1.Сілейме. Бұл жағдайға микроциркуляцияның жүйелі бұзылыстарына тән симптомдар меңзейді: тері қызымының төмендеуі (шеткері қанайналымының бұзылысы), әлсіздік, бас айналу, сыртқы тыныс алудың бұзылыстары (мидағы қанайнеалымының бұзылыстары), бүйрек жеткіліксіздігі (бүйрек перфузиясының бұзылыстары. Артериалық гипотензия да сілейменің ең маңызды белгісінің бірі болып табылады. 2. Жасанды гипервентиляция алкалоз дамуына және HbО2 диссоциациясы төмендеуіне әкеледі.
а) операция алдындағы кезеңдегі гипоксия мегалобластық анемия салдарынан (асқазан зақымдануына байланысты Каслдің ішкі жайтының жеткіліксіздігіне және эритропоэздің бұзылуына әкелді), постгеморрагиялық анемиядан (егер науқаста созылмалы жасырын қансырау болса) болуы мүмкін.
б) операция кезіндегі гипоксия ӨЖД жүргізгендегі гипервентиляция салдарынан күшейуі мүмкін (HbО2 диссоциация сызығының солға жылжуы, яғни алкалоз жағдайында HbО2 диссоциациясы төмендеуі).
Воперациядан кейінгі кезеңдегі гипоксия ұзақ сақталынған донорлық қанды қолданғанда күшейуі мүмкін (анықтама үшін: қанды 8 күн сақтағаннан кейін қан эритроциттеріндегі 2,3–дифосфоглицерат 10 реттен артыққа төмендейді, бұл Hb –нің дезоксигенациясын бұзады).
№ 25
1. Ишемия
2. Артерия қабырғасына тараған қабынулық үрдіс, олардың кемерінің бітелуіне әкеліп соқты, сондықтан өткізгіштігі нашарлады (обтурациялық ишемия). Бұдан басқа тамыр тарылтқыш әсерлерге тамыр қабырғасының сезімталдығы артты.
3. ишемия көріністерінің патогенезін «Патофизиология в схемах и таблицах» оқулығынан қараңыз.
4. Аяқ-қолдар тіндерінің ишемиялық дистрофиясы олардың ең алдымен жанама қанайналымы анатомиялық шектелген ұштарының некрозын тудырады.
№ 26
1. Веналық гиперемия
2. Сол жақ жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы →өкпеде қан іркілуі→ оң қарыншалық жеткіліксіздік → үлкен қанайналым шеңберінде қан іркілуі → веналық гиперемия. Веналық гиперемия көріністерінің патогенезін «Патофизиология в схемах и таблицах» оқулығынан қараңыз Б. 89
№ 27
1. Анафилаксиялық сілейме
2. Негізінде аллергиялық серпілістердің реагиндік түрі жатыр. Патогенезін «Патофизиология в схемах и таблицах» оқулығынан қараңыз Б..95
3. Коллоидты ерітінділерді тамыр ішіне көп мөлшерде енгізу (жүрекке қан көлемі жеткіліксіздігін жою мақсатында), көктамырға адреналин (жүректің жиырылғыштығын қалпына келтіреді, шеткері кедергіні арттырады және бронхоконстрикцияны жояды), антигистаминдік дәрілер, бүйрек үсті безі қыртысты қабатының гормондары, жүрек қызметі мен тыныс алуды жақсартатын дәрілер, эуфиллин, аминазин.
№ 28
Айырмашылығын екіншілік пирогендердің өндірілуіне белгілі бір жасырын кезең қажеттігімен түсіндіріледі.
№ 29
1.Күн сәулесінің соққысы
2.Патофизиология оқулығынан ультракүлгін сәулелердің әсері тақырыбын қараңыз. Б.36
№ 30
1. Жоқ
2. Аллергиялық ісіну (Квинке ісінуі)
3. Аллергиялық серпілістердің реагиндік түрі. «Патофизиология» оқулығын қараңыз Б. 322
4. Иә, кеңірдектің ісінуі және тұншығу дамуына байланысты
№ 31
1.иондағыш радиацияның әсерінен
2.20 жыл шегу, өкпедегі созылмалы қабыну үрдістері
3. «Патофизиология» оқулығын қараңыз 525 бет
№ 32
1. химиялық канцерогендердің – анилиндік бояғыштардың әсері
2. Экзогендік канцерогендер, аминоазоқосындылар тобы
№ 33
1. Науқаста басбармағының тырнағының қабынуы (күбіркелі). Организм серпілісі – нормергиялық, яғни қабыну тудырушы заттың әсеріне қалыпты жауап байқалады: үрдіс орныққан, қабынудың жалпы белгісі шамалы қызба түрінде, солға жылжыған айқын лейкоцитоз, «жауаптың жедел кезеңі» нәруыздарының пайда болуы (ЭТЖ жылдамдауы, жалпы нәруыз саны және СРН артуы).
2. Қабынудың жергілікті белгілері: ауыру сезімі, гиперемия, сол қолының басбармағының тырнақ аймағында ісіну дамуы. Патогенезін «Патофизиология» оқулығынан қараңыз. Б.266.
3. Қабынудың жалпы белгілері: цулану, қызба, солға жылжыған лейкоцитоз, гиперпротеинемия, диспротеинемия, ЭТЖ жылдамдауы (жауаптың жедел кезеңі нәруыздарының пайда болуы әсерінен). Қабынудың жалпы белгілерінің патогенезін «Патофизиология» оқулығынан қараңыз. Б. 266.
№ 34
Науқастағы әйгіленімдер жиынтығының шығу тегі қандай? Науқаста сәтсіздіктерде және ренжігенде, ауру көріністерін көрсетуге бейімделген истериялық түрде жауап беру қалыптасқан.
ЖЖӘ-нің дерттерінің қай түрінде осындай бұзылыстар жиі дамиды? Мінезінің истериялық қасиеті және бөлек психо-астениялық (өз-өзіне сенімсіздік, күмәнданғыш) белгілері бар науқаста өмірлік қиындықтар, маңызды шешімдер қабылдау кезінде истериялық невроз дамыды. Берілген науқастың жабысқақ әйгіленім кешенінде өзін –өзі ерекшелеп көрсету және қиындықтан қашу сезімі бар. Бұл жүйке әрекеті әлсіз тұлғаларға тән қасиет.
№ 35
Жүрек аймағының ауыруының, тахикардия мен артериялық гипертензияның дамуына қандай себептер әкелді? Бұл науқасқа бір жағынан- өзінің мүмкіндіктеріне қарсы тұру, екінші жағынан – өзіне деген талаптардың жоғары болуы тән. Жүрек аймағындағы ауыру сезімі, тахикардия, артериялық гипертензия дамуы ОЖЖ жүйесіндегі тежелу үрдісінің күйзелісіне және зорығуына негізделген. . Бұл қозу үрдісінің басымдылығымен қатар жүреді
Науқаста жүйке жүйесі патологиясының қай түрі дамыған? Науқаста өзінің күші мен мүмкіндіктерін ескермей жеке жетістікке үнемі сәйкессіз жетуі нәтижесінде құрылатын неврастения дамыды . Невроздың бұл түрі ЖЖӘ күшті, бірақ ұстамсыз тұлғаларда жиі дамиды
№ 36
1. Алынған мәліметтер қалқанша бездің қызметі қалай өзгергендігін көрсетеді, гипер- немесе гипофункциясы ма?
Мәліметтер гипотиреозды көрсетеді
Дерттік үрдіс қайда орналасқан? Үрдіс қалқанша безінде орналасқан.
№ 37
Қалқанша безінің ұлғаюы
СӨЖ кітабынан эндемиялық зобтың патогенезін қараңыз
№ 38
Тиреоидты гормондар жүйке жасушаларының жетілуіне және барлық зат алмасуына қатысатындықтан, жас егеуқұйрықтарда тиреоидэктомия ауыр өтеді.
№ 39
1. Аддисон ауруы. Бүйрекүсті безінің созылмалы жеткіліксіздігі.
2. Бүйрекүсті безінің жіті жеткіліксіздігі дамуы. Глюкокортикоидтар енгізу.
№ 40
А жауабы. Коллагеннің I түрі сүйек тінінің матриксін құрайды. Коллаген синтезінің бұзылуы доминантты түрде тұқым қуалайтын «аяқталмаған остеогенез» ауруының негізінде жатыр, бұл кезде сүйек, тіс, тері, көздері («көгілдір» склералар) зақымданады. Болмашы жарақаттың өзінде көптеген гематомасыз сынықтар пайда болуымен сипатталады.
№ 41
D жауабы. Науқаста фиброздық остеодистрофия (Реклингаузен ауруы). Қалқанша серік бездерінің аденомасы.
№ 42
Гиповентиляцияның обструктивті түрі
№ 43
Гиповентиляцияның рестриктивті түрі
№ 44
Берілген науқастың өкпелік перфузиясының патогенезі қандай? Қосжарғақты қақпақшаның тарылуы → өкпе көктамырларында қан қысымының жоғарылауы (қылтамырсоңылық гипертензия) → өкпе артериоласының тарылуы, қылтамыралдылық гипертензия (Китаев рефлексі).
ӨТС және ТӨС даму тетігінің төмендеуін түсіндіріңіз. Өкпедегі қанның іркілуі олардың керіліп созылуының төмендеуімен түсіндіріледі, сондықтан ӨТС және ТӨС азаяды.
Бронхообструкциялық синдром туралы ойлауға бола ма? Берілген науқастағы Тиффно индексінің қалыпты болуы тыныс алу өткізгіштігінің бұзылысына қарама қарсы екендігін білдіреді.
№ 45
Жауабы D. Барбитураттар тыныс алу орталығын тежейді,осының нәтижесінде гиповентиляция →гипоксемия, гиперкапния, ацидоз дамиды.
№ 46
ӨЖС-ның ұлғаюы өкпе тінінің созылғыштығы мен серпімділігінің бұзылғанын дәлелдейді. Мұны сонымен қатар тыныс алу мен шығарудың резервтік көлемі мен ӨТС-ның төмендеуі дәлелдейді .
Тиффно индексінің төмендеуі төменгі тыныс жолдарының өткізгіштігінің нашарлағанын дәлелдеп, демікпелік құрамбөлшек туралы ойлауға мүмкіндік береді .
Өкпенің диффузиялық қабілеті бұзылған жағдайда өздігінен гипервентиляция сынамасы кезінде гипоксемия күшеюі мүмкін.
Альвеолярлық гиповентиляцияның обструкциялық түрі (эмфизема кезіндегі бронхтардың обструкциясының қақпақшалық түрі), сонымен қатар бронхиолоспазм нәтижесінде дамыған демікпелік құрамбөлшек. Тексеру үшін бронхолитиктермен сынау жасау керек.
№ 47
1. Науқаста жүрек қызметі жеткіліксіздігі анықталды ма? Оны не дәлелдейді? Науқаста жүректің толық жеткіліксіздігі. Белгілері: мәжбүрлі жағдай, тахикардия, өкпесінде майда көпіршікті сырылдар, мойын көктамырларының ісінуі, бауырдың үлғаюы, ісінулер. 2. Жүрек дертінің түрін анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет? Жүректің УДЗ. Бұл зерттеуде перикард қуысындағы сүйықтық анықталады. 3. Жүрек жеткіліксіздігінің түрі жайында қорытынды жасаңыз. Туберкулезді этиологиялы перикардит нәтижесінде дамыған жүректің толық жеткіліксіздігі.
Жүрек қан тамыр жүйесінің негізгі синдромдарының даму тетіктері мен себептері: жүрек ақаулары, коронарлы жеткіліксіздік синдромы, артериялық гипертензиялар, жіті және созылмалы жүрек жеткіліксіздіг і
№ 48
Есептегі берілген өзгерістер қандай дерт дамығандығын көрсетеді? Миокард инфаркты
Берілген патологияның түрінде қандағы АСТ жоғарылауын қалай түсіндіресіз? Кардиомиоциттердің мембранасы зақымданған кезде АСТ-нің қанға бөлінуімен
Берілген дерт дамуының негізгі тетігі? Коронарлы қантамырлардың тромбозы нәтижесінде кардиомиоциттердің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысы
№ 49
М.-де атеросклероз және миокард инфаркты даму қаупі жоғары ма? Неге? ТТЛП –ң көтерілуінен, ТТЛП-не қабылдағыштардың белсенділігінің төмендеуінен атеросклероз және миокард инфаркты даму қаупі жоғары
Анықталған патологияның пайда болу мен дамуында тұқымқуалаушылықтың маңызы бар ма? Гиперлипопротеинемия - аутосомды доминантты түрдегі кең тараған тұқымқуалайтын ауру, 1:500 жиілікте кездеседі.
Науқас патологиясының дамуында ТТЛП-ге қабылдағыштар белсенділігінің және санының азаюының патогенездік маңызы қандай? Біріншілік ақау ТТЛП-ң қабылдағышының тегінде орналасқан. ТТЛП-ге қабылдағыштар белсенділігінің төмендеуінен, олардың ыдырауы тежеліп, ал ТТЛП –ң кан плазмасындағы саны қабылдағыштар қызметінің төмендеуіне пропорциональды түрде жоғарылайды. Сонымен қатар, бауырда ЖТЛП жойылуы нәтижесінде олардың көп бөлігі ТТЛП-ге айналады. ТТЛП-ң көп болуынан фагоциттеуші жасушалармен ұсталып, әртүрлі аймақтарда жиналып, ксантомалар түзеді. Атеросклероз дамуына әкелетін ТТЛП-ң қантамырлар эндотелиіне өтуі жоғарылайды
№ 50
Жұтынудың бұзылыстары неге байланысты: жұтқыншақ немесе өңеш қызметінің бұзылуына ма? (Өңеш қызметінің бұзылуына байланысты, себебі тұлғалық сезім жұтудан соң 2-3-сек кейін пайда болады, тамақта ауыру сезімі және кері лықсу жоқ)
Ары қарай қандай зерттеулер жүргізу керек? (рентгенографиялық)
Рентгенограмма нені анықтайды? (деректерді оқытушыдан сұраңыз). Өңештің айқын кеңеюі анықталды, өңеште тағам қалдықтары, өңеш және асқазанда жергілікті ақаулар болмай, өңештің шеткері бөлігінің тегіс тарылуы көрінеді.
Осы науқаста жұтыну бұзылуының патогенезі қандай? Науқаста, негізінен, өңештің босаңсымауы болуы ықтимал. Патогенезінің негізінде, мый бағанасы, кезбе жүйкенің, интрамуралдық жүйке түйіндері жасушаларының және өңештің шеткері бөлігі тегісетінің бүлінісі бар, алғашқы жүйкелік бұзылу жатады. Бұлшықеттік босаңсу үшін қажетті нейротрансмиттердің тапшылығы дамыйды: ТБІП және азот тотығы
№ 51
Науқасқа аңғарым қою үшін қандай зерттеулер белгіленген? (Рентгенография, эндоскопия, Helicobacter pylori анықтау)
Осы науқаста ойық жара ауруын қандай озбырлық жайттар туындата алуы мүмкін? Олардың зақымдаушы әсері негізінде қандай тетіктер жатады? (Шылым шегуден – ұйқы безінің бикарбонаттарды бөлуі тежеледі, асқазанның босауы жылдамдайды, простагландиндер түзілуі және эпителийдің регенерациясы тежеледі; ішімдік – асқазанның шырышты қабатының қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуіне және шырыш бөлінуінің тежелуіне әкеледі; Психикалық – эмоциялық стресстен – қан тамырлары жиырылады; Helicobacter pylori уреаза мен протеазаны бөледі, қабыну туындатады).
Қарын үсті аймағында ауыру және күйдіру сезімі дамуының себептері қандай? (Күйдіру сезімі – ноцицепциялық хеморецепторлардың қышқылмен тітіркендірілуі немесе асқазан қабырғасының тегісеттерінің жиырылуынан болады)
Осы науқасты емдеу бойынша сіздің ұсынысыңыз. (шылым шегуді, ішімдікті доғару, антацидтер, Н 2 –рецепторларының және Н +, К + -АҮФаза тежегіштерінің антагонистерін, простагландиндердің аналогтарын белгілеу).
№ 52
Осы жағдайда қандай ауру бар екенін жорамалдауға болады? (Асқазанның ойық жара ауруы)
Асқазан сөлінде уреазаның бар екеніне білдіретін оң сынақ нені дәлелдейді? (helicobacter pylori бар болуын)
Ащымен кекірудің себебі қандай? (Ащымен кекіру ұлтабарлық-асқазандық кері лықсу дамуының салдары болуы мүмкін. Өт те асқазанның шырышты тосқауылын бүлдіреді)
№ 53
Қосымша қандай зерттеу жүргізу керек? Барлық деректер сөлденістік диареяны көрсетеді. Іш қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясын және ТБІП анықтауды жүргізу қажет
Оқытушыдан компьютерлік томография және ТБІП деңгейі бойынша деректерді сұраңыз (ұйқыбездің құйрығында және бауырда өспе түйіндері білінеді. Өспе түйіндерінің биопсиясы кезінде –шығу тегі жүйкелік – ішкі сөлденістік өспе жасушалары байқалды)
Жорамал аңғарым - ТБІП өндіретін өспе. (КІСӨ синдромы - көптеген ішкі сөлденістік өспе)
№ 54
Жауап С. Ашішекте витамина В12 сіңірілуі бұзылуы.
№ 55
Осы науқаста қандай ауру бар екені туралы ойлауға болады? Созылмалы панкреатит (клиникалық көріністер, холецистопанкреатография кезінде«моншақ» әйгіленімі)
Ауру дамуының мүмкіндік себебі қандай? Ішімдікті ұзақ үздіксіз қабылдау
Клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз.
Осы науқаста дене массасын жоғалту, ішекте заттардың қорытылуы және сіңірілуінің бұзылуымен байланысты болуы мүмкін, соның салдарынан осмолялдық диарея дамиды.
Стеаторея липазаның жеткіліксіздігімен байланысты
Бауыр көлемінің ұлғаюы, трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы, гипоәлбуминемия, УДЗ бауырдың майлық дистрофиясы дамуын көрсетеді (ішімдікке салыну)
Эритроциттер көлемінің ұлғаюы витамин В12 және фолий қышқылының тапшылығына байланысты (ішімдікке салыну)
Науқасты емдеу туралы сіздің ұсынысыңыз. Созылмалы маскүнемдікті емдеу, емдәм, ұйқыбездің ферменттерімен орын басарлық емдеу.
.
№ 56
1. Алақандарының қызаруы ұсақ қан тамырлар қабырғасының құрылымының өзгеруіне, соның ішінде қылтамырлардың кеңеюіне, венулалар аймағында адвентицияның қалыңдауына және олардың тарылуына байланысты (телеангиоэктазиялар). Құрылымдық өзгерістер, негізінен, эстрогендердің артықтығына байланысты. әдетте бұл әйгіленімдер бауырдың дистрофиялық бүліністері кезінде пайда болады, себебі, бауыр жасушалары стероидты, соның ішінде бүйрек үсті бездерінен шығатын гормондарды әсерсіздендіру қасиетін жоғалтады. 2. Қақпалық гипертензия және іш шеменінің себептік жайттары болуы мүмкін:
а) жүйелік көктамырлық қысымның жүректің оң қарыншалық жеткіліксіздігі кезінде ұзақ мерзімдік жоғарылауы. Бауырдың көктамырлық толыққандылығы онда дистрофиялық өзгерістерге және ұсақ қан тамырларының құрылымдық бүлінісіне әкеледі, бұл склероз (беріштену) дамуына байланысты;
б) ұлпаның тікелей бүлінісі (вирустық, уыттық, әлкогөлдік) гепатоциттердің едәуір санының құрылымдық бұзылыстарымен және беріштену дамуымен аяқталуы мүмкін. Бұл қанның бауыр қылтамырлары арқылы қалыпты өтуіне мүмкіндік бермейді, сөйтіп ішектің іркілулік көктамырлық гиперемиясы дамуына әкеледі. Қылтамыр арқылы алмасудың бұзылуы сұйықтың ұсақ қан тамырлардан шығуына және іш қуысында оның жиналуына— іш шеменінің дамуына әкеледі.
Кейінгі салдарлары: айналымдағы қанның жалпы көлемінен сұйықтың бөлігін басқа жаққа аудару, іш қуысы ағзаларын механикалық қысу, қақпалық гипертензия салдарынан қақпалық‑қуыстық қосылымдарды қалыптастыру, жүрек қызметінің бұзылуы, өкпе гиповентиляциясының. рестрикциялық түрі
3.Бауыр жасушаларының зақымдануын және бауыр жеткіліксіздігінің болуын көрсететін белгілер:
• нәруыз алмасуының бұзылуы (гипоәлбулинемия, қанның гипоонкиясы, онкотикалық ісінулер);
• протромбин деңгейінің төмендеуі (қан ұюының бұзылуы);
• холестерин және холинэстераза түзілуінің төмендеуі,
• қанда зәрнәсіл деңгейі төмен,
• қанда билирубин мөлшерінің жоғарылауы (тура және тура емес),
• теңгерілген газдық емес ацидоз болуы.
№ 57
Гемолиздік сарғыштану
№ 58
Механикалық сарғыштану
№ 59
Паренхиматозды сарғыштану
№ 60
Диурез – тәулігіне 420 мл (олигурия)
Тығыздығы – 1011 (гипостенурия)
Нәруыз – 2,0 г/л (протеинурия)
Көру аймағында аздаған сілтілі эритроциттер (микрогематурия)
Гиалинді, балауызды, түйіршікті цилиндрлі (цилиндрурия)
АҚ – 175/95 мм сын.бб. (гипертензия)
Қалдық азот – 190 мг% (гиперазотемия)
БСЖ, гиперазотемиялық сатысы.
№ 61
1. Сүйек тінінде байқалған өзгерістердің даму механизмі қандай? (Гипокәлциемия → салдарлық гиперпаратиреоз → остеопороз)
2. Д витаминіне төзімділікті түсіндіру (Д 1,25 (ОН)2Д3 витамин белсенді түрінің түзілуінің бұзылысы)
№ 62
Зимницкий сынамасын бағалаңыз.
Науқаста никтурия бар: түнгі диурез (600мл) күндізгіге қарағанда көп (330мл)
Эндогенді креатинин бойынша клиренсті есептеңіз. Осы көрсеткіштің өзгерістері нені анықтайды?
Минөттік диурез = тәуліктік диурез : 1440 мин (24сағ) = 0,65 мл/мин
Эндогенді кратинин бойынша клиренс = зәр креатинині : қандағы креатинин х минөттік диурез = 520 : 6,9 х 0, 65мл/мин = 49 мл/мин
Бүйректің сүзілулік қабілетінің бұзылуын клиренстің төмендеуі және никтурия дәлелдейді. Салыстырмалы тығыздық 1020 дан- 1030 дейін ауытқып тұрады → бүйректің қоюландыру қызметі бұзылмаған.
Осы науқаста несептің сапалық өзгерістері нені дәлелдейді?
Науқастағы протеинурия, микрогематурия, цилиндрурия (сүзгі мембранасы өткізгіштігінің жоғарылауы) нефрон шумақтарының қызметінің бұзылысын дәлелдейді.
Қанның биохимиялық көрсеткіштерінің өзгерістері нені дәлелдейді?
Протеинурияның салдарынан науқаста гипопротеинемия, диспротеинемия бар.
Қан сарысуында зәрнәсіл жиналуының жоғарылауы және гиперазотемия болуы бүйректің шығару қызметінің бұзылысының салдары және ол бүйрек жеткіліксіздігін мәлімдейді.
Осы науқастағы гипертензия мен анемияның патогенезі қандай?
Бүйректің гипертензиясының патогенезінде бүйрек ұлпасының азаюының маңызы бар, соған байланысты депрессорлық заттардың өндірілуі азаяды (ренопривті АҚ); эритропоэтиннің өндірілуінің төмендеуі эритропоэздің төмендеуіне және эритропоэзді тежейтін жайттардың өндірілуіне әкеледі.
Есеп бойынша жалпы қорытынды жасаңыз.
Науқас бүйрегінің сүзіулік және шығарулық қызметі бұзылған, ол шумақтың бұзылысымен сипатталады, яғни гломерулонефритпен.
№ 63
1. Науқаста болған жағдайларды сіз қалай түсіндіресіз? Уремия. 2. Осы жағдайдың аса мүмкін болатын себебі? Созылмалы гломерулонефриттің салдарынан нефрон санының үдемелі төмендеуі. 3. Гематологиялық, психоневрологиялық, кардиологиялық әйгіленімдердің, сонымен қатар зәрдегі қышқылдық-сілтілік үйлесім өзгерістерінің даму патогенезі қандай? Уремиялық синдромның патогенезін дәрістен қараңыз. 4. Науқастағы бұзылыстардың үдеуі қандай жағдайға әкеледі? Уремиялық команың дамуына.
№ 64
БЖЖ дамуымен. «Патофизиология в схемах и таблицах. БЖЖ» кітабын қараңыз.
№ 65
Анемия дамуының патогенезі қандай? (Бағаналы жасушалардың бензол буымен зақымдануы→ аплазиялық анемия)
Гематологиялық аңғарымды қандай объективті мәліметтер негіздейді?
(Панцитопения: тромбоцитопения → қанағыштық; лейкопения → жаралы-некрозды үрдістер)
№ 66
Науқаста қандай анемия? (Темір тапшылықты анемия)
Анемияның себебі қандай? (асқазанның ойық жарасы, шырышты қабаттардан қан кету → темір тапшылығы)
№ 67
Науқаста қандай анемия? (Темір тапшылықты анемия)
Анемияның себебі қандай? (Шалатуғандық, жиі жұқпалы аурулар, сапасыз қоректену)
№ 68
Науқаста қандай анемия? (Аплазиялық анемия)
Байқалған өзгерістердің патогенезі қандай? (әлсіздік, шаршағыштық, жүрек қағуы, ентігу – гипоксияның белгілері, қанқұйылулар, геморрагиялар –тромбоцитопенияның белгісі)
№ 69
Анемияның себебі қандай? (Эритроциттердің гемолиз …)
Бұл қандай анемия? (Қауырт жүре пайда болған гемолиздік анемия)
№ 70
Қанның қандай ауруы туралы ойлауға болады? Созылмалы лимфолейкоз
Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз. Дәрістегі лейкоздардағы метастаздық және жұқпалық синдромның патогенезін қараңыз
Көріністері
|
Патогенезі
|
Анемиялық синдром
|
Қызыл сүйек кемігінің эритроидты өсіндісінің тежелуі
Эритроциттер гемолизі
Геморрагиялық синдром
|
Геморрагиялық синдром (қызылиектен, мұрыннан, ішектен қан кету, маңызды ағзаларға қан құйылу)
|
Тромбоцитопения (тромбоцитопоэздің тежелуі)
Тромбоцитопатия
Коагулопатия
Вазопатия
|
Жұқпалық синдром: жұқпаларға (бактерия, саңырауқұлақ, вирус) төзімділіктің төмендеуі
|
Лейкоциттердің фагоцитоздық белсенділігінің төмендеуі
Антидене түзілуі азаюы
Т-лимфоциттер қызметінің бұрмалануы
|
Метастаздық синдром:
бауырдың, көкбауырдың, лимфо түйіндерінің ұлғаюы; нейролейкемия
|
Лейкоз жасушаларының метастаздануы және бауырда, көкбауырда, лимфо түйіндерінде, тимуста, мый мен жұлында қан түзу ошақтарының пайда болуы
|
Уланулық синдром: қызба, тәбеттің, дене салмағының төмендеуі, әлсіздік, қатты тершеңдік
|
Зақымдану дәнекерлерінің – лейкоз жасушалары ыдырауыан түзілетін нуклеопротеидтердің түзілуі
Зат алимасуының бұзылуы
|
Сүйектердің ауыруы (қуыс сүйектер, омыртқа)
|
Сүйек кеміктік гемопоэз тінінің өспелік гиперплазиясы
|
№ 71
Қанның қандай ауруы туралы ойлауға болады? Жіті лимфобласты лейкоз (гликогенге оң гистохимиялық серпіліс)
Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз.
№ 72
1. Гемофилия В. Белсенді протромбиназа түзілуі бұзылуы, соған байланысты үлестік әсерленген тромбопластиндік уақыт ұзарған, тромбиндік және протромбиндік уақыт – қалыпты
2. IX ф антигемофилді глобулин, мұздатылған плазма құю.
№ 73
Вилле-бранд ауруы. Тромбоциттердің адгезиясы мен агрегациясы (қан ағу уақыты ұзарған) бұзылған, антигемофилді глобулин А белсенділігі төмендеген, белсенді протромбиназа түзілуі бұзылған, соған байланысты үлестік әсерленген тромбопластиндік уақыт ұзарған, тромбиндік және протромбиндік уақыт – қалыпты
* Ситуациялық есептерді құрастырғанда П.Ф.Литвицкийдің «Патофизиология» (2007) оқулық құралының электронды қосымшасы қолданылды.
3. ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Патологиялық физиология пәні ілім ретінде, мақсаттары, зерттеу тәсілдері. Патофизиологиядағы тәжірибенің маңызы. Тіс жегі мен пародонтитті үлгілеу
ҚР ДС № 442 «Қазақстан Республикасында клиникаға дейінгі, медициналық-биологиялық тәжірибелер мен клиникалық зерттеулерді жүргізу ережелері туралы» бұйрығы. Қазақстан Республикасы сауда және индустрия Министрлігінің техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 575 бұйрығы. Қазақстан Республикасының зертханалық тәжірибе мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.
Денсаулық және ауру, анықтамасы. Аурудың негізгі нышандары. Ауруларды жіктеу ұстанымдары. Дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай туралы түсінік, мысалдар. Біртектес дерттік үрдіс турлаы түсінік, сипаттамасы.
Аурудың даму сатылары, сипаттамасы. Жұқпалы аурулардың сатылары. Ауру алды туралы түсінік. Ауру алдын жүктеме арқылы анықтау.
Өлім. Өлу кезеңдері, сипаттамасы. Тірілтудің негізгі ұстанымдары. Тірілтілген организмнің ауруы туралы түсінік, патогенезі.
Этиология, анықтамасы. Ауру туындауындағы себеп пен жағдайдың маңызы. Тіс жақ жүйесі ауруларын этиотропты алдын алу мен емдеудің ұстанымдары.
Организмге төменгі барометрлік қысымның дерттуындататын әсері. Биіктік ауруының этиологиясы мен патогенезі.
Этиологияялық жайттардың жіктелуі. Ауру пайда болуында організм ерекшеліктері мен сыртқы орта жайттарының маңызы. Биологиялық жайттардың дерт туындататын әсері, олардың ауыз қуысы аурулары дамуындағы рөлі.
Аурулар туындауында тұқым қуалаушылықтың маңызы. Этиологияда тұқым қуалаушылық пен сыртқы орта жайттарының маңызына байланысты аурулардың жіктелуі. Тұқым қуалайтын және туа біткен аурулар, себептері.
Патогенез, анықтамасы. Бүлініс – патогенездің негізгі тізбегі ретінде. Бүлініс деңгейлері. Мысалдар. Ауыз қуысы қызметінің қалпына келу және бейімделу үрдістерінің ерекшеліктері.
Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар. Мысалдар. Аурулардың патогенезіндегі негізгі тізбек және «кері айналып соғу» шеңбері. Тіс жақ жүйесі ауруларының алдын алу мен емдеудің патогенездік ұстанымдары.
Организмнің реактивтілігі және төзімділігі, анықтамасы. Организмнің тітіркендіргіштерге жауап қайтаруының түрлері, мысалдар.
Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Аурулардың пайда болуы мен ағымы және аяқталуында організм реактивтілігінің маңызы.
Реактивтілікте жас шамасының мен жыныстың маңызы.
Организм конституциясы, анықтамасы, Сиго, Кречмер, М.В.Черноруцкий, И:П:Павлов бойынша конституция түрлерінің жіктелуі. Организм конституциясының реактивтіліктегі маңызы.
Жасуша бүлінісі, этиологиясы. Зақымдануға жасушаның төзімділігі. Жасуша бүлінісінің түрлері. Жасушаның жіті және созылмалы бүлінісінің сатылары.
Жасуша бүлінісінің арнайы және арнайы емес көріністері. Зақымдануда иондық тепе-теңдіктің өзгеруі, даму тетіктері, салдарлары.
Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі бұзылыстарының патогенезі, салдарлары.
Жасушалар мембраналары бүлінісінің патогенезі. МАТ әсерленуі жасуша мембранасы бүлінуінің негізгі тетігі. Жасуша мембранасы зақымдануының салдарлары.
Жасушалар мембраналары бүлінісінің патогенезі. Мембраналық фосфолипазалар және басқа гидролазалардың әсерленуі, осмостық және иммундық зақымдану.
Апоптоз туралы түсінік, патогенезі. Зақымданудағы жасушаның бейімделу тетіктері.
Жедел кезең жауабы, себептері, дәнекерлері, олардың әсерлері. «Жедел кезең» нәруыздары, олардың қызметтері. Жедел кезең жауабының организм үшін маңызы.
Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, сатылары, даму тетіктері. Стрестің қорғаныстық – бейімделулік және дерт туындатулық маңызы. Адаптация аурулары туралы түсінік.
Сілейме. Этиологиясы мен патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық шок, себептері, сатылары, қанайналымы және микроциркуляцияның өзгерістері.
Оң су тепе-теңдігі (изо-, гипо-, гиперосмолялдық гипергидрия), себептері, патогенезі. «Сумен уыттану» туралы түсінік, себептері, даму жолдары.
Ісіну, анықтамасы. Ісінудің патогенездік жайттары, сипаттамасы
Ісінудің клиникалық түрлері, даму тетіктері.
Организмнің теріс су тепе-теңдігі. Сусыздану, патогенезі не қарай түрлері, сусызданудың әртүрінде жасуша іші мен сыртында осмостық қысымның өзгерістері. Негізгі көріністері, патогенезі.
Калий, натрий алмасулары бұзылыстары, себептері, организмдегі өзгерістер.
Стоматологиялық аурулар дамуында фосфор-кальций және микроэлементтер алмасуларының жүйелі бұзылыстарының маңызы,
Ацидоздар, себептері, патогенезі, теңгерілу тетіктері. Теңгерілмеген жағдайдағы организмдегі өзгерістер
Алкалоздар, себептері, патогенезі, теңгерілу тетіктері. Теңгерілмеген жағдайдағы организмдегі өзгерістер
Ауыз қуысында ҚСҮ бұзылыстары, сілекейдің рөөлі. рН пен тіс жегісі дамуының өзара байланысы.
Көмірсулары қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары. Бауырда гликогеннің түзілуі және ыдырауының бұзылуы. Гликогеноздар туралы түсінік.
Көмірсудың аралық алмасуының бұзылуы (гиперлактоцидемия, гиперпируватацидемия), патогенезі. Гипогликемия, себептері. Патогенез гипогликемической комы.
Гипергликемия, түрлері, даму тетіктері.
Инсулиннің ұйқыбездік және ұйқыбездік емес жеткіліксіздігі, даму жолдары. Қантты диабеттің І және ІІ түрі туралы түсінік.
Диабеттік синдромның патогенезі. Диабеттік команың патогенезі.
Қантты диабеттің асқынулары. Макро – микроангиопатиялардың патогенезі. Қантты диабетте ауыз қуысы мен тіс жақ жүйесіндегі өзгерістер.
Нәруыз ыдырауы мен түзілуінің бұзылыстары, патогенезі, салдарлары. Организмнің оң және теріс азоттық тепе-теңдігі туралы түсінік.
Қан плазмасы нәруыздарының тасымалдау қызметтерінің бұзылыстары, себептері. Гипер -, гипо-, және диспротеинемиялар; парапротеинемия,
Майлардың организмге түсуінің бұзылыстары. Майлардың асқазан-ішек жолдарында қорытылуы, сіңірілуінің бұзылуы, себептері, салдарлары.
Холестерин алмасуының бұзылыстары, гиперхолестеринемия, атеросклероздың патогенезі.
Семіру, түрлері, даму жолдары. Семіру жүрек-қантамыр аурулары, қантты диабет дамуының қауіп-қатер жайты ретінде.
Ашығу, түрлері, себептері. Ашығу кезеңдерінде зат алмасуы мен физиологиялық жүйелер қызметтері бұзылыстары. Емдік ашығу туралы түсінік.
Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі (экзогендік нормо-және гипобариялық, тыныстық, қанайналымдық, гемдік, тіндік, субстраттық, жүктемелік, аралас). Әртүрлі гипоксиялардың себептері, даму тетіктері.
Гипоксия кезіндегі организмдегі зат алмасуы және физиологиялық жүйелер қызметі бұзылыстары. Гипоксиядағы теңгерулік әсерленістер (тез дамитын және ұзақ мерзімдік).
Пародонттың дистрофиялық зақымдануларында, шырышты қабат ауруларында, тіс жақ аймағының одонтогенді қабынулық ауруларының патогенезінде жергілікті гипоксияның рөлі. Гипоксиялық жағдайлардың алдын алу мен емдеудің патофизиологиялық негіздері.
Артериялық гиперемия, анықтамасы, түрлері. Себептері және даму жолдары. Микроциркуляцияның өзгерістері. Артериялық гиперемияның көріністері, патогенезі. Артериялық гиперемияның салдарлары.
Веналық гиперемия, анықтамасы, себептері, микроциркуляцияның өзгерістері. Веналық гиперемияпың сыртқы көріністері, патогенезі. Веналық гиперемияның салдарлары.
Ишемия, анықтамасы, себептері, микроциркуляцияның өзгерістері. Ишемияның сыртқы көріністері. Ишемия кезіндегі теңгерулік тетіктер. Ишемияның салдарлары. Қанның реперфузиясы туралы түсінік, туындаған өзгерістердің патогенезі, салдарлары.
Стаз, анықтамасы, түрлері, сипаттамасы. Нағыз қылтамырлық стаздың патогенезі. Стаздың салдарлары.
Тромбоз, анықтамасы, этиологиясы. Қан қатпарлары түзілуінің патогенезі. Тромбоздың салдарлары. Бейімделулік үрдістер:шунтталу, жанама қанайналымы. Алдын алу және емдеу жолдары.
Эмболия, анықтамасы. Эмбол түрлері. Пайда болуына қарай эмболдардың түрлері. Үлкен және кіші қанайналым шеңбері мен қақпа венасы эмболиялары. Негізгі ағазалар мен жүйелер қызметі бұзылыстарының патогенезі. Алдын алу және емдеу жолдары.
Микроциркуляцияның біртектес түрлері (тамырішілік, тамырлық, тамырдан тыс). Қылтамырлық-нәрленістік жеткіліксіздік туралы түсінік.
Қабыну, анықтамасы, этиологиясы. Қабыну кезіндегі әлтерация. Алғашқы және салдарлық әлтерация туралы түсінік. Қабыну ошағындағы зат алмасудың өзгерістері. Зат алмасу бұзылыстары патогенез інде жасуша мен оның құрылымдары мембранасының зақымдануының маңызы.
Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тегі, қабыну патогенезіндегі маңызы. Қабынулық және қабынуға қарсы цитокиндер туралы түсінік.
Қабыну ошағында қанайналымының өзгерістері, сатылары, патогенезі.
Экссудация, анықтамасы, патогенезі. Экссудаттың түрлері, сипаттамасы. Іріңді экссудаттың құрамы және қасиеттері.
Қабыну кезіндегі лейкоциттердің эмиграциясы туралы түсінік, сатылары және даму тетіктері.
Фагоцитоз, сатылары. Фагоцитоздың жеткіліксіздігі, оның қабынудағы маңызы.
Қабыну кезіндегі өсіп-өну (пролиферация) туралы түсінік, даму жолдары. Пролиферацияның күшейткіштері мен тежегіштері.
Қабынудың жергілікті және жалпы белгілері, олардың патогенезі.
Созылмалы қабыну патогенезінің ерекшеліктері. Оның жіті қабынудан айырмашылығы.
Қабынудың организм үшін маңызы. Қабынуға қарсы ем мен оның алдынг алудың ұстанымдары. Тіс-жақ аймағы тіндеріндегі қабынудың ерекшеліктері
Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, сыртқы және ішкі пирогендік заттардың сипаттамасы. Қызба кезіндегі температура жоғарылауының патогенезі.
Қызбаның сатылары. Қызбаның әртүрлі сатысындағы жылу реттеудің өзгерістері және клиникалық өзгерістер, олардың патогенезі. Қызба кезінде ауыздың шырышты қабаты жағдайы мен сілекей бездері қызметтерінің өзгерістері.
Қызба кезінде фимзиологиялық жүйелер (жүйке, жүрек-қантамыр, тыныс, асқорыту, бүйрек) қызметі мен зат алмасу өзгерістері.
Дене температурасы көтерілуінің дәрежесіне және дене температурасының тәуліктік өзгшерістеріне қарай қызбаның түрлері. Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Қызым түсірудің патофизиологиялық ұстанымдары. Қызбамен емдеу туралы түсінік.
Аллергия, анықтамасы. Аллергияның этиологиясы (себеп пен жағдай), аллергендердің жіктелуі, сипаттамасы. Стоматологиялық тәжірибеде жиі кездесетін аллергендер. Стомалогтарда аллергиялық аурулар дамуында кәсіптік жайттардың рөлі.
Куку, Джеллу және Р.Кумбс бойынша аллергиялық серпілістердің жіктелуі. аллергиялық серпілістердің сатылары (иммундық серпілістер, патохимиялық өзгерістер, патофизиологиялық бұзылыстар), олардың патогенезі. Сенсибилизация, түрлері, даму жолдары
Аллергиялық серпілістердің І және ІІ түрлерінің патогенезінің ерекшеліктері.
Аллергиялық серпілістердің ІІІ және ІҮ түрлерінің патогенезінің ерекшеліктері.
Аллергиялық серпілістердің алдын алу мен емдеудің патогенездік ұстанымдары. Арнайы және арнайы емес гипосенсибилизацияның түрлері мен тетіктері.
Стоматологиялық тәжірибедегі аллергиялық серпілістер. Пародонт, ауыз қуысы шырышты қабаттарының, сілекей бездерінің ауруларында аллергияның рөлі.
Өспелер, анықтамасы, түрлері. Қатерлі және қатерсіз өспелер, айырмашылықтары мен ұқсастықтары. Өспелердің биологиялық ерекшеліктері.
Өспелердің этиологиясы. Өспелер дамуында химиялық (сыртқы және ішкі), физикалық және биологиялық жайттардың маңызы.
Өспе дамуында жүйке, эндокрин, иммундық жүйелердің рөлі. Тұқымқуалаушылықтың өспе дамуындағы рөлі.
Өспе өсуінің патогенезі. Тіс-жақ аймағы өспелерінің этиологиясы мен патогенезі ерекшеліктері.
Антибластомдық төзімділіктің тетіктері (антиканцерогендік, антитрансформациялық, антицелюлярлық). Өспені емдеу ұстанымдары. Қатерлі өспелердің организмге тигізетін ықпалы. Паранеоплазиялық үрдістер. Өспе ауруларының алдын алу мен емдеудің ұстанымдары.
Жүйке жүйесі қызметі бұзылыстарының этиологиясы. ОЖЖ патогенді агенттің түсу жолдары. Жүйке жүйесінің қорғану механизмдері.
Нейрондардың зақымдануы (денесі, аксоны, дендриті), себептері, патогенезі, салдарлары.
Тежелудің тапшылығы, тежелуден шығу синдромы, патогенезі, салдарлары. Денервация, деафферентация синдромдары, нәрленістің бұзылыстары, себептері, салдарлары
Дерттік күшейген қозу генераторы, түзілу тетіктері, салдарлары. Дерттік жүйе туралы түсінік, даму тетіктері, организм үшін маңызы
Сезімталдықтың нейрогенні бұзылыстары, олардың түрлері, патогенезі.
Ауыру сезімі, түрлері. Ноцицепциялық, антиноцицепциялық жүйелер. Ауыру сезімнің нейрохимиялық жолдары.
Шеткері және орталықтан дамыған дерттік ауру сезімі. Дерттік ауру сезімін емдеу ұстанымдары.
Жоғары жүйке әрекеті бұзылыстары, невроздар, этиологиясы, патогенезі.
Ішкі сөлденіс жүйесі қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы. Ішкі сөлденіс жүйесін қызметі бұзылыстарының негізгі түрлері (гипо-гипер- және дисфункциялық эндокринопатиялар; моно- және плюригландулярлық, үлестік және толық).
Ішкі сөлденіс жүйесі қызметі бұзылыстарының орталық реттелу тетіктерінің бұзылыстары (гипофиз арқылы және гипофиздан тыс, кері байланыс тетігі).
Ішкі секреция бездерінің өздерінде дамыған дерттік үрдістерге байланысты қызметтері бұзылыстарымен сипатталатын эндокринопатиялар. Гормондар белсенділігі шеткері механизмдерінің (безден тыс) бұзылыстарының сипаттамасы.
Қалқанша серік бездері гипо- және гиперфункциясының этиологиясы мен патогенезі.
Қалқанша безі гипо- және гиперфункциясының этиологиясы мен патогенезі
Тиреотоксикоз, микседема, Аддисон ауруы, Иценко-Кушинг ауруларында ауыз қуысындағы өзгерістер.
Сүйек тіні дамуы бұзылысының этиологиясы және патогенезі. Остеогенді жасушалардың белсенділігі реттелуінің бұзылыстары. Сүйектің боркеміктенуі (остеопороз) және жұмсаруының (остеомаляция) патогенезінде кәлций, фосфор алмасуының рөлі.
Тірек қимыл құралының біртектес бұзылыстары. Остеопатиялар (тұқымқуатын және жүре пайда болған) туралы түсінік, этиологиясы және патогенезі.
Буындардың дегенерациялық, қабынулық өзгерістері (артропатиялар). Буынның қабынуы мен шорбуын (артрит пен артроз) туралы түсінік, этиологиясы мен даму тетігі. Құздамаға ұқсас артрит туралы түсінік.
Тері ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Тері аурулары патогенезіндегі ішкі және сыртқы этиологиялық жайттардың сипаттамасы. Терінің зақымдануға төзімділігі.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің анықтамасы. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің патогенезіне, зақымдану орнына, қанның газдық құрамының өзгерістеріне қарай жіктелуі. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің диффузиялық түрі. Ұяшық-қылтамырлық мембранадан газдардың диффузиясының бұзылу себептері, механизмдері
Өкпе вентиляциясының бұзылыстары, себебі, патогенезі, түрлері. Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық түрі. Себептері, патогенезі, жоғары және төменгі тыныс жолдарының обструкциясында өкпе көлемдерінің өзгерістері. Стоматологиялық ауруларда тыныс жолдарының обструкциясы.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің рестрикциялық түрі, өкпеішілік және өкпеден тыс себептері, патогенезі, өкпе көлемдерінің өзгерістері..
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің перфузиялық түрі. Өкпелік гпертензия мен гипотензияның себептері мен патогенезі. Вентиляциялық-перфузиялық арақатынастың бұзылыстары, тыныс жеткіліксіздігі патогенезіндегі маңызы.
Сыртқы тыныс реттелуінің бұзылыстары (тыныс орталығының зақымдануы, афферентті және эфферентті тетіктер), этиологиясы мен патогенезі.
Тыныс ырғағы, жиілігі, тереңдігі бұзылыстарының тетіктері және себептері. Брадипноэ, тахипноэ, гиперпноэ, апное, даму тетіктері. Үзілістік тыныстар, түрлері, даму тетіктері. Ақтық тыныс түрлері.
Ентігу, анықтамасы, даму тетіктері. Ентігудің түрлері, патогенезі. Тұншығу туралы түсінік, себептері, сатылары және олардың патогенезі.
Респираторлық дистресс-синдром, этиологиясы мен патогенезі
Жүрек ырғағы бұзылыстарының жіктелуі. Синустық тахикардия, синустық брадикардия, синустық аритмия, экстрасистолия, ұстамалы тахикардия, толық және жартылай атриовентрикулалық бөгеттердегі ЭКГ-дағы өзгерістері және гемодинамиканың жағдайы. Қарыншалар жыпылығы туралы түсінік. Жүректің дефибрилизациясы.
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, анықтамасы, жіктелуі.Зорығудан болатын жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, түсінігі, көлеммен зорығу (жүрек алдылық жүктеме) және кедергімен зорығу (жүрек соңылық жүктеме) себептері.
Ф.З.Меерсон бойынша жүректің патологиялық гиперфункциясының сатылары, сипаттамасы. Гипертрофияға ұшыраған кардиомиоциттердің ерекшеліктері.
Коронарогенді емес жүрек қызметінің жеткіліксіздігінің миокардиалды түрі. Кардиомиопатиялар түрлері, себептері, патогенезі.
Жүрек қызметі көрсеткіштерінің өзгеруі және жүрек қызметі жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері.
Артериялық гипертензиялар туралы түсінік, түрлері. Алғашқы артериялық гипертензияның этиологиясы мен патогенезі.
Әйгіленімдік гипертензиялар, түрлері, артериялық қысым көтерілуінің патогенезі. Артериялық гипертензиялардың емдеу және алдын алу ұстанымдары.
Артериялық гипотензиялар, жіктелуі. Біріншілік артериялық гипотензияның (гипотониялық ауру) патогенезі. Қауырт гипотензия туралы түсінік. Естен тану, коллапс, патогенезі.
Ас қорыту жеткіліксіздігі, анықтамасы, себептері. Асқорыту жеткіліксіздігі туралы түсінік. Асқазан мен ішектегі асқорыту үрдістері мен ауыз қуысы, сілекей бездері дерттері арасындағы өзара байланыс және өзара әрекеттесу. Тәбеттің бұзылыстары (анорексия, гиперрексия, парорексия) себептері, патогенезі, салдарлары.
Сілекей бөліну бұзылыстары. Гипер- және гипосаливация, себептері, патогенезі, салдарлары. Сиалоаденит, сиалолитиаз туралы түсінік. Шайнау құралы мен ауыз қуысы тіндері дерттерінде сілекей бездері қызметінің маңызы.
Дисфагия синдромы дамуының себептері мен патогенезі. Шайнау мен жұтудың бұзылыстары, себептері, салдарлары.
Асқазандық диспепсия синдромы дамуы себептері мен патогенезі. Асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары, себептері, даму тетіктері.
Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы, «Озбырлық жайттары» мен «қорғаныстық жайттарының» асқазанның ойық жара ауруы патогенезіндегі маңызы.
Қуыстық және іргелік асқорыту бұзылыстары, этиологиясы мен патогенезі. Алғашқы және салдарлық мәлабсорбция туралы түсінік.
Ішектің қимылдық қызметі бұзылыстары (іш өту, іш қату, ішектің өтпеуі), этиологиясы, патогенезі.
Бауыр жеткіліксіздігі, анықтамасы, этиологиясы, түрлері. Бауыр жеткіліксіздігінде ауыз қуысы тіндеріндегі өзгерістер.
Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі зат алмасу, физиологиялық жүйелер қызметтері өзгерістері, патогенезі. Бауырлық кома, патогенезі.
Сарғыштанулар, түсініктемесі, түрлері. Гемолиздік, механикалық, ұлпалық сарғыштану , себептері, негізгі көріністердің патогенезі. Холемия және ахолия, салдарлары.
Бүйректің негізгі қызметі бұзылыстарын тудыратын себептер. Бүйрек шумақтары зақымдануының негізгі тетіктері. Шумақтық сүзілудің азаюы немесе артуы, себептері, даму жолдары, салдарлары
Өзекшелік кері сіңірілудің бұзылыстары. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері (гипер-, гипо-, изостенурия), даму жолдары
Зәр құрамының сапалық өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, патогенезі. Полиурия, олигоурия, анурия, түрлері, даму жолдары.
Бүйрек қызметінің жіті жеткіліксіздігі, этиологиясы, сатылары, патогенезі. Уремия туралы түсінік, уремиядағы организмдегі өзгерістердің патогенезі.
Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі, этиологиясы, сатылары, патогенезі. БСЖ тіс – жақ жүйесі тіндеріндегі өзгерістер.
Қауырт қансырау, қансыраудың ауырлығын анықтайтын жайттар. Жедел теңгерілу жолдары
Эритроцитоздар, анықтамасы, организм үшін маңызы. Анемия аныктамасы, анемияларда эритроциттердің сапалық өзгерістері, жіктелу негіздері.
Постгеморрагиялық анемияның этиологиясы мен патогенезі. Анемияларда ауыз қуысы тіндеріндегі өзгерістері.
Гемолиздік анемиялар, этиологиясы мен патогенезі, тамырішілік, тамырдан тыс эритроциттер ыдырауының себептері мен даму жолдары, қандағы көрінісі.
Дизэритропоэздік анемиялар (витаминВ12,-фолий тапшылықты, темір тапшылықты, аплазиялық), себептері мен даму жолдары, қантүзілу бұзылыстарының, клиникалық көріністерінің патогенезі.
Лейкоцитоз, анықтамасы, жіктелуі. Лейкоцитоз кезіндегі лейкоциттік өрнектегі өзгерістер. Ядролық солға жылжу туралы түсінік. Ядролық солға жылжудың түрлері.
Лейкоцитопениялар, аныктамасы, жіктелуі. Агранулоцито туралы түсінік (гранулоцитопения), себептері, түрлері, лейкоциттік өрнектегі өзгерістер, организмдегі өзгерістер. Агранулоцитозда ауыз қуысы тіндеріндегі өзгерістер.
Лейкоздардың этиологиясы мен патогенезі, жіктелуі
Қауырт және созылмалы миело- және лимфолейкоздарда қан түзілуі бұзылысы мен қан көрінісі. Лейкоздар кезіндегі анемиялық, уыттанулық, геморрагиялық, метастаз беру, жұқпалық синдромдардың патогенезі. Лейкоздардағы ауыз қуысы тіндерінің өзгерістері.
Гемостаз анықтамасы, компоненттері, сипаттамасы. Гемостаз бұзылыстарының жіктелуі. Геморрагиялық синдромның даму жолдары. Вазопатиялар туралы түсінік, түрлері, даму механизмдері
Тромбоцитопениялар, пайда болу себептері, шығу тегі бойынша түрлері, қанағыштықтың патогенезі. Тромбоцитопатиялар, анықтамасы, себептері, патогенезі. Қанағыштықтың патогенезі. Геморрагиялық диатездердегі ауыз қуысындағы өзгерістердің патогенезі.
Тромбоздық синдром, даму механизмі, артериялық және веналық тамырлардағы тромбоздардың салдарлары
Коагуляциялық гемостаз бұзылыстары, тұқым қуатын (гемофилия А, В, С, Вилебранд ауруы) және жүре пайда болған коагулопатиялардың патогенезі.
Стоматологиялық ауруларда сілекей қызметі (коагуляциялық және фибринолиздік қасиеті) өзгерістеріндегі гемостаз бұзылыстары
беттің беті
Достарыңызбен бөлісу: |