Росток 08 indd



жүктеу 12,62 Mb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата01.02.2020
өлшемі12,62 Mb.
#27913
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

№ 8 (880) тамыз-қыркүйек 2012 жыл

10

  20 қадам

Памяти ученого-фольклориста

В начале июля 2012 года из Санкт-Петербурга пришла скорбная весть: умер живший там последние 

годы с семьей известный в нашей области человек – Евгений Иванович Коротин.

БІЛІМ  МЕн  ғЫЛЫМ – 

ел дамуының басты кепілі

Тәуелсіздік  жылдарында Қазақстан елеулі жетістіктерге жетті. Тұрақты нарықтық экономика орнықтырылды, 

ауқымды әлеуметтік бағдарламалар іске асырылуда. Тиімді мемлекеттік институттар құрылды, азаматтық 

қоғам дамып келеді. Қазақстандықтардың жаңа буыны өсіп жетіліп, өскелең өмірге қадам басты. Тәуелсіз 

Қазақстан әлемде өзінің лайықты орнын ала бастады.

Орындалуға  тиісті  тапсырмалар

Сонымен бірге, қазіргі кезеңде еліміздің алдында уақтылы 

және  лайықты  назар  аударуды  талап  ететін  жаңа  тарихи 

қажеттіліктер пайда болды. Яғни, атқарылған істермен мақтанып 

қоймай,  қатардағы  азаматтардың  өмірін  жақсарту  жолында 

үнемі  жұмыс  істеп,  қоғам  мен  мемлекеттің  тыныс-тіршілігінің 

барлық  салаларында  жаңа  көзқарастар  іздеудің  қажеттілігі 

туындады. Дәл осыны, яғни уақыттың, жаһандық дүниенің ты-

нысын біздің Ұлт көшбасшысы дөп басып, сезіне білді.

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның  әлеуметтік 

жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» 

атты  бағдарламалық  мақаласы  Қазақстан  дамуының  ұзақ 

мерзімді бағдарларын белгілеп берді. Бұл құжатты Президенттің 

кейінгі  сөздерінде  жария  еткен  стратегиялық  идеяларының 

қисынды жалғасы деп санау керек. Ел болашағының бағытын 

түзеген 20 кешендік бағдарламалық тапсырманың әрқайсысын 

әрбір  отандасымыздың  көкейкесті  мәселесі  деп  атауға  бо-

лады.  Сонымен  бірге,  бұл  Жолдау  бүкіл  қазақстандықтарды 

масылдық пен әлеуметтік инфантилизмді еңсеріп, еңбек қызметі 

мен  игілікке  ұмтылуға  шақырады.  Қазақ  қоғамының  айрықша 

назарында  білім  көкжиегін  кеңейтуге,  біліктілігін  көтеруге, 

Отанымыздың игілігіне қызмет істеуге ұмтылған еңбек адамы 

болады.  Елбасы  халқымызға  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамы 

идеясын  ұсынды.  Біздің  әлеуметтік  жаңғырту  саясатының 

негізіне шынайы өндірістік еңбек қойылатын болды.

Жалпы ақпараттық технологияның өркендеген заманында 

білім мен ғылымның орнын ештеңемен салыстыруға болмайды. 

Енді білім мен өндірістің арасындағы байланысты тиімділікпен 

жақсарта білу шарт. Біздің адамдарымыздың, кеңес кезіндегідей, 

өндірістің жай ғана тетігі саналмай, бизнестің аса маңызды бөлігі 

болуына барлық қабілеттері бар.  

Төл  тарихымызды  ұлттық  мүдде  тұрғысынан  зерделеу-

ге  ойысқан  тұста  Елбасының  Қазақстан  тарихы  ғылымына 

ерекше көңіл бөлуінің маңызы зор болмақ. Әсіресе аталмыш 

ғылым бойынша оқу жоспарларын, оқу құралдарын сараптап, 

мұқият ой-елегінен өткізу шын мәнісінде күн тәртібінде тұрған 

мәселе деп білеміз. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның 

әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 

20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында 13-ші тапсырма 

ретінде көрініс тапқан бұл мәселе бүгінгі күн тұрғысынан алғанда 

өзекті. Сондықтан  ұлттық тарихымыздың сапасын арттыру үшін 

біз бірқатар шараларды жүзеге асыруымыз қажет. Біріншіден, 

Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігін  алғалы  отандық  та-

рих  ғылымы  бойынша  көптеген  зерттеулер  жүргізіліп,  сүбелі 

монографиялар жарияланды. Осындай зерттеулердің ғылыми 

жаңалықтары Қазақстан тарихы оқулықтарына әлі күнге дейін 

толыққанды енгізілмей келеді. Сондықтан  мұны қазіргі заман 

қажеттілігі мен талабы деп ұғынған жөн.

Екіншіден,  отандық тарих  ғылымы  бойынша  зерттеулерді 

одан әрі күшейту қажет. Ал ол үшін ғалымдарға мемлекеттік грант-

тарды көбірек бөліп, тарихшылардың шетел мұрағаттарында 

жұмыстануына  мүмкіндік  туғызу  шарт.  Бұл  өз  кезегінде 

«Қазақстан  Республикасындағы  тарихи  сана  қалыптасуының 

тұжырымдамасының»  толыққанды  орындалуына  септігін 

тигізеді.  

Үшіншіден,  барша  докторант,  магистрант,  студенттер, 

оқушылар    оқитын  академиялық  оқулықтардың  мазмұнын 

жаңарту қажет. Өйткені, қазіргі таңда отандық тарихта шетел 

әдебиеттерін,  ұлттық  шежіремізді  кеңінен  пайдалануға  баса 

назар аударылып келеді.   

Осындай мәселелерді қолға алғанда ғана Қазақстан тарихы 

ғылымының сапасы жақсарып, оны оқитын көзі ашық, көкірегі ояу 

азаматтардың отансүйгіштік сезімінің артатындығы сөзсіз.



Саялбек ғИЗЗАТОв,

тарих және құқық факультетінің деканы, тарих 

ғылымдарының кандидаты

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік 

жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 

20 қадам»  атты еңбегін оқып, өзімді толғандырып 

жүрген біраз сұрақтарыма жауап алдым. Ең алдымен, 

Ұлт  Көшбасшысының    дүние  жүзінде,  елімізде  не 

болып жатқанын бүге-шүгесіне дейін білетініне және 

жинақталып отыратын мәселелердің қалай шешілуге 

тиісті екенін көрсетіп, бағыт-бағдар бере алатынына 

көзім жетті.

Еңбектен  «патернализмнен аулақ болу керек, өзінің жеке 

басының денсаулығын, алдымен, адамның өзі ойлауы керек»  

деген  жолдарды  оқи  отырып,  Елбасының  1993  жылы  қазан 

айында  жарияланған  «Қазақстанның  болашағы  –  қоғамның 

идеялық бірлігінде»  атты еңбегі есіме түсті. Бұл еңбекте жаңа 

қоғамда адамға қандай талаптар қойылатыны көрсетілген еді. 

Өкінішке орай, халқымыздың бір бөлігі  әлеуметтік масылдықтан, 

инфантилизмнен, игілікке жетудің алдамшы формуласынан, т.б. 

арыла алмай келеді.

Қоғамда  келеңсіздік  жағдайларының  болу  себебі, 

оны  реттейтін  заңның  жоқтығынан.  Осыған  орай,  Елбасы 

Н.Назарбаевтың  жаңа  заңдарды  шығарып,  бар  заңдарды 

жаңарту қажет деген ойы өте орынды. Мысалы, Елбасы Ұлттық 

бірыңғай тестілеуде орын алатын бұзушылықтар үшін құқықтық 

жауапкершіліктің жоқтығын айтты. Батыс Қазақстан облыстық 

дарынды  балаларға  арналған  мамандандырылған  мектеп-

интернатының  директоры,  педагогика  ғылымдарының  канди-

даты, профессор Н.Д.Дәулетов ҰБТ-да болатын кемшіліктердің, 

бұзушылықтардың  түрлерін  көрсетіп,  «Алтын  белгі»  алған 

түлектердің  қаптап  кеткенін,  тестілерді  жетілдіру  қажеттігін 

біраз жылдан бері айтып та, жазып та келеді. Тек қана үстіміздегі 

жылы көптеген кемшіліктің алды алынды, тестілерге логикалық 

ойлауды  талап  ететін  тапсырмалар  ендірілді.  Енді  осындай 

жұмыстардың нәтижесін көрелік. Облыс бойынша орташа балл 

– 77,39-ды құрады, ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 87,48 болған 

еді. «Алтын белгіге» 237 үміткер болса, олардың тек қана 86-сы 

өз білімдерін қорғады. Ал өткен жылы үміткерлер түгелдейге 

дерлік  «Алтын белгіні» алған еді. Тәртіп күшейсе де, профессор 

Н.Д.Дәулетов басқаратын оқу орны талап биігінен көріне білді. 

Осы мектептің түлегі Ғалимат Наил ең жоғары ұпай - 124 балл 

жинады. Түлектер ҰБТ-дан республика бойынша ең озық (орташа 

ұпай - 117,38) көрсеткіш көрсетті. Мектепті 13 оқушы – «Алтын 

белгіге», 7 оқушы – «Үздік атттестатқа» аяқтады. 

Білім беру саласында жұмыс істейтін болғандықтан білім 

беру  жүйесін  жаңғырту  жөніндегі  қадамдарды  мұқият  оқып 

шықтым.  Есептеп  отырсам  Президент  Н.Назарбаев  жүктеген 

20 тапсырманың үштен бір бөлігі білім беру жүйесіне қатысты 

екен.  Елбасының  «білім  беру  жүйесі  жалпыұлттық  күйінде 

қалуға  тиіс»    деген  пікіріне  толықтай  қосыламын.  Елімізде 

барған сайын жекеменшік балабақшалары, мектептер, колледж-

дер,  жоғары  оқу  орындары,  діни  оқу  орындары,  Қазақстан-

Америкалық  университеті,  Қазақстан-Британ  техникалық 

университеті, т.б. оқу орындары көбейіп бара жатыр. Олардың 

бәрі  де  Қазақстанның  игілігі  үшін  еңбек  ету  керек.  Кейбір 

жекеменшік мектептерде Ресейдің ЖОО-на түсуге көмектесетін 

бағдарламаларды қолданғандығы туралы фактілер анықталған. 

Орыс  тілді  лицейлердің  түлектері  түгелге    жуық  Ресейдің 

ЖОО-на  оқуға  кетіп  жатқандары  да  белгілі.  Мысалы,  Орал 

қаласындағы №32 ЖББОМ (директоры Л.В.Белякова) бітірген 

22  түлектен  ҰБТ-ға  тек  3  түлегі  ғана  қатысқан.      Вальдорф 

бағытындағы  гимназияның  оқушылары  мемлекеттік  тілде 

тестілерді тапсырғанда қиыншылық көретінін балалардың ата-

аналарынан естіп жүрміз.

Еңбекте  «орта  білім  беру  ж үйесінде  директорлар 

корпусының    сапасын  жақсарту  жөнінде  шаралар  атқару 

қажет»  деп көрсетілген. Бұл тапсырманы орындауда үстіміздегі 

жылдың  мамыр  айында  қабылданған  Білім  және  ғылым 

министрлігінің «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің бас-

шыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы»   

бұйрығының көмегі болатыны сөзсіз.

Жоғары білім республика экономикасының барлық салала-

ры үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби 

даярлауды қамтамасыз етуде, ғылым мен өндірісті біріктіруде 

маңызды рөл атқарады.

Қазіргі уақытта елімізде 146 жоғары оқу орны бар. Ондағы 

студенттер саны - 629,5 мың  адам. 

1992 жылы жоғары оқу орындарының саны 60 болса, 2005 

жылы олардың саны 185-ке жетті. Қазір олардың саны 146-ға 

қысқарды.  ЖОО-ның  көп  болуының  кадр  даярлауда  келеңсіз 

тұстары баршылық. Егер әлемде орта     есеппен 10 мың адамға 

232  студенттен  келсе,  бізде  377    студенттен  келеді.  Біз  бұл 

көрсеткіш  жағынан  әлемдегі  бірінші  ондыққа  кіреміз.  Алайда 

экономиканы  қажетсіз  кадрлармен  толтыруға  және  жоғары  

білімнің сапасын төмендетуге жол бермеу керек. 

Елбасы  Н.Назарбаев  «  Қ азақстанның  әлеумет тік 

жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»  

атты еңбегінде ЖОО-ларды оңтайландыру үдерісін жүргізудің 

маңыздылығын, Қазақстандағы 146 оқу орнының талайы маман 

тәрбиелеп шығарудың қажетті сапасын қамтамасыз ете алмай-

тынын көрсетті. Осыған орай, ҚР Үкіметіне ЖОО-лардың санын 

оңтайландыру және кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз 

етпейтін білім беру мекемелерінің лицензияларын қайтарып алу 

жөніндегі жұмыстарын жалғастыруға тапсырма берді. Қорыта 

айтқанда, еліміздің саналы азаматтары Елбасының еңбегімен 

жете танысып, онда берілген тапсырмаларды орындауға атса-

лысуымыз керек. 

Байжан МОлДАғАлИев,

М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті

Евгений  Иванович  Коротин  –  ученый-фольклорист,  кан-

дидат исторических наук, доцент. Родился 17 марта 1926 года 

в  Уральске,  в  1955  году  окончил  Уральский  педагогический 

институт им. А.С.Пушкина по специальности «Русский язык и 

литература». С 1958 года начал преподавать в родном вузе, 

проработав в нем, без малого, пятьдесят лет.

Евгений  Иванович  около  15  лет  находился  на  руково-

дящих  должностях:  был  заместителем  декана  историко-

филологического факультета, заведующим кафедрой русской 

и  зарубежной  литературы.  При  этом  он  всегда  оставался 

демократичным в общении и с коллегами, и со студентами. Его 

всегда отличали неизменная элегантность и остроумие.

Евгений Иванович читал русское устное народное творче-

ство и древнерусскую литературу. Его лекции при всей строго 

научной выверенности были интересны и доступны для вос-

приятия. Евгений Иванович умел пробудить у студентов инте-

рес к своим предметам, который у большинства его учеников 

оставался на всю жизнь.

Евгений Иванович был инициатором ряда фольклорных экс-

педиций, по роду своей деятельности встречался с десятками 

людей – знатоками казачьего фольклора, которые для него были 

не просто «информаторами», а людьми яркими и интересными. 

Талант общения был свойственен Евгению Ивановичу в полной 

мере, о нем помнят во многих селах нашей области, где он со 

своими студентами записывал фольклорные произведения.

Евгений  Иванович  сделал  очень  много  не  только  для 

собирания,  но  и  для  систематизации  и  изучения  устного 

народного  творчества  уральских  казаков.  По  его  инициа-

тиве  был  открыт  фольклорно-диалектологический  каби-

нет  в  ЗКГУ,  он  стоял  у  истоков  музея  «Старый  Уральск».

Евгений  Иванович  внимательно  следил  за  деятельностью 

фольклорно-этнографических ансамблей, стараясь, чтобы их 

выступления отвечали духу фольклорных традиций. Евгений 

Иванович  издал  более  130  научных  печатных  работ,  имел 

связи с фольклористами МГУ им. М.В.Ломоносова (Москва) 

и  Пушкинского  дома  (РАН,  Санкт-Петербург).  Он  отдавал 

много сил организации научной работы студентов. Под его 

руководством в середине 80-х годов были подготовлены пер-

вые на филологическом факультете публикации студентов (в 

Свердловске) и дипломные работы.

Евгений  Иванович  Коротин  был  награжден  медалью 

«За доблестный труд в годы Великой Отечественной войны 

1941-1945 годов», значком «Отличник Просвещения», являлся 

членом Ассамблеи народа Казахстана.

Светлая память о Евгении Ивановиче Коротине – заме-

чательном фольклористе и человеке – надолго сохранится 

в сердцах продолжателей его дела.



коллектив кафедры общего языкознания и перевода 

ЗкГУ им. М.Утемисова


жүктеу 12,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау