30
Әзірлеу уақытын орнату
Мультипісіргіштерінде «ЭКСПРЕСС» бағдарламасынан басқа, әр бағдарлама үшін әзірлеу
уақытын өздігінен орнатуға болады. Белгіленген уақыттың өзгеру қадамы және ықтимал
диапазоны таңдалған әзірлеу бағдарламасына байланысты.
1. Автоматты бағдарламаны таңдағаннан кейін «Время» батырмасын басыңыз. Дисплей-
де сағат шамасының индикаторы жыпылықтай бастайды.
2. Параметр шамасын арттыру үшін «+» батырмасын басыңыз,ал кеміту үшін «–» баты-
рмасын басыңыз.
3. «Время» батырмасын басыңыз және минут шамасын «+» және «–» батырмаларының
көмегімен орнатыңыз.
Сағат және минут шамаларының өзгеруі бір-бірінен тәуелсіз жүреді. Диапазонның макси-
малды (минималды) шамасына қол жеткізгеннен кейін орнату диапазон басынан бастала-
ды. Шаманы жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап тұрыңыз.
Кейбір автоматты бағдарламаларда орнатылған әзірлеу уақытын есептеу аспап
белгіленген жұмыс температурасына шыққаннан кейін басталады. Мысалы, егер салқын
су құйып, «НА ПАРУ» бағдарламасында 5 минут әзірлеу уақытын орнатсақ, онда бағдар-
ламаны іске қосу және белгіленген уақыттың кері санағы тек су қайнағаннан кейін және
тостағанда жеткілікті тығыз бу түзілгеннен кейін басталады.
Бағдарламаның басталуын кейінге қалдыру
«Отсрочка старта» функциясы әзірлеу бағдарламасы жұмысы бастағанға дейінгі уақыт
аралығын белгілеуге мүмкіндік береді. Стартты кейінге қалдырудың максималды уақыты
24 сағат. Стартты кейінге қалдыру уақытын орнату қадамы — 1 минут.
1. Автоматты бағдарламаны таңдағаннан кейін стартты кейінге қалдыру уақытын өзгер-
ту үшін «Отсрочка» батырмасын басыңыз. Дисплейде индикаторы пайда болады,
уақыт индикаторындағы уақыт шамасы жыпылықтауды бастайды.
2. Параметр шамасын көбейту үшін, «+» батырмасын басыңыз, азайту үшін — «–» баты-
рмасын басыңыз.
3. «Время» батырмасын басыңыз және минут шамасын «+» және «–» батырмаларының
көмегімен орнатыңыз.
Сағаттар мен минуттарды арттыру бір-бірінен тәуелсіз жүреді. Диапазонның максималды
шамасына қол жеткізгеннен кейін орнату диапазон басынан басталады. Шаманы жылдам
өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап тұрыңыз.
Стартты кейінге қалдыру функциясы, «ЖАРКА», «МАКАРОНЫ» және «ЭКСПРЕСС» бағдар-
ламаларын қоспағанда, барлық автоматты әзірлеу бағдарламалары үшін қол жетімді.
Егер рецептіде жылдам бұзылатын өнімдер (жұмыртқалар, балғын сүт, ет, ірімшік және
т. б.) болса, «Отсрочка»
функциясын пайдалану ұсынылмайды.
Дайын тағамдар температурасын сақтау (автожылыту)
Бұл функция әзірлеу бағдарламасы аяқталғаннан кейін бірден автоматты түрде қосылып,
дайын тағам температурасын 12 сағат бойы 70-75°С шектерінде сақтай алады. Автожылы-
ту жұмыс жасаған кезде «Отмена/Разогрев» батырмасының жарықтық индикаторы
жанады.
Қажет кезде «Отмена/Разогрев» батырмасын басып, автожылытуды сөндіруге болады.
Автожылытуды алдын ала сөндіру
Әзірлеу бағдарламасының жұмысы аяқталған бойда автожылытуды қоспаған жөн. Осыны
ескерумен, мультипісіргіштерінде негізгі әзірлеу бағдарламасын іске қосу немесе жұмыс
жасау кезінде осы функцияны алдын ала сөндіру функциясы қарастырылған. Осы мақсат-
та старт уақыты кезінде немесе бағдарлама жұмысы барысында «Старт» батырмасын ба-
сыңыз. Автожылытуды қайта қосу үшін «Старт» батырмасын қайта басыңыз.
«ЙОГУРТ», «МАКАРОНЫ», «ЭКСПРЕСС» бағдарламаларын пайдалану барысында автожылы-
ту қызметі жұмыс жасамайды және «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасын орнату барысын-
да әзірлеу температурасы 80°С-тан төмен..
Тағамдарды жылыту
Мультипісіргішін салқын тағамдарды жылыту үшін пайдалануға болады. Бұл мақсатта:
1. Өнімдерді тостағанға салыңыз, оны мультипісіргіш корпусына орнатыңыз.
2. Қақпақты жауып, аспапты электр желісіне қосыңыз, басқышын басыңыз.
3. «Отмена/Разогрев» батырмасын басыңыз. Дисплейде тиісті индикатор жанады. Таймер
жылыту уақытын тікелей санай бастайды.
Аспап тағамды 70-75°С дейін жылытып, оны ыстық күйінде 12 сағат бойы сақтайды. Қажет
болған жағдайда «Отмена/Разогрев» батырмасын басу арқылы жылытуды тоқтатуға болады.
Автожылыту және жылыту функциялары арқасында мультипісіргіш өнімдерді 12 сағатқа
дейін ыстық күйінде сақтай алады, алайда біз тағамды ыстық күйінде 2-3 сағаттан
астам қалдыруды ұсынбаймыз, себебі бұл оның дәмдік қасиеттерінің өзгеруіне алып
келуі мүмкін.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы
Өзіңіз үшін жаңа «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясымен бірге аспаздық шығармашылық
үшін мол мүмкіндіктер ашыңыз! Егер «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы іске қосқанға дейін
бағдарлама жұмысының параметрлерін белгілеуге мүмкіндік берсе, «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ»
функциясын пайдаланып, сіз баптауларды тікелей әзірлеу барысында өзгерте аласыз.
«ЭКСПРЕСС» және «ЙОГУРТ» автоматты бағдарламаларын пайдалану кезінде «МАСТЕР-
ШЕФ ЛАЙТ» функциясы қолжетімді емес.
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясын қолдану кезінде температураны өзгерту — 1°С қадаммен
35-160°С диапазонында мүмкін. Әзірлеудің минималды уақыты — 1 минут, әзірлеудің
максималды уақыты таңдалынған бағдарламаға байланысты, орнату қадамы — 1 минут.
Сіз «МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» қызметін тек әзірлеу барысында ғана пайдалана аласыз. «Баста-
уды кейінге қалдыру» қызметінің жұмысы кезінде және жұмыс режиміне шығуды күтуде
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» қызметі қол жетімді болмайды.
RMC-M26
31
KAZ
«МАСТЕРШЕФ ЛАЙТ» функциясы сіз әр түрлі әзірлеу бағдарламаларының үйлесімін қажет
ететін күрделі рецептілер бойынша тағамды әзірлеген жағдайда айрықша пайдалы
болуы мүмкін.
Әзірлеу температурасын өзгерту үшін:
1. Әзірлеу бағдарламасының жұмысы барысында «Темп.» батырмасын басыңыз. Дисплей-
де температура шамасының индикаторы жыпылықтай бастайды.
2. Қалаулы температураны орнатыңыз. Арттыру үшін «+» батырмасын, азайту үшін — «–» баты-
рмасын басыңыз. Жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап тұрыңыз. Максимал-
ды (минималды) шамаға қол жеткізгеннен кейін орнату диапазон басынан басталады.
3. 5 секунд ішінде басқару тақтасында батырма баспаңыз. Өзгерістер автоматты түрде
сақталады. Орнатылған температура бағдарлама жұмысы аяқталғанша немесе жаңа
өзгертуге дейін көрсетіліп тұрады.
Әзірлеу температурасы 130°С жоғары орнатылған кезде шамадан тыс қызудан қорғау
үшін бағдарлама жұмысының максималды уақыты екі сағатпен шектеледі.
Әзірлеу уақытын өзгерту үшін:
1. Әзірлеу бағдарламасының жұмысы барысында «Время» батырмасын басыңыз. Ди-
сплейде уақыт шамасының индикаторы жыпылықтайды.
2. Қалаулы әзірлеу уақытын орнатыңыз. Сағат шамасын арттыру үшін «+» батырмасын,
азайту үшін — «–» батырмасын басыңыз.
3. «Время» батырмасын қайта басыңыз және «+» және «–» батырмаларының көмегімен
минут шамасын орнатыңыз. Сағаттар мен минуттарды арттыру бір-бірінен тәуелсіз
жүреді. Диапазонның максималды шамасына қол жеткізгеннен кейін орнатудиапазон
басынан басталады. Шаманы жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап
тұрыңыз.
4. 5 секунд бойы басқару тақтасында батырма баспаңыз. Өзгертулер автоматты түрде
сақталады.
Егер әзірлеу уақытының шамасын 00:00 орнатсаңыз, бағдарлама жұмысы тоқтатылады.
Автоматты бағдарламаларды қолданған кездегі әрекеттердің жалпы тәртібі
1. Қажетті ингредиенттерді дайындаңыз (өлшеңіз).
2. Ингредиенттерді мультипісіргіш тостағанында әзірлеу бағдарламасына сәйкес орна-
ластырып, оны аспап корпусына салыңыз. Барлық ингредиенттердің, соның ішінде
сұйықтық тостағанның ішкі бетінде максималды белгісінен төмен болуын бақылаңыз.
Тостаған қиғаштықсыз орнатылғандығына және қыздырғыш элементпен тығыз жана-
сатындығына көз жеткізіңіз.
3. Мультипісіргіш қақпағын тарсылға дейін жабыңыз. Аспапты электр желісіне қосыңыз,
басқышын басыңыз.
КӨҢІЛ АУДАРЫҢЫЗ! Егер сіз көп өсімдік майын қолданып, жоғары температурада тамақ
пісіретін болсаңыз, онда құралдың қақпағын ашық қалдырыңыз.
4. Әзірлеу бағдарламасын таңдау үшін басқару панелінде сәйкес батырманы басыңыз.
Батырма жанындағы индикатор жанады, дисплейде әдепкі әзірлеу уақыты мен
индикаторы пайда болады. «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасын таңдау кезінде дисплей-
де температураның әдепкі шамасы шығады.
5. Егер сізді әдепкі бойынша орнатылған әзірлеу уақыты қанағаттандырмаса, сіз оның
шамасын өзгерте аласыз («Әзірлеу уақытын орнату»).
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында сіз бағдарлама басталғанша сіз қалаулы әзірлеу
температурасын орната аласыз. «Темп.» батырмасын баса отырып параметрдің қа-
жетті мәнін орнатыңыз. Мәнді арттыру үшін «+» батырмасын, азайту үшін «–» баты-
рмасын пайдаланыңыз.
6. Қажет кезде стартты кейінге қалдыру уақытын орната аласыз («Бағдарламаның баста-
луын кейінге қалдыру»).
7. Дайындау бағдарламасын іске қосу үшін, «Старт» батырмасын басыңыз, автожылыту
индикаторы жанады (егер бұл функция қосулы болса). Әзірлеу уақытының кері санағы,
таңдалған әзірлеу бағдарламасына байланысты, «Старт» батырмасын басқаннан кейін
бірден немесе тостағанда қажетті температураға қол жеткізгеннен кейін басталады
«МАКАРОНЫ» бағдарламасында әзірлеу уақытының кері санағы тостағандағы су қай-
нағаннан кейін, өнімдер салынғаннан кейін және «Старт» батырмасын қайта басқаннан
кейін басталады.
Қажет кезде «Старт» батырмасын баса отырып, автожылыту функциясын алдын ала
сөндіруге болады, автожылыту индикаторы сөнеді. «Старт» батырмасын қайталап басу,
осы функцияны қайта қосады («Дайын тағамдар температурасын сақтау (автожылыту)»).
8. Әзірлеу уақытының аяқталуы туралы сізге дыбыстық белгі хабар береді, дисплейде
«End» жазбасы пайда болады. Әрі қарай, таңдалған бағдарламаға немесе ағымдағы
баптауларға байланысты, аспап автожылыту режіміне (дисплейде индикаторы
жанады) немесе күту режіміне ауысады.
9. Енгізілген бағдарламаны өзгерту үшін, әзірлеу бағдарламасын немесе автожылытуды
тоқтату үшін «Отмена/Разогрев» батырмасын басыңыз.
Сапалы нәтиже алу үшін арнайы осы үлгілер үшін дайындалған мультипісіргіштеріне
қоса тіркелетін аспаздық кітаптағы тағамдар әзірлеу жөніндегі рецептілерді пайда-
лануды ұсынамыз. Сәйкес рецептілерді сіз www.redmond.company сайтында таба аласыз.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы
Осы бағдарлама тағамдарды пайдаланушы белгілеген әзірлеу температурасы мен уақы-
тының параметрлері бойынша әзірлеуге арналған. «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы себебі-
нен мультипісіргіштерi бірқатар асханалық аспаптарды ауыстыра алады және ескі аспаз-
дық кітапта табылған немесе Интернеттен алынған, сізді қызықтырған кез келген дерлік
рецепт бойынша тағам әзірлеуге мүмкіндік береді.
Егер ас дайындау температурасы 80°С-тан аспайтын болса, автожылыту функциясын
пайдалану ұсынылмайды.