Росток 08 indd



жүктеу 12,62 Mb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата01.02.2020
өлшемі12,62 Mb.
#27913
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

№ 8 (880) тамыз-қыркүйек 2012 жыл

4

БОЛЫП   ЕДІ   ҰСТАЗЫМ . . .



Бүгінгі таңда 80 жылдығын тойлағалы отырған  

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 

университетінің алғашқы ашылған, факультеттерінің 

бірі  -  физика-математика  факультеті.  Содан 

бергі  жылдар  ішінде  факультеттен  қасиетті  қара 

шаңырақтың  абыройын  асқақтатып,  биік  шыңнан 

көрінуіне  өз  үлестерін  қосқан  іскер  басшылар 

да,  бар  ғұмырын  білім  беру  ісіне  арнаған  ғалым-

ұстаздар да шықты. Солардың бірі, Қобланова Үміт 

Бисенқызы.

Үміт  Бисенқызы  1931  жылы  24  маусымда  қазіргі  Ақжайық 

ауданының Шағатай ауылында дүниеге келген. Әкесі Бисен 1940 

жылы қайтыс болады. Жастай жарынан айырылған Алима апай 

екі қызы – Шекер мен Үмітті ауыр өмір тауқыметін тарта жүріп, 

өсіріп, оқытты.  

Үміт Бисенқызы 1948 жылы Чапаев орта мектебін, 1952 жылы 

А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының физика-

математика факультетін үздік бітіргеннен кейін математика ка-

федрасына ассистент болып қалдырылады. Одан әрі нәтижелі 

еңбек жолы жалғасады: факультет деканының орынбасары, Орал 

қалалық халық депутаттары Кеңесі төрағасының орынбасары, 

Батыс  Қазақстан  ауыл  шаруашылығы  институтының  (қазіргі 

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) жоғары математика кафедрасының 

меңгерушісі,  А.С.Пушкин  атындағы  Орал  педагогикалық 

институтының алгебра кафедрасының меңгерушісі, білім беруді 

ұйымдастырушыларды  даярлау  және  біліктілігін  жетілдіру 

факультетінің  деканы.  Ассистенттен  декан  қызметіне  дейін 

өсу - қажымас қайрат пен ерінбей істеген еңбектің, ізденіс пен 

біліктілікті көтерудің арқасы. Абыроймен атқарылған қоғамдық-

саяси жұмыстар қаншама: факультеттің, институттың әдістемелік 

комиссияларының төрайымы, партбюро мүшесі, Қазақстан КП 

Орал  қалалық,  облыстық  комитеттерінің  бюро  мүшесі,  халық 

депутаттары қалалық, облыстық Кеңестерінің депутаты, «Білім» 

қоғамының тұрақты лекторы. 

Үміт Бисенқызы 1971-1975 жылдары Қазақ КСР ҒА Философия 

және құқық институты жанындағы аспирантурада сырттай оқып, 

«Математикалық  құрылым  ұғымына  философиялық  талдау» 

тақырыбында  философия  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми 

дәрежесіне  диссертация  қорғады.  Осы  еңбегінің  нәтижелерін 

кейін математиканы оқыту, насихаттау жұмыстарында кеңінен 

қолданды. Физика-математика факультеті оқытушылары арасын-

да «Математиканың философиялық мәселелері» әдіснамалық 

семинарын  ұйымдастырып,  оған  жетекшілік  етті.  Қала,  облыс 

мектептері мұғалімдеріне, оқушылар мен студенттерге матема-

тика пәнін, оның қағидаларын дұрыс түсінуге, математиканың 

нақты өмірмен байланысын көре білуге бағытталған дәрістер, 

семинарлар, кештер, пікірталастар ұйымдастырды. Жалпы, Үміт 

Бисенқызы тәрбиеге шебер тәлімгер еді. Ол өткізген шаралардың, 

мейлі ол сабақ болсын, мейлі кураторлық сағат болсын, мейлі 

кеш болсын, тәрбиелік мәні орасан зор болатын. Үміт апайдың 

бойындағы  қастерлі  қасиеттердің  тағы  бірі  –  ұлтжандылығы. 

Ол ұлтшыл емес, бірақ өз ұлтының салт-дәстүрлері мен әдет-

ғұрыптарын қатты қадірлеп сақтайтын және оны шәкірттерінің 

бойына сіңіруге тырысатын.

Үміт  Бисенқызы  жарқын  мінезді,  жоқтан  өзгеге  ренжіп-

тарылмайтын, кең пейілді, қайратты жан болатын. Кім-кіммен де 

ортақ тіл табыса кететін, адамды өзіне тартып тұратын көпшіл 

еді. Сөзге өте шешен, нағыз оратор болатын. Соған қоса, Үміт 

апай ақын жанды еді. Бір нәрсеге байланысты екі-үш шумақ өлең 

шығара қою, ол кісіге қиынға соқпайтын. Кураторлық тобының 

студенттеріне мерекелер алдындағы құттықтау тілегін әркімнің 

сабақ үлгеріміне, мінезіне, жетістігіне лайық шығарылған, әзілі де 

аралас, бір-екі шумақ өлеңмен открыткаға жазып табыс ететін. 

1970 жылы маусым айында өзі Батыс Қазақстан ауыл-шаруашылық 

институтының жоғары математика кафедрасына меңгерушілікке 

конкурстан өтіп, сонда ауысқалы жатқанда физика-математика 

факультетінде    өзі  куратор  болған,  математика  мамандығы 

бойынша  институтты  тамамдағалы  тұрған  біздерге  арнаған 

«қоштасу» өлеңінің төмендегідей шумағы бар еді. 

                   Өмірімнің шыңындағы ұрпағым,

                   Қайратымды, жігерімді жұмсадым.

                   Күндер өтер, айлар өтер, жыл өтер,

                   Деп жүріңдер «Болып еді ұстазым».

Бұл жолдар бүгіндері маған өсиет тәрізді көрінеді. 

Ү.Б.Қобланова «Еңбекте үздік шыққаны үшін», ІІ дәрежелі «Ана 

медалі», В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне «Ерлік 

еңбегі  үшін»,  «Еңбек  ардагері»  медальдарымен,  «Қазақ  КСР 

халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісімен, халық депутаттары Орал 

облыстық Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Үміт  Бисенқызы  мен  Хайролла  Сағынайұлы  жанұясында 

бес қыз тәрбиелеп өсірді. Олардың үшеуі педагог мамандығын 

таңдады,  екеуі  математик,  екеуі  ғылым  кандидаты.  Қазақта 

«өмірде үш қыз тәрбиелеп өсірген адам жұмаққа барады» деген 

ұғым бар. Үміт Бисенқызы жұмақтың төрінде, нағыз періштелер 

ортасында деп ойлаймыз және аруағына тағзым етеміз. 

Марқұм



доцент Ү.Б. Қобланованың 1982 жылы «Құрмет 

Белгісі» орденді А.С.Пушкин атындағы Орал  педагогикалық  

институтының  50 жылдығына арнауы

ОРДенДІ  ИнСТИТУТЫМА

                   Институтым, алтын орда бесігім-ай!

                   Талай жасқа ашылды есігің-ай!

                   Мың тағзым түбегейлі дәстүріңе,

                   Бас ием өткен ұрпақ есіміне-ай!

                   Өсірді бізді аялап ағаларым,

                   Сыйлады ұстазым деп балаларым,

                   Институтым, тарту етем ақ ниетім,

                   Аяусыз еңбек, қайрат, ақыл-арым.

                   Тарихта із қалдырар дана емеспін,

                   Болашаққа қол созар бала емеспін.

                   Бұл сөзім адал ниет айнасы ғой,

                   Талай құрмет ұяңда көріп-өстім.

                   Өзімді бақыттымын деп санаймын,

                   Ордамды зор қамалға мен балаймын,

                   Бүгін тарих жазбаса да кітабына,

                   Көпшіліктің жадындамын деп ойлаймын.

                   Отыз жыл ұстаз болып сөз сөйледім,

                   Білім мен ой қайратым елге бердім.

                   Ақыл толып көз салар өткен кезге,

                   Елу деген межеге мен де келдім.

                   Институтым!

                   Сен елуде құлпырасың, толасың,

                   Талай ғасыр куәсі сен боларсың!

                   Қолымыздан келген сыйды ұсындық,

                   Түсінер деп еркелеткен баласын.



Зүбайда жҰБАнЫШевА,

физика және математика кафедрасының аға оқытушысы  

жаныңда жүр жақсы адам

 

ҰсТАЗ, 



      бАпкер, 

          әдіскер

спартакиадада  әлденеше  мәрте  I,  II,  III  орындарды  иеленіп, 

ауданның  командасы  қазақша  күрестен    бірнеше  рет  облыс 

намысын республикалық оқушылар спартакиадасында қорғау 

деңгейіне көтерілді.

Ғилаж  Молдашұлы  мектепке  келген  алғашқы  жылдардан 

бастап,  еңбекқорлығымен,  ізденгіштігімен  көзге  түсті.  Оның 

басты ерекшелігі - жас спортшыларды жаттығу кезінде боз кілем 

үстінде түрлі техникалық әдістерді қолдануға баулып, еліктіре 

білу  арқылы  өзіндік  әдісі  бар,  шебер  ұстаз-жаттықтырушы 

деңгейінде  таныла  білді.  Ұлағатты  ұстаз-бапкер  жаттықтыру 

сабақтарында оқыту мен тәрбиелеудің озық әдістерін қолданып, 

жас  спортшылардың  ойлау  қабілетінің  дамуы  мен  олардың 

өздігінен ізденуіне ерекше көңіл бөлді. Сол жылдары жемісті 

еңбегі үшін Ғилаж Молдашұлы бірнеше рет облыстық білім беру 

басқармасы мен аудандық оқу бөлімінің мақтау қағаздарымен 

марапатталды. Ғилақаң 1999 жылы Қазақстан Республикасының 

Білім  беру  және  ғылым  министрлігінің  Құрмет  грамотасымен 

және аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. 

Өз  міндетіне  аса  жауапкершілікпен  қарайтын,  спорттың 

қыр-сырын  терең  меңгерген  білікті,  тәжірибелі  ұстаз-бапкер 

1987-1988 жылдары аудандық спорт комитетінің төрағасы, 1988 

жылы қыркүйек айынан бастап, аудандық оқу бөлімінде дене 

тәрбиесі мен алғашқы әскери дайындық пәні бойынша әдіскер 

қызметтерін атқарды. Ұрпақ тәрбиесіне айтарлықтай үлес қосып, 

қажыр-қайратын  аямаған,  ұлағатты  ұстаз  деген  мәртебелі 

атаққа лайық осы бір қарапайым жан ауыл адамдарының зор 

ілтипатына бөленген.

Жалпы орта білім беретін мектептерде мұғалімдердің білім 

мен біліктілік деңгейін тану, оларға әдістемелік ыңғайда нұсқау-

кеңес  беру,  ұстаздарды  педагогикалық  және  психологиялық 

тұрғыдан шыңдап, шынықтыру жолында аянбай еңбек етіп келе 

жатқан әдіскер Қаналиев Ғилаж Молдашұлы - абырой биігінен 

көріне білген, аудан көліміне кеңінен танымал тұлға. Өз ісінің 

шебері, іскер ұйымдастырушының алға қойған басты мақсаты 

-  жетістікке  қол  жеткізу.  Иә,  бұл  оңай  шаруа  емес,  сенім  жүгі 

ауыр  қызмет.  Алайда,  қай  кезде  де  абырой  биігінен  көрінуге 

күш-жігерін сарқа пайдаланып, сүйікті Отанымыздың ертеңіне 

лайық өскелең ұрпақ тәрбиелеу жолында жүрек жылуын аямауға 

бекем бел буған жарқын жан, қадірменді ұстаз, бапкер, әдіскер 

маман,  спорт  ардагері  Ғилаж  Молдашұлының  еңбек  жолы 

сәтті жалғасын таба беруіне, оның игі істері өркен жая түсуіне 

тілектестік білдіреміз. 



