Ыстық орындық
Студенттер (немесе мұғалім) «ыстық орындыққа» отырып, сынып қойған сұрақтарға жауап берулері тиіс.
Ыстық орындыққа өтілген тақырып бойынша эксперт ретінде немесе жеке тұлға ретінде де отыруға болады.
(мысалы: Англия Банкысының бастығы сияқты ерекше тұлға немесе 19 ғасырдағы Британия фабрикасының жұмысшылар тобының уəкілі ретінде)
|
Тарих уақыты
|
Бүгінгі сабақты тарих ретінде айтып беру. Ескерілетін тұсы: оның басы, ортасы жəне аяғы болатынына көз жеткізу керек. Жанрлар арқылы да əзірлеуге болады, мысалы: Ертегі, Ғылыми,
фантастика, Триллер жəне т.б.
|
Пленарлық кубиктер
|
5 сөзбен қорытынды жаса Оны жаз немесе суретін сал Қандай білім алдың?
Сен қандай дағдыларды қолдандың?
Екі сұрақ туралы ойлан ..Осыны тағы да біреуге үйрет
|
Қалыптастырушы бағалау нəтижелерінің талдауы
Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру кезіндегі маңызды кезеңдердің бірі – білім алушылар жұмыстарының нəтижелеріне талдау жасау. Мұғалімге барлық оқу үдерісінде бағалау/бақылау нəтижелеріне жүйелі талдау жүргізу ұсынылады. Мысалы, қалыптастырушы бағалау нəтижелеріне толық талдау жүргізу үшін мұғалім арнайы құрастырылған төменде көрсетілген бақылау парағын қолданады. Бақылау парағының үлгісі 5- қосымшада берілген [2,3].
Қалыптастырушы бағалау нəтижелеріне талдау жасау білім алушыларда кездесетін қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның алдын алу шаралары туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, тексерілген жұмыстардың нəтижесіне талдау жасау:
белгілі бір тапсырмалар қиындық тудыратын балалар тобын;
бөлім, тақырыптар бойынша қиындықтар туындайтын жеке білім алушыларды;
білім алушылар үшін аса күрделі, қиын сұрақтар, тапсырмалар, тақырыптарды айқындап береді.
Нəтижелерге талдау жасау мұғалімдердің тəжірибесіне оң əсер етуі
үшін:
бағыттағы мəселелерді анықтау;
орындалған тапсырмалар мен нақты мақсаттарға жету үшін талдау жүргізу;
талдауда дəйектерді, дəлелдерді негізге алу;
шешімнің сыни нұсқаларын қарастыру, яғни, мəселені шешудің жоспарлылығын, баламалылығын (альтернативтілігін), жетістігін, кемшілігін, жақсы жəне нашар жақтарын талдау;
мəселені шешу, кемшілікті жою үшін өз тəжірибесін нақты қалай өзгертуге болатыны туралы іс-əрекеттің толық жоспарын құрастыру;
талдау нəтижелерін тіркеуде қысқа, түсінікті стильді ұстану
(күнделік, портфолио, мақала, таныстырылымдар жəне т.б.);
ұжымда өз іс-əрекеті нəтижелерімен бөлісу;
ұжымға көмектесу, білім алушылардың қажеттілігіне бағыттай отырып, сабақтастықты сақтай отырып жүйелі талдау жүргізу ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |