ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР
Педагогикалық көзқарастарға мыналар жатады:
әрбір оқушының пікіріне құлақ асу;
әрі қарай даму мақсатында бастапқы білім мен түсінікті қолданудың маңыздылығын түсіну;
ынталандыра және дамыта оқыту;
оқытудың белсенді әдістерін қолдану;
мәселегебағдарланған оқыту тәсілдерін пайдалану;
оқушылар мен олардың қажеттіліктеріне сәйкес оқытудың түрлі стильдерін пайдалану;
саралап оқыту тәсілдері;
оқушыларға«оқыту үшін бағалау» тәсілі арқылы қолдау көрсету;
зерттеушілік белсенділікке қолдау көрсету;
оқушылардың білім алуына көмектесу мақсатында олардың ақпаратты қалай сұрыптайтынынбілу;
мәселені тапқырлықпен шешу дағдыларын дамыту;
оқушылардың ғылыми логикасы мен ғылыми базасын дамыту;
оқушыларғаашық сұрақтар және тапсырмалар ұсыну;
оқушылардың қате пікірлерін анықтап, оларға талқылау және өз ойларынбасқа қырынан талқылауғамүмкіндік бере отырып, қайта білім алуға көмектесу;
оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;
мұғалім-оқушы қарым-қатынасының мүмкіндіктерін арттыру;
оқушылардың жаңа ақпараттымеңгеруі кезінде онықарқынды бақылай алулары үшін қажетті жайлылық деңгейлерін арттыру;
оқытуда тоғыспалы даярлауды және тұтастық тәсілдерін дамыту;
оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуғақажетті жағдай жасау, өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
жеке және топтық жұмыстарды, сондай-ақ сыныптық жұмыстарды ұйымдастыру;
жобамен жұмыс істейтін оқушыларға, жеке немесе топтасып жобалауға, мақсаттар қоюға, болжам жасап, оны дәлелдеуге, қажетті ақпаратты іздеуге, тәжірибелер жасап, атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынуға, талдау жасауға және жасаған жұмысын бағалауға, сондай-ақ жобаны шығармашылықпен қорғауға мүмкіндік беру;
оқушылардың бай академиялық тілін қалыптастыру мақсатында диалог құруда/жазуда қажетті сөздік қорды пайдалануы үшін жүйелі тілдік қолдау қолдану;
сыныптастар арасында жоғары оқу орнына түсуге немесе қызметтік мансапты құруғабағытталған оңтайлы оқыту ортасын құру;
оқу үдерісіне оқушылардың ата-аналары мен отбасы мүшелерінің қатысуына қолдау көрсету.
5-6 сыныпқа «Роботтехника» курсы бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспары
Рет
№
|
Бөлім/
Тақырыптар
|
Сабақ тақырыбы
|
Оқу мақсаттары
|
Сағат
саны
|
Мерзімі
|
Ескерту
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |