Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы


Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау



жүктеу 237 Kb.
бет2/7
Дата08.05.2020
өлшемі237 Kb.
#30005
1   2   3   4   5   6   7
Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау

және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі


  1. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

  2. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есептемегенде:

  1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

  2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдарға, соғыс қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдардың басқа санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктеріне 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

  1. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек шартымен еңбекке қабілетті адамдардың (отбасы мүшелерінің) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы шартымен және (немесе) еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, адамдарды (отбасы мүшелерін) өмірлік қиын жағдайдан шығару қажет болған жағдайда отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жасалған кезде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын жан басына шаққандағы орташа айлық табысы бар адамға немесе отбасыға көрсетіледі.

  2. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда:

  1. барлық санаттағы мүгедектерге, жедел емделуге, табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;

  2. барлық санаттағы мүгедектерге, шипажайға және оңалту орталықтарына жол жүрумен және кері қайтуға байланысты шығындарды өтеуге, табыстарын есепке алмай, 3 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;

  3. мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға, қосымша тамақтануға, табыстарын есепке алмай, 15 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;

  4. жастарға:

өтініш жасалған күннің алдындағы соңғы он екі айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі – ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына;

білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушыларды, білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды есептемегенде, білім беру ұйымдарына оқуды төлеуге арналған нақты шығындар бойынша, табыстарын есептемегенде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын (балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға және ата–аналардың қамқорлығысыз қалған балаларға) жастарға ортадан кейінгі және жоғары білімді алуға байланысты шығындарды өтеу үшін.

Әлеуметтік көмек оқу жылы ішінде екі бөлініп аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде төленеді.

Әлеуметтік көмек оқу үшін төлемі оқудың нақты құны мөлшерінде өз қаражаты есебінен жүргізілген жағдайда көрсетіледі.

Өтініш берушілер әлеуметтік көмекке білімі туралы құжатты алғанға

дейін, бірақ тиісті күнтізбелік жылына бір реттен артық емес рет жүгіне алады.



  1. өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың адамдарына қайтыс болған күні уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай–ақ табысы аз отбасылардың адамдарына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;

  2. өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың адамдарына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 7 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;

  3. табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде көрсетіледі.

  1. Жеңіс күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек:

  1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 150000 теңге мөлшерінде;

  2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдарға, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, сондай–ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдарға, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

  1. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

  1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңымен көзделген негіздемелер;

  2. табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан адамға (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру;

  3. жергілікті өкілетті органдар ең төменгі күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

  4. ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы (келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті алушылар үшін) негіздеме болып табылады.

Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі Қостанай облысы бойынша бір еселік ең төменгі күнкөрiс деңгейi мөлшерінде белгіленсін.

  1. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетілген оқиғалар туындаған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей көрсетіледі.

  2. Әрбір жекелеген жағдайда келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті

қоспағанда, көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

  1. Әрбір отбасы мүшелеріне (адамға) арналған келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.

Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.




  1. жүктеу 237 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау