|
РеспубликасыКритериалды бағалау жүйесінің мазмұны
|
бет | 7/75 | Дата | 19.02.2023 | өлшемі | 1,35 Mb. | | #41382 |
| КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны
Критериалды бағалау жүйесі
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен, үдерістермен, бағалау құралдарымен, нəтижелерімен анықталады
Бағалау стандарттары
Бағалау құрылымы
ҚР МЖМБС: Білім беру аясында білім алушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар (күтілетін нəтижелер Б.Блум таксономиясында негізделген)
Пəн бойынша оқу бағдарламалары: Пəн бойынша оқу мақсаттары, бөлім, ортақ тақырыптар , бөлімшелер
Ойлау дағдыларының деңгейлері: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау
Сөйлеу əрекеттерінің түрлері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым
Бағалау критерийлері - білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі
Түрлі деңгейдегі тапсырмалар
Нəтиже
"Кері байланыс " Күнделікті тəжірибе
"Баллдар" Əр бөлім жəне тоқсан бойынша
"Ойлау дағдыларының деңгейлері " Əр бөлім жəне тоқсанды аяқтау бойынша
"Баға" Оқу жылын аяқтау бойынша
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны мынадай заңнамалық жəне əдістемелік-нұсқаулық құжаттармен реттеледі:
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ «Білім туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сəуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық жəне қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 265 бұйрығы;
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сəуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пəндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 21 шілдедегі № 463 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пəндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
«Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəнге ғылым министрінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 531 бұйрығы;
«2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» əдістемелік нұсқау хат;
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
Өңірлік жəне мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
Жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды жүргізудің ережесі;
Жиынтық бағалауға арналған əдістемелік ұсыныстар;
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалардың оқу пəндері бойынша жинақтары;
Жиынтық бағалауға арналған тапсырмалардың оқу пəндері бойынша жинақтары.[3,4,5]
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|