ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
91
қыздарды орталыққа алып келді... Олардың
барлығы өз жағдайларын жариялаудан
қорқып, сутенердің үстінен арыз жазудан
бас тартты. Орталықтың қызметкерлері
және полиция қызметкері төлқұжат алуға
көмектесті, содан соң қыздар тұратын
жерлеріне жіберілді» (297, адам саудасының
құрбаны, жынысы–әйел, 23 жас).
Бір жағдайда, адам саудасының құрбанын
адам саудасының құрбандарына арналған
мемлекеттік емес панаға Дерматология және
жыныстық қатынас арқылы таралатын ау-
руларды алдын алу орталығының медицина
қызметкері жіберген.
«Мен кездейсоқ бала көтердім, ал
менің анализдерім менің гонорея ауру-
ын жұқтырғанымды көрсетті. Мені
құрбандарына арналған мемлекеттік емес
панаға Дерматология және жыныстық
қатынас арқылы таралатын ауруларды
алдын алу орталығына есепке тұрғызды.
Дәрігер маған ем тағайындады, психологқа
жіберді, ол маған панаға көмек сұрап баруға
кеңес берді, себебі маған тіркелу керек еді
және мен осы жұмысты (жезөкшелікті)
тастағым келді...Панада маған көмектесті,
маған жұмыс тауып берді. Енді мені гинеко-
лог және Дерматология және жыныстық
қатынас арқылы таралатын ауруларды ал-
дын алу орталығында қарап жүр... Пана маған
психологиялық және заңгерлік қызметтер
көрсетеді» (450, адам саудасының құрбаны,
жынысы–әйел, 19 жас).
Таң қаларлық, бірақ бір ер жынысты адам
саудасының құрбаны өзін орталыққа
ешкім жібермегенін айтқан, ол «Сана сезім
орталығының»
хабарландыруын базардан көріп,
өзі сол жерге қолдау сұрап барған.
«Мен жұмыс іздеп жабық базарға бардым, ақша
тауып, Ташкентке қайтпақ болдым. Мен ше-
телден келгендерге «Сана сезім» орталығында
көмек көрсетілетіні туралы хабарландыруды
көрдім де, сонда бардым...Олар мен шекара-
дан заңды түрде өтуім үшін құжаттарымды
қалпына келтіруге көмектесіп жатыр» (291,
адам саудасының құрбандарына арналған
пана, жынысы–ер, 22 жас).
Адам саудасының құрбанына айналған бала-
лар көбінесе өздерін Кәмелетке толмағандарды
бейімдеу орталықтарының біріне поли-
ция жібергенін айтқан, ал адам саудасының
құрбандары арнаулы көмек алатын адам
саудасының құрбандарына арналған паналарға
жіберілгенін айтқандар азырақ болған.
«Әуелі олар мені Облыстық Ішкі істер
департаментіне жіберді, онда менен әйел-
Кәмелетке толмағандар ісі бойынша
қызметкер жауап алды, содан соң олар
мені Кәмелетке толмағандарды бейімдеу
орталығына жіберді. Сол жерде мені жақсылап
тамақтандырды, мен душқа жуынып, таза
төсекке ұйықтадым. Осы жер маған ұнады,
осында қалғым келді» (457, адам саудасының
құрбаны, жынысы-әйел, 16 жас).
АрНАйЛЫ КөМЕК КөрСЕТіЛГЕН
ҚҰрБАНДАр
Адам саудасының құрбандарына арналған
мемлекеттік емес паналар, құрбандарды
қолдау қызметтері, олардың саны аз және кең
таралмағандығына қарамастан өте маңызды.
Адам саудасының құрбандары айтып бер-
гендей, осы паналарда оларға жан-жақты
қолдау көрсетіледі және оларға заң жүйесіне
қол жеткізуге, қажетті медициналық тексеру-
ден өтуге және ем алуға көмектеседі. Төменде
берілген әңгімелерде көртсетілгендей, адам
саудасының құрбандарының көпшілігі заңгерлік
мәселелерге, медициналық көмек көрсету
мәселелеріне, психологиялық-әлеуметтік және
басқа
мәселелерге тап болады, осы мәселелер
қашқаннан кейін немесе құтылғаннан кейін
ұзақ уақытқа созылады. Адам саудасының бір
құрбаны былай деген:
«Мен әлі түнде қорқынышты түстер
көремін. Қазір мен панаға орналастым, олар
маған жұмыс тауып бермекші, бірақ мен әлі
қорқамын» (446, адам саудасының құрбаны,
жынысы-әйел, 19 жас).
Адам саудасының басқа құрбандарының кейбірі
өздеріне көрсетілген әртүрлі қолдау қызметтері
туралы айтқан.
«Орталықтың қызметкерлері полицияға
хабар берді, мен шағым жаздым. Олар
диагностикалық және медициналық тексе-
ру кезінде де менімен бірге болды, сонымен
бірге менімен психолог жұмыс істеді, ол маған
түнгі қорқынышты түстерден, үрейден
арылуға және қалыпты өмір сүруге үйренуге
көмектесті» (306, адам саудасының құрбаны,
жынысы–әйел, 23 жас).
«Олар маған Мәскеудегі туған баламды
қайтарып берді. Олар құжаттарды қалпына
келтірді, менің баламның құжаттарын жа-
сатып берді, менің баламды балалар үйіне
орналастырды, баспанамен және тамақпен
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
92
ҚҰТҚАрҒАНҒА ДЕйіНГі ЖӘНЕ
ҚҰТҚАрҒАННАН КЕйіНГі
ЖАНҰЯСЫМЕН БАйЛАНЫСу
МүМКіНДіГі
Адам саудасының құрбандарын құтқарғанға
дейін және құтқарғаннан кейін жанұясымен
байланыс туралы сұраған. 4.2-кесте адам
саудасының құрбандарының тек 42,7%-ның
қанау және адам саудасына ұшыраған кезде
жанұяларымен хабарласуға мүмкіндігі болғанын
көрсетеді. Сауалнама мәліметтері кейде адам
саудагерлерінің/қанаушылардың құрбандарға
жанұяларына өздерінің жағдайларының жақсы
екенін айтып хабарласуға мүмкіндік беретіні
туралы айтқан. Осы телефонмен сөйлесуді
адам саудагерлері/қанаушылар бақылап
отырған, адам саудасының құрбандарының
өз жағдайлары туралы айтпауын қадағалаған.
Адам саудасының құрбандарының өте аз саны
(19,4%) өздерінің жанұяларына тапқан ақшасын
салып тұруға мүмкіндіктері шынымен болғанын
айтқан.
Сауалнама мәліметтері бойынша, бұл
адам саудасының құрбандарының көп жағдайда
қанаушылардың алдында қарыздары болуы-
мен және істеген жұмыстары үшін оларға аз
ақша төлеуіне немесе тіпті ақша төлемеуіне
байланысты.
4.2-кесте. Құтқаруға дейін және
құтқарғаннан кейін жанұясымен байла-
нысу мүмкіндігі
Саны=103
Саны
%
Құтқарғанға дейін жанұясымен байланысу
мүмкіндігі
Үйінен кеткеннен соң
жанұясымен хабарласып
тұрған
44
42,7
Тапқан ақшасын жанұясына
жіберуге мүмкіндігі болған
20
19,4
Құтқарғаннан кейін жанұясымен байланысу
мүмкіндігі
Құтқарған сәттен бастап
жанұясымен байланысуы
40
38,8
Жанұясы хабарласқанына қуанған
Иә
38
36,9
Жоқ
5
4,9
Үйіне оралғысы келеді
40
38,8
Сонымен бірге 4.2-кесте адам саудасының
құрбандарының
құтқарылғаннан кейінгі
жанұяларымен байланысуы туралы ақпарат
береді. Адам саудасының құрбандарының тек
қамтамасыз етті. Сонымен бірге мен кол-
леджге қайтып оралдым, олар оқуымның
және 1С бухгалтерлік курстардың ақысын
төледі» (304, адам саудасының құрбаны, жы-
нысы–әйел, 19 жас).
«Сана сезім» орталығына келгенше мен
консервативтік ем және психологиялық
оңалту курсын өттім. Олар маған
құжаттарымды қалпына келтіруге
көмектесті. Мен бухгалтерлік курстар
өттім (303, адам саудасының құрбаны, жы-
нысы–әйел, 23 жас).
«Психолог менімен жұмыс істей бастады;
«Сана сезім» орталығының қызметкерлері
бізді медициналық зерттеу мақсатында
ауруханаға жіберді. Олар сонымен бірге бізбен
бірге полиция учаскесіне ілесіп жүрді» (300,
адам саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 20
жас).
«Кейін мен білгендей, менің әкем
Өзбекстандағы ұйымға хабарласқан, онда
оған Шымкенттегі «Сана сезім» орталығы
көмектесетінін айтқан. Сол жерден бізді
алып кетті де, орталыққа алып барды.
Біз пәтер жалдадық, онда біз полиция тер-
геу жүргізіп жатқанда тұрдық» (298, адам
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 16 жас).
«Олар барлық жерде менімен бірге
жүрді: менімен бірге полиция учаскесіне,
прокуроратураға барды. Мен әлі дайын
емеспін, бірақ мен психологпен сөйлесуім
керек екені сөзсіз, себебі мен адамдарға
сенуді қойдым. Осында 5 жылдың ішінде көп
нәрсе болған екен. Әуелі менің әпкем мені
іздей бастаған, сосын полиция мені хабар-
сыз жоғалған деп жариялаған, осы жылы
көктемде 5 жыл өткен соң тіпті өлген
деп жариялаған, яғни мен адам ретінде бұл
өмірде болмағанмын. Бірақ «Сана сезім»
орталығында маған мені тірі адам деп тану
үшін соттың қарауына барлық құжаттарды
дайындауға көмектесті. Содан соң біз басқа
құжаттар дайындап, қанаушылардың
үстінен талап-арыз жаздым, бірақ полиция
бұл туралы ештеңе айтпайды» (288, адам
саудасының құрбаны, жынысы-әйел, 25 жас).