
·
Тұтынушы: өнімді немесе қызметті алушы ұйым немесе тұлға (білім алушы-
лар,
олардың ата-анасы, жұмыс берушілер, мемлекет).
·
Өндірістік қызмет: Шаруашылық келісімдердің шеңберінде өндірістік
кәсіпорындар, ұйымдар мен фирмалардың тапсырысы бойынша ғылыми
жұмыстарды орындау.
·
Білім алушыларды аралық аттестаттау: білім алушылардың оқу пәнін
оны оқу бағдарламасына сәйкес зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру деңгейін
бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.
·
Рәсім: Іс-әрекетті немесе үрдісті жүзеге асырудың қалыптасқан тәсілі.
·
Үрдіс: «Кірістерді» «шығыстарға» түрлендіретін өзара байланысты және
дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы.
·
Нәтижелілік: Жоспарланған іс-әрекеттің іске асырылу және жоспарланған
нәтижелерге қол жеткізу дәрежесі.
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
8
·
Шептік бақылау: Рейтингтік бағалауды қою арқылы семестр ішінде
студенттерді аттестаттау (семестрде екі рет өткізіледі).
·
Сапа жүйесі: Бекітілген ережелер мен қабылданған әдістемелерге сәйкес
сапа менеджментінің белгілі қызметтерін орындайтын ұйымдағы лауазымдық
тұлғалар мен бөлімшелердің жиынтығы.
·
Стратегиялық құжаттар: жоғары оқу орнының ұзақ мерзімдегі
стратегиялық даму болашағын анықтайтын құжаттар, атап айтсақ, миссия, көрініс,
стратегия (немесе бөлімшелер, деңгейлер мен бағыттардың стратегиялары) және
ЖОО-ның іс-әрекет жоспарлары.
·
Студенттердің үлгерімін ағымдағы бақылау: Бұл кәсіптік оқу
бағдарламасына сәйкес, оқу кестесіне сай ағымдағы оқытушының дәрісі бары-
сында білім алушылардың білімін жүйелі түрде тексеру.
·
Тұтынушылар мұқтаждығының қанағаттандырылуы: Тұтынушы
талаптарының орындалу дәрежесін тұтынушылармен қабылдануы.
·
Басқарушылық құжаттама: Лауазымдық нұсқаулық, құрылымдық
бөлімшелер туралы ереже, үрдістерді басқару, әртүрлі рәсімдерді қолдану, жо-
спарлау бойынша құжаттама.
·
Емтихан сессиясы: Жоғары оқу орындарында студенттерді аралық аттестат-
тау кезеңі.
·
Тиімділік: Қол жеткізілген нәтиже мен пайдаланылған ресурстар арасындағы
байланыс.
5. Белгілеулер мен қысқартулар
Осы стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Техникалық рет-
теулер туралы» заңдарына, 5.04.019-2011 ҚР МЖМБС, 5.04.033-2011 ҚР МЖМБС,
5.04.034-2011 ҚР МЖМБС сәйкес қысқартулар қолданылады.
Осы стандартта келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылады:
·
ААЖ – автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
·
АКТ – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
·
АРТА – Аккредиттеу және
рейтингтің тәуелсіз агенттігі;
·
ӘБҚ – әкімшілік-басқару қызметкерлері;
·
БАӨЖ –
білім алушының өзіндік жұмысы;
·
ҒЗЖ – ғылыми-зерттеу жұмысы;
·
ҒК –
ғылыми кеңес;
·
ҒӨҚ – ғылыми-өндірістік қызметі;
·
ЖОЖ – жұмыс
оқу жоспары;
·
ЖОО – жоғары оқу орны;
·
МЖМБС – мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарттары;
·
ОКП – оқу-көмекші персонал;
·
ОТЖ – оқу-тәрбие жұмысы;
·
ПОӘК –
пәннің оқу-әдістемелік кешені;