266.Қабынуды шақыратын фактор аталады
аллерген
флогоген
пироген
канцероген
онкоген
267. Қабынуды жиі шақыратын себеп
биологиялық жайт
химиялық жайт
физикалық жайт
механикалық жайт
температуралық жайт
268. Қабынудық компоненттеріне жатады
ісіну, қызару, қызметінің бұзылуы, ауыру сезімі
артериялық гиперемия, веналық гиперемия, стаз
қабыну ошағындағы ацидоз, гиперосмия, гиперонкия
әлтерация, экссудациямен бірге жүретін қанайналымның бұзылуы, пролиферация
лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, дене температурасының жоғарылауы
269. Қабыну кезіндегі біріншілік әлтерацияның себебі
қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгерістер
флогогеннің әсері
қабыну ошағындағы қантамырлар қабырғаларының өткізгіштігінің артуы
қабыну дәнекерлері
қабыну ошағында зат алмасудың бұзылуы
270. Қабыну ошағында екіншілік әлтерация, салдарынан дамиды
флогогендердің
қабыну дәнекерлерінің
вирустардың
микробтардың
жоғары температураның
271. Қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгерістерге жатады
гипоиония, гипоосмия, ацидоз
Молекулалар мен иондар санының азаюы
гипоосмия
гиперонкия, гипоосмия, алкалоз
гипериония, гиперосмия, ацидоз
272. Гуморалдық дәнекерлерге жатады
гистамин
серотонин
простагландиндер және лейкотриендер
комплемент бөлшектері
цитокиндер
273. Гуморалдық дәнекерлерге жатады
гистамин
серотонин
простагландиндер
брадикинин
цитокиндер
274. Гистаминнің шығу көзі
нейтрофилдер
лаброциттер (мес жасушалары)
паренхималық жасушалар
лимфоциттер
моноциттер
275. Қабыну ошағындағы қанайналым өзгерістерінің дұрыс бірізділігін көрсетіңіз
ишемия, артериялық гиперемия, веналық гиперемия, стаз
артериялық гиперемия, веналық гиперемия, ишемия, стаз
артериялық гиперемия, стаз, ишемия, веналық гиперемия
ишемия, артериялық гиперемия, стаз, веналық гиперемия
ишемия, веналық гиперемия, артериялық гиперемия, стаз
276. Қабыну кезінде қанайналым мен микроциркуляция бұзылысының ең қысқа сатысы
артериялық гиперемия
веналық гиперемия
жергілікті қанағымның тоқтауы
артериолалардың жиырылуы ( ишемия )
стаз
277. Қабыну кезінде қанайналым мен микроциркуляция бұзылысының негізгі және ұзақ сатысы
артериялық гиперемия
артериолалардың жиырылуы
жергілікті қанағымның тоқтауы
веналық гиперемия
стаз
278. Конгейм тәжірибесінде бақаның шажырқайында артериолалардың кеңеюі, қызмет атқаратын қылтамырлар саны көбеюі, қанағымы жылдамдауы байқалған. Бұл тән
стазға
стазалды жағдайға
веналық гиперемияға
артериялық гиперемияға
ишемиға
Достарыңызбен бөлісу: |