Асқар ӘБУБӘкІРОв,

спорт өмірінен сыр шертетін «Жұлдыздармен жүздесу» 

газеті мен «Спорт жұлдыздары» журналының 

Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас

үйретуден балаға, – деп қазақтың ұлы классигі Абай атамыз жырлағандай, қай 

дәуірде де мұғалімдік мамандық ең жауапты да қадірлі мамандық болып есептеліп 

келді және осылай бола береді де.

Мен  жасымның  ұлғайғанына  қарамастан  облыстарға,  қалаларға,  аудандарға 

іссапармен, тапсырмалармен жиі-жиі шығып тұрамын.

Осындай іссапарлардың бірінде Сырым аудандық спорт мектебіне 40 жыл толуы-

на арналып, самбо күресінен жасөспірімдер мен қыздар арасында облыстық деңгейде 

ұйымдастырылған  ауданның  ашық  біріншілігіне  қатысқан 

едім.  Бұл  жолы  бозкілем  үстіндегі  тайталаста  сырымдық 

балуандардың мерейі үстем болуына орай сахна төріне спорт 

мектебінде  қызмет  еткен  ардагер  спортшылар  шақырылып, 

оларға құрмет көрсетілді. 

Осы шараға қатысушылардың ішінде аудан көлемінде күрес 

мектебінің негізін қалаушылардың бірі, спорт ардагері – ұстаз-

бапкер Қаналиев Ғилаж Молдашұлының есімі үлкен құрметпен 

аталды.  Құрмет  көрсетілушілер  арасында  жеңіс  тұғырынан 

әлденеше  мәрте  көз  тартып,  кейінірек  бапкерлікке  ауысқан 

саңлақтардың бірқатары «Біз Ғилақаңның шәкіртіміз ғой!» деп 

масаттана айтып жатты. 

Өз тағылымын өзгеге үйретуден жалықпай, өзгенің уақытын 

аялайтын, өз ісіне адал берілген ұстаз-бапкер Ғилаж Молдашұлы 

1949 жылы 1 қыркүйекте Жымпиты кентінде дүниеге келген. Ол 

1966 жылы Алғабас орта мектебін бітіріп, еңбекке араласады. 

Аз-кем  уақыт  қазақ  тілі  мен  дене  тәрбиесінің  мұғалімі  болып 

еңбек етіп, 1968-1972  жылдары А.С. Пушкин атындағы Орал 

педагогикалық  институтының  дене  тәрбиесі  бөлімінде  білім 

алады. Ұстаздың жолын 1972 жылы Жымпиты орта мектебінде 

дене тәрбиесі пәні мұғалімі болудан бастаған Ғилақаң 1977-1987 

жылдары аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 

директоры болып қызмет атқарады. Осы жылдары Алғабас орта 

мектебі жанындағы күрес секциясында жаттықтырушы қызметін 

абыройлы  атқарған  майталман  бапкер  Тарих  Төлегенов 

тәрбиелеген,  есімдері  облыс  аумағына  әйгіленген  бірқатар 

спортшылар  шықты.  Олар  туралы  әңгіме  болғанда  қазақша 

күрестен  спорт  шебері  деңгейіне  көтерілген    Ғ.Бекмуханов, 

Сатыбалды Бекбаев, Аманай Бақтияров, Қазболат Құрмашев, 

А.Өксікбаевтардың  есімдері  ерекше  атауға  лайық.  Осы 

спортшылар сол кездің өзінде-ақ самбо күресінен ҚСРО-ның 

спорт  шеберлігіне  үміткер  атанды.  Қазболат  Құрмашев  1977 

жылы  самбо  күресінен  оқушылар  арасында  республикалық 

спартакиаданың чемпионы атанды.

  1980  жылы  Алғабас  ауылында  алғаш  рет  палуандар 

үшін  күш  сынасатын  алаң-күрес  кілемі  алынып,  спортшы-

лар  дайындала  бастады.  1980  жылы  Алғабас,  Қособа  елді-

мекендерінде  жаттығудан  өтіп,  аудан  көлеміндегі  додаларға 

қатысу барысында көзге түскен  10 спортшыға ерлер арасында 

I дәрежелі санат берілді. Ал, ауданның оқушылары облыстық 

  Университеттің 80 жылдығына орай    

М.Өтемісов атындағы бҚМу-

дың 80 жылдық мерейтойы



жүктеу 12,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау