Дисциплина «механизация погрузочно-разгрузочных работ»



жүктеу 38,54 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі38,54 Kb.
#730

«Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасы

  • «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасы
  • Слайд-дәріс
  • Тақырып: Қораптанған-дана жүктерді тиеу және түсіруді механикаландыру
  • Пән: «Тиеу-түсіру, көліктік және қоймалық жұмыстарды механикаландыру»
  • 5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары»
  • т.ғ.к., аға оқытушы Курмашева Б.К.
  • оқытушы Жанедилова А.К.
  • Дәрістің жоспары
  • 1) Жіктелуі және мінездемесі;
  • 2) Жүктерді бөлшектеп орау. Тұғырықтар мен орамдар түрлері;
  • 3) Көліктерде жүктерді тиімді орналастыру және бекіту схемалары;
  • 4) Кешенді механикаландырудың үлгілік сызбасы.
  • 1 Жіктелуі және мінездемесі
  • Қораптанған-дана жүктер үлкен көлемдегі көптүрлігімен ерекшеленеді. Оларды шартты түрде екі топқа жіктеуге болады: қораптанған-дана және даналы.
  • Бірінші топтағы жүктер мемлекеттік стандарттармен бекітілген параметрлі стандартты немесе бірегейленіп салынған тарада тасымалданады.
  • Бұл жүктер салынатын тара қатты, жартылай қатты немесе жұмсақ болуы мүмкін.
  • Сусымалы және деформацияға түспейтін басқа да жүктерді тасымалдау үшін жұмсақ тараны (қап, қанар,тор) қолданады (1 – сурет, а). Бірнеше сымдардан немесе металл баулармен, немесе осы мақсатқа жарамды тоқылмалы құралдардан жасаған торларды үлкен көлемді жүктерді қаптауға қолданады.
  • Жартылай қатты тараға қораптар, торлар, себеттер және т.б. жатады (1 – сурет, б).
  • 1 - сурет – Қораптанған-дана жүктерге арналған таралар:
  • а – жұмсақ; б – жартылай қатты
  • Қатты тара жүкті сыртқы әсерден қорғайды (2 – сурет). Оған келесілер жатады: жәшік, бөшке, бидон және жүкке түсетін сыртқы қысымнан қорғауға мүмкіндігі бар басқа сыйымды заттар; ашық жәшіктер, жүкке түсетін сыртқы қысымнан қорғауға мүмкіндігі бар шыны жәшіктер; тек бір бағыттан ғана түсетін сыртқы қысымға қарсы тұратын шыны жәшіктер.
  • 2 - сурет – Қатты тара
  • Қорапсыз дана жүктерге қосымша құралдар, көліктердің қосалқы құралдары және т.б. даналап немесе байламмен тасымалданатын жүктер жатады (металл мен орман жүктерінен басқа). Өндіру мен уақыттың Бірыңғай нормаларына сәйкес тара-оралған және дара жүктер бір орынға 250 кг массаға ие болу керек. Алайда, бөшкелі жүктер, металл, фанера, ағаш бөшке, барабан, цилиндр, орам, катушкадағы жүктер бір орынға 500 кг массаға ие болуы мүмкін.
  • Барлық транспорт түрімен жүргізілетін жалпы тасымалдау көлемінде тара-дана жүктердің салыстырмалы салмағы 20% көлемінде. Сонымен қатар, оларды тиеу, түсіру, сұрыптау және қойма операциялары шығыны тиеу-түсіру жұмыстарының жалпы шығынының 50%-ға жуығын құрайды.
  • Жүктік орындар көбіне қатарлар, дестелер және қатарша түрінде болады.
  • Десте – астында жатқан орын үстінді орынмен дәл келетін жеке тара-орамды орындардың тік орналасуының дұрыс формасы.
  • Қатар дегеніміз бір біріне қатар қойылған бірнеше дестелер. Қатар енін бір орын өлшемі шектейді
  • Қатарша — ен бойынша орналасқан бірнеше қатар. Бір көлденең қатарша деңгейінде орналасқан оралған жүктік орындар бір деңгейлі қатарлар деп аталады. Жүктер қатаршаға қойма еденінде, тұғырықта немесе сөрелерде орналастырылады. Қатаршада барлық тара жүктерді сақтайды (қаптар, қапшықтар, жәшіктер, бөшкелер және т.б.).
  • 2 Жүктерді бөлшектеп орау.
  • Тұғырықтар мен орам түрлері
  • Көптеген қораптанған-дана жүктерді мақсатты түрде орамдармен тасымалдайды.
  • Транспорттық орама деп ірілендірілген жүктік бірлік (жүктік орын),олар транспорттық тарада (қап, жәшік, бумалар) бірнеше ұсақ (екеуден кем емес) жыйынтықтан құрастырылады,төсемелерде немесе оларсыз орналастырылады артқан кезде оларды механикаландырған жабдықтармен, крандармен немесе басқа да көтергіш құралдармен оңай көтеру ұшін және олардың сақталуы ұшін.
  • Орамға бiрдей ораушыдағы бiркелкi жүктерiн жинақтайды. Жалпы қолданбайтын орындарда жинақталған орамдарда жіберушінің бақылау белгілері болу керек,ал оларды алған кезде бекітпелерді,жүкті бұзбай алатындай етіп орналасуы керек
  • Тұғырық —жүктерді механикаландырған арттыруға және жиынтықты сақтауға ыңғайлы, ұсақ жүктерді қалыптастыруға арналған жалпақ (немесе жоғарғы қондырмасы бар) алаң
  • Жүктерді орауға арналған тұғырықтарды келесі төрт түрге бөлуге болады.
  • 1) жалпақ, жоғарғы бетінде шығып тұратын қондырғылары жоқ (3 – сурет);
  • 3 - сурет – Жалпақ тұғырық
  • 2) бағаналы - жоғарғы төсенiштiң жазықтығының үстiнде орналасқан тұрақты немесе жиналмалы бағаналары бар бағандытұғырықтың жоғарыға шығып тұратын бағандары бар (4 - сурет), олар алынбайтын қатты бекітілген а, шарнирлы (немесе жиналмалы) б, в.
  • .
  • 4 - сурет – Бағаналы тұғырықтар
  • Мұндай тұғырықтар үлкен жүктемеге шыдамайтын жүктер үшiн қолданады.
  • в
  • 3) жәшікті - жүкті тұғырқта ұстау үшін шешілетін қабырғалары бар.
  • Жәшікті тұғырық – ол 0,5-1 т –лы жиналмайтын тіректі қабырғалары бар, олар бұрыштық элементтермен бекітілген (5 - сурет). Қоймаларда жүктерді стеллаждарда сақтауға арналған.
  • 5 - сурет - Жәшіктік тұғырықтар :
  • а – картондық төрт орынды; б - ашылатын қабырғасы бар темір жәшік; в - темір ОС-31096 тәрізді; г - жиналмалы ТКБ-67 тәрізді
  • 4) арнайы, олар кірпіш шыны және тағы да басқа жүктерді пакеттеуге арналған тұғырықтар.
  • 6 - сурет – Кірпішке арналған тұғырықтар:
  • а - брустық; б - ілмекпен
  • Керегекөзді жиналмалы тұғырықтың жүк көтерімділігі 450 кг, өзінің салмағы 80 кг. Бүйір қабырғаларының биіктігі 900 мм. Бос кезінде бүйір қабырғалары жиналады, ол тұғырды алып жүруге ыңғайлы етеді.
  • 7 - сурет – Керегекөзді жәшік тұғырық
  • Тұгырықтан жүк жан жағынан 20 мм ден артық шықпауы керек. Жүкті тасуға су транспортында бұлардан басқа 1200х1600 и 1200х1000 мм-лі жүккөтергіші 2 т тұғырық пайдаланылады.
  • Ішкі тасымалдауға жалпақ тұғырықтар қолданылады,оның көлемі 1000 х 1200 мм, жүккөтергіштігі 1т.
  • Тұғырықтың өз салмағы 25-30 кг.
  • Оларға жүкті максималды жүктеп төртқатарлы штабелдеуге дейін мүмкін. Ағаш тұғырықтардың қызмет мерзімі 2 жыл,одан кейін қайта өңдеу жұмыстарын жүргізу керек.
  • Көлемдері, мм, артық емес
  • Салмағы брутто, т, артық емес
  • Қолдану аймағы
  • Ұзындығы
  • Ені
  • Биіктігі
  • 620
  • 420
  • 950
  • 1,0
  • Көбінесе завод ішінде және заводаралық тасымалдауға.
  • 840
  • 620
  • 1150
  • 1,0
  • Бұл да
  • 1240
  • 840
  • 1350
  • 1,25
  • Барлық транспорт түрлерінде ішкі және сыртқы тасымалдауға
  • 1680
  • 1240
  • 1700
  • 3,2
  • Ішкі және сыртқы тасымалдауға,көбінесе су транспортында.
  • 1880
  • 1240
  • 1700
  • 3,2
  • Бұл да
  • 1 – кесте – Жүкті таралы-даналап орау параметрлері
  • Дайын ораманы ажыратпай жіберушіден алушыға дейінгі жолда тасиды, басқа көлікке артады және сақтайды. ТДЖ орамаларын жабық вагондарға салады көбінесе екі қабат етіп, егер жұктер тым ауыр болса бір қабат қана қою мүмкін,ал жеңіл жүктерді үш қабат. Орамалардың биіктігі қабат санына және жабық вагонның сыйымдылығына байланысты (2 - кесте).
  • 2 - кесте – Жабық вагондарда тасымалдау үшін орамалардың тиімді биіктіктері, мм
  • Салу түрі
  • Вагонның сыйымдылығы, м3
  • 90
  • 120
  • Бір қабатты (ауыр жүктер)
  • 1900
  • 1900
  • Екі қабатты
  • 1150
  • 1350
  • Үш қабатты
  • -
  • 950
  • Жүктерді орамаларға десте түрінде блокпен салу (8 - сурет, а-д) немесе байланып 90° қа бұратылып (8 - сурет, ж).
  • Соңғысында жүкті тасыған,артқан кезде,орамалардың орнықтылығын қамтамасыз етеді.
  • Цилиндыр түріндегі жүктер тұғырықтарда тігінен (8 - сурет, е, з), немесе көлденеңінен араларына арнайы төсемелер салынып (8 - сурет, и).
  • 8 - сурет – Жалпақ тұғырықтарға ТДЖ ті салу және оларды бекіту схемасы
  • Жақсы сақталу үші ораманы баумен,сыммен байлап полиетиленді пленкамен немесе т.б. материалмен жабады. Тұғырықтардың қажетті санын жүктердің орамдарына және жеткізу уақытына байланысты есептейді:
  • мұндағы кн – жүктердің келіп түсуінің біркелкі еместігінің коэффициенті 1,1... 1,2;
  • –тұғырықтардың жөндеуден өту уақытының коэффициенті,1,03—1,04;
  • – жүк топтарының саны;
  • Qi – тұғырықпен тасымалданатын жалпы орташа күндік жүк тобы i;
  • toi – жүк тобының тұғырық айналымының ұзақтығы (қоймадағы тасымалдау және сақтау уақыты);
  • qi – бір тұғырыққа салынатын жүк тобының саны.
  • Мысалы.ТДЖ қоймасындағы тұғырықтардың қажетті санын анықтайық.егер қойманың жылдық жүк өңдеушілігі = 182000 т, = 1,1; kp = 1,03, тұғырықтың орташа жүктелуі qn = 0,75 т, тұғырық айналымының ұзақтығы = 5 тәулік.
  • Шешімі. Қойманың орташа тәуліктік жүк өңдеуі:
  • Тұғырықтардың қажетті саны:
  • Тұғырықтардың қажетті саны
  • Даналы жүктерді жиі орамдармен тұғырықтарсыз тасымалдайды, мысалы метал бөліктері.
  • Ашалы артқыштармен өңдеу үшін жәшікті орамдар тұғырықсыз астынғы қатарында ойық етіп құрастырылады (9 - сурет, а) және екінші қатарда жүкті іліп алуға ыңғайлы орындар қалдырады (9 - сурет, б).
  • 9 - сурет – жәшіктен құрылған тұғырықсыз орамдар:
  • а – астынгы жағында ойығы бар; б – жүкті іліп алуға ынғайлы орындары бар
  • Жәшікті және бағанды тұғырықтар конструкциялары шет елдерде көп түрлілігімен ерекшеленеді.Германияда жәшіктік бір шеті жартылай ашық тұғырықтардың 23 түрі жасалған, олардын биіктігі 1000 мм. Олар диаметірі 25 мм ұзын газ трубаларынан жасалған торкөзді қабырғалары бар, бұрыштарында бағандары профильдік құрышпен қосылған етіп жасалған. Жүк тиеу алаңы 6 ені бірдей ағаштан жасалған. Тұғырық салмағы 70 кг.
  • Британ темір жолдарында да арнайы тұғырықтар қолданылады: бұзылатын және жиналатын,олар керек жағдайда жай кәдімгі жалпақ тұғырықтар ретінде қолданылады. Бұзылатын темір тұғырықтардың ерекшелігі, оларды бес қабат етіп салуға мүмкіндік бар. Қатар қатар сақтау кезінде екі қарама-қарсы қабырғаларын алып тастауға болады, ол жүкке қол жеткізу мүмкіншілігін жеңілдетеді.
  • Арнайы тұғырықтар көптігімен үлкен айырмашылығы бар.Құрылыстық саз кірпішті көлемі ГОСТ 18343-80 мен регламенттелген тұғырықтарда орамдайды. Тұғырық көлденең брустары бар ағаш алаңнан тұрады. Жоспардағы көлемі 520х1030 мм. Силикатты кірпішке арналған тұғырық (ГОСТ 23421-79) негізі табаны темірден жасалған, канаттық баулары, керіткіш және құлыптық жабдығы бар.
  • Жүктерді орамдаған кезде кейде арнайы қағаз тұғырықты қолданады,олар шетінде шығыршықтары бар қатты қағаз түрінде болады.
  • 3 Көліктерде жүктерді тиімді орналастыру және бекіту схемалары
  • Көлікке( вагондарда,автомобильдерде) жүктерді бекіту және орналастыру ол көліктердің кәуіпсіздік ережелеріне және пайдалануына олардың жүккөтергіштігіне сыйымдылығына байланыста. Тиеу-түсіру жұмыстары қолмен жүргізілгенде бұл ережелерді сақтау қыйындық тудырмайды, ғимарат биіктігін толық қолданғаннан басқа.
  • Темір жолда орамдалған жүктерді көбінесе жабық вагондарда (2 - кесте) немесе изотермиялық вагондарда (3 - кесте) тасымалдайды.
  • 3 - кесте – жабық вагондардың техникалық сипаттамасы
  • Параметрлері
  • Кузов сыйымдылығы, м3
  • 120
  • 106
  • Жүккөтергіштігі, т
  • 63
  • 62
  • Кузовтың ішкі ұзындығы мм
  • 13800
  • 13430
  • Шешілмейтін қондырғыларының арасы мм
  • 2660
  • 2654
  • Бүйір қабырғаларының биіктігі, мм
  • 2790
  • 2402
  • Еденнің арту биіктігі (рельс басының деңгейінен), мм
  • 1280
  • 1290
  • 2000(3825)*
  • 2300
  • 2000
  • 2130
  • * 3825 —есік ойығы кең вагондардар үшін
  • 4 - кесте – Рефрежираторлық вагондардың жүк қоятын бөлмелерінің сипаттамасы
  • Рефрежираторлық вагондардың типі
  • Жүк қоятын болменің өлшемдері, мм
  • Есік ені, мм
  • Ұзындығы
  • Ені
  • Биіктігі
  • Автономдық(ұзын. 21 м)
  • 17520
  • 2600
  • 2200
  • 2200
  • Автономдық(ұзын. 19 м)
  • 15400
  • 2600
  • 2200
  • 2200
  • 21 – вагонды поезд
  • 15340
  • 2990
  • 2150
  • 2200
  • 5 – Дессау заводының вагондық секциясы
  • 17520
  • 2600
  • 2200
  • 2700
  • 5 – Брянск заводының вагондық секциясы.
  • 17650
  • 2500
  • 2454
  • 2200
  • Ескертпе:есік биіктігі 2000 мм
  • Теміржол платформаларының, жартылай вагондарының сипаттамасы 5-ші кестеде берілген.
  • 5 – кесте - Теміржол платформаларының,жартылай вагондарының сипаттамасы
  • Параметрлері
  • Платформа
  • Жартылай вагон
  • Ағаш қабырғаларымен
  • Тежеу алаңы
  • Темір қабырғаларымен
  • Жүккөтергіштігі, т
  • 50
  • 50
  • 62
  • 62
  • 12914
  • 2780
  • 455
  • 12102
  • 2780
  • 455
  • 13300
  • 2770
  • 550
  • 12050
  • 2850
  • 1880
  • Қораптанған-даналы, құнды, атмосфералық құбылыстан қорқатын, жабық вагонда тасымалданатын жүктерге бірқабатты тиеу-түсіру үшін сыртқы немесе ішкі темір жолдары бар және оларға баратын автожолдары бар қоймалар пайдаланылады (10 - сурет).
  • 10 – сурет – Жабық темір жол қоймасы:
  • а – темір жолы және автомобильді жолы сыртта орналасқан
  • Теміржолдың осі
  • Платформалармен алып жүретін атмосфералық, температуралық құбылыстардан қорықпайтын жүктерді ашық алаңдарда сақтайды. Жабық қоймаларды көбінесе жүкке арналған жабық немесе ашық жүкке арналған (11 - сурет), және сұрыптау (12 - сурет) платформаларымен бірге салады.
  • 11 – сурет - Темір жол ішінде ал автомобиль жолы сыртта орналасқан
  • Бір қабатты темір жолы мен автомобиль жолы ішіне орналасқан қоймаларды ангар деп атайды. Бұл қоймаларда жұмыс жағдайы қолайлы,әсіресе қыс мезгілінде. Бір қабатты темір жолы ішіне енгізілген қоймаларды бір аралықты (12 - сурет) немесе көп аралықты етіп салады.
  • 12 - сурет – Сұрыптау платформасы
  • 4 Кешенді механикаландырудың үлгілік сызбасы
  • Механикалық дистанцияның жұмыстың бірүлгідегі технологиялық процесі арту-түсіру кезінде таралы-даналы бірнеше схемалар ұсынады Олардың кіші габаритті арту және түрлі жүк ұстағышы бар авто арту машиналарын,стандартты тұғырықтар,ұсақ жүктерді сақтайтын және жүк қоятын стеллеждары бар .
  • Тара-даналы жүкті жүк вагонынан автотранспортқа тиеу келесі түрде өтеді:
  • - жүк берілетін уақыт алдында жүк қабылдап беруші жүкті түсіру орнын анықтайды;
  • - вагонды түсіру кезегін анықтайды;
  • - бригаданы алдағы жұмыс жоспарымен таныстырады.
  • I нұсқа жабық вагонда тасымалданатын тара-даналық жүкті комплексті механикалық өңдеудің бірыңғай сұлбасы мына қимылдар қарастырылады:
  • - вагоннан түсіру;
  • - аралық жинау;
  • - одан кейін автомобильге электр жабдықтарының көмегімен арттыру (13 - сурет).
  • 13 – сурет – Аралық қоймалау сұлбасы:
  • 1 - қойма; 2 - рампа: 3 - стеллаждар; 4 – вагон; 5 – артатын машина
  • II нұсқада вагоннан түсіру, жинау, қоймадан рампаға беру жұмыстары электрлы арту машиналарымен жүргізіледі, ал автомобильге арту штабель-кранмен жүзеге асырылады (14 – сурет). Бұл өңдеу нұсқалары вагон-қойма-автомобиль сұлбасында жүктерді жермен қоса, стеллажды сақтауды да қолдану қарастырылады, кабельді тоқ көзі бар электрленген артқыштар қолданылады.
  • 14 – сурет – Жүктерді көп уақытты сақтау сұлбасы;
  • 1 - склад; 2 - рампа; 3 - стеллаждар; 4 - вагон;
  • 6 - кран-штабелер
  • 6
  • III нұсқада таралы-даналы жүктерді вагоннан электрленген артқышпен автомобильге тікелей артады.
  • Бұл нұсқалардың технико-экономикалық салыстырулары 6 - кестеде берілген.
  • 15 – сурет – Тікелей сұлба:
  • 3 - стеллаждар; 4 – вагон; 5 - артқыш
  • 6 - кесте – Таралы-даналы жүктерді комплексті-механизациялық өңдеу кезіндегі негізгі көрсеткіштер.
  • Көрсеткіштер
  • нұсқалар
  • I
  • II
  • III
  • Өнімділігі, т/смена
  • 120
  • 120
  • 120
  • Қызмет көрсетушілер:
  • механизаторлар/жүк тиеушілер
  • 2/8
  • 3/5
  • 1/8
  • Өңдеудің өзіндік құны, тг/т
  • 4,15
  • 4,45
  • 2,5
  • СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары
  • 1. Қораптанған-даналы және контейнерлермен тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру сұлбалары.
  • 2. Қораптанған-даналы жүктердің жіктелуі мен мінездемесі.
  • 3. Тиегіштер – дестеленген жүктерді тасымалдауға арналған негізгі машиналар.
  • 4. Дестелерді қалыптасу және бөлшектеуге арналған машиналар.
  • 5. Тиеу-түсіру жұмыстардың мінездемесі.
  • 6. Тиеу-түсіру жұмыстарды жоспарлау.
  • Әдебиеттер тізімі
  • 1. Курмашева Б.К. Тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру. – Карағанды: ҚарМТУ, 2010. – 86 б.
  • 2. Комплексная механизация и автоматизация погрузочно-разгрузочных работ. Под ред. А.А. Тимошина и И.И. Мачульского. М.: Маршрут, 2003. – 400 с.
  • 3. Бекжанова С.Е., Бекжанов Д.З., Бекжанов З.С. Технология и механизация погрузочно-разгрузочных работ на железнодорожном транспорте. – Астана: «издательство «Парасат Әлемі», 2005. – 220 с.
  • 4. Мачульский И.И. Погрузочно-разгрузочные машины. Учебник для вузов. М.: Желдориздат, оформление, 2000. – 276 с.

жүктеу 38,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау