2.4 Жұмыс реті
1) Тапсырма мен қажетті материалдарды алу.
2) Диаграма бойынша немесе кесте арқылы металдың ликвидус (балқу) температурасын анықтау.
3) Металды пеште ликвидус температурасынан 800С –тан жоғары температурада балқыту.
4) Қорытпаны құюға құралды дайындау:
- өлшеуіш аспапты орнату;
- қимаүлгі бойынша қораманың ұзындығын 200 мм-ге теңеп қою;
- қораманың жақтау қуыстарын шөгу еркін жүру үшін қорамалық құм қоспасымен толтыру;
- қимаүлгіні алып тастау.
5) Индикатордың тілін нөлге тақау.
6) Дайындалған металды қорамаға құю.
7) Құйманы бөлме температурасына дейін суыту.
8) Индикатордың көрсеткішін жазу (сызықтық шөгудің абсолютті еркіндік шамасы).
9) Қорытпаны құю 3 рет қайталанады
10) Алынған нәтижені 2 кестеге толтыру керек.
2 – кесте. Тәжірибенің нәтижесі.
№
п/п
|
Температура, 0С
|
Қорама
ұзындығы, мм
|
индикатор көрсеткіші
|
Абсолютті
шөгу, мм
|
Құйма ұзынды
ғы, мм
|
Салыстырмалы шөгу , %
|
ликвидус
|
құю
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
Орташа сан
|
|
|
|
|
|
|
|
2.5 Есеп беру мазмұны
1) Шөгудің негізгі түрлері.
Шөгуді анықтау әдістері.
Аспаптың эскизі.
Нәтижелер кестесі.
Қорытынды.
2.6 Өзіндк тексеру сұрақтары
1) Қолданылатын жабдықтардың сипаттамалары.
Шөгу түрлері және себебі.
Шөгудің тигізер негізгі әсерлері.
Шөгуді анықтау тәсілдері .
Аспаптың жұмысы.
3 ЭЛЕКТРЛІК ТҮЙІСТІРЕ ПІСІРУ
№ 3 Зертханалық жұмыс
3.1 Жұмыстың мақсаты
Электрлік түйістіре пісіру принципін оқу;
Пісіру тәсілдерімен танысу;
Нүктелік пісіру машинасының құрылысын оқу;
Нүктелік және тігістік машиналарымен пісіріп үйрену.
3.2 Жабдықтар, айлабұйымдар мен құралдар
нүктелік электрлік түйістіре пісіруге арналған машина;
тігістік электрлік түйістіре пісіруге арналған машина;
пісіруге дайындалған үлгілер;
арнайы киім;
қорғауыш көзілдірік.
3.3 Теориялық мәліметтер
Түйістіре пісіру біріктіру орнындағы қосу нүктелерін аз уақыт түйістіре қыздырып және қыздырылған дайындамаларды отырғызып қысыммен пісіру тәсіліне жатады. Бұл процестің өзіндік ерекшелігі – пісірме қосылысын қалыптастыратын пластикалық деформацияның шапшаңдығы.
Атқаруының қарапайымдылығы мен жоғары өнімділігіне қарай түйістіре пісіру тәсілінің өндірістік қолдануы жоғары.
Электрлік түйістіре пісіру термомеханикалық процеске жатады. Дайындаманы біріктіретін жері металл бойымен жүретін электр тогымен қыздырылады, және де пісіру түйіспесіндегі электркедергісінің жоғары болуына байланысты ол жердегі жылу ең үлкен мөлшерде бөлініп шығады. Пісіру қосылыстарының типтерін 4 суретінде көруге болады.
Пісіру қосылыстарын қалыптастыру принциптеріне байланысты электртүйістіріп пісіру түйістіріп, нүктелік, бұдырлы, аунақшалық (тігісті) болып ажыратылады.
3.3.1 Түйістіріп пісіру
Түйістіріп пісіру (4,а суреті) – біріктірілетін тетіктерді жанасатын беттерінің бойымен тұтастыра пісіретін түйістіре пісіру түріне жатады.
Біріктіретін беттердің тегіс еместігіне қарай және бір-бірімен жанасуы жеке нүктелерде ғана атқарылуына байланысты, пісірілетін дайындамалардың арасындағы кедергі RК пісіру тізбесінде ең үлкен мөлшерде болады. Түйіспе жеріндегі токтың тығыздығы жоғары болуының
** түйістіре пісіру - контактная сварка;
** түйістіріп пісіру – стыковая сварка.
нәтижесінде пісіру аумағындағы металл термопластикалық күйге дейін немесе балқығанға дейін қыздырылады. Сондықтан түйістіріп пісірудің екі түрі болады – кедергімен (қатты күйінде) және балқытумен ( қоймалжың күй).
4- сурет. Қосылыстың негізгі типтері .
Достарыңызбен бөлісу: |