Руководство по проведению самооценки для институциональной аккредитации высших учебных заведений



жүктеу 2,84 Kb.
Pdf просмотр
бет14/58
Дата01.12.2017
өлшемі2,84 Kb.
#2587
түріРуководство
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
32
көтерудің қандай түрлері бар? 
· Студенттерде  өздерінің  оқу  шарттары  мен  спектрімен  танысудың  қандай 
мүмкіндіктері бар?  
· Студенттер  мен  түлектердің  білім  алуды  жалғастыру  мұқтаждығы  қалай 
бағаланады? Білім алушылардың осы мүмкіндікпен қанағаттануын бағалау қалай 
өткізіледі? 
«10.2.23  Шетелдік  жоғары  оқу  орындарымен  бірлескен  білім  беру 
бағдарламалардың бар болуы және білім беру үдерісіне қазақстандық ғылыми-
зерттеу ұйымдарын тартуы маңызды фактор болып табылады». 
· Бірлескен білім беру бағдарламалары туралы келісім-шартқа отыру тәртібін 
сипаттаңыз.  
· Бірлескен білім беру бағдарламаларының және Сіздің ЖОО-дағы дәл сондай 
бағдарламалардың мазмұнын салыстырыңыз. 
· Бірлескен білім беру бағдарламаларының қолданыста болу қажеттілігі қалай 
анықталады?  Осындай  бағдарламаларды  әзірлеу  мен  жүзеге  асыру  туралы 
шешімді қандай деңгейде қабылдайды және кім бастамашы болады? 
· Білім беру бағдарламаларының сапасын мониторингтен өткізу қалай жүзеге 
асырылады? 
· Серіктес ЖОО-ға қандай талаптар қойылады? 
· Серіктес ЖОО-да алған білімнің сапасын бағалау қалай жүзеге асырылады? 
· ЖОО-ның  білім  беру  үдерісіне  қазақстандық  ғылыми-зерттеу  ұйымдарын 
тарту тәжірибесін сипаттаңыз. 
· Білім  беру  бағдарламаларын  дамытуға  қазақстандық  ғылыми-зерттеу 
ұйымдары қандай үлес қосуда? 
«10.2.24  Білім  алушылар  мен  профессорлық-оқытушы  құрамының 
академиялық  ұтқырлық  (басқа  да  қазақстандық  және  шетел  жоғары  оқу 
орындарында  белгілі  уақыт  бойы  оқу  мүмкіндігі,  профессорлық-оқытушы 
құрамымен  академиялық  алмасу)  және  білім  алушылардың  академиялық 
ұтқырлық нәтижелерін мойындау бойынша механизмнің бар болуы маңызды 
фактор болып табылады».
· ЖОО-да  білім  алушылар  мен  профессорлық-оқытушы  құрамының 
академиялық ұтқырлығы үшін қандай мүмкіндіктер бар? 
· Академиялық  ұтқырлық  бойынша  қандай  ЖОО-лармен  келісім-шарттар 
жасалған? 
· Бұл ЖОО-ның қандай нормативтік құжатымен реттелген? 
· Академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері туралы білім алушылар мен ПОҚ-ты 
ақпараттандыру қалай жүзеге асады? 
· Білім  алушылар  мен  профессорлық-оқытушы  құрамының  академиялық 
ұтқырлығын кім қаржыландырады? 
· Сіздің ЖОО-ға және сіздің ЖОО-дан басқа ЖОО-ларға академиялық ұтқырлық 
ағымдарын сипаттаңыз. 
· Академиялық  ұтқырлық  ағымдарын,  соның  ішінде  Қазақстан  ішінде,  ше-
тел  ЖОО-ларымен,  виртуалды  академиялық  оралымдылықты  көрсететін 


РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
33
статистикалық мәліметтерді келтіріңіз. 
· Академиялық ұтқырлық мониторингін кім жүзеге асырады? 
· Академиялық ұтқырлықты мақсатты кеңейту бойынша қандай іс-әрекеттер 
жасалады? 
· Оның нәтижелерін талдауды кім жүзеге асырады? 
· Академиялық ұтқырлық нәтижелерін мойындау тетіктерін жазып беріңіз. 
· Басқа  ЖОО-да  оқылған  пәндерді  қайта  тапсыру  туралы  шешімді  кім  және 
қалай қабылдайды?  
· Кредиттерді қайта тапсыру үшін қандай құжаттар негіз болады? 
«10.2.25 ЖОО білім алушылардың пәнді оқу барысында меңгерген білімін, 
дағдылары  мен  қасиеттерін  объективті,  нақты,  толық  бағалау  механизімінің 
және апелляцияның алқалы механизмі мен кәсіби апелляциялық бағалаудың 
бар болуын және тиімді қызмет жасауын қамтамасыз етуі қажет».
· Бағалау  жүйесі  қандай?  Білім  алушыларда  қалыптасқан  дағдыларды, 
біліктіліктер мен қасиеттерді, білімін бағалау қалай жүргізілетінін жазып беріңіз. 
· Бұл ЖОО-ның қандай нормативтік құжаттарымен реттеледі? 
· Студенттер  олардың  білімдерін  бағалау  тәртібі  туралы  қалай  хабардар 
етіледі? 
· Бағалау рәсімдері бағалау өлшемдерін жеткілікті түрде түсінікті анықтайды 
ма? 
· Студенттердің  білімін  бағалау  рәсімінің  тәуелсіздігін  және  әділдігін 
дәлелдеңіз. 
· Нәтижелерді  апелляцияға  беру  қалай  өткізіледі?  Қандай  мерзімде?  Соңғы 
шешімді кім қабылдайды? 
· Апелляцияны жүзеге асыру тәртібі қандай нормативтік құжатпен реттеледі? 
«10.2.26 ЖОО білім беру үдерісінің мәселелеріне қатысты білім алушыларға 
кеңес беру және жекелеген көмек көрсету жүйесінің бар болуын және тиімді 
жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет».
· Білім  беру  үдерісінің  мәселелеріне  қатысты  білім  алушыларға  кеңес  беру 
қалай жүзеге асырылады? Оны кім өткізеді? 
· Оқытушылардың  студенттер  және  тыңдаушылармен  жеке  жұмыс  істеу 
мүмкіндіктері бар ма? 
· Сұрақтарға жауап беру үшін студент кез келген уақытта кімге жолыға алады? 
· Қанша уақыттан кейін ол сұрауларға жауап алады? 
· Оқыту  үдерісіне  байланысты  мәселелер  туындаған  жағдайда  студенттер-
ге көмек көрсету тетігін көрсетіңіз. Мысалы, ауруға байланысты сабақтан қалса, 
төмен GPA болған жағдайда. 
· Мәселелердің алдын алуға бағытталған іс-әрекеттер қалай жүзеге асырыла-
ды? 
· Апелляцияға сұраулардың пайда болу себептерін жіктеңіз. 


ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
34

Бағалау өлшемдері
Дәлелдейтін айғақтар (куәліктер)
ЖОО 
академиялық 
білім 
беру 
бағдарламаларын 
әзірлеуде, 
басқаруда 
және  олардың  сапасын  қамтамасыз  етуінде 
профессорлық-оқытушы  құрамы  мен  жұмыс 
берушілердің қатысуын дәлелдеуге міндетті.
Жұмыс 
оқу 
жоспарлары 
мен 
бағдарламаларын 
бекіту 
тура-
лы  және  сапаны  қамтамасыз  ету 
мәселелерін  қарастыру  туралы  жұмыс 
берушілердің қатысуымен өткен кафедра 
отырыстарының хаттамалары 
Жұмыс  берушілердің  қатысуымен  өткен 
Әдістемелік  кеңес  пен  әдістемелік  бюро 
отырыстарының хаттамалары
Элективті  пәндер  каталогына,  жұмыс 
оқу  бағдарламаларына  жазған  жұмыс 
берушілердің пікірлері
МЖМБС-ны  әзірлеуші  ретінде  жұмыс 
берушілер мен ПОҚ-ты бекіту туралы хат-
тама  
Басып шығарылған және қолжазба ЖОЖ-
дар (РУПы), ТОЖ-дар (ТУПы)
ЖОО  білім  алушылардың  жеке  білім  беру 
траекториясының  мазмұнын,  көлемін,  құру 
логикасын,  түлектердің  кәсіптік  құзыретінің 
қалыптасуына 
пәндер 
мен 
кәсіптік 
тәжірибелердің әсерін анықтауы міндетті.
Кафедра отырыстарының хаттамалары 
Білім алушылардың жеке білім беру тра-
екториясын қалыптастыру туралы Ереже 
Оқу-әдістемелік құжаттау бойынша нұсқау 
Түлек үлгісі
Жеке 
білім 
беру 
траекториясын 
қалыптастыру 
бойынша 
әдістемелік 
ұсыныстар 
Әрбір мамандық және іскерлер бойынша: 
• 
Студенттің 
кәсіби 
біліктілігін 
қалыптастыруға 
пәндердің 
ықпалы 
анықталған МЖМБС 
• ЖОЖ (РУП) – мазмұны, көлемі
• Білім алушының барлық жылдарға түгел 
мамандықтар бойынша жеке жоспары 
ЖОО 
әртүрлі 
деңгейлі 
білім 
бағдарламаларының 
(бакалавриат-
магистратура-докторантура-қосымша 
білім 
беру)  үздіксіздігін,  соның  ішінде  пәндердің 
өзара академиялық байланыста болуын және 
олардың  дәйектілігі  мен  бірізділігін  көрсетуі 
міндетті. 
Осы сұрақтар қарастырылған университет 
кеңесінің, кафедра отырыстарының хатта-
малары 
ЖОЖ (РУП), Элективті пәндер каталогы
Пререквизиттер  және  постреквизит-
тер  жүйесі  арқылы  өзара  байланы-
сты  көрсететін  пәндердің  және  оқыту 
деңгейлерінің 
құрылымдық-қисынды 
сызбасы
ЖОО  пәндердің  оқу-әдістемелік  кешенінде 
белгіленген  білім  алушылардың  білімдері 
мен  дағдыларының,  кәсіптік  біліктіліктерінің 
қалыптасуына 
пәндердің 
ықпалын 
көрсетіп,  пәндер  курстарының  қисынды 
дәйектілігін нақты анықтап, оқу нәтижелеріне 
қойылған  негізгі  талаптарды  жұмыс  оқу 
бағдарламаларында көрсетуі міндетті. 
Жекелеген  пәндердің  үлесін  көрсетумен 
түлектердің  кәсіби  біліктілігінің  үлгісі 
(моделі)
Әрбір мамандық және іскерлер бойынша: 
• жұмыс оқу жоспарлары
•  оқыту  нәтижелеріне  деген  негізгі  та-
лаптары,  курсты  құрастыру  қисыны 
көрсетілген пәннің оқу-әдістемелік кешені 
(ПОӘК)   


жүктеу 2,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау