ҚҰрылыс нормалары және ережелер


-кесте – Шөгіндісі саралған мөлдіреткіш режимінде жұмыс жасайтын аэротенк-тұндырғы мен окситенктерге аралған тұнба бөлгіштерге гидравликалық ауыртпалық мәндері



жүктеу 8,54 Mb.
бет31/58
Дата14.05.2018
өлшемі8,54 Mb.
#12222
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58

9.21-кесте – Шөгіндісі саралған мөлдіреткіш режимінде жұмыс жасайтын аэротенк-тұндырғы мен окситенктерге аралған тұнба бөлгіштерге гидравликалық ауыртпалық мәндері


aiJi

100

200

300

400

500

600

qms, м3/(м2сағ)

5,6

3,3

1,8

1.2

0,8

0,7


9.3.8.10 Тұнба қоспасын бөлуге арналған флотациялық қондырғылардың есебін 9.22-кестеге сәйкес өлшенген заттар құрамы бойынша мөлдіретудің талап етілген деңгейіне байланысты жүргізу қажет.

9.3.8.11 Ағынды резервуарындағы арынды 0,6 МПа-дан 0,9 МПа дейін қабылдау қажет, қанығу ұзақтығы 3 минуттен 4 минутке дейін.

Алынатын тұнбаның ылғалдылығын тұнбалы индекс және жинақтау-тасымалдау құрылғысы типті, қайта циркуляция коэффициентін ескере отыратын есеппен анықтау қажет.

Екінші тұндырғыдан тұнбаны үздіксіз немесе мерзімді түрде алып тастауға болады. Мерзімді алып тастау кезінде уақыт интервалын оның жинақталу аймағының сыйымдылығы мен түзілетін қалдық көлеміне байланысты орнатылуы тиіс.
9.22-кесте - Өлшенген заттар құрамы бойынша мөлдіретудің талап етілген деңгейіне байланысты мәндер


Параметр

Өлшенген заттар құрамы, мг/л

15

10

5

Флотация ұүзақтығы, мин

40

50

60

Тұнбаның өлшенген заттарының л/кг, ауаның шекті шығысы

4

6

9

9.3.8.12 Мембраналық сүзгілермен қондырғыларды таңдау пайдаланудың нақты шарттарында өнімділікті, жұмыс ұзақтығын, тазарту деңгейлерін міндетті түрде ескере отырып, өндіруші зауыттың пайдалану сипаттамаларына (материалдары) бойынша жүргізіледі.


9.3.9 Толық қышқылдануға аэрациялық қондырғылар (ұзартылған аэрациялы аэротенктер)
9.3.9.1 Толық қышқылдануға аэрациялық қондырғыларды тоспа сулардың биологиялық тазартылуы үшін қолдану қажет.

Тоспа суларды қондырғыға бермес бұрын ірі механикалық қоспалардың ұсталуын қарастыру қажет.



9.3.9.2 Толық қышқылдануға аэротенктердегі аэрация ұзақтығын (9.32)-формуласы бойынша анықтау қажет, бұл ретте:

- ОБТтол бойынша қышқылданудың орташа жылдамдығын 6,0 мг/(гсағ) тең болатындай етіп;



ai – тұнба мөлшерін 3,0 г/л -ден 4,0 г/л дейін болатындай етіп;

s – тұнбаның күлділігін 0,35 тең болатындай етіп қабылдау қажет.

Ауаның шекті шығынын (9,45)-формуласы бойынша анықтау қажет, бұл орайда:



qO – оттектің шекті шығынын, мг/мг ОБТтол алынған 1,25 тең болатындай;

K1, K2, KT, K3, Ca - 9.3.7.29 ұсынылған деректер бойынша қабылдау қажет.

9.3.9.3 Тұндыру аймағында тоспа сулардың тұру ұзақтығы ең жоғарғы ағын жағдайында 1,5 сағаттан кем болмауы тиіс.

9.3.9.4 1,00 кг ОБТтол үшін артық белсенді тұнба мөлшерін 0,35 кг ретінде қабылдау қажет. Артық тұнбаны тұндырғыдан, сондай-ақ аэротенктен тұнба мөлшері 0,5 г/л ден 6,0 г/л дейін жеткенде алып тастауға болады.

Тұндырғыдан алынатын тұнбаның ылғалдығы 98% тең, ал аэротенктен алынатын тұнбаның ылғалдылығы 99,4% тең болады.



9.3.9.5 Тұнба алаңдарына ауырлықты мезофильді шарттарда ашытылған шөгінділер үшін сияқты қабылдау қажет.
9.3.10 Циркуляциялық қышқылдану арналары
9.3.10.1 Циркуляциялық қышқылдану арналарын (ЦҚА) қыстың ең салқын кезеңінің есептік температурасын 25С төмен емес аудандарда тоспа сулардың биологиялық тазартылуы үшін қарастыру қажет.

9.3.10.2 Аэрация ұзақтығын (9.32)-формуласы бойынша анықтау қажет, бұл ретте - ОБТтол бойынша қышқылданудың орташа жылдамдығын 6,0 мг/(гсағ) тең етіп қабылдау қажет.

9.3.10.3 Циркуляциялық қышқылдану арналары үшін:

а) жоспарла арна пішінін О-тәрізді;

б) тереңдігін 1,0 м жуық;

в) 1,0 кг ОБТтол үшін артық белсенді тұнба мөлшерін 0,4 кг;

г) алынған 1,0 кг ОБТтол үшін оттектің шекті шығынын 1,25 мг етіп қабылдау қажет.

9.3.10.4 Қышқылдану арналарында тоспа сулардың аэрациясын арнаның тік учаскесі басында орнатылатын, механикалық аэраторлармен қарастыру қажет.



 Аэраторлар мөлшері мен олардың жұмысының параметрлерін арнадағы су жылдамдығы мен оттек бойынша өнімділігіне байланысты паспорттық деректер бойынша қабылдау қажет.

9.3.10.5 Аэаратормен жасалатын vcc арнасындағы судың жылдамдығын м/с мына формула бойынша анықтау қажет:

(9.52)
мұндағы Jair – аэратор сипаттамасы бойынша қабылданатын аэратор қысымының импульсі;

lair – аэратор ұзындығы, м;

cc – арнаның негізгі қимасының ауданы, м2;



n1 – бұдырлық коэффициенті; бетон қабырғалар үшін n1 = 0,014;

R - гидравликалық радиус, м;

lcc – арна ұзындығы, м;

 - жергілікті кедергілер коэффициенттерінің сомасы;

О-тәрізді арна үшін  мәні 0,5-ке тең.

Аэраторлар ұзындығын түбі бойынша арна енінен кем емес және су айнасы бойынша арна енінен аспайтындай етіп қабылдау қажет, аэраторлар саны екіден кем болмайды.



9.3.10.6 Циркуляциялық арналардан белсенді тұнбасы бар тоспа сулар қоспасын екінші тұндырғыға шығаруды өздігінен ағызу арқылы қарастыру қажет, тоспа сулардың екінші тұндырғыда болу ұзақтығы ең жоғары шығын бойынша 1,5 сағатқа тең.

9.3.10.7 Екінші тұндырғыдан қайтымды белсенді тұнбаның арнаға үздіксіз берілуін, артық тұнбаның мерзімді түрде тұнба алаңдарына берілуін қарастыру қажет.



9.3.10.8 Тұнба алаңдарын мезофильді шарттарда ашытылған шөгінділерге арналған ауыртпалықты ескере отырып есептеу қажет.
9.3.11 Сүзу өрістері
9.3.11.1 Тоспа сулардың толық биологиялық тазалауға арналған сүзгіден өткізу жолдарын әдетте құмдарда, құмдақтарда және жеңіл саздақтарда қарастыру қажет.

Тоспа суларды оларды сүзгіден өткізу жолына түсірмес бұрын тұндыру ұзақтығы 30 минуттен кем болмауы тиіс.



9.3.11.2 Сүзгіден өткізу жолдарына арналған алаңдарды: еңісі 0,02 аспайтын, бірқалыпты және орташа рельефте; жер асты суларын жинауға арналған құрылыстан депрессиялық қалқанша радиусының мөлшеріне тең болатын қашықтықта, бірақ:

- жеңіл саздақтар үшін 200 м;

- құмдақтар үшін 300 м;

- құмдар үшін 500 м кем болмайтын қашықтықта, топырақ қабаты ағыны бойынан төмен орналасқан жерден таңдау қажет.

Сүзу өрістері топырақ ағыны бойынан жоғары орналасқан жағдайда, олардың жер асты суларын жинауға арналған құрылыстарға дейінгі қашықтығын гидрогеологиялық жағдайларды және сумен жабдықтау көзінің санитарлық қорғанысы талаптарын ескере отырып қарастыру қажет.

Су жүргізетін деңгейжиектерді сыналау жерлерімен шекаралас аймақтарда, сондай-ақ су ағынын суалдырумен жабылмаған Карсттар мен сызатты жыныстар болған жағдайда, сүзгіден өткізу жолдарын орналастыруға жол берілмейді.



9.3.11.3 Тоспа сулардың сүзгі алаңдарына ауыртпалығын баламалы шарттардағы сүзу өрістерін пайдалану тәжірибесінің деректері негізінде қабылдау қажет.

Тұрмыстық және оған құрамы бойынша жақын өндірістік тоспа сулардың ауыртпалығын 9.23-кесте бойынша қабылдау қажет.


9.23-кесте - Тұрмыстық және оған құрамы бойынша жақын өндірістік тоспа сулардың ауыртпалығының мәні


Топырақ қабаты

Ауаның орташа жылдық температурасы, С

Топырақ сулар тереңдікте м, болғанда, тоспа сулардың ауыртпалығы, м3/(гатәу)


1,5

2

3

Жеңіл саздақтар

0-ден 3,5 дейін

-

55

60

3,5 -тен 6 дейін

-

70

75

« 6 « 11

-

75

85

11-ден жоғары

-

85

100

Құмдақ

0-ден 3,5 дейін

80

85

100

3,5 -тен 6 дейін

90

100

120

« 6 « 11

100

110

130

11-ден жоғары

120

130

150

Құмдар

0-ден 3,5 дейін

120

140

180

3,5 -тен 6 дейін

150

175

225

« 6 « 11

160

190

235

11-ден жоғары

180

210

250

1-ЕСКЕРТУ   Ауыртпалық атмосфералық жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 300-ден 500 мм дейінгі аудандардағы ауыртпалық көрсетілген.

2-ЕСКЕРТУ   Атмосфералық жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері келесідей аудандар үшін ауыртпалықты сәйкесінше азайту қажет:

- 500 мм-ден 700 мм дейін –15% -дан 25% дейін;

- 700 мм жоғары, сондай-ақ І климаттық аудан үшін және ІІІА климаттық шағын ауданы үшін 25%-дан 30% дейін, бұл ретте ауыртпалықты төмендетудің үлкен пайызын жеңіл саздақтарда, ал төмен пайызын – құмды қабаттарда қабылдау қажет.




9.3.11.4 Қажетті жағдайларда сүзу өрістерінің алаңын тоспа суларының мұздауына тексеріп тұрған жөн. Мұздану ұзақтығын ауа температурасы минус 10С төмен күндер санына тең етіп қабылдау қажет.

Сулардың мұздану кезеңінде тоспа сулардың сүзілу мөлшерін 9.24-кестеде ұсынылған коэффициент мөлшеріне азайта отырып анықтау қажет.



9.3.11.5 Әрбір жекелеген жағдайда ауданы негізделуі және сүзілу жолының пайдалы ауданының % аспауы тиіс резервтік карталарды қарастыру қажет:

-  III және IV климаттық аудандарда 10%;

-  II климаттық ауданда 20%;

-  I климаттық ауданда 25%.



9.24-кесте – Мұздану кезеңінде сүзілу мөлшерінің төмендеуі коэффициентінің мәні


Топырақ қабаты

Мұздану кезеңінде сүзілу мөлшерінің төмендеуі коэффициенті

Жеңіл саздақтар

0,30

Құмдақтар

0,45

Құмдар

0,55


9.3.11.6 Желістер құрылысы, жолдар, қоршау біліктері, ағаш отырғызу үшін қосымша алаңды сүзу жолының ауданы 1000 га астам болғанда 25% дейін, және олардың ауданы 1000 га дейін және одан аз болғанда 35% дейін мөлшерде қабылдау қажет.

9.3.11.7 Сүзу өрістері карталарының мөлшерлерін жергілікті жер рельефі, жолдардың жалпы жұмыс ауданы, топырақты өңдеу әдістеріне байланысты анықтау қажет. Тракторлармен өңдеу кезінде бір картаның ауданы 1,5 га кем болмауы тиіс.

Карта енінің ұзындыққа қатынасын 1:2-ден 1:4 дейін қабылдау қажет; негіздеу кезінде карта ұзындығын ұлғайтуға жол беріледі.



9.3.11.8 Тоспа сулардың мұздауына арналған сүзу өрістерінің карталарында еріген сулардың шығарылуын қарастыру қажет.

9.3.11.9 Сүзу өрістерінде дренаж құрылғысы (ашық немесе жабық) топырақ қабатының сипатына тәуелсіз, карта бетінен 1,5 м кем тереңдікте топырақ суларының орналасуы кезінде, сондай-ақ бір құрғату шұңқырлары (жабық дренаж құрылғысы жоқ) топырақ суларының деңгейінің қажетті төмендеуін қамтамасыз етпейтін кезде, топырақ қабатының жағымсыз сүзу қабаттарында топырақ сулары одан да үлкен тереңдікте орналасқан кезде міндетті болып табылады.

9.3.11.10 Сүзу өрістерінде душ бөлмесін, арнайы киімді кептіруге арналған жайларды, демалу және тамақтану бөлмелерін қарастыру қажет.

Сүзу өрістеріндегі аудандардың әрбір 75,0 га-дан 100 га дейінгі аралығында қызмет көрсететін қызметкерлерді жылытуға арналған будкаларды қарастыру қажет.


9.3.12 Жер асты сүзу өрістері
9.3.12.1 Жер асты сүзу өрістерін жер бетінен 1,8 м аспайтын және 0,5 м кем болмайтын тереңдікте және 1,0 м кем топырақ су деңгейінен жоғары суару құбырлары орналасқан кезінде құмды және құмдақ топырақтарда қолдану қажет.

9.3.12.2 Суару құбырларының жалпы ұзындығы 9.25-кестесіне сәйкес ауыртпалық бойынша анықталады.

9.3.12.3 Суару құбырларын шағыл тастардан, ұсақ жақсылап кептірілген қазандық шлагынан, құмтастан және ірі түйірлі құмнан жасалған қалыңдығы 0,2 м-ден 0,5 м дейінгі қабатқа салу қажет.

Жер асты сүзгі өрістері алдында септиктерді орнатуды қарастыру қажет. Жекелеген суарғыштар ұзындығын 20,0 м аспайтындай етіп қабылдау қажет.

9.3.12.4 Ауа ағыны үшін суару құбырларының шетінде жер бетінен 0,5 м биікте тұратын диаметрі 100,00 тұрақтарды қарастыру қажет.



жүктеу 8,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау