Бағалау түсінігі жəне оқу үдерісіндегі ролі
Бағалау - латынның ‘assidere’ (“біреумен отыру”) деген етістігінен шыққан. Бағалау барысында біз оқушымен біргеміз. Біз бағалауды онымен жəне ол үшін жүзеге асырамыз. Ол дегеніміз бұл рəсімді жай ғана оқушыларға қолданамыз деген сөз емес. Бұл термин «жақын отыру» деген мағынаны да білдіреді, ол кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін - өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тəртібін мұқият бақылауы болып табылады[1]. Егер де балалар – гүл деп елестетсек… Онда гүлдер –жиынтық бағалауға жатады, себебі біз оны көреміз, өлшейміз. Өлшеулер нəтижелерін салыстыру жəне талдау қызықты болуы мүмкін, дегенмен бұл өсімдіктердің өсуіне ықпал
жасамайды.
Ал, өсімдіктердің қажеттіліктеріне сəйкес күту, жерін жұмсарту жəне суаруға эквивалент болып табылатын бағалаудың түрі, ол - қалыптатырушы бағалау, бұл болса өсімдіктердің өсуіне ықпал етеді.
Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нəтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Ол – оқушының ілгерілеу дəрежесін анықтаудан гөрі кең ауқымды нəрсе. Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес, əрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады.
Бағалау – оқу үдерісі мен оның нəтижесі туралы ауқымды түсініктен тұратын педагогикалық үдерістің маңызды элементі. Ол - білім алушылардың оқу бағдарламасы бойынша алған білім, білік сапасын немесе олардың шығармашылық бағыттағы тұлғалық даму деңгейін анықтауға, арттыруға жəне түзетуге көмектесетін тəсіл.
Бағалау – оқушының оқу жəне танымдық қызметін бақылау, сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу жəне интерпретациялау үдерісі.
Мұғалімдердің осы деңгейлерде қаншалықты жұмыс істей алатынын бағалауға болады.
Ақпарат жинақтау барысында басты назар оқушының оқу-танымдық қызметіне бағытталуы шарт. Бағалау үдерісінде алынатын ақпарат:
оқу үлгерімінің стандартқа сəйкестігі;
оқытудағы кедергілер;
оқушы жетістіктері;
оқушы біліміндегі кемшіліктер;
оқыту əдістемесіндегі кемшіліктер;
əрі қарай не істеу керек?
Бағалау үдерісінің талдау кезеңінде оқуда пайда болған кемшіліктердің себеп-салдары сұрыпталады. Мысалы: оқыту немесе оқу барысында қай жерде қателік кетті, оқу бағдарламасының мазмұнының жеңіл немесе күрделілік деңгейі қандай, бүкіл сыныптың ішінде тапсырманы түсінбеген оқушылардың үлесі қанша жəне тағы басқалар. Ақпарат жинау нəтижесінен туындаған жоғарыдағы ақпаратты талдай отырып, мұғалім: «Оқуды жақсарту үшін не істеуім керек?» немесе «Оқушыларға қалай көмектесуге болады?» деген сұрақтардың шешімдерін іздейді.
Бағалау үдерісінде пайда болған кедергілердің шешу жолдарын төмендегі бағыттарда қарастырған тиімді:
Жоғарыдағы бағыттарда жұмыс жасау барысында мұғалім оқушылардың қа-жеттіліктеріне қарай жасаған өз əрекеттеріне рефлексия жүргізіп отыруы керек. Ол оқушының қажеттілігін түсінген жағдайда ғана əлсіз немесе үлгерімі орташа оқушылармен қалай жұмыс істеу керектігін түсінеді. Мысалы, «Оқушының оқу тұжырымы қалыптасқан ба?», «Оқушылар бағалау үдерісі мен қисынын түсінді ме?». Осыған ұқсас сұрақтардың аясында мұғалім оқушының қажеттілігіне қарай əрекет етуі маңызды. Бұл əрекет оқыту мен оқу үдерісін ұйымдастыру тəжірибесін жаңартуға жəне өзгертуге ықпал етеді. Нақтырақ айтқанда, бағалау - оқудың шешім жолдары мен оқу үдерісін жақсарту мəліметін беретін оқушылардың оқып-үйренуіне талдау жасау, ақпарат жинау үдерісі.
Бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін əр түрлі сапалық жəне сандық бағалау түрлері, құралдары, əдістері мен формаларынан тұратын жүйе ретінде іске асырылады. Ол тек оқудың соңғы оқу нəтижесін қорытындылауда ғана емес, сонымен бірге оқу жəне оқыту үдерісімен толықтай жəне үздіксіз бірге жүріп отырады. Бағалау үдерісі оқу үдерісін жақсартуға ықпал ететіндіктен бір-бірімен тығыз байланысты жəне оқыту əдістемесін өзгертіп жаңартуға, оқу жəне оқыту тəжірибесін жетілдіруге көмектеседі. Оқушылардың оқудың негізгі тұжырымдарын, логикасын жəне үдерісті дұрыс түсінуі басты назарға алынады. Тұжырымдап айтқанда, бағалау – оқу үдерісінің ажырамас бөлігі. Сондықтан бағалау оқу бағдарламасы, мақсаты, оқу мазмұны жəне əдістемелерімен тығыз байланысты болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |