Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет9/48
Дата17.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#861
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48

25 
 
–  тұлғаның  еркін  дамуы  үшін  жағдау  жасау  арасында  орын  алатын 
қарама-қайшылықты шешеді, бұл блім беруді жаңартудың аса маңызды 
ұстанымы ретінде жарияланған білім беруді ізгілендірудің негізі болып 
табылады.  Гуманистік  педагогика  баланы  тұлға  және  индивид  ретінде 
қабылдауға,  оның  өзін-өзі  іске  асыруға  және  өзін-өзі  анықтауға  деген 
құқығын  қорғауға  бағытталуымен  ерекшеленеді.  Нақ  осы  қосымша 
білім  беру  аталмыш  критерийлерге  барынша  толық  сәйкес  келетін 
болып  шықты.  Ол  өзінің  мәні жөнінен  пәндік  бағытта  қалып  отырған, 
мектеп стандартын игеруге бағытталған базалық білім беруге қарағанда 
тұлғаға бағытталған болып табылады. 
Тек  мектеп  қабырғаларында  білім  берудің  қос  түрінің 
органикалық үйлесім табуы жеке баланы да, сондай-ақ бүкіл білім беру 
ұйымын  да  дамытуға  көмектесе  алады.  Мұны  ұғыну  –  мектеп 
педагогтерінің қосымша білім беруді негізгі білім берумен бір қатарда 
қабылдаулары жолындағы психологиялық кедергіні еңсерудің негізі.  
Қосымша  білім  беру  қызметінің  негізгі  мақсаты  балаларға  өз 
ойларын  білдіруге,  өздігінен  дамуға  және  өзін-өзі  анықтауға  жағдай 
жасау.  Бұл  мақсатты  іске  асыру  үшін  білім  алушыны  объект  ретінде 
қарастырмай,  белсенділік,  дербестік,  коммуникативтілік  сияқты  жеке 
қасиеттерді  дамытуда  мүмкін  болып  табылатын  оқытудың  субъектісі 
ретінде қарастыру қажет. 
Балаларға қосымша білім беру жүйесінде білім беру үдерісі нақты 
өзіне ғана тән сипаттамалық ерекшеліктері бар:  
негізгі  оқу  уақытынан  бос  уақытта  балалармен  іске  асырылады, 
бағыт  және  қызмет  түрлерін  таңдау,  жыл  бойы  қызмет  сферасын 
ауыстыру мүмкіндігі болуымен ерекшеленеді; 
еркіндікпен,  бастамалармен  және  барлық  қатысушылардың 
белсенділігімен  (балалардың,  ата-аналардың,  педагогтердің),  қатаң 
реттелмеуімен және қатаң талаптардың жоқтығымен сипатталады; 
білім  алушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға 
бағытталған  танымдық  қызығушылықтарын  дамытады  және  білім 
алушыларға  сабақтардың  түрлі  бағыттары  мен  түрлерін  үйлестіру 
құқығын береді; 
оның  барлық  қатысушыларына  формалдық  емес  жайлылық 
сипатта болады. 
Тек  білім  беру  үдерісіне  ғана  сенім  артуға  болмайтыны  туралы 
айтатын  уақыт  туындады,  қосымша  білім  беруді  екінші  кезекте 
қабылдау  стереотипін  артта  қалдыру  қажет  және  оның  оқытудың, 
тәрбиелеудің,  баланы  дамытудың  ортақ  үдерісіне  біріктіре  алатын 
объективті мүмкіндігін түсіну қажет.  
Жалпы  білім  беретін  мектептерде  балаларға  қосымша  білім 
берудің толық дамуы келесі міндеттерді орындайды: 
1. Қосымша білім беру жүйесі әр балаға көңіліне жақын сабақты 


26 
 
таңдауға,  оқушылардың  бос  уақыттарын  толық  қамтамасыз  етуге, 
көптеген пәндерді терең оқуға мүмкіндік береді.  
2.  Мектепте  қосымша  білім  беру  аясында  оқушылармен  жұмыс 
жасау  маңызды  тәрбиелік  міндеттерді  атқарады:  оқушылардың  бос 
уақытын  мақсатқа  сәйкес  ұйымдастырады,  шығармашылық  тұлғаны 
қалыптастырады,  әлеуметтік,  мәдени  және  кәсіби  өзін-өзі  анықтауға 
жағдай жасайды, бейәлеуметтік тәртіпті алдын алады.  
4.  Биология,  физика,  тарих,  орыс  тілі,  ағылшын  тілі  және  басқа 
пәндер  бойынша  пәндік  кеңес  беру  осы  пәндерден  оқушыларға 
жобалық  және  зерттеушілік  қызметтердің  негіздерін  оқуға  мүмкіндік 
береді. 
5.  Қосымша  білім  беру  жүйесі  педагог  кадрлардың 
шығармашылық  әлеуеттерін  жоғарылатуға,  педагогикалық  үздік 
тәжірибені анықтауға және таратуға  мүмкіндік береді.  
6.  Инновациялық  педагогикалық  идеяларды,  білім  берудің 
модельдері мен технологияларын белсенді қолдануға жағдай жасайды. 
Сөйтіп, қосымша білім беру балалардың рухани, зияткерлік, дене 
даму  тұрғысында,  шығармашылық  және  білім  алу  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру  үшін  қосымша  мүмкіндіктермен  қамтамасыз  етуге 
міндетті. Балаларға қосымша білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - әр 
балаға  білім  беру  салаларын,  қосымша  бағдарламаның  бейінін  және 
оны  меңгеруге  кететін  уақытын  еркін  таңдауға  мүмкіндік  жасау.  Бұл 
мақсатты орындау қызмет түрлерінің алуандығын, білім беру үдерісінің 
тұлғаға  бағытталу  сипаттамасын,  оның  тұлғасын  тануға  және 
шығармашылыққа 
деген 
уәждемесін 
дамытуға 
бағытталуына, 
балалардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, оларды іске асыруға мүмкіндік 
береді.  
Заманауи 
мектепте 
балаларға 
қосымша 
білім 
беруді 
ұйымдастырудың жолдары 
Балаларға қосымша білім беруді дамытуды зерделеу қазіргі кезде 
жалпы  білім  беретін  мектептерде  оны  ұйымдастырудың  негізгі  төрт 
моделі бар екендігін көрсетеді. Қосымша білім берудің бағдарламалары 
бойынша жұмыс жасайтын балаларды сабақтан тыс жұмыстар жүйесіне 
тарту нақты әрбір мектеп қарастыратын қосымша білім берудің қандай 
деңгейді көздеулеріне сәйкес, өзінің ерекшеліктері болуы мүмкін және 
әртүрлі тәрбиелік қорытындыларға жетуі мүмкін.  
Олар мынадай болуы мүмкін:  
1) жұмыстары бір-бірімен сәйкес келмейтін және сол уақытта бар  
кадрлық және материалдық жағдайларға толығымен тәуелді үйірмелер, 
секциялар, клубтарды кездейсоқ ашу; 
2)  балалар  шығармашылық  ұжымдарының  және  бірлестіктерінің 
жұмыстарын  ішкі  шоғырландыру,  олардың  қызметтерінің  әртүрлі 
бағыттарға бағытталуы; 


27 
 
3)  балаларға  қосымша  білім  беруді  дамытуды  мектептің  жеке 
бөлімшесі ретінде қарау; 
4)  негізгі  және  балаларға  қосымша  білім  беруді  кіріктіру, 
мектептің негізгі құрылымының мазмұндық және ұйымдастырушылық 
бірлестігі. 
Мектеп жұмысының тәжірибесінде жоғарыда көрсетілген барлық 
ұйымдастырушылық  модельдерді  қолдануға  болады.  Қазіргі  кезде 
мектептерде  қосымша  білім  беруді  ұйымдастырудың  бірінші  екі 
деңгейіне  артықшылық  береді.  Кіріктіру  үдерісін  іске  асыру 
жағдайында үшінші және төртінші деңгейлер өздерінің жеке тәрбиелік 
жүйесін құруға бағытталған мектептерге тән. 
Әр  модель,  кім  оларды  жобалап  және  алдыңғы  уақытта 
тәжірибеде  іске  асыратын  болса,  барлығы  үшін  нақты  бір 
құндылықтармен  қамтамасыз  етеді.  Мектепте  қосымша  білім  беруді 
ұйымдастырудың  бірінші  деңгейі  негізіндегі  модельдердің  нақты  бір 
мән-мағынасы бар, өйткені, балалардың бос уақытын қамтамасыз етеді 
және  олардың  сабақтан  тыс  жұмыстарының  спектрларын  анықтауға 
мүмкіндік  береді.  Екінші  деңгейдегі  модельдер  балаларды,  сонымен 
қатар  балалар  мен  ересектерді  біріктіретін  (қауымдастықтар, 
шығармашылық  зертханалар,  экспедициялар,  шеберханалар  және  тағы 
басқалар) өздерінің өзгешелік түрлерімен ерекшеленеді.  
Ұйымдастырушылық  әрекеттестіктің  үшінші  және  төртінші 
деңгейлерінде  құрылған  модельдер  балалардың  қосымша  білім  беруге 
әртүрлі  сұраныстарын  қанағаттандыруды  қамтамасыз  етуге  және 
сонымен бірге бұданда маңызды жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік 
береді.  Мұндай  жетістіктерге  жету  тәрбиелік  бағдарламалардың 
мазмұнын  бірлесе  әзірлеу  арқылы  барлық  субъектілер  жұмыстарының 
бірлігі  есебінен  мүмкін  болады.  Бірінші  жағдайда,  ортақ  бағдарлама 
негізінде  жұмыс  жасайтын,  тәрбиелік  қызметтің  жалпы  мектептік 
компоненті  ретінде  қарастырылатын,  барлық  қосымша  білім  беру 
педагогтері  қызметтерінің  бірлігі  есебінен  іске  асырылады.  Екінші 
жағдайда  –  мазмұн  деңгейінде,  сондай-ақ  технологиясы  деңгейінде 
негізгі  жалпы  білім  беру  бағдарламаларын  қосымша  білім  берумен 
кіріктіру есебінен іске асырылады.  
Ішкі, 
сондай-ақ 
сыртқы 
механизмдерді 
қолданатын 
ұйымдастырушылық әрекеттестіктің үшінші және төртінші деңгейлерін 
іске  асырумен  құрастырылған  модельдер,  басымдық  ретінде 
қарастырылады, себебі олар мектептегі білімнің барлық деңгейлерінде 
жаңа  стандарттармен  қарастырылған  тәрбиелік  жүйе  құруға 
бағытталған.   
Мектептегі  қосымша  білім  беру  міндетті  түрде  қосымша  білім 
берудің оқу бағдарламаларын басшылыққа алатын, қызығушылықтары 
бойынша  құрылған  балалардың  түрлі  шығармашылық  бірлестіктерінің 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау