Құрметті студент!
2016 жылы «Қызмет көрсету - 1» бағытындағы мамандықтар тобының бітіруші курс студенттеріне Оқу жетістіктерін сырттай бағалау 4 пән бойынша өткізіледі.
Жауап парақшасын өз мамандығыңыздың пәндері бойынша кестеде көрсетілген орын тәртібімен толтырыңыз.
Мамандық шифры
|
Мамандықтардың атауы
|
Жауап парағының 6-9 секторларындағы пәндер реті
|
5B090500
|
«Әлеуметтік жұмыс»
|
1. Жалпы және әлеуметтік психология
2. Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ету
3. Әлеуметтік жұмыс теориясы
4. Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары
|
1. Сұрақ кітапшасындағы тестер келесі пәндерден тұрады:
1. Жалпы және әлеуметтік психология
2. Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ету
3. Әлеуметтік жұмыс теориясы
4. Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары
Тестілеу уақыты – 180 минут.
Тестіленуші үшін тапсырма саны - 100 тест тапсырмалары.
Таңдаған жауапты жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордың тиісті дөңгелекшесін толық бояу арқылы белгілеу керек.
Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.
Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтыру керек.
Тест аяқталғаннан кейін сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.
7. - Сұрақ кітапшасын ауыстыруға;
- Сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға;
- Анықтама материалдарын, калькуляторды, сөздікті, ұялы телефонды қолдануға
қатаң тиым салынады!
8. Студент тест тапсырмаларында берілген жауап нұсқаларынан болжалған дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда студент ең жоғары 2 балл жинайды. Жіберілген қате үшін 1 балл кемітіледі. Студент дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қателік болып есептеледі.
Жалпы және әлеуметтік психология
|
1. Психология ғылымының философиялық даму кезеңі:
A) XV ғасырда жаратылыстану ғылымдарының дамуымен байланысты пайда болды
B) Психология философиямен қатар дамыды
C) Антикалық кезден ХІХ ғасырдың 70 жылдарына дейін
D) XVII ғасырда жаратылыстану ғылымдарының дамуымен байланысты пайда болды
E) Психикалық қасиетті сана деп атады
|
2. Психикалық процестерге жататындар:
A) ес және қиял
B) мінез және темперамент
C) мінез және қабілет
D) қабілет және нышан
E) дарындылық және данышпандық
F) эмоция және темперамент
|
3. Ақыл ойдың даму дәрежесін анықтауға арналған тесттер:
A) Социометрия
B) Логикалық тест
C) Бақылау
D) Эксперимент
E) Ойын тесті
F) Сапалық тест
|
4. Проективті әдіс болып саналады:
A) Әңгіме
B) Эксперимент
C) Социометрия
D) Бақылау
E) "Роршах тесті"
|
5. Психология ғылымының салалары:
A) Философия
B) Әлеуметтану
C) Заң психологиясы
D) Дінтану
E) Зоология
|
6. Психология ғылымының салалары:
A) Педагогика
B) Арнайы психология
C) Философия
D) Жас ерекшелік психологиясы
E) Физиология
F) Әлеуметтану
G) Педагогикалық психология
|
7. Түйсік дегеніміз:
A) Психикалық процесс
B) Психикалық қасиет
C) Заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жүмсақтығын, кедір-бұдырлығын тб осы секілді қасиеттері ажыратуға себеп болады
D) Заттар мен құбылыстардың түсi, дыбысы, дәмi, иiсi, формасы т б қасиеттерiн тұтас күйінде бейнелейді
E) Бiрнеше анализаторлардың бiрлесiп қызмет iстеуiнiң нәтижесi
|
8. Есте сақтау:
A) Заттардың бейнесін қабылдау
B) Заттар мен құбылыстардың нақты бейнесін есте қалдыру
C) Ұзақ уақыттық естен уақыт пен кеңістік тұрғысынан оқшауланып өткеннің бейнелерін алып шығу
D) Алынған әсерлерді есте бағытталған есте ұстаудың алғы шарты
E) Жаңа білімдерді меңгерудің жүйелілігін, ұғынымдылығын қамтамасыз ететін процесс
|
9. Адам зейінің түрлері:
A) Үйреншікті
B) Шығармашылық
C) Тура
D) Жалпы
E) Ырықты
F) Ырықсыз
G) Қайта жасау
|
10. Есте қалдыру түрлері:
A) Ременистенция
B) Абстракция
C) Жаттау
D) Логикалық
E) Механикалық
|
11. Флегматик темпераменті:
A) Ширақ
B) Күшті
C) Қозуы тежелуден басым
D) Экстраверт
E) Бірқалыпты
F) Тежелуі қозудан басым
G) Қозу мен тежелу тепе-тең
|
12. Психопатия:
A) Әлеуметтік дезодаптацияға әкеледі
B) Кез келген жасқа тән
C) Ұзақ уақыт бойы тұрақты
D) Туа беріледі
E) Қоғамға қауіпті
F) Тәрбие ерекшеліктеріне байланысты
|
13. Флегматик типінің сипаттамалары:
A) Қимыл-қозғалысы ақырын, мәнерсіз ақырын сөйлейді
B) Көңіл-күйі шапшаң өзгереді, өте әсершіл
C) Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары
D) Іске шапшаң кіріседі
E) Бірсарынды сөйлейді, кісімен араласып , жақындасуы аз
F) Бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады
|
14. Күрделі эмоция түрлері:
A) Шабыт
B) Қызғаныш
C) Стресс
D) Апатия
E) Фрустрация
F) Көңіл күй
G) Агрессия
|
15. Бейсаналы психиканы зерттеген ғалымдар:
A) УКеннон
B) ГЛанге
C) НБернштейн
D) АМаслоу
E) ААдлер
F) З.Фрейд
G) КЮнг
|
16. Мәліметтерді өңдеу әдесіне жатады:
A) Проективті әдіс
B) Контент-анализ
C) Шығарманың нәтижелерін таңдау
D) Математик (анализ) өңдеу
E) Лабораториялық эксперимент
F) Табиғи эксперимент
|
17. Қарым-қатынастың қызметіне жататындар:
A) біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру
B) топтың пайда болуы
C) тұлғааралық түсіністік
D) топтық қысымды шешу
E) тұлғааралық қатынастың қалыптасуы және дамуы
F) аффективті-коммуникативті
|
18. Вербальді емес коммуникация түрлері:
A) Индентификация
B) Перцепция
C) Экстралингвистика
D) Сенсорика
E) Адаптация
F) Проксемика
G) Коммуникация
|
19. Сөйлеудің түрлері:
A) Жабық коммуникатор
B) Ауызша сөйлеу
C) Перцепция
D) Жазбаша сөйлеу
E) Диалогты сөйлеу
F) Коммуникатор
|
20. Қақтығыс жағдайына әкелетін позициялар:
A) Авториторизм
B) Марапаттау
C) Оппозиция
D) Конкуренция
E) Коммуникация
|
21. Топтық қысымның атқаратын қызметтері:
A) топ мүшелерінің өмірін ұйымдастыру
B) топаралық жанжалды тудыру
C) топты тұтас ретінде сақтау
D) топ мүшелерінің өмір және іс-әрекет ұстанымдарын түсіндіру
E) топтық мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге ұмтылыс
|
22. Бұқара психологиясы концепцияларындағы маңызды әлеуметтік психологиялық заңдылықтар
A) бұқара мен элитаның қатынасы
B) адамдардың өзара әрекеттестігі
C) топтың даму динамикасы
D) тұлға мен топтың ара қатынасы
E) бұқаралық мәдениет құралдарының қоғамдық және индивидуалды санаға әсері
F) бұқара мен тұлғаның үйлесімді өзара қатынасы
|
23. У.Джеймс бойынша тұлға келесі үш инстанцияның жиынтығы:
A) Биологиялық Мен
B) Шындықтағы Мен
C) Рухани Мен
D) Әлеуметтік Мен
E) Мұраттағы Мен
F) Адамгершілік Мен
G) Эстетикалық Мен
|
24. Шиеліністі шешу жолдары:
A) Модератор
B) Референт
C) Синектика
D) Кооперация
E) Мәслихат
F) Мәжіліс
G) Конкуренция
|
25. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің топтамасы:
A) тұлғаның жас ерекшелік қасиеттерінің үйлесімді жиынтығы
B) топ мүшелерінің өзара әрекеттестігінде және оның әлеуметтік әсерінің нәтижесінде қалыптасатын қасиеттер
C) тұлғаның ұлттық ерекшеліктерінің топтамасы
D) жалпыпсихологиялық және әлеуметтік-психологиялық қасиеттермен байланысты әлеуметтік қасиеттер
E) дифференциалды және жас ерекшелік қасиеттермен байланысты қасиеттер
F) жалпы психологиялық қасиеттердің әлеуметтік топтамасы
Жалпы және әлеуметтік психология
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ету
|
1. Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері:
A) процедуралық немесе іс жүргізушілік сипаттағы көмек
B) азаматтық беру немесе кепілдендіру
C) азаматтарға құқық қорғаушылық сипаттағы қызмет көрсету мен байланысты туындаған қоғамдық қатынастар
D) материалдық игіліктерді еңбектің қатысуынсыз бөлу шараларының жиынтығы
E) зейнетақы, жәрдемақы
|
2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық нормативтік актілердің уақыттағы күші:
A) мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мен қорғауды жүзеге асыру барысында туындаған қоғамдық қатынастардың белгілі бір тобын реттейтін нормалардың жиынтығы
B) зейнетақы, жәрдемақы, өтемақы, заттай көмек көрсету және процедуралық немесе іс жүргізушілік сипаттағы көмек екендігін білдіреді
C) әлеуметтік жеңілдіктер, зейнетақылар, жәрдемақылар, жеңілдіктер, өтемақылар, әлеуметтік қызмет көрсетуді білдіреді
D) әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық нормативтік актілердің уақытта әрекет етуіндегі басталуы мен аяқталуын білдіреді
E) еңбек стажы, зейнетақылар, жәрдемақылар, жеңілдіктер, өтемақылар, әлеуметтік қызмет көрсетуді білдіреді
F) уақыттағы заңдық әрекет шеңберін анықтайды
G) әлеуметтік қамсыздандыру құқықтық нормативтік актілердің уақыттағы өкілеттілік шеңберін көрсетеді
|
3. Әлеуметтік қамсыздандырудың басты принциптері:
A) Қол жетімділік
B) Антигумандылық
C) Бәсекелестік
D) Кәсіптілік
E) Ұлттық
|
4. Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне жататын мекемелер:
A) Жергілікті емханалар
B) Еңбекпен қамту биржалары
C) Жоғары оқу орындары
D) Білім беру мекемелері
E) Ойын сауық орталықтары
|
5. Білім беру субъектілері:
A) Түрме орындары
B) Жоғары оқу орындары
C) Емханалар
D) Жабық мекемелер
E) Диспанцерлер
F) Әкімшіліктер
|
6. Мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктерге құқылы тұлғалар:
A) Өз еркімен материалдық қамтыла алмаған тұлғалар
B) Панасыздар
C) Жастар
D) Жасөспірімдер
E) Қарттар мен балалар
|
7. Экологиялық апат аймағы шекарасын белгілеудің негізгі өлшемдері:
A) Миграциялық процестердің жиіленуі
B) Экологиялық жүйенің толық қалпына келуі
C) Халық өлімінің тұрақты өсуі
D) Экологиялық себептерге байланысты амалсыздан халықтың көшіп кетуі
E) Халықтың тығыз шоғырлануы
F) Халықтың көбеюінің тұрақты өсуі
|
8. Халықтың сапалы өмір сүруін қамтитын аспектілер:
A) Биология саласын дамыту
B) Халықтың таза ауыз суымен қамтылуы
C) Жер құнарын зерттеу
D) Халықты зиянды жұмыстардан қорғау
E) Халықтың экологиялық таза ортада өмір сүруі
F) Тұрғындарды зиянды жұмыстармен қамту
G) Экологиялық апаттарды болдыру
|
9. Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы мынадай мерзімге төленеді:
A) 90 күнтүзбелік жұмыс күні үшін
B) 4 айлық жұмыс күндері шамасы үшін
C) 70 күнтүзбелік жұмыс күні үшін
D) 160 күнтүзбелік жұмыс күні үшін
E) 56 күнтүзбелік жұмыс күні үшін
|
10. Атаулы әлеуметтік көмекке құқылы халық санаттары:
A) интернат-үйлерде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер
B) еңбекке қабілетті жұмыссыздар
C) күн көрісі төмен, аз қамтылған отбасылар
D) жұмыссыздар
E) мерзімді әскери қызметтегі адамдар
F) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп емдеудегі адамдар
|
11. Құқықтық жауаптылық сипатталады:
A) Құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру
B) Құқық бұзушыны еркіндікке жіберу
C) Мемлекеттік мәжбүрлеу;
D) Құқық бұзушыны қолдау
E) Зорлық зомбылық таныту арқылы мәжбүрлеу
F) Отандық мәжбүрлеу
G) Құқық бұзушыны қинау
|
12. Баланың қоғамдағы құқықтары:
A) Баланың 16 жасқа дейін отбасы құру құқығы
B) Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы
C) Баланың 10 жасқа дейн өз еркімен ата анасының қайсысымен тұруын таңдау құқығы
D) Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы
E) Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы
|
13. Баланың денсаулық сақтауға құқығы:
A) баланың денi сау болып өсiп жетiлуiне қажеттi қолайлы қоршаған орта жасау
B) балалардың денсаулығын сақтауға қатысты іс шаралар ұйымдастырмау
C) денсаулығы нашар балаларға ғана жағдай жасау
D) бiлiктi медициналық көмек көрсету
E) тек ғана асыраушысы жоқ балалардың денсаулығын жақсарту
F) балаларды салауатты өмір салтын ұстануға мәжбүрлеу
G) балалардың десаулығына тек ақылы медициналық көмектер көрсету
|
14. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтін, емдейтін және соған ұқсас басқа да мекемелердегі баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды, олардың жұмысқа орналасуына көмектесуді:
A) Интернат басшылары жүзеге асырады
B) Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі
C) Мектеп басшылығы жүзеге асырады
D) Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады
E) Қазақстан Республикасы Парламенті жүзеге асырады
F) Қазақстан Республикасының заң шығару билік органы
G) Қазақстан Республикасының атқару билік органы
H) Маслихаттар жүзеге асырады
|
15. Ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі:
A) Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз етпесе
B) Ата-аналар мен баланың арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда
C) Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган ата-аналар мен баланың мүдделерi арасында қайшылықтар барын анықтаса
D) Психотроптық заттарды және (немесе) осыларға ұқсас заттарды теріс пайдаланса
E) Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына салынса
F) Ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткіліксіз болса
G) Ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмаса
H) Ата-аналардың мінез-құлқының салдары бала үшін қауіпті болса
|
16. Ата- аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға жергілікті атқарушы органдардың міндеттері:
A) Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа беру
B) Балалар үйлеріне немесе қалашықтарына орналастыру
C) Баланы оқыту
D) Баланы уақытша мекемелерге орналастыру
E) Патронаттық тәрбиелеуге беру
F) Баланы жеке төсек орнымен қамту
|
17. Мемлекеттік органдар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қорғаншылық немесе қамқоршылық нысанына қарамастан бірдей материалдық және өзге де жағдайларды қамтамасыз етілуі:
A) Баланың білім алуға құқығы болып табылады
B) Баланың бейресми құқығы болып табылады
C) Баланың мемлекеттік көмекке құқығы болып табылады
D) Баланың қажетті тұрмыс деңгейіне құқығы болып табылады
E) Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңымен қарастырылған міндеттері болып табылады
F) Мемлекеттік көмекке құқығы
G) Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалану құқығы болып табылады
H) Баланың мүліктік құқығы болып табылады
|
18. Әлеуметтік қамсыздандыруды реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар:
A) Стандарт
B) Заң
C) Әлеуметтік жоба
D) Бұйрық
E) Әлеуметтек бағдарлама
|
19. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған жасөспірімдердің құқықтары:
A) Жасөспірім балалармен әлеуметтік және психологиялық оңалту жұмыстарын жүргізу
B) Сотталған жасөспірімдердің білім алуын үздіксіз жалғастыру
C) Спортқа жарыстарға қатысу
D) Кәмелеттік жасқа толмағандықтан жазаланбауы қажет
E) Кәмелеттік жасқа толмағандықтан жәрдемақы тағайындау
F) Сотталған жасөспірімдерді медициналық оңалту
G) Кәмелеттік жасқа толмағандықтан жазаның жеңіл түрін қолдану
|
20. Ай сайын азаматтарға мемлекеттік бюджеттен берілетін әлеуметтік жәрдемақылар:
A) Дарынды балаларға берілетін жәрдемақы
B) Жалғыз қалуына байланысты жәрдемақы
C) Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
D) Кедей отбасыларға жәрдемақы
E) Бала күтіміне байланысты жәрдемақы
F) Ауыр жұмыс жасауы бойынша жәрдемақы
G) Өндістік жарақаты бойынша жәрдемақы
H) Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы
|
21. Азаматтардың еңбек етуіне қатысты заңдар:
A) «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңы
B) «Еңбек туралы» ҚР Заңы
C) « Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы » ҚР Заңы
D) «Білім туралы» ҚР Заңы
E) « ҚР-дағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы » ҚР Заңы
F) «Мүлікті қорғау туралы» ҚР Заңы
|
22. Жасөспірімнің қорғалу құқықтары:
A) Жасөспірімдер асыраушыларының қызығушылықтарын қолдамау керек
B) Жасөспірімдік шақ, ол кәмелеттік жас болғандықтан өзін толық қорғай алады
C) Баланың құқықтары мен қызығушылықтарын ата-анасы немесе асырап алушы, мемлекеттік орган қорғайды
D) Егер балаға зорлық жасалып жатқаны анықталса кез келген тұлға сот алдында жауап береді (ата-анасы немесе асыраушы)
E) Бала өзін қанаушылардан (ата-анасы немесе асыраушы) қорғауға құқылы
|
23. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi –
A) Қарт адамдардың депазиттерде жиналған қаражаттары
B) Зейнеткерлерге төлейтін мемлекеттің міндетті төлемі
C) Зейнеткерлердің еңбек ету жылымен есептелетін ақшалай төлемдер
D) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялауы
E) Қазақстан Республикасының азаматтарына Заңда белгiленген зейнеткерлiк жасқа жеткен соң берiлетiн ай сайынғы ақшалай төлем
F) зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы
G) Қазақстан Республикасында тұратын 58 жастан асқан әйелдер мен 63 жастан асқан ер адамдарға мемлекеттің ай сайынғы ақшалай төлемі
H) Ерікті жарналар жиынтығы
|
24. Мүгедектікті айқындаудағы медициналық-әлеуметтiк сараптама:
A) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлейдi
B) Еңбектiң қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз ету, өндiрiсте жарақаттануды болдырмау, кәсiптiк ауруларды азайту жөнiндегi iс-шаралар
C) Алдын алуды тиiстi мемлекеттiк органдар, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, ұйымдар мен жұмыс берушi жүзеге асырады
D) Адамның мүгедектiгi мен еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеу халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның жүзеге асыруы
E) Он сегiз жасқа толмаған тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам
F) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен, куәландырылатын адамның клиникалық-функционалдық, әлеуметтiк, кәсiби және психологиялық деректерiн талдау негiзiнде организмнiң жай-күйiн кешендi бағалауға сүйенiп жүзеге асырылады
G) Адамды мүгедек деп таныған және еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеген кезде олардың себептерi, мерзiмi, басталған уақыты, қосымша көмек түрлерiне және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудегi қажеттiлiктердi анықтайды
H) Азаматтарға қосымша көмек түрлерiне және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудегi қажеттiлiктердi анықтайды
|
25. Мүгедектердiң жұмыс жасаудағы жеңілдіктері:
A) Үнемі біліктілігін жоғарылатып отыру
B) Аз көлемді сағатта жұмыс жасау
C) Жұмыстың жеңіл түрімен айналысу
D) Шетелге саяхатқа баруы
E) Үнемі сыйақы алып отыру
F) Сапасыз өмір сүруге
Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ету
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Әлеуметтік жұмыс теориясы
|
1. Ерте кезең және классикалық ортағасырдағы қайырымдылықтың негізгі тасымалдаушылары:
A) Шіркеу
B) Құлдар
C) Монастырлар
D) Әскерилер
E) Тайпа көсемдері
F) Кедейлер
|
2. Әлеуметтік жұмыс туралы түсініктің кәсіби тәжірибелік іс- әрекет ретінде қалыптасуының кезеңі:
A) X ғасыр
B) XX ғасырдың басы
C) V ғасыр
D) XXI ғасыр
E) XIX ғасырдың аяғы
F) XIІ ғасыр
|
3. Қазақстанда кәсіби әлеуметтік жұмыстың қалыптасу кезеңі:
A) XVIII – XIX ғасырлар аралығында
B) XX ғасырдың аяғы
C) X ғасыр
D) XX ғасырдың 91-ы жылдары
E) XX ғасырдың 30-ы жылдары
F) XX ғасырдың 40-ы жылдары
G) XX ғасырдың 60-ы жылдарының басы
|
4. Әлеуметтік жұмыстың мазмұнын ашатын негізгі түсініктер:
A) Индивидуализм
B) Маргинализм
C) Қайырымдылық
D) Гуманизм
E) Альтруизм
F) Эгоизм
|
5. Әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі көмек көрсетудің объектілері:
A) Социономдар
B) Мемлекет
C) Әлеуметтік қызметкерлер
D) Жетім балалар
E) Пенитенциарлық мекеме
|
6. Жетім балалар, мүгедектер, жалғызбасты қарттар:
A) Кәсіпкерлер
B) Әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұлғалар
C) Меценаттар
D) Әлеуметтік жұмыс объектілері
E) Өмірлік қиын жағдайда қалған тұлғалар
|
7. Әлеуметтік жұмыстың психологиялық әдістері:
A) Эксперттік қортынды
B) Этикалық әңгімелесу
C) Отбасылық психотерапия
D) Диспут
E) Психологиялық кеңес беру
F) Жарыс
|
8. Мүмкіндігі шектеулі балалар, аз қамтылған отбасы:
A) Меценаттар
B) Филантроптар
C) Басқару субъектісі
D) Әлеуметтік жұмыс объектілері
E) Волонтерлер
F) Қиын өмірлік жағдайдағы тұлғалар
|
9. Тиімділік түсінік ретінде:
A) Адамдарың өмірлік іс-әрекет түрлерінің жиынтығы
B) Мақсаттарды жүзеге асыру деңгейлері
C) Нақты жеткен және қажетті нәтиже
D) Адамның қоғамдағы жағдайын сипаттайтын көрсеткіш
E) Адам іс- әрекеттері қабілеттерінің жиынтығы
|
10. Әлеуметтік саясаттың скандинавтық үлгісінің негізгі қағидалары:
A) Әлеуметтік көмек
B) Мүгедектерді қорғау
C) Әлеуметтік медицина
D) Әлеуметтік сақтандыру
E) Әлеуметтік қамсыздандыру
|
11. Халықты әлеуметтік қорғау әлеуметтік институт ретінде:
A) Барлық азаматтарды қорғауға бағытталған
B) Мемлекет саясатымен байланысты емес
C) Қазақстанда жұмыс атқармайды
D) Қайырымдылықтың синонимі болып табылады
E) Өзінің ұйымдастырушылық- құқықтық формалары бар
|
12. Халықты әлеуметтік қорғау мекемесі:
A) Әлеуметтік қызмет көрсету стационарлық мекемесі
B) Бизнес-орталықтары
C) Салық комитеті
D) Үйде әлеуметтік көмек көрсету
E) Туристік агентства
F) Банк мекемелері
G) Пенитенциарлық мекемелер
|
13. Мемлекеттік міндетті әлеуметтік сақтандыру:
A) Несие алу тәсілі
B) Әлеуметтік төлем түрі
C) Халықты әлеуметтік қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық формасы
D) Жұмыс беруші есебінен жүзеге асырылады
E) Әлеуметтік қауіп – қатерді қайтару құралы
|
14. Үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік жұмыс субъектісі ретінде:
A) Мемлекет құрылымындағы қаржылық көлемді анықтайды
B) Әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетеді
C) Заң шығарушылық іс-әрекетімен айналысады
D) Халықтан шағым қабылдайды
E) Волонтерлік жұмысты ұйымдастырады
|
15. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету мекемесі:
A) Мектеп
B) Қарттарға арналған әлеуметтік-оңалу орталығы
C) Пенитенциялық мекеме
D) Дәріхана
E) Банк
F) Мәдениет үйі
|
16. Салауатты өмір салтының құрылымдық элементтері:
A) Оптималды қозғаушы режим
B) Төменгі қозғаушы белсенділік
C) Теңгерімсіз тамақтану
D) Шектен тыс компьютерлік ойындарға әуестілік
E) Организмнің үнемі тоңазуы
|
17. Әлеуметтік қызмет әлеуметтік жұмыстың ұйымдастырушылық формасы ретінде:
A) Коммерциялық құрылым болып табылады
B) Мемлекеттік және мемлекеттік емес болуы мүмкін
C) Кіріс алуға бағытталған
D) Тек кәсіпкерлерге көмектеседі
E) Мүгедектерге қызмет көрсетпейді
F) Тек асырап алумен айналысады
|
18. Жұмыспен қамту саласындағы жұмыспен қамтылған тұлға:
A) Зейнеткерлер
B) Өзіндік жұмыспен қамтыу
C) Бас бостандығынан айырылу орындарында болу
D) Балаларды тәрбиелеуші
E) Төленетін жұмыстың болуы
F) Жұмыссыздар
G) Кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысушы
|
19. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы:
A) Жазалау мекемесі болып табылады
B) Кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуге арналған
C) Ересек қылмыскерлерге арналған
D) Кәмелетке толмағандарды уақытша қамтамасыз ету
E) Білім беру жүйесінде болу
F) Денсаулық сақтау жүйесінде болу
G) Қауіп-қатер тобындағы кәмелетке толмағандарды қорғауға арналған
|
20. Ауыл жеріндегі әлеуметтік жұмысты күрделендіретін факторлар:
A) Опера театрының болмауы
B) Жеке қонақ күту үйінің болуы
C) Қызмет көрсетуге шектеулілік
D) Табиғатқа жақын болу
E) Инфрақұрылым дамуының жеткіліксіздігі
F) Отбасының тұрақтылығы
G) Қайырымдылық көмек беру көздерінің шектеулігі
|
21. Әлеуметтік қызметкердің кәсібилікке пайдалы белгілері:
A) Қақтығыс жағдайлар тудыру
B) Кәсіби дағдыларды қолдану іскерлігі
C) Эмоционалды шаршау
D) Эмоционалды шиеленісті тудыра білу
E) Тұлғаның кәсіби-мәндік сапаларының болуы
F) Коммуникативтік сапалардың болмауы
G) Кәсібилік, шеберлік, қабілеттілік
|
22. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби-этикалық кодексі:
A) Қарсы алу және назар аудару ережесі
B) Әлеуметтік қызметкердің іс-әрекетін реттейтін этикалық нормалар жиынтығы
C) «Этикет» түсінігінің синонимі
D) Кәсіби –этикалық ережелердің жинағы
E) Әлеуметтік қызметкердің сыртқы келбеті
F) Кәсіби жүріс-тұрысты реттейді
|
23. «Әлеуметтік қызметкер - клиент» байланыстар жүйесіндегі әлеуметтік қызметкердің рөлі:
A) Клиент жағынан назар аударудың объектісі
B) Клиентпен орын алған жағдайды көруші
C) Клиентке әлеуметтік көмекті ұйымдастырушы
D) Клиенттің мәселесінің сипатын анықтайтын диагност
E) Клиенттің өз мәселесін ұғынудағы көмекші
F) Клиенттің уайымын бақылаушы
|
24. Әлеуметтік жұмыс бойынша мамандарды кәсіби даярлаудың міндеттері:
A) Оқу пәндерінің көбеюі
B) Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру
C) Өзін –өзі бағалаудың төмендігі
D) Маманның кәсіби өзін- өзі тануының дамуы
E) Қызығушылықтары бойынша клубтар ұйымдастыру
F) Шетелдік тәжірибелерді қолданбау
G) Кәсіби деформацияның дамуы
|
25. М.Ричмонд әлеуметтік жұмысты зерттеуші ретінде:
A) Психоанализ теориясының авторы
B) Саяси жүйелер теориясының авторы
C) «Бюрократия мектебінің» негізін салған
D) «Әлеуметтік диагноз» кітабының авторы
E) Әлеуметтік жұмыстың диагностикалық мектебін қалаушы
F) Ресейде тұрған
G) Жүйелер теориясын қалаушы
Әлеуметтік жұмыс теориясы
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары
|
1. Әлеуметтік жұмыстағы жалпы әдістер:
A) интервью
B) контент-анализ
C) салыстыру
D) әлеуметтік сараптама
E) социометрия
F) әлеуметтік терапия
|
2. Әдіс түсінік ретінде:
A) Болмысты тану процесі
B) Мақсатқа жету жолы
C) Қоғамдағы құбылыстарды тану тәсілі
D) Адамның психологиялық саласына әсер ету үдерісі
E) Заң
|
3. Бақылау әдісінің түрлері:
A) жазбаша
B) жасанды
C) лабораториялық
D) ауызша
E) сыртқы
F) ішкі
G) логикалық
H) еркін
|
4. Аз қамтылған отбасыларды қолдаудың әлеуметтік-экономикалық әдістері
A) Адрестік әлеуметтік көмек
B) Зейнетақылар
C) Әлеуметтік сақтандыру
D) Балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар
E) Әлеуметтік жеңілдіктер
|
5. Технология түсінік ретінде:
A) Теориялық әдістердің атауы
B) Іс-әрекеттің белгілі бір алгоритімін білдіреді
C) Әлеуметтік жұмыстың принциптерінің бірі
D) Әлеуметтік іс-әрекет туралы білімнің жиынтығы
E) Белгілі бір тәртіппен жүзеге асырылатын опеарциялардың, іс- әрекеттердің жиынтығы
F) Көп рет қолданылуы мүмкін
|
6. Әлеуметтік технология:
A) Әлеуметтік технологизация процестерін болдырмайды
B) Адамзаттық іс-әрекетке байланысты емес
C) Адамазттық мәдениеттің элементі болып табылады
D) «Оқыту технологиясы» түсінігінің синонимі болып табылады
E) «Әлеуметтік жұмыс технологиясы» түсінігі құрылымына кіреді
F) Материалдық өндіріс саласындағы технологиялық үдеріс
|
7. Әлеуметтік жұмыстың жеке (объектілі) технологиялары:
A) халықтың аз қамтылған қабаттарымен әлеуметтік жұмыс технологиялары
B) әлеуметтік сараптама
C) әлеуметтік қамсыздандыру
D) отбасымен әлеуметтік жұмыс технологиялары
E) баспанасыздармен әлеуметтік жұмыс әдістерінің жиынтығы
|
8. Отбасындағы әлеуметтік жұмыстың қағидалары:
A) Ата-ана құқықтарын құрметтеу
B) Отбасыны қатаң бақылау
C) Отбасындағы жағымсыз факторларды есепке алу
D) Отбасындағы зорлық-зомбылық факторларын жарияламау
E) Бала мүддесінен ата-ана мүддесінің басымдығы
F) Баланың бейәлеуметтік мінез-құлқын қолдау
|
9. Әлеуметтік жұмыстағы социологиялық әдістер:
A) Аутогендік дайындық
B) Сендіру
C) Социометриялық
D) Контент-талдау
E) Сауалнама
|
10. Әлеуметтік сараптаманың әдістері:
A) эксперттік бағалау әдісі
B) мадақтау әдісі
C) фокус-топ әдісі
D) корреляция әдісі
E) кеңес беру әдісі
F) эксперимент әдісі
|
11. Жұмыссыздықты профилактикалау жүйесінің шаралар жиынтығы:
A) жұмыссыздарға жәрдемақы тағайындау
B) уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
C) жоғары жалақысы бар жұмысқа орналастыру
D) өзін-өзі жұмыспен қамтуды ұйымдастыру
E) атаулы әлеуметтік көмек көрсету
F) жұмысты таңдауда еркіндік беру
G) жұмыссыздарға материалдық емес көмек көрсету
|
12. Диагностикалық зерттеу жүргізудің әдістері:
A) мәселені салыстырмалы талдау әдісі
B) тестілеу әдісі
C) дифференциация әдісі
D) сауалнама әдісі
E) индукция әдісі
F) корреляция әдісі
G) талдау әдісі
|
13. Әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі әлеуметтік бейімделу бағыты
A) Жас мамандардың еңбек ұжымына бейімделуі
B) Жетімдер үйі түлектерінің есею өміріне бейімделуі
C) Босқындар мен көшуге мәжбүр болғандардың бейімделуі
D) Адамның жаңа климаттық жағдайларға бейімделуі
E) Көшіп келгенердің бейімделуі
|
14. Әлеуметтік оңалтуды тиімді жүзеге асыруда ұстанатын негізгі принциптер:
A) қолжетімділік
B) құпиялылық
C) гуманизм
D) үшжақтылық
E) кезеңділік
|
15. Әлеуметтік экспертиза түрлері:
A) Гуманитарлық
B) Демократиялық
C) Медико-әлеуметтік
D) Өзгерушілік
E) Техникалық
|
16. Диагностика терминін орнына «бағалау» ұғымын ұсынған ғалымдар:
A) А.Пинкус
B) Л.Г. Гуслякова
C) М.Сипорин
D) П.Д. Павленок
E) Е.И. Холостова
F) Н.П. Щукина
G) А.Минахан
|
17. Ата-ана қарауынсыз қалған балалардың құқығын қорғау түрі:
A) Арнайы мекемелерге орналастыру
B) Күндізгі стационар
C) Патронаж
D) Патронат
E) Еңбекпен қамту
F) Қамқоршылық
G) Пансионат
|
18. Әлеуметтік жобалау түсінік ретінде:
A) Әлеуметтік терапия синонимі
B) Әлеуметтік технология болып саналмайды
C) Әлеуметтік болмысты құру
D) Жобалау нәтижесі – әлеуметтік диагноз
E) Клиент пен әлеуметтік қызметкердің өзара әрекет әдісі
|
19. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау қағидалары:
A) Тұтастық
B) Заңдылық
C) Бос уақытты ұйымдасыруға жәрдемдесу
D) Диагностика
E) Тәрбиелік әсер етудің тұтастығы
F) Әлеуметтік қорғауға кепілдік
|
20. Әлеуметтік жұмыстағы ғылыми зерттеудің эмпирикалық әдістері:
A) Бақылау
B) Индукция
C) Талдау
D) Дедукция
E) Сауалнама
F) Синтез
|
21. Азшылық теориясына сәйкес қарт адамдар:
A) босату процесін бастан кешірген адамдар тобы
B) еңбегі қоғам үшін қажет адамдар
C) халықтың басқа қабаттары үшін теріс түсініктегі объект
D) Өзінің денсаулығына, өмірлік жоспарларына, қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес қоғамның кез келген жерінен өздеріне орын таба алатын адамдар
E) өнімді адамдар
F) қоғамның белсенді тобы
|
22. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының классификациясына сәйкес мүгедектіліктің аспектілері:
A) Дербес аспект
B) Философиялық аспект
C) Гносиологиялық аспект
D) Биологиялық аспект
E) Әлеуметтік аспект
F) Медициналық аспект
G) Психологиялық аспект
|
23. Жасөспірімдермен жұмыста әлеуметтік алдын-алудың нәтижелігінің шарттары:
A) Қоғамда жалпыға таралған нормалардың болмауы
B) Алдын-алу шараларының ғылыми негізділігі
C) Алдын-алу шараларының дер кезінде жүзеге асырылуы
D) Халықтың әлеуметтік қорғалмаған категориясының қатысуы
E) Азаматтардың әрекетке қабілеттілігі
F) Мамандардың кәсіби біліктілігі
|
24. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі міндеттері:
A) Білім берудің сапасын қамтамасыз ету
B) Медициналық-әлеуметтік мекемелерді көбейту
C) Мәдени құндылықтарғы баулу
D) Мүдделі тараптардың ведомство аралық қарым-қатынасы
E) Жастар бағдарламаларының сапа мониторингін еңгізу
F) Еңбек ету үшін жағдай жасау
G) Әлеуметтік көмекті арттыру
|
25. Иммиграция түрлері:
A) Әлеуметтік-психологиялық бейімделу мақсатымен
B) Қарым-қатынас жасау мақсатымен
C) Валюта айырбастау мақсатымен
D) Тарихи отанына оралу мақсатымен
E) Шиеліністі шешу мақсатымен
F) Еңбек ету мақсатымен
G) Жалғыздықтан арылу мақсатымен
Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Достарыңызбен бөлісу: |