Республикасында



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет31/48
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16243
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48

 
75 
 
көрсетілген  түрлі  салдармен  қатар  бизнесте  ең  қарапайым  этикалық 
нормаларды сақтау проблемасы мейлінше өткір қойылып отыр. Осы жағдайда 
үкіметпен  іскер  топтар  көп  зиян  көрген  атақтарын  сақтап  қалу  үшін  кейбір 
қадамдар  жасауға  мәжбүр  болды.  Консалдингті  фирмалар  ұйымдарда 
моральдық ахуалды жақсарту мақсатында семинарлар мен тренингтік шаралар 
өткізу туралы өнеркәсіптік журналдардың көпшілігінде өз жаранамаларын бере 
бастады.  Ал  этика  ресурстар  орталығының  негізін  «American  Viewpoint,  іnc» 
ұйымы 
қалады. 
Ол 
пафлет 
жанырындағы 
кітаптар 
таратумен, 
американдықтарға  (әсіресе  бизнесмендерге)  этикашыл  болу  қажеттігін 
үйрететін семинарлар өткізумен айналысады. Сол әрекеттерге қарағанда, басты 
мақсат еркін кәсіпкерлік жүйесін сақтау болған. 
Бұл  ұйым  экономикалық  еркіндік  жүйесіне  жайылып  бара  жатқан 
салақтық, пара беру, сатып алу және басқа да құбылыстар қатер төндіреді деп 
есептейді.  «American  Viewpoint»  өкілдері  егер  мораль  нормаларын  сақтайтын 
осы  құбылыстар  реттелмесе,  олармен  күресті  мемлекет  өз  қолына  ала  алады, 
осыдан  кейін  барлық  экономикалық  еркіндік  жойылады.  Бірақ  жоғарыда 
айтылғандармен шамалап көрсетілген фактілер тұрғысынан келгенде, міндетті 
түрде ерікті нарық жүйесін сақтап, экономиканы мемлекеттің реттеуінен алайда 
шеткері ұстау керек, әйтпесе ерікті нарық жүйесін сақтап қалу мүлде күмәнді, 
әрі үлкен мәселе болып қалады. 
Егер тәртіптің қандай типі дұрыс, қайсысы бұрыс екендігін бизнесмендер 
біледі,  деп  есептесек,  онда  кейбір  жағдайда  шешімдер  қабылдау  мейлінше 
қиындыққа  айналады.  Кейде  бизнесмендер  бір  сәтінде  дұрыс  жасадық  деп 
жүрсе, кейін қателескендері байқалады. Мүмкін ертеректе олар өз қылықтарын 
дұрыс,  деп  есептеген  болар,  өйткені  мұндай  қылықтар  жиі  жасалып,  олар 
туралы  айғақтары  болды  ғой.  Мұндайда  адамдар  өз  қылықтарынын  этикаға 
жататынын немесе жатпайтынын ескере бермейді. 
Бұл  бизнес  этикасының  проблемалары  көтеріліп  отырған  көп  тараған 
әдебиеттің  осы  проблема  жөніндегі  сауалдардың  көпшілігіне  жауап  беруге 
қабілетсіздігіне тән бір ғана мысал. Өйткені бұл проблема терең тамыр жайған 
және  оған  кез  келген  ұйымның  жұмысы  негізделген.  Жоғарыда  аталған 
ұйымның  осылайша  маңызды  проблемаға  көңіл  аударуы  мақтауға  тұрарлық. 
Бірақ этика проблемаларын шешу қажеттігіне тап болғанда нақты адамдар үшін 
нақты  іс  қимылдарды  талқылау  және  зерттеу  ағарту  жұмысының  маңызды 
бөлігі болуы керек. 
Басшылар мен қатардағы қызметшілер тәртібі этикасын көтеру мақсатында 
келесі шаралар мен әдістерді пайдалануға болады: 

 
Этика  кодекстері  жалпы  құндылықтар  жүйесі  мен  этика  ережелерін 
сипаттайды,  оны  қызметшілер  ұстануға  тиіс.  Этика  нормативті  ұйым 
мақсаттарын  баяндау,  этикалық  калыпты  жағдай  жасау  және  шешімдер 
қабылдау  үрдісінде  этикалық  ұсыныстарды  анықтау  үшін  жасалады.  Әдетте 
ұйым этика нормативтерін қызметшілеріне баспа түріндегі заттармен жеткізеді; 

 
«Этика  карталары»  компанияның  әрбір  қызметшісіне  арналған 
корпорацияның этикалық кодексін бақылайтын этика ережелері мен ұсыныстар 


 
76 
 
топтамалары. Оларда компанияның этика мәселесі жөніндегі консультантының 
аты  жөні  мен  телефоны  көрсетілген.  Бұл  әдіс  Жапония  компанияларында 
белсенді түрде қодданылады. 

 
Этика  жөніндегі  комитеттер.  Бұл  ұйымдар  этика  көзқарасы  бойынша 
күнделікті  тәжірибені  бағалау  үшін  тұрақты  комитеттер  құрады.  Мұндай 
комитеттердің  барлық  дерлік  мүшелері  жоғары  деңгейдегі  басшылар; 
басқалары  мұндай  комитеттер  құрмайды.  Бірақ  бизнес  этикасы  жөніндегі 
адвокат деп аталатын маман жалдайды. Мұндай адвокаттың рөлі – ұйымның іс 
қимылына  байланысты  этика  мәселесі  жөнінде  пікір  қалыптастыру,  сондай-ақ 
ұйымның «әлеуметтік ары» функциясын атқару. 

 
Әлеуметтік  тексерістерге  іс  қимылдың  әлеуметтік  ықпалы  мен  ұйым 
бағдарламасын  бағалап,  есеп  беру  ұсынылады.  Этикалық  тексерісті 
жақтаушылар 
осындай 
тұрпаттағы 
есептер 
ұйымының 
әлеуметтік 
жауапкершілігінің деңгейін куәләндыра алады деп бағамдайды. 

 
Этика  тәртібіне  оқыту.  Тәртіптің  этикалық  көрсеткіштерін  көтерудің 
ұйым  пайдаланатын  ыңғайлы  бір  жолы  басшылармен  қызметшілерді  этика 
тәртібіне оқыту. Қызметшілер бизнес этикасымен танысып, аддынан шығатын 
проблемаларды  сезінетінін  арттырды.  Қызметшілерді  басқарумен  мемлекетті 
басқаруға  оқыту  курсынның  пәні  ретінде  этикаларды  тізу,  этика  тәртібіне 
оқытудың  бір  формасы  болып  табылады.  Осының  нәтижесінде  оқып 
шыққандар проблемаларды жақсы түсіне бастайды. 

 
Этикалық  сараптау  жоғары  басшылықтың,  қызметшілердің  немесе 
жұртшылықтың  алаңдаушылығын  туғызып  отырған  ұйым  ұжымының  (немесе 
нақты  жобаның)  аспектілерін  жан-жақты  зерттеп,  ұйымның  беделі  мен 
болашағына  ықпал  жасай  алады.  Мұндай  сараптаудың  нәтижесі  ұйымның 
моральдық  ахуалы  мен  моральдық  орнықтылығын  жақсартуға,  сондай-ақ, 
ұйымның  (немесе  оның  нақты  жобаларының)  тәжірибесіне  түзетулер  енгізуге 
бағытталған ұсыныстар жүйесіне айналады. 

 
Этикалық  консультация  нақты  моральдық  дилеммалармен  байланысты 
ұйым  проблемаларын  өз  күшімен  (немесе  тиісті  құралдары  болмаса)  шеше 
алмайтын жағдайда беріліп, көлденең жақтан бизнес этикасы жөнінде құзырлы 
тәуелсіз мамандар шақырылады. 
Қорыта  келгенде,  іскерлік  өмірдің  моральдық  проблемаларының  күрделі, 
әрі көп қырлы екені сонша, тек бір бағыттағы айқындамадан бастап шешу аса 
күрделі.  Әртүрлі  жағдайда  және  әртүрлі  субъектілер  жөнінде  бизнесмен  түрлі 
этикалық принциптер мен құндылықтарға сүйене алады. 
Мұндай  ситуацияның  болуы,  ғалымдар  пікірі  бойынша,  бизнестің 
моральдық проблемаларының күрделі болуынан ғана емес, сонымен бірге осы 
заман мәдениетінің ерекшеліктерімен де байланыстырады. Бір кездегі қоғамда 
бір  ғана  этика  жүйесі  (антика  дәуірінде  рахымшылдар  этикасы  немесе  жаңа 
замандағы утилитаризм этикасы) басым болған дәстүрлі мәдениеттен өзгешілігі 
сол, казіргі коғамда әртүрлі этикалық жүйелер тең жүреді, бизнес саласындағы 
бірдей кұбылыстарға әртүрлі этикалық баға беріледі.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау